- •«Дін» туралы түсінік, оның мазмұны мен маңызы. Діннің мақсаты мен міндеттері. Негізгі дерек көздері.
- •Ислам дінінің түркі халықтарының рухани, мәдени болмысы мен мемлекеттік жүйесіне ықпалы
- •Діни наным сенімдердің бастауы
- •6. Түркілердің ескі діні
- •Көне түркілердің діни сенімі
- •2. Конфуцианизм діні
- •3. Даосизм діні
- •4. Cинтоизм
- •2. Индуизм
- •1. Үнді діндері
- •3. Жайнизм
- •4. Сикхизм
- •5. Парсизм
- •Христиан діні
- •Христиан дінінің пайда болуы
- •Ә) Інжіл - әлемдік мәдениет ескерткіші
- •Б)Христиандықтағы басты құндылықтар
- •В) Христиан діні және ғылым
- •1. Ислам діні
- •2. Хазірет Мұхаммед (ғалайһи сәлам) пайғамбар
- •1. Өзімізге байланысты міндеттеріміз
- •2. Адамның Аллаға байланысты міндеттері
- •3. Пайғамбарымызға байланысты міндеттеріміз
- •4. Отбасыға байланысты міндеттеріміз
- •5.Адамдардың бір-біріне байланысты міндеттері
- •6. Адамдардың қоршаған ортасына байланысты міндеттері
- •7. Отанымызға байланысты міндеттеріміз
- •1. Діни үкімдер
- •Сунниттер мен шииттер
- •Шариғат
- •Исламдағы мәзхабтар
- •1. Мұсылман салт-жоралары мен сенімдік мектептері (Сенімдегі мәзхабтар)
- •2. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (Амалдағы мәзхабтар)
- •1. Ханафи мәзхабы
- •2. Малики мәзхабы
- •3. Шафи мәзхабы
- •4. Ханбали мәзхабы
- •Қазақтар имам ағзам жолындағы мұсылмандар Сопылық (Суфизм)
- •Ислам мәдениеті
- •Ислам – адами және әлеуметтік құндылықтардың көзі
- •Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
- •Адамды сүй, Алланың хикметін сез
- •Қазақстандағы исламның таралуы
- •Сопылықтың мәні, кезеңдері мен ағымдары
- •Йасауи мектебі
- •Қазақстандағы діни білім беру тарихы
- •Қазақ мәдениеті мен ислам құндылықтарының тұтастығы
- •Атеизм және қазақтарды шоқындыру саясаты
- •V. Бөлім. Қазақ топырағынан шыққан әйгілі дін ғұламалары (6 сағат)
- •Ахмет йүгінеки
- •Жүсіп баласағұни
- •Әбу насыр әл-фараби
- •Имам әл-бухари
- •Иасауи хикметі – дін және ұлтаралық татулықтың кені
- •Абай құнанбаев
- •Шәкәрім құдайбердіұлы
- •Хусамеддин Сығнақи
- •Vі. Бөлім. Қазақстан – дінаралық келісім орныққан ел (2 сағат)
- •Дін және ғылым
- •Тақырыптық жоспарлау үлгісі
- •34 Сағат (аптасына 1 сағат)
- •Әдебиеттер
- •Тауил және таухид
V. Бөлім. Қазақ топырағынан шыққан әйгілі дін ғұламалары (6 сағат)
5.1. Қазақстандағы дәстүрлі діни-танымдық үрдістің сабақтастығы. Қазақ жеріндегі киелі орындар. Қазақстандағы дін ғұламалары. (1 сағат).
МАХМҰТ ҚАШҚАРИ (ХІ ғ.)
Түркі тілдерін дүние жүзінде ең алғаш зерттеген – энциклопедист, ғұлама ғалым Махмұт. Ол – Хұсайын ибн Мұхамметтің баласы. Әкесі Барысқанда туған, кейін қызмет бабымен Қашқарға барып тұрған (әскери басшы қызметте істеген сияқты, баласы Махмұт, мүмкін сол қалада туған болуы керек, осыдан барып ныспысы «Қашқари» атанған). Шамалап айтқанда, ол 1029-1038 жылдардың арасында дүниеге келген. Әкесі сол кездегі Орта Азияны билеген қаған тұқымдарынан, ақсүйек әулетінен шыққан.
Заманында алыс аймақтарға әйгілі болып, саяси-шаруашылық және қоғамдық-әкімгершілік үлкен орталыққа айналған Қашқарда оқып (әлде, жан-жақты дамып, ғарышқа құлаш ұрған сол тұстағы Орта Азияның небір мықты басқа да шаһарлары мен кенттерінде – Бұқара, Нишапур, Самарқанд, Мерв, т.б. тұрып) білім алған Махмұт өз дәуірінің теңдесі жоқ атақты ғұламасы еді. Классикалық араб тілі мен әдебиетін, тарихы мен мәдениетін, олардың жалпы зерттелу дәрежесін өте жетік білген. Шығыс елдерінің (Қытай, Иран, Түркістан, Орта Азия, Рум, Еділ бойы, т.б.) әлеуметтік өмірі мен әдебиетін түбегейлі меңгерген. Махмұттың ана тілі – Қарахан мемлекеті қағандарының, яғни Шығыс Түркістан түркілерінің тілі (ғалым оны «таза тіл» деп санайды). Ол тілде Іле бойын жайлайтын яғма, тухси, чығыл сияқты тайпалар сөйлеген.
М.Қашқаридың өмірі мен қызметі жайында тиісті мәліметтер жоқ. Бірлі-жарым деректерді оның дүние жүзіне белгілі бір-ақ еңбегінен алуға болады. Еңбек «Диуану луғат-ит-түрк» деп аталады (1070–1074 ж. Бағдатта жазылған).
Өз еңбегін қалай жазғандығы туралы ғұлама былай дейді: «мен түріктер, түрікмендер, оғыздар, яғмалар, қырғыздардың қалаларын, қыстаулары мен жайлауларын көп жылдар бойы аралап шықтым, сөз жинадым, әр алуан тіл ерекшеліктерін үйреніп, оларды анықтап отырдым. Мен бұл істерді тіл білмегендігімнен емес, сол тілдердегі әрбір жеке айырым белгілерді бақылау үшін істедім. Әйтпесе, мен тілдерді өте жақсы, жетік білетін мамандардың санатынанмын, жіті аңғарып, ескі мен жаңаны жыға танитын білімпаздардың бірімін», – дейді.
Махмұт ибн әл-Хұсайын сол кездегі (кейін өзі әңгіме ететін) түркі тілдерін жалпы бағдарлап шығу үшін оларды Румнан бастап шығысқа қарай санап өтеді: печенег, қыпшақ, оғыз, йемек, башқұрт, басмыл, қай, йабғу, татар, қырғыз. Орналасу тәртібі жағынан қырғыздар Шын мемлекетімен көрші отырған. Одан әрі (күншығысқа қарай) чығыл, тухси, яғма, танут, қытай елдері орналасқан. Одан әрі табғаштар тұрады – олар Машын елі болып есептеледі. М.Қашқари еңбегінде сөз болатын тілдер, әрине, осы айтылған жиырма тілмен ғана шектелмейді. «Диуанның» өн бойында басқа түрлі халықтардың аты аталып, олардың тілдерінен мысалдар келтіріліп отырады. Олар арагідік араб тілімен байланысты қаралады. Түркі тайпаларының орналасу тәртібін көрсету үшін М.Қашқари өзі карта жасаған (бұл – түркі халықтарының тарихындағы бірінші карта). Бірақ күні бүгінге дейін ол картаның сыры ашылмай келеді. М.Қашқари әкесінің туған жері «Барысқан» көрсетілген, дәл ортадағы ішкі төрт бұрыштың оң жағында жеке жазылған. Азды-көпті әңгіме болып жүрген еңбектерге қарағанда, ол картаның жүрек тұсы мен екі өкпесіне қазіргі Қазақстан аймағы түгел сыйған, оның бірсыпыра қалалары мен өзен-сулары атап көрсетілген.
Қолжазба үш томнан тұрады. Оның ішінде 8 тарау бар, әр тарауды бір кітап деп атаған. 1-кітап әліп әрпінен басталатын сөздерді талдап зерттеуге арналған. 2-кітап дауысты дыбыстары (әліп, уау, йай, әріптерімен берілетін дыбыстары) жоқ сөздерді қарастырады. 3-кітап бір әріпті екі рет қайталанып келетін сөздерді зерттейді. 4-кітап йай әрпінен басталатын сөздер туралы баяндайды. 5-кітап үш әріптен тұратын сөздерді, 6-кітап төрт әріптен құралған сөздерді, 7-кітап мұрын жолымен айтылатын дыбыстарды, 8-кітап екі дауыссыз дыбысы бар сөздерді талдауды ниет еткен. Әр кітапты Махмұт ибн Хұсайын «есім сөздер» және «етістік сөздер» деп екі топқа бөлген. Олардың әрқайсысы өзара тағы да талай жіктерге бөлініп отырған. «Әр адам оңай түсіну үшін – деп жазады М.Қашқари, – мен араб тілінде қолданылып жүрген терминдерді пайдаландым». «Түркі тілінің араб тілінен ешқандай кемдігі жоқ» деген пікірін де автор осы жерде айтып кетеді. Ғалымның айтуынша, кітаптағы сөздер әрбір буындағы әріптердің өзара тәртіптері бойынша түзілген. Әр сөз араб тіліне аударылып, сол сөздің жұмсалуы жайында мысалдар келтірілген. Мысалдардың көбі – халық аузынан жиналған ақыл-кеңес беретін, насихат айтатын, ғибрат алатын, үлгі-өнеге көрсететін парасатты сөздер, мақалдар мен мәтелдер, қанатты тіркестер, қалып алып кеткен ойлар, тұрақты сөз орамдары, өлеңдер, әдеби үзінділер. Сонымен қатар кітапта дін, тарих, география, этнография, поэзия, фольклор, түркі тайпалары, түркі тілдерінің топтастырылуы, олардың тарихи фонетикасы мен грамматикасы, т.б. жайында келтірілген материалдар мен айтылған ойлар аз емес.
«М.Қашқари – талай кітап оқыған, терең білім тоқыған, зердесі жетік, эрудициясы мол адам болғандықтан, кімнің де болса ізіне түспей, өз бетімен жол салып, бағдар алған азамат. Ол өзінің әдістемесін жасап, оны жетілдіріп, түркі тілдерінің өзіндік табиғатын тануға бейімдеп отырған». Сол кездегі алапат заманның ағымына қарай М.Қашқари былай жазған еді: «Түркілердің оқтарынан сақтану үшін, олардың барлық іс-әрекеттерін берік ұстану әрбір ақылды кісіге ләзім және жөні де сол. Бұларға жақын болу үшін ең басты жол – олардың тілдерінде сөйлесе білу, сондықтан олар бұл тілде сөйлесушілерге ықыластана құлақ қояды, өздеріне жақын ұстайды, оларға азар бермейді. Тіпті, олар өз қол астында жүрген басқалардың күнәсі болса, Һәм кешіріп жібереді». «Сенімді бір Бұқаралық ғалымнан және нишапурлық басқа бір сенімді ғалымнан мынадай бір сөз естіп едім, – деп жазады М.Қашқари одан әрі: – Олар бұл сөзді Пайғамбар айтыпты-мыс дегендей қылып айтып еді... «түркі тілдерін үйрен, өйткені олардың билігі ұзақ уақыт үстемдік құрады» – деп еді».
М.Қашқаридың «Диуаны» – көптеген түркі халықтары мен олардың тілдері жайында алтындай жарқыраған өте байыпты да тамаша байқауларға толы жиһаз, яғни теңеуі жоқ қазына.
М.Қашқаридың «Диуани луғат-ит түрк» деген кітабы хижра есебімен 464 жылғы бесінші айдың алғашқы күнінде (қазіргі есебіміз бойынша 1072 жылдың 25 қаңтарында) жазыла бастаған да, 466 жылғы алтыншы айдың 10 күні (1074 жылдың 10 ақпанында) аяқталған.
Бұл еңбек, негізінен алғанда, түркі тілдес халықтардың күнделікті өмірі мен діни, рухани дүниесін көрсететін көптеген материалдарға толы. Онда тарихи-әлеуметтік жағдайларға, этнографиялық, әдеби мұраларға, мәдениет салаларына, тіл ерекшеліктеріне, халық медицинасына, материалдық ерекшеліктерге, географиялық суреттеулерге, астрономиялық атауларға, ғылыми зерттеулерге, тағы басқа толып жатқан нәрселерге байланысты аса бай мәліметтер мен нақтылы мысалдар, үзінділер мен үлгілер келтірілген. Міне осындай әр алуан тақырыпта жан-жақты келтірілген материалдар мен мәліметтердің негізінде бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстары жазылды. Онда әңгіме болатын жағдаяттар деп мынандай басты-басты мәселелерді атауға болады: көне дәуірдегі түркі тайпалары мен олардың тілдері, әдебиеті мен әлеуметтік өмірі, діни нанымдары мен ойын-сауықтары, азық-түліктері мен үйлену жолдары, әйел жағдайы, ауыз әдебиеті мен этнография салалары, дәрігерлік тәсілдер мен әскери өнер, тағамның түрлері және сол кездегі түркі халықтарының орналасу жәйттары, әкімшілік картасы т.б.
