Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dintanu.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Ахмет йүгінеки

(ХІІ ғ. соңы – ХІІІ ғ. басы)

Бұл дүниенің жарық сәулесін көрмеген зағип Ахмет ойшыл да зерделі болып туады, қабілетін ұштап, білімге құлаш ұрады. Көп ізденіп, мол білім жинайды. Түркі тілдерін түгел меңгеріп, араб тілін жетік біледі, халық тілінен қалағанынша сусындап, әдеби тіл үйренуді әдетке айналдырады, жазба тілді жастайынан жаттап өседі. өз ортасының көп оқыған білімпазы есебінде ол «Әдиб Ахмет» деген атаққа ие болады.

Әдиб Ахмет Йүгінекидің өмір тарихы туралы мәлімет жоқ. Кейбір деректерге қарағанда, ол ХІІ ғасырдың аяғында, ХІІІ ғасырдың басында өмір сүрген болса керек. Оның бізге жеткен жалғыз еңбегі “Ақиқат сыйын” да мамандар осы кезеңге ХІІ (немесе ХІІ) ғасырға жатқызуға болады деп есептейді [1].

Бұл кезде Батыс Түркістан мен Шығыс Түркістанда, оған қоса Орта Азияның кейбір аймақтарын, олардың тарихи-мәдени, саяси-әкімгершілік аса ірі орындары орналасқан екі өзен аралығын – Мәуреннахрды Қарахан әулеті, осы атақты әулеттің мирасқорлары билеп тұрған болатын.

“Ақиқат сыйы” дидактикалық толғаулар есебінде жазылған. Онда өмірдің өзекті мәселелері (тәлім-тәрбие, моральдық нормалар, адамгершілік қасиеттер, т.б.) жайында әр алуан ақыл-кеңестер мен діни уағыздар келтіріп, өмір туралы ой толғаныстарын автор ортаға салады. Дастанның негізгі тақырыптары мен олардың мазмұны туралы діни, моральдық негіздерге арналған. Оны оқушылардың өздері де барлап, пайымдай алады.

Шамасы автор Әдиб Ахмет айтып отырып, оны бір білікті кісі жазып отырған болу керек. Еңбек сол кездегі белгілі бір бек, әскербасы, қолбасшыларға арналып жазылған (69–80- жолдар).

Автордың аты мен оның шығармасы Орта Азия жұртшылығына 3 түрлі нұсқа және әр түрлі үзінділер есебінде қолданылып жүргені де оның көпшілік сүйіп оқитын кітап қатарында болғандығынан. өзбек әдебиетінің классигі Ә.Науаи Әдибті Орта Азияның өз заманындағы көрнекті ақындарының бірі деп санаған. Белгілі Әмір Хұсайын Байқараның ұлы Бәдиұз-заман деген кісіге жазған бір хатында Ә.Науаи осы Әдиб Ахметтің шығармасынан бірқыдыру үзінділер келтіреді. Ә.Науаи өзінің “Насаим ул-мухаббат” (“Махаббат самалы”) деген туындысында Әдибтің “Тіліңді тый – тісің сынбасын, Тілін тыймағанның тісі сынады” – деген афоризмін келтіреді де, оның Ахмет Йүгінекидің сөзі екендігін атап көрсетеді.

Ахметтің кітабы сол кездегі түркі халықтары қолданып жүрген жазба әдеби тілде жазылған. Ол өзі былай дейді:

Ей, достым, жаздым кітап түрікшелеп,

Мейлің сөк, мейлің қала ерекше елеп.

Артымда ат қалсын деп жаздым мұны,

Ғажайып таңсық сөзбен ерекшелеп (455–458 жолдар).

Бірақ автор қай жердегі және қай түркі тайпаларының тілінде жазғандығы туралы атап айтпайды. Ол кездегі түркі халықтары мен тайпалары қазіргі кездегідей сараланып, жіктеліп, әр түрлі ұлттарға бөлінбеген. Белгілі бір орталықта, мөлшерлі аймақ пен тайпалар одағында қандай ру басым болып, үстемдік етсе, оған бағынышты халықтар, көбінесе, соның атымен аталып жүре беретін де кездер болған.

А.Йүгінекидің бір ғана тіл өнері жайында және тіл мен сөздің зарары туралы айтылған ойларын барлап көрейік: Әдеп басы – тіл. Тілдің көркі – әділ сөз. Тура сөйлеп, тіл безе. Тіл сақтанғанды сақтайды. Әділ сөз – әсел (бал), жалған сөз – бәсел (ащы жуа). Кім жақсы, кім жаман – бәрі тілден. Жалған сөз – ауру, шаншудай, әділ сөз – шипа, жанға жай. Ойлы сөз көпті ұтар, ойсыз сөз басты жұтар. Білгеннің сөзі – өнеге. Тіліңді бақ, аз сөйле: тіл байлаулы болса – бас аман. өзеурей берген өкінер, тілін тыйған өкінбес. Тіл біреуді көтеріп, біреудің түбіне жетеді. Тіл жарасы бітпейді, оқ жарасы бітеді. Сөз есепсіз – тіліңді тый, тарт, ұста, тыймаған тіл басыңды жер әр тұста. Тіл мен сөздің бостығы – көп кісінің басын жер. Әумесер кісінің өз тілі – өзіне дұшпан. Ердің қаны көбінесе тілден төгіледі. Ер не көрсе де тілінен көреді. өз сөзіңнен өзің сақтан – өкінбейтін сөзіңді айт. Тіліңді тый – тісің сынбайды, тілі шыққанның тісі сынады. Тіл адамды отқа итереді: тіліңді тый да, оттан қаш. Жетер басқа бір күні тіл мен бос сөз. Көп сөйлейтін тіл – бітіспес жау. Тіл басыңды жұтады, т.т. Бұл іспеттес қанатты сөздерді әр түрлі іс-әрекетке байланысты көптеп табуға болады. Олар жалпы адам баласының қорына қосылатын таңдаулы ұғымдардың қатарына жатады. Сол сияқты осы мәндес сөздерді бір туысқан түркі халықтарының тілдерінен де кездестіреміз. Мысалы, түркімен тілінде “тіліңді тый, тыймасаң тісің сынады” деген мақал бар.

Ахмет Йүгінеки «Байлық пен жоқтық – құдай ісі» немесе «Тағдыр айдаған елік тұзаққа түседі». «Бұйрық болса, табанға шөңге кіреді» – деп діни сенімдерге берілген адам ретінде сөйлейді. Сол кездегі уағыздама бойынша ол Білікті әйел ер есепті, біліксіз еркек қатын есепті – деп кейбір кісілерді интеллектуалдық жағынан алып қарағанда әлдеқайда кем жаратылған адамдардың қатарына апарып қосады. Енді бірде ол Досым деп сенбе, сыр айтпай сақтан – деп, адам мен адам арасында сенімсіздік уытын жайып, дос арасын ажыратар сөзін айтады. Бұл тақілеттес мысалдар Ахмет еңбегінде бірен-саран. Ол жасаған нақылдардың барлығы да – төрт аяғын тең басқан құнды пікірлер.

5.2. Әл-Фараби, Ж. Баласағұни. (1 сағат).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]