Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dintanu.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

5.Адамдардың бір-біріне байланысты міндеттері

Адамдар арасындағы қарым-қатынас негізінен сүйіспеншілік пен құрметке байланысты. Егер де осы екі негіз қоғамда жақсы сақталса, бейбітшілік пен бақыт болмақ. Фарабидің айтқанындай сүйіспеншілікпен бірге бітісіп, әділетпен бірге өмір сүреді. Бір-бірін сүйетін өлкенің адамдары өз араларында өмір сүріп жатқан адамдардың бақытын да ойлайды. Міне осының нәтижесінде бірлік те артады. Алайда бір-бірін сүймейтін адамдар бір-бірінің қажеті мен бақытын да ойламайды. Пайғамбарымыздың бір хадисінде былай дейді: «мұсылман мұсылманмен бауыр, оған зияндық жасамайды, оны жау қолына тастамайды. Кім мұсылманға көмектессе, Аллаһ та оған көмектеседі. Кім мұсылман бауырын қиыншылықтан құтқарса, Аллаһ та оны бір қиыншылықтан сақтайды. Кім мұсылманның кемшілігін ескермесе, Аллаһ та оның кемшілігін ескермейді (кешіреді)».

Адамдар арасындағы ең қымбат нәрсе сүйіспеншілік пен бауырмалдық болғанына байланысты, орынсыз жерде кез-келген адамға қастық жасау сезімін ояту мұсылман адамға жараспайды. Ал адамдар арасындығы дұшпандықтың алдын алу жолы, сүйіспеншілікті ұран ету болып табылады. өзіне біреуді дұшпан қылуды қаламаған адам, ең тура жол - өзінің де басқаларға дұшпан болмауы. Сондай-ақ достықты дұшпандыққа айналдыру – үлкен қылмыс болып табылады. Ақылды адам жамандыққа жамандықпен жауап бермейді, ешкімді балағаттап кемсітпейді.

Сонымен қатар адамдар бір-бірінің сеніміне, ұлтына құрмет көрсетуі тиіс. Мәселен қоғамда бір адам дұрыс не бұрыс бір сенімде болуы мүмкін, бірақ мұсылман адам оның хұқығына қол сұқпауы, зорлап өз сеніміне қабыл еттірмеуі, кемсітпеуі тиіс, әркім сенімі бойынша еркін. Сонымен қатар адам ұлтын ауыстыруға хұқығы жоқ. Әке-шешесі қай нәсілде болса, бала да сол ұлтқа тән.

Аллаһ бүкіл адамдарды жаратқан, сондықтан бір ұлттың екінші ұлттан артықшылығы жоқ. Аллаһ алдында тек Аллаһ ризашылығына бөленген адамдардың ғана дәрежесі артық болмақ.

6. Адамдардың қоршаған ортасына байланысты міндеттері

Қазіргі кезеңде қоршаған орта проблемасы маңызды орында тұр, бірінші адам болып, бүкіл жанды жаратылыстар мен табиғат сұлулықтарын жоюмен келеді. Бірақ қазір жер бетіндегі мемлекеттер кеш те болса, бұл қауіпті аңғарып, олардан құтылу жолдарын қарастыра бастаған. Жер бетіндегі адамдар осы тұрғыдан ортақ түсіністікке келе бастағанына қарағанда, ендігі мәселе бұл саналы түсіністікті одан ары дамыта отырып, кемелденген қалыпқа түсіру және адам мәселесіне керегінше пайдалану болып табылады. Осы тұрғыдан ислам діні қоғамдық жауапкершіліктік құндылықтарды керегінше белгілеген. Құранда Аллаһтың көкті биік етіп етіп жаратқаны, әлемге белгілі бір жүйе мен тепе-теңдік қойғаны баяндалады және адамдардың осы тепе-теңдік жайында шектен тыс тартысуларын шектейді. Яғни адам объективті дүниені және олардың құрылысын ашуға тырысуына болады және белгілі мөлшерде ғана оны өз пайдасына асыра алады. Бірақ дүниенің тепе-теңдігін қауіпке айналдырмауы тиіс. Негізінде дүниенің тепе-теңдігін және оның сырларын түсіну үшін, табиғат заңдылықтарын зерттеу керек.

«Шын мәнінде әр нәрсені бір өлшеумен жараттық, әміріміз бір-ақ қас қаққандай (Қамар-49-50)».

«өйткені біздің жанымызда әр нәрсенің қорлары бар. Бірақ белгілі мөлшерде ғана түсіреміз(Хыжыр-21), – деген мағынадағы аяттар жер жүзі мен әлем жаратушысының Аллаһ екендігін және қоршаған орта туралы мәлімет пен қоршаған ортаға байланысты жауапкершілікті білдіретін хабар болып табылады.

Адамның табиғаттағы тепе-теңдікті сақтауы және оны қорғауы – ахлақи міндеті. өйткені адам Аллаһтың жер бетіндегі халифасы болып жаратылған, сондықтан Аллаһтың аманатын қорғауға міндетті. Егер адам табиғатқа үкім жүргізуге және тепе-теңдікті бұзуға бет алса, аманатқа қиянат жасағаны болып табылады.

Табиғаттағы сұлулықты қорғаудың ең көрнекті мысалы – адамның өз ар-ожданы, яғни істеген жамандығының Аллаһ алдында күнә, заң алдында қылмыс және бүкіл халық алдында ұят, құл хақын бұзу екенін сезіну керек. Ал қазір осындай проблемалардың тууы - бұл мәселені терең ойлау мен өзін-өзі тексерудің жетімсіздігі себеп болып отыр.

Қазақстанның жері мен суының ластануы, бейберекесіз қалалар салып, орман тоғайларды қорғамағаны т.б. халық пен басқарманың кемшілігінен дей аламыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]