Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dintanu.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Имам әл-бухари

Имам әл-Бухари (810–870)– ислам дүниесінің ең көрнекті өкілі. Ол кісіні «Хадисшілер имамы» дейді. Мухаддис – «хадис білуші», «хадис айтушы» деген ұғымды білдіреді. Хадис дегеніміз – пайғамбарымыздың сөзі. Ал хадисші – пайғамбарымыздың сөздерін жиған, үйренген, айтқан кісі. Имам Бухари намаз көпшілік болып оқылғанда, алдындағы бастап барушы имам болған. Демек, ол кісі барлық хадис айтушылардың алдыңғы қатарында тұрған, өзгелері тарапынан мойындалған ұстаз.

VІІІ ғасырдан бастап Орта Азияға ислам ене бастады. Түркі халықтары мұсылман дінін қабылдады. Бұл жағдай ата-бабаларымыздың әлеуметтік-саяси өмірінде ғана емес, мәдени және тұрмыс жағдайларында да маңызды роль атқарды. Түркістанда исламның қанат жаюы өлкенің әлеуметтік-саяси, мәдени-тұрмыс тіршілігінде үлкен қадам болды. Мемлекет және қоғам ислам заңдары негізіндегі қарым-қатынасқа өтті. Ондағы теңдік, еркіндік, ғылым және дүниетаным, сүйіспеншілік идеялары Түркістан тұрмысына өте үлкен әсер берді. Сол кезеңде түркістандықтар ислам дамуы жолында зор еңбек етті. Имам Бухариден Махмұт Замахшариге дейін ғалымдар исламның шынайы әлемдік дінге айналуы үшін зор үлестерін қосты.

Хадистер Алла елшісінің тіршілігінде емес, соңынан барып жинақталған. Олардың бір бөлігі Алла елшісі дәуірінде жазып алынған. Хадистердің ішіндегі тура әрі дұрыс деп табылғандары «Сахих» (тура) саналады және шариғаттық құқыққа ие. Хадистер негізінен хиджраның ІІІ ғасырында көптеп жиылды. Ғылыми хадиспен шұғылдану бірінші кезектегі іс-шара болды. Оның «Муснад», «Сахих», «Суннан» деген түрлері пайда болды. Бұл үшеуінің арасында ең сенімдісі және ең мәртебелісі «Сахих» деп аталынды, оның негізін қалаушы ұлы отандасымыз Абу Абдуллах Мұхаммед ибн Исмаил әл-Бухари еді.

Хадистерді саралау, сенімділерін сенімсіздерінен ажырату уақыт өткен сайын қиынға түскен. Исламның қарсыластары, я болмаса шындықты жақсы білмеген адамдар да жалған хадистердің таралуына ықпал еткен. Соның үшін бұл хадистердің кімнің тарапынан айтылғандығына және олардың мазмұнына анықтама берілген. Хадистану деген пән хадистердің «сахих» (сенімді) түрін «сахих емес» (сенімсіз) түрлерінен ажыратумен шұғылданған. Пайғамбарымыздың сөздері – хадис айтушылардан, яғни «рауийлардан» жиылған. Мәлімет берушілер негізінен екі топ болған: сахабалар, табиғиндер. Сахаба деп пайғамбарымызды көрген және онымен әңгімелескен кісілер, ал табиғиндер пайғамбарымызды емес, сахабаларды көріп, солардан естігендер.

Имам әл-Бухаридің есімі – Мұхаммед, әкесінің аты Исмайыл болып 810 жылы 21 шілдеде Бұхара қаласында туылды. Әкесі Исмайыл Бухари еңбекқор еді, саудамен шұғылданды. Замандастары оның отбасына бейнетсіз табылған бір дирхам кірген емес деп жазады.

Анасы жүрегі Аллада, қолы дұғада жүретін пәк әйел болған. Мәліметтерде Мұхаммедтің көзі жастық шағында жарақаттанып, әз болып қалады. Тәуіптерге қаратқанымен себі болмайды. Бір күні анасы түс көреді. Ибрахим пайғамбар оған қарата: «Ей, пендем, дұғаларыңның шарапатынан Алла ұлыңа көру қабілетін қайтарды!» – деп аян береді. Шошып оянып, ұлынан хабар алыпты. Мұхаммедтің көз жанарында нұр ойнап тұр екен.

Имам әл-Бухари осындай отбасында өсті. Әкесі ерте опат болуына байланысты, тәрбиесінде анасының қызметі зор болды. Жастайынан хадис іліміне көңіл қойды. Он жасында өз зейіні және жаттау қабілетімен ұстаздарын таң қалдыра бастады. Он алты жасында мыңдаған хадистерді жатқа білді, олардың «сахих» немесе «сахих емес» екендігін бір-бірінен ажырата алатын еді. Ол мұнымен шектелмеді. Каш пен Мервтен, Мекке мен Мадинаға дейін, Балх пен Хираттан Бағдат, Басраға дейін, Нишапурдан Мысыр және Шамға дейін елме-ел, шаһардан-шаһар кезіп ілім үйренді, өзі айтқанындай «мыңнан артық сенімді ғалымнан хадис жазып алды». Көптеген көрнекті хадис айтушылармен кездесіп, сахабалар мен табиғиндердің өмірлерін бір-бірімен салыстыра отырып тексерді. Олардың әрбір хадисін Құран Кәрім аяттарымен және пайғамбарымыздың өмірімен салыстырып шықты.

Бұлардың негізгі сипатында бізге жиырмадан аса шығарма қалдырды. Ұлы ғалым еңбегінің қаншалықты зор екендігін баян ету үшін бір ғана мәлімет келтіреміз. Ол бір ғана «әл-жамиғ ус-сахийх» (сенімді жинақ) кітабы үшін 16 жыл жұмыс істеген. Оған енгізілген 7397 хадис 600 мың хадис ішінен сараланып алынған.

Өз ақыл зейінімен және тынымсыз еңбегімен алыс елдерде теңдессіз табысқа жеткен «хадисшілер имамы», «мухадисшілер сұлтаны» дәрежелеріне ие болған әл-Бухари ана жұрты Бұқараға қайтады. Бірақ Бұқарада құрмет көрмейді, тыныштық таппайды. Бір оқиға болып, ол кіндік қаны тамған шаһарды тастап кетеді. Бұл оқиға мынадай еді:

Сол жылдары Бұқара әмірі болып тұрған Халид ибн Ахмет әл-Бухари құзырына ілім алу мақсатымен дүниенің түкпір-түкпірінен ағылып келіп жатқан адамдарды көреді және балаларын оқытпақшы болады, ғалымға шабарман жіберіп, сарайға келіп, балаларына дәріс беруін бұйырады. Имам әл-Бухари әмір шабарманына «Мен білімді қор қылмаймын, оны билеушілер есігіне алып бармаймын» – деп жауап береді. Әмір қайта шабарман жібереді, ол тап қазір балалары үшін тездетіп уақыт тауып, жеке өздеріне алаңсыз сабақ беруін талап етеді. Ұлы ғалым және ренжиді. Білім алу Алла елшісінің суннеті екендігін, соған орай, барлығының теңдігін, білім керек болса әмір және оның балаларының үйге екі рет келіп тұруларына болатындығын айтады. Сонымен, ара бұзылады. Имам әл-Бухаридің Бұқарада тұруы қиынға айналады.

Имам әл-Бухари өмірінің соңғы жылдары Самарқанд жанындағы Хартанг қыстағында өтеді. Ол 870 жылдың 31 тамызында дүниеден өтеді. Қабірі сол жерде, қазіргі Самарқанд уәлаятының Пойарық ауданындағы Хартанг қыстағында.

Төменде Имам әл-Бухаридің кітаптарынан алынған бірнеше хадиспен танысасыздар. Олар тіршіліктің әр түрлі мәселелеріне жол көрсетеді. Мысалы, алғашқы хадисте амандасудың өте зор міндет екендігі айтылады. Мазмұнына қарағанда бұл аш адамға ас берумен тең қойылған. Ас ашты өлімнен сақтайды. Сәлем ше? Сәлем сол адамға тыныштық, амандық тілейді. Бұл – қайырымдылық, басқаларға жақсылық істеу. Маңайындағыларға жақсылық жасау – адамгершіліктің, мұсылмандықтың белгісі. Демек, бір кісі екінші кісіге сәлем бергенде, ол өзі де адамгершілігін асырған болады. Мұндай ғибраттар хадистердің әрбірінде бар. Мысалы, хадистердің бірінде («әл-жамиғ ус-сахих»-тан) сәлем беру туралы Сахаба Аммар* айтқан: «Үш міндетті өзі орындаған кісінің иманы толығынан асады:

–ынсапты және әділетті болу;

–баршаға сәлем беру;

–кембағалдарға садақа беріп тұру.

Тағы бір хадисте Расулаллах** салаллаһу алайһи уа салламнан*** бір кісі сұрапты: «Исламдағы ең жақсы міндеттер қайсы?» Айтқаны: «Аштарға ас беру, таныған және танымағандарға сәлем беру».

МАТУРИДИ (Имам Матуриди)

(852–944)

Ахли сүннеттің ірі екі тармағының алғашқысы саналатын Матуридия (Матуридилік) ілімінің негізін салушы, атақты түркі ғалымы – Әбу Мансур Мұхаммед ибн Махмұт әл-Ханафи. Ол Самарқандтың Матурид өңірінде 852 жылы дүниеге келген. Матуриди немесе Самарқанди деген екі танымал лақабы туған жерінің атауымен тікелей байланысты қойылған. 92 жасында дүниеден озған. Қабірі Самарқандтағы Жахардиза қорымында орналасқан.

Имам Матуриди Саманидтер елінің қарамағындағы Мауереннахр аймағында өскен. Бұл кезеңде мәзхабтар арасында жойқын күрестер жүріп жатқан болатын. Ол жастық шағын Мутазила мәзхабы дүркін-дүркін соққы жасаған Түркістан аймағында әхли сүннет ұстанымдарының кең өріс жайған кезеңінде өткізген.

Имам Матуриди Ханафилік фикх (шариғат заңдары) және кәләм (діни ақида-сенім) ілімдерін меңгеру үшін Балхтық Насыр ибн Яхиядан (880-жылы дүниеден өткен) тәлім алған. Кейінірек Ханафи мәзхабының негізін салушы Имам Азам Әбу Ханифаның (767-жылы дүниеден озған) шәкірттері Имам Юсуф пен Имам Мұхаммедтің шәкірті атақты ханафи ғалымы Сүлеймен әл-Жүзжанидің шәкірттері Әбу Насыр әл-Иязи мен Әбу Бәкір Ахмет әл-Жүзжаниден білімін жетілдіре түскен. Кәләм мен фикх ілімін Әбу Насыр Иядтан қабылдаған. Осылайша, Имам Матуриди ханафилік көзқарас пен дүниетанымды түпкілікті меңгерген.

Имам Матуридиге Ислам дінін Алланың әміріне, Хазрет пайғамбардың сүннетіне лайық түрде аса шеберлікпен түйсініп қабылдау және адам көңіліне жеткізу, қарсы пікірлерден қорғау жолындағы табандылығы мен табысты еңбегі үшін “Әләмул һүда” (“Хақ жолдың жалауы”), “Имамул һүда” (“Хақ жолының көсемі”), “Имамул мүтәкәллимин” (“Кәләм ғалымдарының көсемі”) сияқты дәрежелер берілген. Оның еңбектерінің өзі бұл атақтарға лайықтығын қуаттайды. Атап айтқанда:

“Китабут Тәухид”: Кәләм ілімінің негізгі тарауларын таратып айтады. Әхли сүннетті үлкен шеберлікпен суреттейді, Исламға жат ағымдарды сынайды. Кітаптың бір нұсқасы Англиядағы Кембридж университетінің кітапханасында, алты нұсқасы Стамбулдың әр түрлі кітапханаларында сақталған. Түрік тіліне 1979 жылы Хусейн Сууди Эрдоған аударған. “Тәуиләтул Құран”: Имам Матуридидің тәпсір дәрістері жинақталған және көптеген нұсқасы бар туынды. “Рәддул Әуаилил Әдиллә Қағби уә Бәйәну Уәһмил Мутазилә”: Мақсатты түрде Мутәзилә мәзхабын жоққа шығару мазмұнындағы шығарма. “Құран Рисәләсы”: Құран оқу ережелерінің кітапшасы. “Рисаләтул фил Акаид”: Анкара университеті Дінтану факультетінің басылымы ретінде Й.Зия Йөрүкан тарапынан 1953 жылы “Ислам нанымдары туралы көне мәтіндер” деген атпен жарияланған бұл шығарма наным-сенім қағидаларын қарастырады. “Әр Рәдду әлә Усулил Карамита”: Карамита мәзхабын жоққа шығаратын шығарма. “Рәдду Китәбу Имами ли Базир Рәуәфиза”: Сахабаларға дұшпан болғандарды қабылдамайтын шығарма. “Китәбул Мақалат фил Кәләм”: Кәләм ілімі жайлы еңбек. “Мәхәз уз-Шәрийя”: Фикх ілімімен байланысты еңбек. “Китәбул Жедел”: Фикх тәсілдері туралы еңбек.

Имам Матуриди оқуын тәмамдағаннан соң Әхли сүннет уәл жамағат негізінде сенім мен көзқарастарын тарату үшін көптеген шәкірт тәрбиелеген. Әхли сүннет жолында сіңірген еңбегіне қарамастан, діни топтар мен мәзхабтардың тарихы жайлы еңбектерде оның аты мен ой-пікірлері өте сирек кездеседі. Бұның себебі араб ғалымдарының келесі бір сунни кәләмтанушы Әшәриді дәріптеуі деуге болады. Ал, шындығында Имам Матуриди – Түркістан аймағында және бүгінгі Пәкістан, Ауғанстан жерлерінде Әхли сүннетті насихаттаған, көптеген еңбек жазып, шәкірт тәрбиелеген ұлы ғалым. Ең атақты шәкірттері мыналар: Әбул Қасым Исхақ ибн Мұхаммед (әл- Хаким әл-Самарқанди, 951 жылы дүниеден өткен), Әбул Хасан Әли ибн Саид әр-Рустуғфани (951 жылы қайтыс болған), Әбу Мұхаммед Абдулкарим ибн Мұса әл-Пәздәуи (999 жылы қайтыс болған), Әбул Ләйс әл-Бухари, Н. әс-Сабуни (1187 жылы қайтыс болған). Дегенмен, Матуридия ағымының ең ұлы өкілі – Имам Матуридидің “Китабут Тәухид” атты еңбегінен кейінгі ең ірі дереккөз саналатын “Тәфсиратүл адилле” атты шығарманың авторы Әбул Муин Майюн ән-Насафи (1115 жылы қайтыс болған) болып табылады.

Матуридилік – дәл Ханафилік секілді көбіне түркілер арасында кеңінен тараған сенім мәзхабы. Кәләмдік көзқарастардың негізі Ханафи мәзхабының фикх іліміне сүйенеді. Имам Матуриди Әбу Ханафияның пікірлерін жаңа тәсілдермен және жаңа дәлелдермен түсіндіріп, нақтылаған.

Имам Матуриди жоғарыда да көрсетілгендей, Аббасидтер мемлекеті әлсіреп, жаңа мұсылман елдері пайда бола бастаған және көптеген саяси әрі діни ағымдардың өзара күресі күшейген кезеңде Хазрет Мұхаммедтің жолын ұстанған Әхли сүннет уәл жамағаттың сенімін жақтап, сол сенімді жұртшылыққа түсіндіріп, дәріптеген. Әхли сүннет уәл жамағаттың сенімі мен амалдары төрт мәзхаб имамдары – Имам Ағзам Әбу Ханифа, Имам Шафиғи, Имам Малик, Ахмет бин Ханбал. Олар шәкірттері тарапынан әр түрлі еңбектер мен шығармалар арқылы бүгінге дейін риуаят етіліп, уағыздалып келген. Алайда, Ханбали мәзхабынан туындағанына қарамастан, кейіннен “салафилік” деген атпен бос және қате пікірлерді жария еткен Ибн Таймия әхли сүннет сенімінен алыстап кеткен.

Әхли сүннет уәл жамағат ілімін Имам Матуриди құрған Матуридилік пен Имам Әшәри (941 жылы қайтыс болған) құрған Әшәрилік мәзхабтары қатаң ұстанған. Әшәрилік Шафиғи және Малики мәзхабтарының өкілі саналатын арабтардың арасында, ал Матуридилік көбіне арабтардан тыс мұсылмандар арасында кеңінен тараған.

Имам Матуриди мен Имам Әшәри бір кезеңде әр түрлі аймақтарда өмір сүргенімен, бірдей мақсатты көздеген. Екеуі де мутәзила, шиит тармақтары және рафизилар секілді дұрыс жолдан адасушы мәзхабтарға қарсы Әхли сүннет уәл жамағаттың, яғни Хазрет Мұхаммед пен оның сахабаларының сенімдерін әр түрлі тәсілдермен уағыздаған. Негізгі сенімдері бірдей осы тұлғалардың болжамдары мен көзқарастары арасында айырмашылық болмаған. Айырмашылық болса да, олар тәсілдер мен географиялық орыннан туындаған. Бұл екі имам Құранның үкімдерін қатаң ұстанып, оны түсіндірерде аят пен хадистерге жүгінген, алайда ақылға негізделетін кәләм тәсілін де қолданған. Шариғат үкімдерін түсіндіру барысында аят пен хадистерді негізге алумен қатар, Матуриділік ақылға сүйенетін қисынды дәлелдерге кеңінен орын берген. Осы тұрғыдан келгенде тек аят пен хадистерді негізге алатын фикхшылар мен хадисшілерден ерекшеленеді. Ақылдың жаңылуынан қорқып, аят пен хадистерге сүйенетін және ақылды қолданғысы келмегендерге қарсы Имам Матуриди ақылды және аят пен хадистерді жеке дереккөздер ретінде қабылдап, шектен шықпауға тырысқан. Мәселелерді түсіндірер кезде шариғатқа қайшы келмейтін, ақылға қонымды философиялық үкімдерді қабылдаған, ал шариғатқа қайшы келетін мәселелерде болса, міндетті түрде шариғатқа жүгінген.

Матуриділік ақыл мен иманды барынша ұштастыратын және имандық үкімдерді мүмкіндігінше нақты дәлелдермен түсіндіретін ерекшелігімен Әшәрилікке өз әсерін тигізген.

Имам Матуридидің аят пен хадистер арқылы білдірген Әхли сүннет сенімінің басты негіздері мыналар:

– Аллаһ Тағала барлық нәрсені жаратқан. Жалғыз. Тек оған ғана құлшылық қылуға міндеттіміз. Одан басқа ешкімге құлшылық қылмаймыз. Ол – мәңгілік сипаттарға ие.

– Құран Кәрім – Алланың сөзі. Алла Тағала Құран Кәрімді әріптер мен сөздер ретінде түсірген. Бұл әріптер – мағынасы аса киелі, жаратылған (мақұлықтар) болып табылады.

– Мұсылмандар жаннатта Аллаһ Тағаланы бейнесіз көреді. Себебі оны көруге ақылдың күші жетпейді. Аллаһ Тағала бұл дүниеде көрінбейді. Пайғамбарымыз миғражда көрген болса да, бұл дүниеде емес. Бұл дүниеден шығып, ақыретке түскен. Жаннатқа кіріп, сол жерде көреді.

– Алла Тағала адамдарды жаратқанындай, олардың іс-әрекеттерін де жаратады. Жақсы іс-әрекеттер оны риза қылады, жаман әрекеттер шошындырады. Себебі, адамның іс-әрекеттеріне өзінің күш қайраты да әсер етеді. Бұл “касб” деп аталады.

– Пайғамбарлар Аллаһ Тағала тарапынан таңдалып, жіберілген адамдар болып табылады. Олардың Аллаһ Тағаладан жеткізген хабары дұрыс, жалған болмайды.

– Пайғамбарлардың мұғжизасы, әулиелердің кереметі және салиқалы мұсылмандардың парасаты – шынайы құбылыстар. Әулиелердің кереметі өлгеннен кейін де жалғасын табады.

– Қабір азабы, қабірдегі Мүңкір және Нәңкір деген періштелердің сұрақ сұрауы, қияметте барлық нәрсенің жермен-жексен болатындығы, көктегі жүйелердің жойылатындығы, барлық адамдардың қабірден шығып, тірілетіндігі мен махшар күнінде жиналатындығы, жақсылық пен жамандықтар есептеліп, Жәһәннәм үстіндегі Сырат көпірінің үстінен өтілетіндігі хақ. Айтылғандардың барлығы болады.

– Қияметтен кейін мұсылмандардың мәңгілік жәннатқа, ал кәпірлердің мәңгілік тозаққа баратындығы, иманы әлсіз болғандардың соңында жәннатқа кіретіндігі де хақ.

– Құлшылықтар иманға кірмейді. Мұсылман қаншалықты күнә істесе де, иманы бұзылмайды. Алайда парыздарға, харамдарға және бұйрықтарға сену керек.

– Пайғамбарымызға, әулиелерге дұға қылу дұғаның қабыл болуына септігін тигізеді.

Калам өкілдері Матуриди, танымның көзі ретінде сезімдер, ақыл мен аянды таниды. Ал таным ескі және жаңа, яғни, құдайлық таным және адамдық таным болып екі түрге бөлінеді. Мұндағы қадым, яғни, құдайлық таным Алланың өзімен мәндес сипат болғандықтан өзгермейді, шексіз барлығын өз ішінде қамтиды. Ал адамдық таным өзгермелі, шектеулі, әрі нұқсан болып қала береді. Негізінен танымды бұлай жіктеу Құранға барып тіреледі. Құранда таным көзі, аян, сыртқы сезім мүшелері, ішкі – таным көзі, болып көрсетілген. Ең негізгі таным көзі – аян ретінде танылады.

Матуридидің аты ислам философиясы тарихында «Таухид кітабы” және “Тауилат ал-Құран” еңбектерімен кеңінен танылды. Исламда тұңғыш фикх негіздерін жүйелеп ғылымға айналдырды. Матуриди танымға жетудің кәламдық философиялық және сопылық жолдарын методологиялық тұрғыдан негіздеген ғалым. Ол аян, хабар және ақыл үшеуінің тұтастығын дәріптеді.

Матуриди “Таухид” және “Тауилат” еңбектерінде Алла мен адам арасындағы қатынас туралы өте көп ой толғаған. Онда Алланың қалауы, құдіреті, шексіз үкімі, жаратушылығы, хикметі, осы дүниедегі жамандықтың болуы, адам қалауы, еркі, діни міндеті мен жауапкершілігі және оның негіздері сияқты мәселелер қамтылған. Ислам теологиясында Жабрийа, Мутазила, Ашари сияқты кәлам мектептерінен бөлек методологиялық ұстаным арқылы танылған Матуриди кәлам ағымы, Алла мен адам арасындағы байланысты түсіндіруде өзіндік дүниетанымдық ерекшеліктері бар түркі мұсылмандық, суннилік мәндегі түсінікті қалыптастырды.

Матуриди ойлау жүйесінде Алла мен адам қатынасында Жабарийа мектебі ойшылдарының айтқанындай детерминизмнің болуы мүмкін емес. Алла мен адам арасындағы байланыс Алла мен физикалық әлем арасындағы байланыс табиғатынан ерекше бөлек. Алла адамға ақыл, дұрыс пен бұрысты ажырату қабілеті, ойлау, сезу, қалау, терең түсіну, адамдарды тура жолға салу үшін пайғамбарлар және кітаптар жіберген. Адам да санасын өзіне пайдалы нәрселерге бағыттайды. Зиянды деп ойлаған нәрседен алыс тұрады. Ақылы арқылы екі түрлі, яғни, пайдалы және зияндының бірін таңдайды. Істеген ісінің күнә, сауабына өзі жауапты болады. Міне адам осыларды жүзеге асырмас бұрын ойланады, қалайды, таңдайды, осы амалдарында өзінің еркін екендігін сезінеді, қандайда бір сыртқы күштің ықпалынсыз өз еркімен әрекет етеді. Матуридидің ойынша, адамдағы осы еркіндікті жоққа шығару – адамның ғылымы мен танымын жоққа шығару деген сөз. Бұл – надандық. Өйткені, Құранда Алла тарапынан шектелмеген және тыйым салынған әрекеттердің адамдарға жүктелгендігін және осылайша олардың өз істерінен өздері жауапты екендігін көрсетеді. Алла адамға таңдау еркіндігі мен амалды жүзеге асыру күші мен мүмкіндігін берген. Бұл еркіндікті жоққа шығару барлық адам амалдарына өздері жасаған күналардың жазасына Алланы жауапты санаса, ақыретте істеген амалдарына қарап адамдарды жазаға тарту абсурд болар еді. Өйткені Алла өзін Құранда Алим (барлық нәрсені білуші), Адил (әділет иесі), Рахим (мейірімді) ретінде танытады.

Әбу Мансұр ал-Матуридидің еңбектері негізінен ислам қағидалары, шариғат заңдары, рухани жетістік сырларын түсіндірді. Матуридидің “Тауил теориясы” Орта Азияда сопылық философиясының өркендеуіне ықпал етті. Осылайша, ол тәпсіршілер ішінде бірінші болып Құран мағыналарын ашып беруде “тафсир” орнына “тауил” методын қолданады. Ол “тафсир” мен “тауилді” ажыратып былай дейді: “Тафсир дегеніміз Құрандағы мағынасына қарап, Алла соны мақсат етті деп нақты айту. Егер сол сөзге нақты дәлел болса – тура тәпсір болады. Егер нақты дәлел болмаса өз ойынан тәпсірлеген болады”.

Матуриди ислам кәламы мен философиясы арасындағы ортақ тақырыптар мен желілерді көрсете білген. Ол эпистемологиялық тұрғыдан сезім, аян және ақыл-ой ретінде адамның үш танымдық негіздерін көрсетеді. Ол таным құралы ретінде тек ақылды ғана қабылдайтындарға қарсы шығады. Матуридидің ойынша Алланы тануға болады. Бірақ, адам тілі ұқсастық немесе салыстырусыз Алланың мәні мен сипаттарын түсіндіре алмайды. Яғни, адамның тілдік қабілеті мен қолдану аясы шектеулі. Дегенмен, әлемнің Ұлы Жаратушысын оған есімдер мен сипаттар таңу арқылы түсіну адам санасының, ақылының тиянағы үшін қажет.

5.3. Арыстанбап, Қожа Ахмет Ясауи, Бекет ата. Ясауи іліміндегі “кемел адам” тұжырымдамасы. Ясауи хикметі – дін және ұлтаралық татулықтың кені. (2 сағат).

Бабтардың Бабы Арыстан баб

Кез келген тарихи тұлғаны танып-білуде оны тудырған заманы мен өскен ортасын назардан тыс қалдырмауға болмайтыны хақ. Арыстан баб есмі ең алдымен ислам дінімен тығыз байланысты болғандықтан осы діннің түркі халықтары арасында таралуы тарихына зейін салғанымыз жөн. Жаңа дінді түркілерге таныту әрекеттері алғаш рет YIII ғасырдан басталады. Мұсылмандық біртіндеп түркілердің қалың орналасқан жері – Сырдың орта бойына да ене бастайды. Фараб, Кенжіде, мен Шаш аралығында жақсы жайылымдар бар, онда исламға кірген мыңға жуық түркі әулеттері тұрады,* 1 – деп жазды көшпелі түркілер жайлы X ғасырдың жазбагері Ибн Хаукал. Жаңа дін, әсіресе, отырықшы халық ішінде берік орнады. Ислам дінімен қатар ескі сенім-нанымдар да сақталды.

Арыстан баб өмір сүрген 10 ғасыр – Ислам дінінің Қазақстанның оңтүстігінде толық орныққан кезі еді. Қарахандықтар мұсылмандықты мемлекеттік дініне айналдырды.

Түркі халықтары ішінен шыққан алғашқы сопы Арыстан баб болды. Сондықтан әйгілі сопы ақын сүлеймен Бақырғани:

«Бабтардың Бабы Хорасанда,

Сансыз бабтар Үндістанда,

Бабалар басы - баба Арыслан», - деп жырлаған .

Қазақ бақсылары да:

«Түркістанда түмен баб,

Сіздерден медет тілеймін.

Сайрамдағы сансыз баб,

Отырардағы отыз баб,

Ең үлкені Арыстан баб,

Сіздерден медет тілеймін»,5 – деп әулиелерден демеу сұраған.

Әулие- әнбиелер иерархиясындаарыстан бабтың ең жоғары тұрғанын Алпамыс жырының бір нұсқасында Байбөріге Құдай перзент берді, деген қуанышты хабарды жеткізуші Баба Түкті Шашты Әзіз сөзі аңғартып-ақ тұр:

Жам әулие жиналдық

Бастығы болып Арытан баб,

Жабыла тілеп жыладық,

Жарылқап берді Жаппар Хақ.6

Арыстан бабтың өмірі жайлы деректер жоқтың қасы. Шығыстанушылар әдетте оны «Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы болғанын айтумен шектеледі.7 Мысалы, шығыстанушы ғалым, профессор А.Семеновтың пікірінше: Қожа Ахмет бала кезінде жергілікті түркі шайқы Арыстан бабтың назарына ілігіп, огның рухани тәрбиесінде болады.8. Сайрам шаhарында дүниеге келген Қожа Ахметтің Иасы қаласына баруы жөнінде француз зерттеушісі Ирене Меликофтың «Ахмет Ясауи және түркілердің халықтық исламы» деген еңбегінде мынадай назар аударарлық мағлұматтарға кезіктік: Қожа Ахметтің әкесі Ыбрайым Сайрамда белгілі шайқы болған. Ахмет 7 жасында жетім қалады. Сосын оны әпкесі иасы қаласына алып барады. Сол жақта ол өзінің алғашқы ұстазы – Арыстан баб пен кезігеді». 9

Арыстан бабтың қожа Ахмет Яасауиге берген тәлім-тәрбиесі жөнінде ағылшын ғалымы Дж.Тримингемнің мынадай тұжырымынан байқауға болады: Ахмет әл-Ясауи барлық түркі сопыларының бабасы. Ясауи дәстүрі таза түркілік бағытта болды. Ол түркі шайқы – арыстан баб дүние салғанша соның қолында тәлім-тәрбие алды.10

Арыстан баб жайлы ең құнды мағлұматтар Қожа Ахмет хикметтерінде көптеп кездеседі. 90-шы хикмет түгелімен Арыстан бабқа арналғаан. Онда: «Арыстан бабам айтты» «Арыстан бабам сөздері, естіңіз тәбәрік», немесе «Арыстан бабам әңгімесін естіңіз – тәбәрік», - деп көрсетіп отырған. Бұл хикмет негізінен Арыстан бабтың төл өсиеттерінен тұрады. Осы өлең жолдарымен танысқан адам арыстан бабтың нақ өзі келіп, шәкірттерге сопылық жолын үйретіп отырғандай сезінеді. Онда адамдардың кемшіліктері әңгңіме етіледі:

«Арыслан бабам сөздерін естіңіз - тәбәрік.

Ақыр заманның үмбеттері үйлерін безендіреді.

Әдейі нәпсіге қызығып, әр сәт сайын адамгершілігін бұзады.

Атақ-аброй, даңққа үйір қылар бойларын,

Арыслан бабам сөздерін естіңіз - тәбәрік».11

Міне, Арыстан баб адамдарды инсаниятжолына шақырып, мансап пен байлық үшін жасалатын істерден аулақ жүр, нәпсі құлы болудан бас тарт деп уағыздайды. Арыстан баб «Кісі малын жейтіндерді», «алдап айла қылатындарды», «жақсы жолдан азып, жаман жолға ауысқандарды, иманын, дінін беріп, өлмеймін деп күліскендерді» көріп:

«Иншалла, есіткендерді хақтан тілеп алармын,

Шайтан жолынан алып, хақ жолына салармын.

Медет берсе, Мұстафа күнәләрән тілермін», - деп үлкен мақсат қойған.

Сөзі мен ісі бір болған Арыстан бабтың тұрмысы «Хикметте»: «жатқан жері кедір-бұдыр, көргені қорлық пен зорлық», - деп сипатталады.

Ал, Қожа Ахмет Арыстан бабтан не үйренді дегенге келсек, бұл сұраққа біршама жауапты «Диуаниден» табамыз. Тәрбиенің мән-жайы мен мазмұны да осы хикметтерден аңғарылады. Екінші хикметте Арыстан бабам ислам дінін баян қылды деуі. Ахметке мұсылманшылдық негіздерімен кім таныстырғанын көрсетіп ақ тұр. 90-хикметте: «Мың бір зікір үйретіп, мейірбандық жасады», - дейді. Сопылық қағидаларды бойына сіңірген ұстазын Қожа Ахмет пір тұтып:, Арыстан бабқа құлмын, құлың болар Қожа Ахмет», - деп табынадыжиырма сегізінші хикметте.

Арыстан баб жайлы мынадай бір аңыз бар: «Мұхаммед с.ғ.у. 63 жасында дүниеден өтіпті. Дүние саларында халықты жинап: Мен дүниеден қайтып барамын. Кім менің аманатымды алып, ісімді әрі жалғар екен?» деген. Сол кезде топтан 300 жастағы Арыстан баб (Салмени Фарс) үн қатады. Ол сол кезге шейін отыз үш түрлі дінді білген, бірақ тек исламға ғана мойынсұнған адам. Арыстан баб тың келісімін алған Мұхамед с.ғ.у. Алламен ақылдасуға аттанады. Оның ризашылығын алған соң аманатын Арыстан бабқа береді. Содан 500 жыл өткен соң далада келе жатқан Арыстан баб 11 жасар баланы жолықтырады, «Ақсақал аманатымды беріңіз?» - дейді бала. Сол бала осы Ахмет екен»,12 – дейді.

Бұл аңыздың тамыры, түп-төркіні сонау ертеде жатқанын «Хикметтегі» мына бір жолдар айғақтап тұрған тәрізді.

«Арслан бабам сөздерін есіттіңіз – тәбәрәк,

Құрма туралы сөз еттім, маған айбар жасады.

Ей, би әдеп, көдек деп асасын алып қуды.

Айбарынан қорқпадым, маған қарап тұрды.

Арслан бабам сөздерін есіттіңіз - тәбәрік.

Аузыңды аш, ей, көдек, аманатыңды берейін.

Мазаласын (дәнін) жұтпадым, аш аузыңды салайын.

Хақ пайғамбардың бұйрығын үмбет болсам, қылайын.

Арслан бабам сөздерін есіттіңіз - тәбәрік.

Аузымды аштым. Салды. Құрманың исі мас етті.

Екі ғаламнан безіп, Аллаhи болдым хақты, жан тәнәмен сүюші.

Қожа, молда жиылды, қолдан-қолға тигізбей алып жүрді.

Арслан бабам сөздерін есіттіңіз - тәбәрік

Бабам айтты: «Ей балам, маған әдеп қылмадың,

Бес жүз жыл ұртымда сақтап едім мен саған.

Дәнін сіз алып, етін (сыртын) маған бердіңіз.13

Қожа Ахметтің шәкірті Сүлеймен Бақырғанидің «Ақыр заман кітабы» деген өлеңдер жинағында да Мұхаммедтің аманаты сөз етіледі:

«Субхан Ием өсірді,

Мұстафа (Пайғамбарым) бұйырды,

Арыстан бабам жеткізді.

Шайхым Ахмет Яссауи. 24

Қожа ахметтің Мұхаммед с.ғ.у пайғамбардың өзінен Арыстан баб арқылы аманат алуы оның ислам дінін қалпына келтірудегі іс әрекетін заңдастырады. Бұл арқылы Қожа Ахмет және оның шәкірттері көпшілік қолдауына ие болды.

Бұл аңыз сол кездегі жалпы халықтың ой-өрісіне лайықталып жасалған болса керек. Және де бұл – сол кездегі зиялылар дәстүріне сай келеді. Әл-Фараби, ибн Сина мен тағы да басқа ғұламалардың өзі еңбектерін өз деңгейлестеріне жеке арнап бір бөлек жазса, ал жалпы халыққа басқашалау, қарапайым түсініктілеу еткені анықталып отыр.18

Осы арада тағы бір атап өтетін нәрсе – бұл аңыздың кейінгі үлгілерінде Арыстан бабты Салман Парсы деп түсіндірілуінің орын алуы. Жоғарыдағы «Хикмет» пен Сүлеймен Бақырғанидің «Ақыр заман кітабынан» келтірілген үзінділерде құрманы әкелуші ретінде Салман Парсы тіпті де аталмайды. Расында тарихи деректер бойынша Салман Парсы hижра бойынша 35 не 36 жылы (қазіргі жыл қайыруымыз бойынша 655-657 жылдары дүние салған, оның қабірі Ирактағы Мадина қаласының маңында)19 Қабірінің басына тұрғызылған мовзолейі, мешіті бар, зиярат етуге мұсылман-сунниттер көптеп келетін орын. Сондықтан да «Әмір Темір аманаты» атты тарихи шығармада дасалман Парсының нұрлы гүлзарасы (яғни кесенесі – М.Қ.) аталып оған Маданын (қазіргі Мадина қаласы)қазынасынан жөндеу өз дәрежесінде күтіліп тұру үшін қаражат (уақыф) белгіленгені жөнінде айтылады. 20 «Хикмет» бойынша Арыстан бабтың шығу тегі араб («Арабтардың ұлығы кіршіксіз таза затыңыз», 90 хикметте) та, ал Салман Парсының тегі иран болғаны белгілі, Яғни Арыстан баб пен Салман Парсы екі заманда өмір сүрген екі бөлек тарихи тұлға.

Арыстан бабтың сөздері мен Қожа Ахмет өсиеттерін оқыған адам – бұлардың ең алдымен көне заман ескерткіші екенін ойдан шығармауы тиіс. Көп сөздерде астарлы мағына жатыр. Олар сопыларға тән сөздерді пайдаланып отырған. Қожа Ахметше айтсақ: «Сопылық жолда Құпия сөздерді білер, достар». Мысалы Арыстан бабтың нақыл-өсиеттерінде мынадай жолдарға тап боласыз:

«Ғашықтыққа қадам қойғандар, хақ дидарын көреді»

Мұнда «ғашық» деп отырғаны біздің әдеттегі пайдаланып жүрген сөзіміз емес. Осы сөзбен қиын да күрделі сопылық жолға түскен адамдарды атаған. Бұл жолдың қиын да күрделілігі адамға берілген пендешілік пен нәпсіден арылып, кемтар мен жетімдерге қол ұшын беру, әділдік жолына түсу, Құдай жаратқан қоршаған әлемді білу арқылы Құдайдың құдіретін тану, яғни «Хақ дидарын» көру болып табылады.

Арыстан баб және оның шәкірттері адамдардың рухани жетілуіне, кемелденуіне жол сілтеді. Әділдік пен имандылық нұрын септі. Ұлы ұстаз болды. Сондықтанда Арыстан бабтың дүние жүзілік мәдениетке үлес қосқан әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи және 1010жылы жасанды қанат құрастырып, алғаш рет ұшуға әрекет жасаған фарабтық Жауhари сияқты тарихымыздың төрінен орын алатынына күмән жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]