- •«Дін» туралы түсінік, оның мазмұны мен маңызы. Діннің мақсаты мен міндеттері. Негізгі дерек көздері.
- •Ислам дінінің түркі халықтарының рухани, мәдени болмысы мен мемлекеттік жүйесіне ықпалы
- •Діни наным сенімдердің бастауы
- •6. Түркілердің ескі діні
- •Көне түркілердің діни сенімі
- •2. Конфуцианизм діні
- •3. Даосизм діні
- •4. Cинтоизм
- •2. Индуизм
- •1. Үнді діндері
- •3. Жайнизм
- •4. Сикхизм
- •5. Парсизм
- •Христиан діні
- •Христиан дінінің пайда болуы
- •Ә) Інжіл - әлемдік мәдениет ескерткіші
- •Б)Христиандықтағы басты құндылықтар
- •В) Христиан діні және ғылым
- •1. Ислам діні
- •2. Хазірет Мұхаммед (ғалайһи сәлам) пайғамбар
- •1. Өзімізге байланысты міндеттеріміз
- •2. Адамның Аллаға байланысты міндеттері
- •3. Пайғамбарымызға байланысты міндеттеріміз
- •4. Отбасыға байланысты міндеттеріміз
- •5.Адамдардың бір-біріне байланысты міндеттері
- •6. Адамдардың қоршаған ортасына байланысты міндеттері
- •7. Отанымызға байланысты міндеттеріміз
- •1. Діни үкімдер
- •Сунниттер мен шииттер
- •Шариғат
- •Исламдағы мәзхабтар
- •1. Мұсылман салт-жоралары мен сенімдік мектептері (Сенімдегі мәзхабтар)
- •2. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (Амалдағы мәзхабтар)
- •1. Ханафи мәзхабы
- •2. Малики мәзхабы
- •3. Шафи мәзхабы
- •4. Ханбали мәзхабы
- •Қазақтар имам ағзам жолындағы мұсылмандар Сопылық (Суфизм)
- •Ислам мәдениеті
- •Ислам – адами және әлеуметтік құндылықтардың көзі
- •Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
- •Адамды сүй, Алланың хикметін сез
- •Қазақстандағы исламның таралуы
- •Сопылықтың мәні, кезеңдері мен ағымдары
- •Йасауи мектебі
- •Қазақстандағы діни білім беру тарихы
- •Қазақ мәдениеті мен ислам құндылықтарының тұтастығы
- •Атеизм және қазақтарды шоқындыру саясаты
- •V. Бөлім. Қазақ топырағынан шыққан әйгілі дін ғұламалары (6 сағат)
- •Ахмет йүгінеки
- •Жүсіп баласағұни
- •Әбу насыр әл-фараби
- •Имам әл-бухари
- •Иасауи хикметі – дін және ұлтаралық татулықтың кені
- •Абай құнанбаев
- •Шәкәрім құдайбердіұлы
- •Хусамеддин Сығнақи
- •Vі. Бөлім. Қазақстан – дінаралық келісім орныққан ел (2 сағат)
- •Дін және ғылым
- •Тақырыптық жоспарлау үлгісі
- •34 Сағат (аптасына 1 сағат)
- •Әдебиеттер
- •Тауил және таухид
Христиан діні
Христиан діні бүгінде дүниенің түкпір-түкпірінде кездесетін әлемдік дін. Бұл діннің негізгі уахи мен қасиетті кітапқа сүйеніп, бір құдайға сенетін дін болғанымен, кейіннен үштік сенімге ие болған. Мұсылман ғалымдарының пікірі бойынша бастауы Аллаһтан Иса пайғамбар арқылы адам баласына жіберілген хақ дін болғанымен, кейіннен негізі бұзылған дін болып табылады.
Христиан сөзі грек тіліндегі «христианос (khristianos)» сөзінен шыққан. Хз. Исаның аты да бұл тілде Христос (khristos) (бұл сөз, ибранишеде «мешиях» деп қолданып, «майланған» деген мағынаны береді) деп аталады.
Тарихы. Иса пайғамбар дүниеге келер кезеңде Палестина Рим империясының қол астында болатын. Ондағы яһудилер түрлі ағымдарға бөлінген. Иерусалимдегі қасиетті яһуди ғибадатханасы құдай үйі сипатынан шығып, сауда орталығына айналған болатын. Бірақ бір құдайға сенетін яһудилер пұтқа табынушы римдіктерден құтылу жолын қарастырып, құтқарушы мәсіхтің келетінін асыға күтетін.
Міне, осы кезде яһудилердің асыға күткен құтқарушы мәсіх Иса пайғамбар да дүниеге келді, қасиетті кітаптарда баяндалғандай, Аллаһтың шексіз құдіретінің арқасында Иса әкесіз Мариямнан туылды. Анасы Мәриям өзін құдай жолына берген таза, намысты адам болған. Құранда баяндалғандай, Аллаһ оған бір періште жіберіп, ұл бала табатынын айтып, сүйіншілейді. Хз. Мәриям тұрмыс құрмағандықтан бұл сүйіншіге таң қалады. Періште әкесіз баланы жарату, барлық нәрсені жоқтан бар етіп жаратқан Аллаһқа түк емес екенін айтады.
Хз. Мәриям жүкті болып, Иса пайғамбарды туады. Хз. Мәриямның тақуа, парасатты және тура екенін білетіндер, бұл іске таң қалып, мұны бір-бірінен сұрасады. Олар жиылып бұл мәселенің мәнісін білу үшін, хз. Мәриямның жанына келеді. Ал хз. Мәриям мұны баласынан сұрауды ұсынады. Жаңа туылған Иса бесіктен оларға: «мен Аллаһтың құлымын, маған кітап берді, мені пайғамбар етіп жіберді. Мен адамдарға пайда әкелу үшін жаратылдым. өмірімде намаз оқу, зекет беруді бұйырды» - дейді.
Кейін хз. Иса Аллаһтың рұқсатымен көптеген мұғжизалар көрсеткен. Ол балшықтан құс жасап, оны үрлеген кезде, Аллаһтың рұқсатымен құс болып ұшқан. Ол тумысынан ауру болғандарды, алапестерді емдеп, өзіне сенген серіктерінің (хауари) өтінішімен аспаннан дастархан түсірген. Бірақ яһудилер оған сенбей, «айтқандары жалған» деп, оны өлтірмекші болады. Оны айқыш ағашқа керіп өлтірмекші болғанда, Аллаһ оны құтқарып алады. Бірақ қазіргі христиандар хз. Исаның айқыш ағашқа керіліп өлгеніне сенеді.
Қасиетті кітаптар осылай баяндағанымен, христиандар оны құдайдың баласы болғанына сенсе, мұсылмандар Құран Кәрімде баяндалғаны бойынша оны Аллаһтың құлы, әрі яһудилерге жіберілген пайғамбар деп қабылдайды. Ал яһудилер оны құдайдың баласы деп те, пайғамбар деп те қабылдамайды.
Яһудилердің жала жабуымен Иса пайғамбарды айқыш ағашқа керу оқиғасынан кейін, христиан діні Палестинадан тыс жерлерге тарала бастады. Алайда алғашқы жылдарда христиан дінінің таралуына римдіктер қарсы болғанымен, 313 жылы Рим императоры Константин христиан дінін қабылдауына байланысты, бұл діннің Рим империясына қарасты жерлерге еркін таралуына жол ашылды. Ал император Tеодосиус (Тһеоdosius) 380 жылы христиан дінін Рим империясының ресми діні деп жариялады және осы уақытта Рим эпископының беделі артып, «папа» деген атаққа ие болды. Тіпті Рим папасы 476 жылы Рим империясының құлауынан кейін, бүкіл батыс әлемінің рухани көсеміне айналды.
Жалпы дін тарихшылары, христиан тарихын 4 кезеңге бөледі:
Апостолдар (хауари) заманынан бастап, Батыс Рим империясының құлауына дейінгі кезең. Бұл кезеңде христан діні кең түрде таралды.
V-інші ғасырдың ХVІ ғасырдың бас кезіне дейінгі кезең. Бұл дәуірде батыс және шығыс шіркеулері бөлінді. Христиан діні солтүстік Еуропаға таралды.
ХVІ-ХVІІ ғ.ғ. аралығында кезең. Бұл дәуірде Католик шіркеуінен Протестант шіркеуі бөлініп шықты.
ХVІІІ-інші ғасырдан қазірге дейінгі кезең.
Кейбір дін тарихшылары христиан дінін мынандай кезеңдерге бөледі: Христиан классикалық кезең (І-VІІІ ғ.ғ.); Христиан орта кезеңі (ІХ-ХV ғ.ғ.); Христиан жаңа кезеңі (ХV ғасырдан қазірге дейін).
Христиан ағымдары арасында кейбір сенімдерге келіспеушілік болғанымен, қазіргі христиандардың ортақ сенім негіздері мыналар:
І-бөлім
Мен құдайға, құдіретті әкеге;
ІІ-бөлім
Оның ұлы құдай Исаға;
Исаның Мәриям мен қасиетті рухтан туғанына;
Оның айқыш ағашқа керіліп көмілгеніне;
өлілер арасынан үшінші күні тірілгеніне;
Көкке көтерілгеніне;
Әкенің оң жағына отырғанына;
Ол өлілер мен тірілерді жарылқау мақсатында қайта жерге түсетініне;
ІІІ-бөлім
Қасиетті рухқа;
Қасиетті шіркеуге;
Күнәлардың кешірілетініне;
Дененің тірілетініне сенемін.
Сондай-ақ, өз діндеріне тән елші, періште, ахирет, тағдыр, т.б. сенімдері де бар.
Жоғарыдағы 12 шарттан тұратын христиан сенімінің негізі «әке», «ұл» және «киелі рух» деген үштік сенімге жинақталған. Бұл сенімдер христиан қасиетті кітаптарында анық баяндалмағанмен, христиандар Матфей інжіліндегі: «әке, ұл және киелі рух атымен шоқындырыңдар (Матфей ХХVІІІ- 19)», - деген сөйлемді дәлел ретінде келтіреді.
Христиан сенім тарихына қарағанда әке мен ұлдың құдай екендігі Никея консулында (325 ж.), ал киелі рухтың құдай екендігі Константинополь (381 ж.) консулында жарияланған. Ал оған дейін үштік сенім христиан дінінің ресми сенім негізі болмағанға ұқсайды.
Христиан діні қасиетті кітабының жалпы атауы – Библия. Иса пайғамбар яһуди ұлтынан болғандықтан, «Көне өсиет» Тәуратты киелі кітап деп санап, оны түсіндіруге тырысқан. Сол себептен христиан Библиясынның алғашқы бөлімі «Көне өсиет» – Тәурат, ал екіншісін «жаңа өсиет» – Інжілдер құрайды. Сонымен қатар жаңа өсиетте «елшілердің хаттары» да қамтылған.
Інжілдер төртеу:
Марк інжілі;
Матфей інжілі;
Лука інжілі;
Иоанн інжілі.
Бүгінгі христиандар өздерінің құлшылықтары жағынан ерекшеленеді. Христиандардың діни рәсімдері шіркеулерде поптың басшылығымен жамағат болып жасалынады. Біз христиан рәсімдерін күндік, апталық және жылдық рәсімдер деп бөле аламыз.
А) Күндік ғибадат (рәсім) күнде таңертең және кешке шіркеуде жасалына береді. Күндік құлшылықты әр адам жеке өзі орындай алғанымен, жамағатпен орындағандары сауапты болып есептелінеді.
Ә) Апталық ғибадат жексенбі күндері таңертең, кешке шіркеуде атқарылады. Бұл құлшылықтың христиандар үшін маңызы зор.
Б) Жылдық ғибадат христиандардың ноел (Исаның туылған күні), паска, айқыш ағашқа керілу мейрамдары болып есептелінеді.
Ноел (Исаның туған күні) Исаның туылған күнін тойлайтын христиан діни рәсімі. Бұл мейрамды тойлау 4-ғасырда басталған, католиктер 25-желтоқсан күні, православие, армян шіркеулері 6-қаңтарда тойлайды.
Паска (Паскалиа) мейрамын христиан сенімінде Исаның жексенбі күні тірілгеніне байланысты, христиандар жексенбі күні тойлаған. Кейін бұл мейрамға бір күн белгіленіп, бұл мейрам шығыс шіркеуі үшін маңызды болып табылады.
Айқаш ағашқа керілу мейрамы Исаның айқыш ағашқа керілгенін еске түсіретін мейрам.
Христиандықта құлшылық шіркеуде монах пен адамдар арасындағы сұхбат, құдайға тәубе, күнәларын кешірілуі үшін дұға және Библиядан үзінділер оқудан тұрады. Тағы бір айта кететін ерекшелік, қазіргі заманда АҚШ және кейбір Еуропа елдерінде шіркеуде дұғалар қазіргі музыка әуеніне салынып орындалады (Әсіресе протестант шіркеуінде, ал православие шіркеуінде ескі әуенмен орындалады).
Сакраменттер (рәсімдер).
Христиан дінінде шіркеу иелеріне Иса (Иисус) ның белгілеген және оның жолымен жүрушілердің тұтынулары керек жеті сакрамент бар. Олар:
Шоқындыру. Христиан дінін қабылдаған немесе бір шіркеуден екінші шіркеуге өткен адам шоқындырылады. Сондықтан шоқындырылу христиандыққа кірудің алғашқы шарты болып табылады. Христиандар әке, ұл және қасиетті рух атымен бастап шоқындырады, шоқындырылғанда қасиетті рухтың Иса тарапынан адамға қонатынына және тумыстық күнәнің кешірілетініне сенеді. Бұл дінде шоқындыру рәсімі шіркеуде жасалынады. Бірақ шіркеулерде шоқындыру рәсімі суға батыру арқылы, су себу арқылы, су төгу арқылы түрлі жолдармен жасалына береді.
Нан-шарап рәсімі. Христиандықта маңызды сакраменттердің екіншісі болып табылатын бұл рәсім, Исаның ағашқа керілмей тұрғанда хауарилермен соңғы кешкі асын еске түсіретін рәсім болып табылады.
Нан-шарап рәсімі қазір әр жексенбі күні шіркеуде жасалынатын рәсім.
3. Күшейту. Шоқындырылған нәрестенің денесіне маймен майлау, яғни шоқындыру рәсімін күшейту.
4. Күнәдан арылу. Күнә істеп, діннен шыққан адам, күнәсіне тәубе ету рәсімі. Күнәһар күнәларын поптың алдына жайып салады. Поп оның күнәларын шіркеу атынан кешеді.
5. Ауруларға май жағу рәсімі (extreme-onction). Ауру адамдарға шипа болу үшін, күнәларының кешірілуі үшін, немесе қиналмай өлулері үшін ауруларды майлау (май жағу) рәсімі.
6. Монахтық. Осы рәсім арқылы адам өз өмірін христиандыққа бағыштауға уәде береді.
7. Неке (mariage) . Христиандықта үйлену рәсімі шіркеуде өткізіледі. Католик шіркеуі бойынша ерлі-зайыптылардың тірі кезінде ажырасуларына тыйым салынған.
Христиан діні бүкіл Еуропаға таралуына байланысты, халықтар арасындағы діни, саяси келіспеушіліктің нәтижесінде 1054 жылы батыс (католик) және шығыс шіркеуіне (православие) бөлініп тынды. Ал ХVІ ғасырда католицизмнің біршама мәселелеріне келіспеушілігінен протестант шіреуі бөлініп шықты.
Христиан дінінде жоғарыдағы шіркеулерден басқа ұлттық шіркеулер деп аталатын шіркеулер де бар:
Сирия шіркеуі;
Армян шіркеуі;
Мысыр шіркеуі;
Эфиопия шіркеуі;
Нестурия шіркеуі;
Маронит шіркеуі.
Қазіргі кезде Христиандыққа жаңа бір реформа орнатуға тырысатын баптист, адвентист, иегово куәгерлері, тәңірі шіркеуі, методист, Иса мәсіх шіркеуі дейтін шіркеулер бар.
