Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dintanu.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1. ­Өзімізге байланысты міндеттеріміз

Әрбір мұсылманның өзіне байланысты біршама міндеттері мен жауапкершіліктері бар. Адам өз рухы мен денесіне қажетті нәрселер мен өз дәрежесінде қамтамасыз етуге, ғылым, білім үйренуге, өзін-өзі жетілдіруге, денсаулығын сақтауға, еңбек етіп адал жолмен ризығын табуға, жақсы амалдар істеп, жамандықтан аулақ болуға, қоғамға пайдалы, адал адам болуға міндетті, яғни ақыл-есі түзу, өз еркі өзінде болған адамның жоғарыдағыларды орындауға жауапкер. өйткені Аллаһ Құранда: “кім зәрредей жақсылық жасаса сауабын көреді, ал зәрредей болса да жамандық жасаса, оның жазасын көреді (Зилзал -7-8)”, - деген. Сонымен қатар адам Аллаһтың барлығын тануы және оған құлшылық жасауы тиіс. өйткені Аллаһ:“мен жындар мен адамдарды тек маған құлшылық етсін деп жараттым” - дегеніндей, адам Аллаһқа құлшылық жасауға міндетті.

Аллаһқа сенген адам оның пайғамбарын да мойындап, оған бағынуы тиіс. Яғни Аллаһты сүйген пенде оның пайғамбарын да сүйеді. Демек, мұсылмандар Аллаһқа бағынып оны сүйеді, әрі ардақты Пайғамбарымызды да сүйеді.

Сонымен қатар адамның әке-шешеге, жанұяға, қоғамға байланысты біршама міндеттерін орындау да өзіндік міндеттері болып табылады.

2. Адамның Аллаға байланысты міндеттері

Адамның ахлақи жағынан алдымен Аллаһқа байланысты жауапкершілігі орасан зор. Сондықтан адамның Аллаһқа деген біршама міндеттері бар. Ұлы жаратушы адамзатқа сансыз нығметпен (игілік) қоректендіріп, адамды жоқтан бар етіп жаратқан. Ойлап қарайтын болсақ, бұл дүниеде өмір сүрудің өзі де бір мұғжиза (табиғат заңдылығынан тыс төтенше Аллаһтың рұқсатымен болатын жағдай.), сондай-ақ дүниедегі барлық нәрсе адамның әміріне берілген. Бұл жағдай Құранның түсіндіруі бойынша үлкен бір абырой болып табылады.

Адамның осындай артықшылықтар берген Аллаһқа байланысты біршама міндеттері бар. Олар:

  1. Адам алдымен адамзатқа денсаулық, бақыт, дәулет, жар, жора-жолдас, бала-шаға, атақ-даңқ берген Аллаһқа сенуі керек;

  2. Адам өміріндегі жақсы-жаман жағдайларда тек Аллаһты паналау керек;

  3. Адам өміріндегі пендешілігіне байланысты бірсыпыра қателер істеуі мүмкін. Міне осындай жағдайларда Аллаһтан кешірім сұрап, тәубе етуі керек;

  4. Аллаһ кейде адамға жамандық-жақсылық көрсетіп сынауы мүмкін. Осындай жағдайларда Аллаһқа қарсы келмей, оны ұмытпау керек;

  5. Адам Аллаһтың берген нығметіне (игілік) байланысты құлшылық, әрі адамға көмектесу арқылы Аллаһқа әрдайым шүкіршілік етуі керек;

  6. Адам Аллаһтан ешқашан үміт үзбей, әрдайым дұға жасап (жалбарынып), оның рақымдылығын тілеу керек;

  7. Аллаһтың белгілеген жолымен жүріп, халал-харамды (адал-арам) әрдайым еске ұстау керек;

  8. Күмәнсіз Аллаһтың бір екенін мойындап, оған ешқашан серік қоспау керек;

  9. Аллаһқа берген сөздерді әрдайым орындау керек;

  10. Аллаһты ешқашан ұмытпай, әрдайым еске ұстау керек.

3. Пайғамбарымызға байланысты міндеттеріміз

Ал ардақты Пайғамбарымызға деген міндеттеріміздің бастысы - оның әкелген дінінің тура екендігіне және оның пайғамбарлығына иман ету. Аллаһ Тағала құлдарының тек өзіне ғана табынуды бұйырумен бірге, пайғамбарына да бағынуды бұйырады. өйткені, адамзаттың пайғамбарды танымай Аллаһты тануы және әмірлері мен бұйрықтарын орындауы мүмкін емес. Біз пайғамбарымызды сүйеміз, оны құрметтейміз. өйткені адам баласының ішінде құрметтеуге лайық тек хз. Мұхаммед пайғамбарымыз. Бұл дүниеге осы күнге дейін Пайғамбарымыз сияқты ұлы тұлғалы адам туылған емес және туылмайды да. өйткені ол өзінің парасаттылығымен, жоғары адамгершілігімен көркем мінезділігімен тек мұсылмандарға ғана емес, бүкіл адам баласына үлгі болған адам. Мұсылмандар ардақты пайғамбарымызды құдай сияқты табынбайды және оны жамандамайды. Тек оны пайғамбар ретінде өзінен, жанұясынан, дүниесінен де артық сүйеді.

Біз мұсылмандар ардақты Пайғамбарымызды сүйіп, оның жолымен жүреміз, оның сүннетін орындап, оның ахлағымен ахлақтануға тырысамыз. Сондай-ақ біз оның үмметі екенімізді мақтаныш етеміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]