- •«Дін» туралы түсінік, оның мазмұны мен маңызы. Діннің мақсаты мен міндеттері. Негізгі дерек көздері.
- •Ислам дінінің түркі халықтарының рухани, мәдени болмысы мен мемлекеттік жүйесіне ықпалы
- •Діни наным сенімдердің бастауы
- •6. Түркілердің ескі діні
- •Көне түркілердің діни сенімі
- •2. Конфуцианизм діні
- •3. Даосизм діні
- •4. Cинтоизм
- •2. Индуизм
- •1. Үнді діндері
- •3. Жайнизм
- •4. Сикхизм
- •5. Парсизм
- •Христиан діні
- •Христиан дінінің пайда болуы
- •Ә) Інжіл - әлемдік мәдениет ескерткіші
- •Б)Христиандықтағы басты құндылықтар
- •В) Христиан діні және ғылым
- •1. Ислам діні
- •2. Хазірет Мұхаммед (ғалайһи сәлам) пайғамбар
- •1. Өзімізге байланысты міндеттеріміз
- •2. Адамның Аллаға байланысты міндеттері
- •3. Пайғамбарымызға байланысты міндеттеріміз
- •4. Отбасыға байланысты міндеттеріміз
- •5.Адамдардың бір-біріне байланысты міндеттері
- •6. Адамдардың қоршаған ортасына байланысты міндеттері
- •7. Отанымызға байланысты міндеттеріміз
- •1. Діни үкімдер
- •Сунниттер мен шииттер
- •Шариғат
- •Исламдағы мәзхабтар
- •1. Мұсылман салт-жоралары мен сенімдік мектептері (Сенімдегі мәзхабтар)
- •2. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (Амалдағы мәзхабтар)
- •1. Ханафи мәзхабы
- •2. Малики мәзхабы
- •3. Шафи мәзхабы
- •4. Ханбали мәзхабы
- •Қазақтар имам ағзам жолындағы мұсылмандар Сопылық (Суфизм)
- •Ислам мәдениеті
- •Ислам – адами және әлеуметтік құндылықтардың көзі
- •Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
- •Адамды сүй, Алланың хикметін сез
- •Қазақстандағы исламның таралуы
- •Сопылықтың мәні, кезеңдері мен ағымдары
- •Йасауи мектебі
- •Қазақстандағы діни білім беру тарихы
- •Қазақ мәдениеті мен ислам құндылықтарының тұтастығы
- •Атеизм және қазақтарды шоқындыру саясаты
- •V. Бөлім. Қазақ топырағынан шыққан әйгілі дін ғұламалары (6 сағат)
- •Ахмет йүгінеки
- •Жүсіп баласағұни
- •Әбу насыр әл-фараби
- •Имам әл-бухари
- •Иасауи хикметі – дін және ұлтаралық татулықтың кені
- •Абай құнанбаев
- •Шәкәрім құдайбердіұлы
- •Хусамеддин Сығнақи
- •Vі. Бөлім. Қазақстан – дінаралық келісім орныққан ел (2 сағат)
- •Дін және ғылым
- •Тақырыптық жоспарлау үлгісі
- •34 Сағат (аптасына 1 сағат)
- •Әдебиеттер
- •Тауил және таухид
Сопылықтың мәні, кезеңдері мен ағымдары
Сопылық – құт ілімі, даналықтың кені. Даналық – хикмет. Ал хикметті беретін де – Алла. Бұл жол туралы сопылар өздерінің хәлі мен мақамдарына қарай әр түрлі анықтама береді. Бұрынғылар сопылықтың мәні мен мазмұнын, ұстанымы мен мұратын, тәртібі мен жүйесін, этикасы мен негізін келесі жаңадан осы жолды таңдағандарға қайтадан түсіндіріп дәстүрлі сабақтастықты жалғап отырды. Міне осы тұрғыдан сопылық – уақыт ішінде шексіздікпен үздіксіз жалғасуы себепті толассыз жаңару үдерісі болып табылады.
Сопылық бір жағынан практикалық ілім және рухты зерттеу тәсілі. Жеке доктриналық танымдық негізі, тәлімдік қыры және практикалық рухани тәрбиелік методологиялық жүйесі бар дәстүр. Яғни, рухани тәлім-тәрбие – шәкірт пен ұстаз арасындағы білім, таным және тәжірибе қазынасының берілуі деген сөз. Осы таным мен тәлімді, яғни, теориялық және практикалық мұраны келесі ұрпаққа жеткізу әрекеті, тариқат шынжырындағы бір ұстаз тарапынан айқындалып қойылады. Ал рухани тәрбиеге келсек, жалпы алғанда рухани арылуды, өзін-өзі бақылауды және оның әдістерін үйретіп, қыр-сырын білдіретін және осы жолды таңдаушы шәкірттің де қабілетіне қарай рухты арылту тәсілін үйрететін ұстаз тарапынан жүзеге асады.
ХІІ-ХІІІ ғ.ғ. ислам халифатында сопылық ең белсенді діни таным ретінде кең жайылды. Бұл дәуір өзінің жеке сопылық таным түсіндірмесі бар тариқат кезеңінің белең алған уақыты еді. Тариқат кезеңі – сопылықтың үшінші дамыған сатысы. Тарихи Иасауи жолы мен ілімі осы тұста қалыптасты. Суфи шайхтың халық арасында ықпалы күшті болатын. Аббасилер халифаты ыдырап, Моңғол шабуылының әсерімен бірінен соң бірі мұсылман елдерінің тоналып жатқан кезі. Еркіндікті аңсау – Тәңірді ұмытпау –естен шығармау және үнемі рухында сезінуді қамтамасыз ететін әдіс қажет болды. Алланың атын, өзін жүрегінде сезінуге қолайлы хәл туғызатын әдіс, құлшылық формасы – зікір болатын. Сопылардың зікір ғибадаты экстазға-рухани елтуге жету үшін Алла есімдерінің белгілі қалып және сандық мөлшермен қайталануы тариқаттар арқылы кең жайыла бастады. Сопылардың жүрегі, жан дүниесін қалыптастыратын, жаттықтыратын әдістер, адамдарды ұғымдармен шектелген қарапайым Тәңір түсінігін тәрк етулеріне, оны өз рухында бір болмыс ретінде сезінулеріне ықпал етті. Рухта тыныштық орнап, Алланы табу, тану оны сүю басты мақсатқа айналды. Кейбір тариқаттар адамның Алланы жүрекпен сезу қуатын арттыру үшін музыка мен биді де қолданды. Музыка арқылы берілген сезім мен тәжірибе – сөз бен ұғымдардың ұғындыра алмайтын мән-мағыналарды жүрекке жеткізетін. Сондықтан музыка, би, саз өнері және дөңгелеп билеу – Иасауи мәдениетінде ерекше орын алады.
Суфи сөзінің терминдік мағынасына келсек, ЖаҺиз және Ибн әл-Жаузидің еңбектерінде исламның алғашқы ғасырларында өмір сүрген көптеген дегдарлар туралы мәліметтер бар. Онда дегдар деп ғибадаттың ішкі мәніне көңіл бөлетіндерді айтқан. Пайғамбардың серіктерінің арасында да Абу Зарр Ғифари мен Хузайфа сияқты суфи-дегдарлар болған. Сонымен ислам тарихында алғаш суфилер насихатшылар, дегдар-тәубекеш, жылауықтар, халық уағызшылары деген атпен белгілі болды. Сопылық жолдағылар алғашқыда жеке-дара өз рухымен тілдессе, кейіннен қоғамға айналып, Куфа және Басра қалаларында өздерінің сопылық мектептерін қалыптастырды. Басра сопылық мектебінің басында Хасан ал-Басри (728 ө.); Абд-ал Уахид бин Зайд (793 ө.) болса, Куфада Абу Исрайл (757 ө.) 864 жылдан бастап мешіттерде сопылық туралы дәріс беретін, діни мәселелер төңірегінде пікір алысып, ой бөлісетін қауым немесе қоғамдар құрылды. Суфилердің мақсаты – Аллаға жақындауға ұмтылу үшін Құранды тереңірек түсіну және жұрекпен сезіну болатын. Кейіннен сопылар өздерінің ішкі хәлдерін, ұстаған жолдарының мәнін “қал” яғни, сөз арқылы ұғымдармен түсіндіруге мәжбүр болды. Осылайша ислам тарихында сопылық төңірегінде алғаш түсіндірмелер, анықтамалар, зерттеулер пайда болды.
Жалпы қазақ мұсылмандығының негізгі дәстүрлі діни танымы сопылықтың үшінші сатысы – тариқат арқылы қаланған. Сол мектептің көрнекті өкілі – Қожа Ахмет Иасауи дәуірінен кейінгі ғасырларда оның мұрасын насихаттау және зерттеулердің нәтижесінде ерекше мәдениет, яки дәстүр қалыптасты.
