- •«Дін» туралы түсінік, оның мазмұны мен маңызы. Діннің мақсаты мен міндеттері. Негізгі дерек көздері.
- •Ислам дінінің түркі халықтарының рухани, мәдени болмысы мен мемлекеттік жүйесіне ықпалы
- •Діни наным сенімдердің бастауы
- •6. Түркілердің ескі діні
- •Көне түркілердің діни сенімі
- •2. Конфуцианизм діні
- •3. Даосизм діні
- •4. Cинтоизм
- •2. Индуизм
- •1. Үнді діндері
- •3. Жайнизм
- •4. Сикхизм
- •5. Парсизм
- •Христиан діні
- •Христиан дінінің пайда болуы
- •Ә) Інжіл - әлемдік мәдениет ескерткіші
- •Б)Христиандықтағы басты құндылықтар
- •В) Христиан діні және ғылым
- •1. Ислам діні
- •2. Хазірет Мұхаммед (ғалайһи сәлам) пайғамбар
- •1. Өзімізге байланысты міндеттеріміз
- •2. Адамның Аллаға байланысты міндеттері
- •3. Пайғамбарымызға байланысты міндеттеріміз
- •4. Отбасыға байланысты міндеттеріміз
- •5.Адамдардың бір-біріне байланысты міндеттері
- •6. Адамдардың қоршаған ортасына байланысты міндеттері
- •7. Отанымызға байланысты міндеттеріміз
- •1. Діни үкімдер
- •Сунниттер мен шииттер
- •Шариғат
- •Исламдағы мәзхабтар
- •1. Мұсылман салт-жоралары мен сенімдік мектептері (Сенімдегі мәзхабтар)
- •2. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (Амалдағы мәзхабтар)
- •1. Ханафи мәзхабы
- •2. Малики мәзхабы
- •3. Шафи мәзхабы
- •4. Ханбали мәзхабы
- •Қазақтар имам ағзам жолындағы мұсылмандар Сопылық (Суфизм)
- •Ислам мәдениеті
- •Ислам – адами және әлеуметтік құндылықтардың көзі
- •Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
- •Адамды сүй, Алланың хикметін сез
- •Қазақстандағы исламның таралуы
- •Сопылықтың мәні, кезеңдері мен ағымдары
- •Йасауи мектебі
- •Қазақстандағы діни білім беру тарихы
- •Қазақ мәдениеті мен ислам құндылықтарының тұтастығы
- •Атеизм және қазақтарды шоқындыру саясаты
- •V. Бөлім. Қазақ топырағынан шыққан әйгілі дін ғұламалары (6 сағат)
- •Ахмет йүгінеки
- •Жүсіп баласағұни
- •Әбу насыр әл-фараби
- •Имам әл-бухари
- •Иасауи хикметі – дін және ұлтаралық татулықтың кені
- •Абай құнанбаев
- •Шәкәрім құдайбердіұлы
- •Хусамеддин Сығнақи
- •Vі. Бөлім. Қазақстан – дінаралық келісім орныққан ел (2 сағат)
- •Дін және ғылым
- •Тақырыптық жоспарлау үлгісі
- •34 Сағат (аптасына 1 сағат)
- •Әдебиеттер
- •Тауил және таухид
Көне түркілердің діни сенімі
Шаманизм – адамзат тарихындағы ең көне діни нанымдар қатарына жатады. Шаман діні табиғат пен адам арасындағы тылсым байланысқа негізделген түсінік. Шамандық ұғымында көктегі және жердегі көзге көрінбейтін киелі рухтармен байланысқа түсетін шамандар, солардың көмегі арқасында адамдар арасына тараған аурулар мен ел ішінде орын алатын індеттерден – айығатын болған, бақытсыздық жағдайларға душар болу сияқты оқиғалардың барлығы жер асты құдайының жер бетіне жіберген зұлымдығынан болған жәйттер деп түсінген. Сол қасқөй күштерге қарсы тұратын, ауруды жеңетін қасиетті киеге ие адамдарды бақсылар деп атаған. Шамандық нанымды ұстанған халықтарда оларды бақсы, қам, шаман деп атайды. Осы шаман, бақсылар монғол, алтай, тува халықтарында дауылпазды сабалап жындарын шақырып, тылсым дүниеге түсетін болса, қазақ, қырғыз, қарақалпақ т.б. түркі халықтарының бақсылары қолына қобыз алып өзіне қызмет ететін жындарын шақыратын болған. Оны бақсы сарыны дейді. Бақсының көмекші жындары адам (сары қыз), құс, аң т.б. бейнеде көрінетін болған.
Шамандық дүниетанымда әлем үш қабаттан тұрады. Олар: Жоғарғы әлем, яғни көк аспан, ортаншы әлем – жер үсті және төменгі әлем – жер асты дүниесі. Осы үш қабат әлемді бір-біріне жалғап тұрған алып бәйтерек ағашы бар, осы ағаштың бас жағында Самұрық құс пен адамды қорғаштап жүретін киелер мекендесе, ортанғы жағында иттер, құмай тазылар, төменгі жағында жыландар мекен етеді деп ұғынған. Жоғарғы әлемде қайырымды рухтар мекен етеді. Бәрінен үлкен құдай, жаратушы Тәңірі де аспан әлемінде орналасқан. Жер асты әлемі – жер асты құдайының мекені деп есептелінеді. Жер бетіндегі адамдар мен жан жануарларға ауру жіберетін кесірлер, обырлар, кеселдер жер астында мекен етеді. Моңғол, алтай, сібір халықтарында жер асты дүниесі Эрлик ханның нөкерлері деп айтылады. Бірақ бұл кейінгі Будда мен Манихеизм дінінің әсерінен келіп шыққан дүниелер. Шаманизмде жалпы жер асты өлілер мекені деп аталады. Ортаңғы әлем – адамдар мен жан-жануарлардың, киелі рухтар мекендейтін дүние деп есептеледі.
Шамандық нанымда көптеген ірілі-ұсақты құдайлар ұшырасады. Аспандағы айға, күнге табынған, сонымен қатар жер бетіндегі ағашқа, суға, отқа да сиынған. Орманның, көлдің, таудың, шөлдің киелері болады деп ол киелерге бағыштап аңға шыққан уақытта құрбандық шалып отырған. Сонымен қатар киіз үйде, қоста өмір сүрген халықтар нанымында үй иесі ретінде ілінетін «төс», «жайық» сияқты сыртқы тіл-көзден, дұшпаннан қорғайтын фетиштерге (киелі тұмар) сиынып отырған. Ай, күн, ағашқа табыну басқа құдайларға қарағанда айрықша орынға ие болған. Жаратушы құдай аспанда және ол барлығынан жоғары тұрады деген түсінік кейін келе Тәңір құдайын абсолютті құдай деңгейіне дейін өсіреді. Бұл әсіресе Түрік қағанаты тұсында, Тәңірі жалғыз жаратушы деңгейіне дейін көтеріледі.
Шаманизм қазіргі кезеңде ешбір елде таза күйінде сақталмаған. Монғол, туваларда ламаизм дінімен араласып кеткен болса, саян-алтайларында бурханизмге, мұсылманшылықты қабылдаған түркі халықтарында ислам құндылықтарымен араласу арқасында тек кейбір элементтері ғана сақталып қалған.
Тәңірлік
Түркілердің көнедегі діни сенімі дәстүрлі тәңірлік дін болатын. Бұл дін түркі халықтарының салт-дәстүрінің негізінде қалыптасқан. Тәңірлік діннің негізі Тәңір сенімінде болу. Ол туралы М.Қашқаридің еңбектерінде, Күлтегін жазуында және басқада жазба деректерде жазылған. Тәңірі, Көк Тәңірі түркілердің түсінігінде: Жарылқаушы, өз сыры өзінде, адам түсінігінен тыс, ақылға сыймайтын құдірет иесі, тылсым нәрсе. Ол барша жаратылыстың тағдырын айқындаушы. «Тағдырды Тәңір береді»- деп түсінген түркілер жердің де көктің де иесі «Көк Тәңірі» деп білген. Құрбандықтарын «Көк Тәңіріге» атап шалып, ел басына күн туған алмағайып заманда Көк Тәңіріден: «Қуат бере гөр!» деп сиынған.
Түркілер дүниетанымын “ел” деген қасиетті ұғым арқылы білдірген. Ол ұғымға қасиетті Жер-Суды және Тәңірді сидырған. Сонымен қатар оларда “құт” түсінігі болған. Ол - Тәңірінің қолдауына ие болу, соның жолында қызмет жасау.
Қазақтардың ата-тегi түркiлердiң басты құдайы – Тәңiр. Түркi жазуларында көшпелiлердiң барлық жеңiстерi Көк тәңiрмен байланыстырылған. Аспанды және оның шырақтарын қадiрлеу түркi өркениетiне жататын барлық халықтардың эстетикалық дүниетанымының маңызды белгiсi. Мысалы Оғызнама эпосында Оғыз қаған өз балаларының атын Көк, Күн, Ай, Жұлдыз, Тау, теңiз деп қойғаны белгiлi.
Көне заман түркілері өз көсемдерін аспан мен жерді жаратқан Ұлы Көк Тәңірді таныған, оның жәрдемімен елге қызмет жасаушылар және басқарушылар деген сенімде болған. Ел басқарушыға қарсы келу, Көк Тәңіріге қарсы келу деп түсінген.
Тәңірлік дінінің арнайы діни ғұрыптары болды. Алайда түркілер ол үшін арнайы ғибадатханалар салмаған. «Көк аспанның асты ғибадат сарайы» деген түсінікте болған. Жерлеу рәсімдерінде адамды дүние мүлік, қару жарағымен бірге көмген. Бұл олардағы өлгеннен соң да өмірдің барлығына иланғанын, ақырет сенімінде болғандығын көрсетеді.
Тәңірлік монотейстік (бірқұдайлық) дін. Кейбір зерттеушілер ондағы Жер-су, Ұмай ана және т.б сенімдерге қарап түркілер политеистік (көпқұдайлық) сенімде болып, табиғат күштеріне табынған деген қате тұжырым жасауда. Ол түсініктердің барлығы ел, құт және ие ұғымдарының құрамдас бөліктері. Исламның Дешті Қыпшақ даласына келуімен Тәңірлік дін қағидалары оның ықпал әсеріне түсіп жаңа жүйеге енді. Уақыт өте келе Ислам дінінің діни қағидалары түркі халқының тұрмыс тіршілігінің негізгі өзегіне айналып, өмірінің мәніне ұласты
ІІ. Бөлім. ӘЛЕМДІК ДІНДЕР (10 сағат)
2.1. Шығыстық діндер. Ежелгі Қытайдың діни сенімдері. Конфуцияндықтың, даосизмнің және синтоизмнің пайда болуы мен дамуы. Будда діні, пайда болуы және таралуы. Буддизмнің негізгі тармақтары. Индуизм. (2 сағат).
