Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dintanu.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп

Құран аяттарында былай делінеді: «Қиямет күні Менің алдымда сендерге мал-мүлік, перзент, бақ-дәулеттеріңнен ешқандай пайда жоқ. Тек ол адам Маған таза жүрегімен келсе ғана пайда бар» (88:89). Пайғамбар хадисінде де жүрек тазалығына көп мән берілген. Ол былай дейді: «Денеде жұдырықтай бір кесек ет бар. Егер ол таза болса – бүкіл дене таза болып, өте көркем болады. Егер ол бұзылып, хақтан тайып, жаман жолға кетсе, бүкіл дене бұзылады. Біліңдер және өте мұқият болыңдар, оның аты – жүрек!» Енді бір хадисінде «Ақиқатында Алла Тағала сіздердің түрлеріңізге және байлықтарыңызға назар салмайды, бірақ та жүректеріңізге қарайды» - дейді. Тыйым салынған нәрселерге: имансыздық, екіжүзділік, өркөкіректік сияқты тағы басқа қылықтар жатады.

Ал, қазақ халқының діни сенімінің өзегі осы жүрекпен байланысты екенін көзі ашық азаматқа аңғару қиын емес. Бір Абай шығармаларының өзінен жүрекке қатысты қаншама өлеңдерді табуға болады. Мысалы:

Алла деген сөз жеңіл,

Аллаға ауыз жол емес.

Ынталы жүрек шын көңіл,

Өзгесі хаққа қол емес.

Дененің барша қуаты

Өнерге салар бар күшін.

Жүректің ақыл суаты

Махаббат қылса Тәңрі үшін.

Немесе Шәкәрім қажының:

Өмірдің өкінбейтін бар айласы,

Ол айла – қиянатсыз ой тазасы.

Мейрім, ынсап, әділет, адал еңбек,

Таза жүрек, тату дос сол шарасы, ­-

сияқты өлең жолдарынан адалдықтың ортақ құндылығының өзегі қайда екенін қиналмай табуға болады. Бұл қазақтағы дін өзінің шынайы қалпында сақталғандығын көрсетеді.

Сопылық ілімнің шығуымен жеке адамның немесе қоғамның имандылығы оның сыртқы белгілеріне қарап емес, ішкі рухани дүниесіне қарап өлшене бастады. Енді халық шын мұсылман деп діннің сыртқы талаптарын бұлжытпай орындап жүрген адамды емес, оның ішкі иман-сенімінің беріктігіне баса назар аударатын болды. Иман - адамның Алланың барлығы мен бірлігіне, Оның періштелеріне, Оның кітаптары мен пайғамбарларына сенуі, сонымен қатар адалдық пен шүкіршілік етуі, әділдік, тағдырдың жазғанына мойынұсынуы, бар нәрсені Алладан деп білуі. Қазақ халқының діни дүниетанымында осылардың бәрі бар. Оған мысал ретінде тағы да Абай шығармаларындағы «Алланың сөзі де рас, өзі де рас,» атты өлеңін келтіруімізге болады. Ол былай дейді:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жол осы деп әділетті.

Осы үш сүю болады имани гүл,

Иманның асылы үш деп сен тахиқ біл.

Ойландағы үшеуін таратып бақ.

Басты байла жолына малың түгіл.

Руза, намаз, зекет, хаж талассыз іс,

Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.

Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төрті

Қылғанменне татымды бермес жеміс.

Демек, қазақ мұсылмандығының өзегі - махаббат. Бұл қазақ халқының діни көзқарасы негізінде сопылық көзқарас жатқанын дәлелдейді.

Бұл мысалдар адамның ішкі жан-дүниесі – Алла үшін сыртқы ғибадаттарға қарағанда маңызды екендігін көрсетеді. Себебі, адамның ішкі жан-дүниесі сыртқы дүниенің негізі. Ішкі жан-дүниенің қажеті сыртқы дененің әрекетінің қозғаушы күші болып табылады. Алғашқы кезеңде сопылық жеке адамдардың Аллаға жету жолындағы әрекеті есебінде пайда болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]