- •«Дін» туралы түсінік, оның мазмұны мен маңызы. Діннің мақсаты мен міндеттері. Негізгі дерек көздері.
- •Ислам дінінің түркі халықтарының рухани, мәдени болмысы мен мемлекеттік жүйесіне ықпалы
- •Діни наным сенімдердің бастауы
- •6. Түркілердің ескі діні
- •Көне түркілердің діни сенімі
- •2. Конфуцианизм діні
- •3. Даосизм діні
- •4. Cинтоизм
- •2. Индуизм
- •1. Үнді діндері
- •3. Жайнизм
- •4. Сикхизм
- •5. Парсизм
- •Христиан діні
- •Христиан дінінің пайда болуы
- •Ә) Інжіл - әлемдік мәдениет ескерткіші
- •Б)Христиандықтағы басты құндылықтар
- •В) Христиан діні және ғылым
- •1. Ислам діні
- •2. Хазірет Мұхаммед (ғалайһи сәлам) пайғамбар
- •1. Өзімізге байланысты міндеттеріміз
- •2. Адамның Аллаға байланысты міндеттері
- •3. Пайғамбарымызға байланысты міндеттеріміз
- •4. Отбасыға байланысты міндеттеріміз
- •5.Адамдардың бір-біріне байланысты міндеттері
- •6. Адамдардың қоршаған ортасына байланысты міндеттері
- •7. Отанымызға байланысты міндеттеріміз
- •1. Діни үкімдер
- •Сунниттер мен шииттер
- •Шариғат
- •Исламдағы мәзхабтар
- •1. Мұсылман салт-жоралары мен сенімдік мектептері (Сенімдегі мәзхабтар)
- •2. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (Амалдағы мәзхабтар)
- •1. Ханафи мәзхабы
- •2. Малики мәзхабы
- •3. Шафи мәзхабы
- •4. Ханбали мәзхабы
- •Қазақтар имам ағзам жолындағы мұсылмандар Сопылық (Суфизм)
- •Ислам мәдениеті
- •Ислам – адами және әлеуметтік құндылықтардың көзі
- •Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
- •Адамды сүй, Алланың хикметін сез
- •Қазақстандағы исламның таралуы
- •Сопылықтың мәні, кезеңдері мен ағымдары
- •Йасауи мектебі
- •Қазақстандағы діни білім беру тарихы
- •Қазақ мәдениеті мен ислам құндылықтарының тұтастығы
- •Атеизм және қазақтарды шоқындыру саясаты
- •V. Бөлім. Қазақ топырағынан шыққан әйгілі дін ғұламалары (6 сағат)
- •Ахмет йүгінеки
- •Жүсіп баласағұни
- •Әбу насыр әл-фараби
- •Имам әл-бухари
- •Иасауи хикметі – дін және ұлтаралық татулықтың кені
- •Абай құнанбаев
- •Шәкәрім құдайбердіұлы
- •Хусамеддин Сығнақи
- •Vі. Бөлім. Қазақстан – дінаралық келісім орныққан ел (2 сағат)
- •Дін және ғылым
- •Тақырыптық жоспарлау үлгісі
- •34 Сағат (аптасына 1 сағат)
- •Әдебиеттер
- •Тауил және таухид
7. Отанымызға байланысты міндеттеріміз
Әрбір адамның ұлттық отаны, басқан топырағы, кіндік қаны тамған жері бар. Мұны біз отан дейміз. Ал біз туып өскен отанымыздың ұл-қыздарымыз. Сондай-ақ біз сол туған отанымызға адал қызмет етпесек, оны қорғамасақ, онда өзіміздің азаматтық борышымызды өтемегеніміз. Егер біз өз туған жерімізді қорғаудан бас тартсақ, бір күн болмаса бір күні өзіміз де келешек ұрпағымыз да жоқ болатыны шүбәсіз.
Дініміз ислам да, әрбір мұсылманның өз отанын қорғауға шақырады. Отан үшін қан кешіп өлген адамдардың дәрежесі, жәй өлген адамдардың дәрежесінен жоғары екендігін дініміздің қағидаларында кездестіреміз. Ардақты Пайғамбарымыз да отан туралы: “отанды сүю иманнан”- деп, отанның қаншалықты маңызды екенін баяндайды. Сондықтан әрбір мұсылманның отанын қорғауға, оған қызмет етуге міндетті екенін, тіпті мұның төркіні иманнан келетінін дініміз де көрсетіп отыр.
Біздің отанымыз –Қазақстан. Сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде қалдырып келген ұлан –ғайыр жерімізді ата-бабаларымыздың аманаты деп білеміз. Біздің міндетіміз де келер ұрпаққа ата-бабаларымыздан қалған ұлан байтақ жеріміз бен тәуелсіздігімізді аман-есен өткізу. Бұл туралы дана аталарымыз: “отан үшін отқа түс”, - демей ме?
Діни үкімдер мен негізгі тыйымдар
1. Діни үкімдер
Мұсылман хұқықшылары Құран, Сүннетке сүйене отырып, мұсылмандардың күнделікті тұрмыстарына қолданатын діни үкімдер белгілеген.
Ал Құранда, Сүннетте жоқ бір мәселе жайында мұсылман ғалымдары бас қосып шешетін болған. Мұны біз “ижма” деп атаймыз.
Мұнан басқа бір мәселе немесе амалды бір ғалым, басқа нәрсемен салыстыра отырып үкім шығарады, ол “қияс” деп аталады. Демек шариғат үкімдерінің ең маңызды қайнарлары Құран, Сүннет, Ижма және Қияс болып табылады.
Дініміз адамға немесе қоғамға пайдалы нәрселер мен амалдарға рұқсат еткен немесе мұсылмандардың істеуін міндеттеген. Ал керісінше қоғам мен адам баласына зиянды нәрселер мен амалдарға тыйым салған. Мысалыға садақа, зекет қоғамға пайдалы болғандықтан дінімізде оларға рұқсат еткен немесе міндеттеген. Ал арақ-шарап, зина, ұрлық, адам өлтіру қоғамға немесе жеке адамға зиянды болғандықтан оларға тыйым салған.
Ислам дініндегі мұсылмандарға жүктеп немесе тыйым салған үкімдерді жеке-жеке қарастыратын болсақ, олар:
Парыз. Шариғатта анық дәлелмен істелуі әмір етілген амалдарды парыз деп атаймыз. өзірсіз (себепсіз) парызды орындамаса, дін бойынша күнәһар болып табылады. Мысалы намаз, ораза, хаж, зекет, ғылым іздену-парыз.
Дін бойынша парыз амалды қабыл етпеген адам, күпірлікке түсіп, діннен шыққан болып есептелінеді. Екі түрлі парыз бар:
1. Әрбір мұсылманның әр уақытта мойнына жүктелген әмірлерді “парыз айн” деп атаймыз. Парыз айнға намаз оқу, ораза ұстау т.б. жатады.
2. Қоғамдағы кейбір адамдардың орындауына байланысты, орындамаған адамдардың мойнынан парыздық міндет түсетін әмірлерді “Парыз кифая” деп атаймыз. Егер де дін бойынша парыз кифая болып табылатын үкімдерді қоғамдағы барлық адамдар істемесе, онда олардың барлығы күнәһар болып табылады. Мәселен жаназа намазын оқу, ғылым іздену т.б.
Уәжіп. Ханафи ғалымдары бойынша парыздан кейінгі екінші дәрежелі үкім уәжіп болып табылады.
Амалдық жағынан уәжіптің үкімі парызбен бірдей, яғни орындағандардың мойнынан жауапкершілігі түседі де, себепсіз орындамаған адам күнәһар болып табылады.
Уәжіптің парыздан айырмашылығы, парызды мойындамаған адам діннен шықса, уәжіпті мойындамаған адам діннен шықпайды. Бірақ күнәһар болып қалады. Уәжіпке мысал келтіретін болсақ: үтір намазы, мейрам намаздары, құрбандық шалу осыларға жатады.
Харам. Құран және Пайғамбарымыздың хадистерінде кесінде түрде тыйым салынған амалдар мен нәрселер “харам” деп аталады. Яғни исламда харам болған амалдарды істеген адам, күнәһар болып табылады. Ал исламдағы харамды мойындамаса, ол адам діннен шығып, азап шегуі хақ. Ал харам амалдарды харам екенін біле тұрып істеген адам күнәһар болып, Аллаһ алдында азап шегуі тиіс. Мысалға дінде тыйым салынған істер: ұрлық жасау, адам өлтіру, арақ ішу т.б.
Харам да “лиайниһи” және “лиғайриһи” харам болып екіге бөлінеді:
1. Бір амалдың харам болуы өзінен болып, әр уақытта тыйым салынған амалдарды харам лиайниһи дейміз. Олар: доңыз еті, ұрлық т.б.
2. Белгілі бір уақытқа немесе бір себепке байланысты тыйым салынған амалдарды харам лиғайриһи деп аталады. Мәселен: Барлық күндерде ораза тұтуға болады, бірақ мейрам күндері ораза тұту харам. Мұсылмандықта рұқсат етілген тағамды жеу халал болғанымен, ұрлықпен табылған тағамды жеу – харам.
2. Негізгі тыйымдар (харам)
Адам өлтіру. Ислам діні адамды жаратылғандардың ең құрметтісі деп
санайды. Сондықтан адам өмірінің қорғалуы – діннің негізгі алға қойған мақсаттарының бірі болып табылады. Құранда себепсіз адам өлтірген адамның бүкіл адамдарды өлтіргендей ауыр қылмыс істегенін, ал бір адамды өлімнен құтқарған адамның бүкіл адамдарға өмір бергендей ұлы, абыройлы іс екенін түсіндіреді. Осыған байланысты адам өлтіру үлкен күнәлардың бірі болып саналады және жазасы да егер туыстары кешірмесе өлім. Ал ахирет күнінде де барар жері тозақ болмақ.
Қан дауы. Жанұя немесе жақындарынан бірі өлтірілсе өш алумен немесе сазайын берумен қорытындылайтын жаза түріне қан дауы дейді. Қан дауы тәртіп пен әділеттің толықтай жүзеге аспайтын қоғамдарда қолданылатын шара болып табылады. Ислам діні қан дауына тыйым салған. Дін бойынша қылмыскердің жазасын тек заң бойынша мемлекет шешуі тиіс. Егер адамдар біріне жаза берер болса, ол қоғамда анархия болары хақ.
өзін-өзі өлтіру. Жаратылғандардың ішінде абыройлы орынға ие болған
адамның өмір сүру хұқығы да Аллаһ тарапынан белгіленген негізгі хұқығы болып табылады. Дүниеге жаратушысын тану және оның көрсеткен жолымен өмір сүру мақсатымен жіберілген адамның дүниеге келуі мен кетуі адамның өз қолында емес, Аллаһтың белгілеуімен жүзеге асады. Сондықтан адамның басқа біреуді өлтіруге қалай хұқығы болмаса, өзін өлтіруге де хұқығы жоқ. өзін өлтірген адам ахирет күнінде тозақта азап шегіп, көп уақыт сонда қалмақ.
Ұрлық. Біреудің дүниесін қойған жерден иесінің хабары болмастан жасырын алу ұрлық болып есептелінеді және дүние-мүлікке байланысты істелінген негізгі қылмыс түрі. Маңдай тер мен адал еңбекпен табыстың қорғалуы исламның негізгі принциптерінің бірі. Ислам діні ас пен мүлікті қасиетті санап, біреудің мүлігіне орынсыз қол сұққан адамға ауыр жаза берген. Бірақ ұрыны жазаландырудың шарттарында аштық, мұқтаждық, мәжбүр ету сияқты жағдайлар болмауы керек. Ал ұрлықтың қылмыс екенін біле тұра, соны тілей отырып істеуі, ұрының жауапкерші, ұрланған мүліктің хұқықтық тұрғыдан қорғалған болуы ислам діні бойынша ұрлық-қылмыс болып табылады.
Зина. Үйленбестен жыныстық қатынаста болу адам ақылының қабылдамайтын, ахлақи, хұқықтық жүйелердің, басқа да илаһи діндердің ұят, қылмыс санайтын зинақорлыққа ислам діні де кесінді түрде тыйым салып, үлкен күнәлардың қатарына жатқызылады және оның алдын алудың біршама шаралары қарастырылған. Құранда: «Зинаға жақындамаңдар, себебі ол жиіркенішті, өте жаман бір жол (Исра-32)»- дей отырып, зинаның жиіркенішті бір іс екенін баяндайды және зинаға алып баратын барлық жолдарға тыйым салады. өйткені ұрпақтың жақсы сақталмауына, жанұяның күйреуіне туыстық, достық, көршілік сияқты байланыстардың ыдырап, қоғамдық рухани, ахлақи құндылықтардың түбірімен жойылуына алып баратын және адамды рухтағы құмарлықтардың құлы етіп, төмендететін жиіркенішті бір іс.
6.Ішімдік ішу (мас болу). Құранда: «Ей иман келтіргендер ! Ішімдік, құмар, пұттар, бал оқтары шайтан ісі, әрқайсысы лас нәрселер. Ойлай болса бұлардан аулақ болыңдар, құтыласыңдар (Маида-90)» - деп, шараптың ішілуі харам қылынған. Аллаһтың осы үкімінен кейін және Мұхаммед пайғамбардың түсіндіруімен мас қылатын басқа да ішімдік түрлерінің де харамға жататынын білеміз. Ислам дінінің ішімдікке тыйым салуының біршама пайдасы мен хикметі бар. Мастық адамдар арасындағы байланысты үзіп, қоғамда кек пен дұшпандықты үдете түседі және ақыл тепе-теңдігін бұза отырып, адам өз еркінен айрылады, адамгершілігі мен абыройын жоғалтады, орны толмайтын арақ құмарлыққа алып барады. Адамдарды ішімдік ішуді әуестендіретін ортада білімсіздік, надандық көбейеді.
Құмар ойнау. Ортаға ақша тастап ойнайтын ойынға «құмар» дейді. Құмар түрліше аспаптармен ойналады. Қандай аспаппен ойналса да, егер бұл ойын ойнаушылардың біреуіне немесе біргенеуіне пайда тигізсе немесе шығынға ұшыратса, құмар саналады және ислам діні бойынша харам болып саналады. Яғни осы жолмен келген табыс харам. өйткені Құран Кәрім шарап, құмар, пұттар, бал оқтары шайтанның ластықтары екенін білдірген және олардан аулақ жүруді бұйырған.
Аллаһқа серік (ортақ) қосу. Үлкен күнәлардың ең басында келетіні – Аллаһқа серік қосу. Шірк (серік) Аллаһқа ортақ қосу, оған басқаларды теңеу деген сөз. Аллаһтан басқа тәңірінің болғанына сену – тек үлкен күнә ғана емес, сонымен бірге сенімсіздік болып табылады. Қорыта айтқанда Аллаһтың серігі болғанға сенген адам мұсылман бола алмайды. Пайғамбарымыздың дәуіріндегі мұшіріктер Аллаһқа сенетін, бірақ Аллаһқа басқаларды теңегендері үшін, мұсылман саналмаған.
Құран Кәрімде былай дейді: «Тәңіріңіз бір тек Аллаһ. Одан басқа тәңірі жоқ. Ол адамзатқа мейірімді және шапағатты. (Бақара-162)
Аллаһты дара, тек деп біліңіз, Аллаһ ұлы. Ол тумаған және туалмаған. Ешбір нәрсе оған тең және деңгейлес емес болмақ емес. (Ихлас)
Егер жер мен көкте Аллаһтан басқа тәңірі болған болса, жер мен көк сөзсіз бұзылып кеткен болар еді. Демек, әлемнің тәңірі болған Аллаһ Тағала олар теңеген нәрселерден құлан таза. (Әнбия-22)
Бұл аяттар Аллаһтың болғандығын, теңі, ортағы болмағандығын көрсететін сенімді және мойындататын дәлел. Бүкіл дүниеде барлық нәрсенің орын-орнында тұруы, тәртіпсіздіктің тумауы, жаратушы мен басқарушының біреу екендігін, ортағы жоқ екендігін көрсетеді.
Аллаһқа басқаны теңегендер ең ауыр күнә істеген болып табылады. Егер сол сенімдерінен қайтып, тәубе етпейінше, яғни Аллаһқа ортақ қосу райынан қайтпайынша Аллаһ Тағала оны кешірмейді. Осыған орай Құран Кәрімде былай дейді:
«Аллаһ өзіне ортақ теңегендерді әрине кешірмейді. Аллаһ адамның бұдан басқа барлық істеріне тәубе етсе кешіреді. Аллаһқа басқаны теңегендер ауыр күнә істеп, жала жапқан болып саналады. (Ниса-48)
Ғибадат та тек Аллаһқа ғана жасалынады. Себебі адамзатты жаратқан, өмір берген және өнер-қасиетке бөлеген Аллаһ қана.
Намысты әйелге жала жабу. Жала жабу – үлкен күнә. Жала дегеніміз бір адамның істемеген ісін істеді деу, айтпаған сөзін айтты деп қарау болып табылады. Жала жабу – көпшіліктің тыныштығын бұзатын қоғамдық дерт. Құран Кәрімде былай дейді: «өзің білмеген істің соңына түспе. өйткені құлақ, көз және көңіл бұлардың барлығы істеген істеріне жауапты болады. (Исра-36)
Жоғарыдағы қасиетті аяттан өзіміз қанып білмеген әрқандай бір тақырыпта пікір айту дұрыс емес екендігін, бұлардың адамға жауапкершілік жүктейтіндігін түсіндіреді.
Жала жабудың толып жатқан түрлері бар. Ең сұрқиясы да ар-ұятқа қатысты болғандары.
Ар-ұяты бар намысты бір әйелге жала жабылса, оның тірлігі қараяды. өйткені әйелдің ең құнды байлығы – ар-намысы. Жабылған жала оның жанын жегідей жейді. өле-өлгенше күнәсіз азап шегуіне себеп болады.
Ардақты пайғамбарымыз намасты әйелге жала жабуды адамды құртып жоғалтатын күнәлар қатарына қоя отырып, былай дейді: «Адамзатты құртатын жеті нәрседен аулақ болыңдар. –Бұл жеті нәрсе не ? –деп сұрағандарға пайғамбарымыз: Аллаһқа ортақ қосу, көз бояушылық істеу, Аллаһтың адам өлтіру харам дегеніне қарамай, бір адамды орынсыз жерде өлтіру, жетімнің малын жеу, өсім алу дұшпанға шабуыл жасайтын кезде соғыстан қашу, ар-намысты намысты мұсылман әйелдерге зина жасады деп жала жабу», – деп түсіндірген.
өтірік және жалған жерде куә болу. Туралық адамның ең тамаша қасиеті. өйткені Аллаһ өзіне сөзі тура болған адамдарды ұнатады. Туралық – пайғамбарларда болуы тиіс ерекшеліктердің бірі. Аллаһ Тағала да Құран Кәрімде пайғамбарларды әділет қасиетіне ие болғаны үшін мақтаған.
Дініміз өтірік айтуды шектейді және оны үлкен күнәлардың бірі деп тапқан. өтірік адамдар үшін ең нашар мінез болып саналатын ыдыраушылықтың белгісі. өтірік айтқан адам ғибадаттарын орындаса да ыдыраушылық мінезінен құтылған саналмайды. Пайғамбарымыз мынаны әмір еткен: «бөлшектенушіліктің үш түрлі белгісі бар: өтірік айту, берген уәдесінде тұрмау, өзіне аманатқа тапсырылған затқа қиянат жасау (оны қорғамау)».
өтірік айтудың барлық түрлері күнә болып есептелінеді.
Жақындарының көңілін қимай немесе пайда табу үшін сот алдында жалған куә болу – үлкен күнә. өйткені өтірікші куәгер ақиқатқа көлеңке түсіреді, шындықтың ашылмай қалуына, бейкүнә адамның азап шегуіне, шарасыз күйде қалуына себепкер болады. Осылайша жалған куәгер біреуді құтқарамын деп өз арын қарайтады, ахирет күнін ойрандап, Аллаһтың азабы мен қарғысына қалады. Қарсы жақтағы адамдардыңда өшпенділігіне ұшырайды. Куә болатын екі жақ арасында туыс-туған, дос-жарандары болса да куәлікті Аллаһ үшін істеуіміз және турасын айтуымыз керек.
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Әй мұсылмандар ! әділеттен әсте ауытқысаңдар. өздеріңе, әке-шешелеріңе және туыстарыңа қарсы болса да Аллаһ үшін куә етенін адамдардан болыңдар. Куә болуға тиіс адамдарың бай болсын, кедей болсын Аллаһ оларға сендерден тіпті жақын. Сезімге беріліп кетіп, әділеттен әсте аутқымаңдар. Егер куәлікті кері қайтарғандар немесе куә болудан қашқандар соны біліңдер, Аллаһ басқан-тұрғандарыңның бәрінен хабардар. (Ниса-135)»
Пайғамбарымыз сахабаларына: «ауыр күнәлардың ең ауырын сендерге айтайын ба ? - дегенде жанындағылар : «айтыңыз Аллаһтың пайғамбары» - дегенде пайғамбарымыз: «Аллаһты басқаларға теңеу, әке-шешесін құрметтемеу – деді де, жантайған қалпынан тұрып отырып: «жақсылап тыңдаңдар, бұдан басқа жалған куә болу» – деді, әрі бұл сөзді тоқтаусыз қайталай берді. Жолдастары: «тоқтаса игі болар еді» десті.
өсек айту. Дінімізде шектелген және үлкен күнәлардың қатарындағы жиіркенішті әрекеттің бірі де өсек айту. өсек тасу дегеніміз – араға іріткі салу үшін, біреудің айтқан сөзін біреуге жеткізу болып табылады. Мұндай нашар мінез мұсылман адамға жараспайды. Осындай тұрпайы қылық адамдарды қырқыстырып, аға-бауырды бір-біріне өштестіреді, отбасын ойрандайды және ауыр жанжалдарға себепкер болады.
Ибн Аббастың айтуынша пайғамбарымыз бір күні екі зираттың қасынан өтіп бара жатып: «мына зиратта жатқандар азап шегіп жатыр. өкініштісі сол бұлардың азап тартуына себеп болған болымсыз ғана істер еді – деп, сөзін жалғастырған: «Солай, бұлар бұл істі қаншалықты арзымас көргендерімен күнәлар ауыр. Біреуі дәретіне көңіл бөлмейтін, таза жүрмейтін еді. Екіншісі болса, өсек таситын еді.» – деген.
Пайғамбарымыз тағы да: «Араға іріткі салу үшін сөз тасып, өсек айтқан адам жұмаққа кіре алмайды.», «Адамдардың ең сүкімсізі екі жүзділер екені шүбәсіз. Олар біреуге олай көрінсе, енді біреуге бұлай көрініп, дағдыланған.»
Құран Кәрімде адамдардың мінін іздеген және өсек тасыған адамдарды елеп, ескермеу, әрі істеген қылықтарынан тәлім алмау насихатталған: «тырнақ астынан кір іздеген және өсек айтып, сөз тасыған адамға әсте құлақ салмаңдар. (Қалам-11).
Пайғамбарымыз осы аяттағы ескертуді бізге қайталай отырып және маңайындағы жолдастары жайлы сөз тасуын ұнатпай: «Жолдастарымның ешбіреуі басқалары жайлы көңіліме жақпайтын сөздерді жеткізбесін. өйткені мен барлығыңызға ортақ, таза жүрекпен және сүйіспеншілікке толы көңілмен көрінгім келеді» - деп, сахабалардың өсекшіл болуына жол бермеген.
Біреуді мазақ ету. Мұсылман мұсылманға туыс саналады. Оған жамандық істемейді, оның мал-мүлкіне, ар-намысына қол сұқпайды, алдап-арбамайды
Мұсылман бауырласын мазақ ету, оның көңілін қалдыратын сөздер айту және жаман ат тағу күнә болып есептелінеді.
Құран Кәрімде былай делінген: «Әй иман еткендер ! бір топтағылар екінші топтағыларды мазақ етпесін. Мүмкін олар өздерінен жақсы адамдар шығар. Әйелдер басқа әйелдерді мінеп-сынамасыз, олар да сендерден көш ілгері болуы мүмкін. өз-өзіңді де кінәламаңыз. Бір-біріңізді жаман лақаптармен шақырмаңыз. Иманнан кейін жиіркенішті сөздер сөйлеу қандай жаман. Тәубе етпеген адамдар қандай жаман адамдар.(Хұжұрат-11).
Пайғамбарымыз былай деген: «бір-бірлеріңді қызғанбаңыздар. Сауда саттықта бір-бірлеріңізді алдамаңыздар. өзара күрең қабақ болып, сырт бермеңіздер. Біреуіңіздің біткелі тұрған саудасын біреуіңіз бұзбаңыз. Аллаһтың құлдары туысқан болыңыздар. Мұсылман мұсылманға туыс. Оларға зұлымдық көрсетпейді, жалғыз тастамайды, оны қор санамайды.» - дей келіп, үш рет кеудесіне қолын қойып: «діндарлық дегеніміз міне осында, бір адамның мұсылман бауырласын қорлауы, оның жаман адам екенін көрсетеді. Мұсылманның қаны, малы, ар-намысы мұсылманға харам», – деп әмір берген.
Парыз ғибадаттарды орындамау. Адамзатты жаратып, сансыз рызық берген Аллаһ Тағаланың құлдарына берген біршама әмірлері бар. Бұл әмірлер ғибадат болып табылады. Аллаһ Тағала құлдарының осы бұйрықтарын орындағандарын сый-құрметке бөлейді. Ал ғибадаттарды орындамағандар Аллаһтың сый-құрметінен махрұм қалады. Бұл жайлы Құран Кәрімде: «Әй Мұхаммед ! ғибадаттарыңды орындамасаңдар Аллаһ сіздерді қалай қадірлесін. –деп айт.»
Әрине ғибадат Аллаһ алдында адамды сыйлы көрсетеді. өйткені жаратылуымыздың мақсаты – Аллаһты тану және оған құлшылық жасау болып табылады. Бұл жайлы Құран Кәрімде: «мен жындар мен адамдарды тек маған құлшылық қылсын деп жараттым», - деген.
Құран адамзатқа негізінен төрт мәселе бойынша баяндалады.
1. Таухид – Жаратушы Алланы жалғыз деп тану. Оған ешбір нәрсені теңемеу.
2. Уағда – Алланы бір деп танығандар мен Құранда баяндалған тәртіппен жүргендерді жәннәтпен сүйіншілеу, яғни жақсы амалдар жасағаны үшін жаннатқа кіреді, сыйлықтарға ие болады деп Жаратушы тарапынан уәде етіледі.
3. Уағид - Құрандағы айтылғандарға құлақ аспай, қарсы болғандар мен жаман амалдар жасағандарды тозақпен жазалайтындығы жайлы ескерту жасау. Құлдары жасаған күнәләрді үшін жазасын өтейді деп Алланың уәде етуі.
4. Қысас – Мұсылмандардың иманын қуаттандыру үшін Алланың сүйікті пайғамбарлары мен әулие достарының өмірін қисса ретінде баяндайды.
Құран Кәрім көркем мінез құлықтың негізгі көзі. Көркем мінез-құлықтың барлық адамның өмірінде көрініс табуын қалайды. Барлық адамды бейбітшілік пен тыныштыққа өмір сүруге, сүйіспеншілік және қайырымдылықпен әрекет етуге шақырады. Жеке адам мен қоғамның мәдениетті және бақытты болуын тілейді.
Хадис. Пайғамбарымыз сғс Құранмен қоса хадистерді де қалдырды. Ол кісінің айтқан сөздері, еткен істері, өнегелері, шығарған шешімдері біз үшін тәрбие, үлгі. «Хадис» – араб тілінен аударғанда «жаңа», «хабар», «әңгіме» деген мағыналарды береді. «Хадис» - пайғамбарымыздың айтқан сөздері, істеген істері, өсиеттері, кей жағдайда ол кісінің даулы мәселелерге берген төреліктері. Оны жалпы діни әдебиеттерде «хадис» деп атайды.
Хазіреті Мұхаммедтiң сғс. хадистері Құранның түсіндірмесі болып табылады. Яғни, Құран сүрелерінгi кейбір мағынасы терең аяттарды Мұхаммед пайғамбар сахабаларына түсіндірген.
Ардақты пайғамбар сғс. сахабаларға сөздерін хатқа түсіруге тыйым салған. Себебi, Құран аяттары мен пайғамбар сөздерінiң араласып кетуінен қауіптенсе керек. Алайда Мұхаммед пайғамбар сғс. дүниеден озғаннан және Құран аяттары бір кітап болып жинақталғаннан кейiн Хазіреті Мұхаммедтiң сғс. сөздері, іс-әрекеттері мен сипаттары қағаз бетiне түсiрiле бастады. Хадис жинау әрекеті әсiресе, халифа Омар ибн Абду-л-Азиз тұсында ерекше етек алған. Осы хадистерді мұсылман ғұламалары түрлі електен өткізіп, оның жеткізiлу (риуаят ету), мағына тұрғысынан өзіне тән дәрежеге қойған.
Қазіргі кезде Құран Кәрімнен кейінгі негiзгi қайнарлар - имам Бұхари жинақтаған “Сахиху-л-Бұхари” атты хадис кітабы мен имам Мүслім жинақтаған “Сахих Мүслім” атты хадис еңбегі. Мұны ислам әдебиетінде “Сахихайн” деп атайды. Сонымен қатар Әбу Дәуід, Тирмизи, Нәсаи және ибн Маже жинақтаған төрт “Сүнен” кітаптары - құны жетпес еңбектер. Бұлар ислам әдебиетінде “Сүнен-и Арбаа” деген атқа ие. Мұсылмандық әдебиетте жоғарыдағы Сахихайн мен Сүнен-и Арбаа кітаптары қосылып, “Күтүбу-с-Ситта” деген атауды иеленген.
