Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Валюталық операциялар(лекция).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
365 Кб
Скачать
☆

1. 2 «Валюталық операциялар» курсының негізгі мақсаты және міндеттері

«Валюталық операциялар» пәнін оқытудың мақсаты – студенттерді валюталық операциялар жүргізу саласындағы валютамен жүргізілетін операциялардың басымдығы мен ерекшілігі, күрделілігі мен тиімділігі мүмкіндігінше толық, жүйелі түрдегі ақпаратпен таныстыру, яғни валюталық операцияларды ұйымдастырудың ғылыми және практикалық, сондай ақ заңнамалық негізін оқытып үйрету.

Пәнді оқытудың міндеті: Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды ұйымдастыру және реттеудің құқықтық негіздерімен таныстыру; Банктің валюталық операцияларының басқа операциялардан ерекшеліктерін зерттеу; Валюталық операциялардың негізгі жіктемесі мен түрлерін қарастыру; Коммерциялық банктердің валюталық кассалық және жедел қызметтерінің жүйесін талдау.

Пәннің банктік профильдегі басқа да пәндермен өзара байланысы. Валюталық операцияларды жүргізудің заңдылық бағасы және нарықтық қатынастарды дамытудағы оның мәні. Қазақстан республикасында валюталық операцияларды жүргізуді және дамытуды реттеуші нұсқаулық және құқықтық құжаттар мен актлер.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. ҚР валюталық операциялар бағытындағы қолданыстағы заң актлерімен танысу

  2. ҚР валюталық операцияларының негізгі жіктемесі

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. М.Н. Крейнина Финансовый менеджмент: учебное пособие / М.Н.Крейнина. М.: Дело и сервис, 2001 г. с. 138

  2. www.national

  3. Қазақстан Республикасы - IV бапқа сәйкес 2009 жылғы консультациялар. ХВҚ миссиясының алдын ала қорытындылары 2009 жылғы 15 мамыр

2 Әлемдік және ұлттық валюталық жүйелер, олардың негізгі элементтері

Лекция мақсаты: Валюталық жүйе ұғымымен таныстыру. Валюталық жүйенің негізгі элементтерін ажырату.

Сұрақтары:

2.1 Валюталық жүйе ұғымы

2.2 Ұлттық валюталық жүйенің негізгі элементтері

2.3 Әлемдік валюталық жүйенің негізгі элементтері

2.1 Валюталық жүйе ұғымы

Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді.

Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер (жағымды немесе жағымсыз) етеді. Валюта қатынастары құқықтық нормалармен және ережелермен реттеледі.

Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды.

Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің ұлттық валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бекітіледі. Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. "Дүниежүзілік валюта жүйесі" деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін - әлемдік ақша белгілері. Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін құйма формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны халықаралық есептесуде қолдану үшін алдымен құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу қажет болды. Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла бастады.

Валюта жүйесі - ол экономикалық көзқарас тұрғысынан - шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта-экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан - ол белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.

Ұлттық валюта жүйесі

Әлемдік валюта жүйесі

Ұлттық валюта

Ұлттық валютаның айырбасталу шарты

Ұлттық валютаның паритеті

Ұлттық валюта курсының режимі

Валюталық шектеудің, валюталық бақылаудың болуы немесе болмауы

Елдің халықаралық валюталық бақылаудың өтімділігін ұлттық реттеуі

Халықарлық айнлыс құралдарын пайдалануды регламенттеу

Елдің халықаралық есеп айырысуларын регламенттеу

Ұлттық валюта нарығы мен алтын нарығының тәртібі

Елдің валюталық қатынастарын басқаратын және реттейтін ұлтық ұйымдар.

Резевтік валюталар, халықаралық есеп айырысу валюта бірліктері

Валюталардың өзара айырбасталу шарттары

Валюта паритеттерінің ортақ режимі

Валюта курстары режимінің регламентациясы

Валюталық шектеуді мемлекетаралық реттеу

Халықаралық валюталық өтімділікті мемлекетаралық реттеу

Халықаралық несиелік айналыс құралдарын пайдалану ережелерінің біртұтастығы

Әлемдік валюта нарықтары мен алтын нарықтарының режимі

Мемлекетаралық валюталық реттеуді жүзеге асыратын халықарарлық ұйымдар

Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік жане мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.

Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Дүниежүзілік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы оның құрылымдық принциптерінің әлемдік шаруашылықтың құрылымы принциптеріне, әлемдік тұрғыда күштердің орналасуына және басшы елдердің мүддесіне сәйкестік деңгейіне байланысты өзгереді. Бұл принциптер сәйкес келмесе дүниежүзілік валюта жүйесі әлсін-әлі дағдарысқа ұшырап, оның ыдырауымен және жаңа валюта жүйесінің құрылуымен ұштасады.