- •5В050800- «Есеп және аудит» мамандығының
- •1. Пәннің мазмұны:
- •3. Пәндi оқыту мiндеттерi
- •Дәріс сабағының жоспары
- •Астана 2013 ж.
- •Аға оқытушы- е.А. Мұхамеджанов
- •Пәннің сағаттық жоспары
- •І «Валюталық операциялар» пәнінің курсына кіріспе
- •Іі Валюталық бақылау және валюталық реттеу саясаты
- •Ііі Халықаралық төлемдер және есеп айырысулар
- •Іү Валюталық нарық және валюталық операциялар
- •Анықиамалық әдебиеттер:
- •Студенттің білімін бағалау шкаласы
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Глоссарий
- •Пәннің дәріс кешені
- •1. 2 «Валюталық операциялар» курсының негізгі мақсаты және міндеттері
- •2.2 Ұлттық валюталық жүйенің негізгі элементтері
- •2.3 Әлемдік валюталық жүйенің негізгі элементтері
- •3.2 Валюталық курс түрлері және режимдері
- •3. 3 Валюталық курстың қалыптасуына әсер ететін факторлар
- •3.4 Валюталық курс теориялары
- •4.2 Валюталық саясат, оның нысандары және түрлері
- •4.3 Қазақстандағы валюталық және экспорттық бақылау ерекшеліктері
- •4.4 Валюталық саясатты қалыптастыру негізі ретіндегі валюталық курс шамасын мемлекеттік және нарықтық реттеу
- •5.2 Қр валюталық операцияларды реттеу, экспорттық және импорттық бақылау
- •5.3 Еркін қалқымалы валюталық курс режимін енгізу үдерісі, оның салдары
- •6.3 Төлем балансы тұжырымдамасы және төлем балансын реттеу әдістері
- •6.4 Қазақстанның төлем балансының ерекшеліктері
- •7.2 Халықаралық корреспонденттік қатынастар
- •7.3 Халықаралық валюталық банктік аударымдар
- •8.2 Халықаралық есеп айырысулар мен төлемдерді жүргізудің валюта-қаржылық шарттары
- •8.3 Халықаралық есеп айырысулар және төлемдердің нысандары
- •3 11 13 Белгілеу 6 түсіру
- •10 Банк
- •6 7 Пункті пунктті
- •Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
- •9.2 Клиринг – банк корреспонденттердің негізгі операциясы
- •Мт 760 Кепіл-хатты шығару.
- •10.2 Банк кепілдіктерінің түрлері
- •10.3 Банк кепілдіктерінің артықшылықтары және кемшіліктері
- •11.2 Әлемдік валюталық нарық қатысушылары
- •11.3 Валюталық котировка және кросс-курс
- •11.4 Валюталық позиция, оның түрлері.
- •12.2 Валюталық операцияларды жүргізу техникасы
- •14.2. Валюталық тәуекелді сақтандыру әдістері және тәсілдері
- •15.2 Валюталық нарық қатысушылары
- •15.3 Қр валюталық нарықты реттеу және бақылау
- •1. Соөж тақырыбының атауы
- •2. Соөж тапсырмалары Валюталық операциялардың пәні, әдісі, мазмұны
- •Әлемдік және ұлттық валюталық жүйелер, олардың негізгі элементтері
- •Валюталық курс – валюталық жүйенің негізгі элементі
- •Мемлекеттің валюталық саясатын қалыптастыру
- •Қазақстан Республикасының валюталық саясатының ерекшеліктері
- •Төлем балансы, мемлекеттің валюта-қаржылық саясатының бейнесі ретінде
- •Халықаралық банк ісінің негіздері және валюта-қаржылық қатынастар
- •Халықаралық есеп айырысуларды және төлемдерді жүргізу ерекшеліктері
- •Халықаралық корреспонденттік қатынастар жүйесі
- •Банк кепілдіктері халықаралық есеп айырысуларды жүргізу және қамтамасыз ету құралы ретінде
- •Валюталық нарық
- •Валюталық операциялар
- •Валюталық спекуляция
- •Валюталық тәуекел және оны сақтандыру әдістері
- •Қазақстан Республикасының валюталық нарығы
- •Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •Валюталық операциялардың пәні, әдісі, мазмұны
- •Әлемдік және ұлттық валюталық жүйелер, олардың негізгі элементтері
- •Валюталық курс – валюталық жүйенің негізгі элементі
- •Мемлекеттің валюталық саясатын қалыптастыру
- •Қазақстан Республикасының валюталық саясатының ерекшеліктері
- •Төлем балансы, мемлекеттің валюта-қаржылық саясатының бейнесі ретінде
- •Халықаралық банк ісінің негіздері және валюта-қаржылық қатынастар
- •Халықаралық есеп айырысуларды және төлемдерді жүргізу ерекшеліктері
- •Халықаралық корреспонденттік қатынастар жүйесі
- •Банк кепілдіктері халықаралық есеп айырысуларды жүргізу және қамтамасыз ету құралы ретінде
- •Валюталық нарық
- •Валюталық операциялар
- •Валюталық спекуляция
- •Валюталық тәуекел және оны сақтандыру әдістері
- •Қазақстан Республикасының валюталық нарығы
- •Қорытынды бақылау
11.4 Валюталық позиция, оның түрлері.
Валюталық операциялар жүзеге асырылған уақытта банкте валюталық позиция пайда болады. Валюталық позиция – бұл коммерциялық банктің шетел валютасындағы талаптары мен міндеттемелерінің қатынасы. Егер олар тең болса, онда банкте жабық валюталық позиция болады, ал сәйкес келмеген кезінде – валюталық позиция ашық болып саналады. Ашық валюталық позиция екі түрге бөлінеді: қысқы және ұзақ. Егер сатылған валюталар бойынша міндеттемелердің көлемі талаптардың мөлшерінен асса қысқа, ал талаптардың көлемі міндеттемелердің мөлшерінен асса ұзақ валюталық позиция болады. Ашық валюталық позиция әрқашанда валюталық тәуекелділікті тудырады. Сондықтан әрбір банк жұмыс күнінің соңында позицияны жабық қылып жасауға тырысады. Негізінен валюталық тәуекелділікті төмендету үшін Қаржылық қадағалау Агенттігі ашық валюталық позицияның деңгейін белгілейді, ол банктің меншік капиталының 30 – інен аспауы тиіс. Валюта арқылы келісім жасау процесінде банк бір валютаны беріп басқа бір валютаны алады. Осы орайда банктің шетел валютасына деген талаптары мен міндеттемелерінің арақатынасы оның валюталық позициясын көрсетеді. Егер талаптары мен міндеттері тең болса, онда валюталық позициясы жабық деп саналады, тең болмаса- ашық болғаны. Ашық валюталық позицияның екі түрі болады: қысқа және ұзын.
Ашық валюталық позиция- валюталық тәуекелдің туындауымен байланысты, ол қосымша табыс әкелуді де сол сияқты шығынға да батыруы мүмкін. Сондықтан банктің валюталық бөлімі түрлі валюталардың позициясына тұрақты валюталық бақылау қойып отыруы керек. Егер банктің ұзын және қысқа позициясы болса, онда соның комегімен жүргізілген валюталық келісімдердің нәтижесін айқындайтын валютаны табу қажет. Мұндай валюта АҚШ доллары болып табылады. Ұлттық банк Басқармасы Standard & Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің “А” төмен емес ұзақ мерзімді рейтингін иеленетін шетел валюталары бойынша ашық валюталық позиция (ұзын немесе қысқа) лимитін белгіленеді.
Ашық валюталық позиция – осы уақытта немесе алдағы уақыттарда жекелеген валюталарда қаражат алу талабы мен беру міндеттемесін бейнелейтін, сол валюталардағы сандық жағынан сәйкес келмейтін активтер мен міндеттемелердің (баланстан тыс талаптар мен міндеттемелерді есепке алғандағы) арасындағы шетел валютасындағы қаражаттар қалдықтарының айырмасы.
Ұзын валюталық позиция – белгілі бір шетел валютасында бейнеленетін міндеттемелер мен баланстан тыс міндеттемелердің, активтер мен баланстан тыс талаптардан артық болып келетін сол шетел валютасындағы ашық валюталық позициясы.
Қысқа валюталық позиция – белгілі бір шетел валютасында бейнеленетін активтер мен баланстан тыс талаптардың міндеттемелер мен баланстан тыс міндеттемелерден артық болып келетін сол шетел валютасындағы ашық валюталық позициясы.
Әрбір шетел валютасы бойынша ашық валюталық позиция жеке-жеке анықталады.
Шетел валюталарына қатысты ашық валюталық позиция лимиті талаптар шотындағы абсолюттік сома мен баланстық шоттар бойынша шетел валютасындағы міндеттемелердің арасындағы айырма жолымен есептелінеді.
Жекелеген шетел валюталарына қатысты ашық валюталық позиция лимитін есептегенде, бірінші кезекте банктің активтік және міндеттемелік баланстық шоттарында ашылған әрбір шетел валютасы бойынша шоттар қалдығы есептелінеді. Содан кейін, осы валюта бойынша шартты талаптар мен міндеттемелерді есепке алатын баланстық шоттарға ашылған шоттардың қалдықтарының сомасы анықталады.
Банктің валюталық нетто-позициясы барлық шетел валютасындағы банктің ұзын позициясының жиынтық сомасы мен барлық шетел валютасындағы банктің қысқа позициясының жиынтық сомасы арасындағы айырма негізінде есептеледі.
Шетел валютасында бейнеленген талаптар мен міндеттемелер сондай талаптар мен міндеттемелер есепке алынған шетел валютасындағы валюталық позицияның бір бөлігіндегі есепке кіреді.
Шетел валютасында операциялар жүргізуге лицензиясы бар банктер, аптаның әр жүмыс күні үшін, аптаның үшінші күнінде, әрбір шетел валютасы бойынша валюталық позиция туралы және валюталық нетто-позициясы туралы есебін арнайы бекітілген формада тапсыруға тиіс
Құрылымдық теңестіру валюталық бағамның өзгерісен туындайтын зияндардың алдын алу мақсатында активтер мен пассивтер құрылымын теңестіріп отыруды қолдауды білдіреді. Бұл негізінен ашық валюта позиция лимитін ұстап отырумен тікелей байланысты.
Ашық валюталық позиция лимиті тәуекелін басқару шетел валютасында бейнеленген банктің талаптары мен міндеттемелерінің арасындағы айырманы реттеуді білдереді.
Ашық валюталық позицияның ұзын және қысқа түрі болады және олардың есептелуін төмендегідей кестеде шартты мысалмен беруге болады.
Банктің ашық валюталық позициясы
Шетел валютасы |
Банк активтері мен талаптары, шетел валютасымен |
Банк пассивтері мен міндеттемелері, шетел валютасымен |
Ашық валюталық позция шамасы, |
Ашық валталық позция түрі |
АҚШ доллары |
1450000 |
1200000 |
150000 |
Ұзын позиция |
Евро |
900000 |
1200000 |
-300000 |
Қысқа позиция |
Фунт стерлинг |
25000 |
50000 |
-25000 |
Қысқа позиция |
Иен |
1500 |
500 |
1000 |
Ұзын позиция |
Ашық валюталық позиция лимиті бұл ұзын немесе қысқа позициялардың банктің капиталына қатысты белгіленеді. Егер қандай да бір шетел валютасы бойынша ҚР Ұлттық банкі бекіткен лимиттен асқан жағдайда сол валютаны сатады немесе сатып алады. Осындай шаралар арқылы банк өзінің валюталық позция бойынша лимитін реттеп отырады.
Валюталық тәуекелді диверсификациялау бұл валюталық несиелер бойынша несиелік портфелді диверсификациялауды сипаттайды. Валюталық несиелік портфелді диверсификациялау мынадай тәсілдер арқылы іске асады:
валюталық несиелер сомаларына шек қою;
қарыз алушыларды диверсификациялау;
несиені қамтамасыз етуге қабылданатын кепіл заттарын диверсификациялау;
валюталық несиелер мерзімдері бойынша диверсификациялау.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Валюталық нарық анықтамасы және оның ерекшелік белгілері
Әлемдік валюталық нарық қатысушылары
Валюталық котировка және кросс-курс
Валюталық позиция, оның түрлері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
«Банковское дело». Учебник. Под ред.О.И.Лаврушина. М., 2003 г. с. 222
Рид Э., Коггер Р., Гилл Э., Смит Р. Коммерческие банки. М.: Космополис, 1991.- с.107
Банковское дело. Учебник для вузов//под ред. Е.Ф.Жукова. Н.Д.Эрнашвили.Москва: Банки и биржи, ЮНИТИ-ДАИА: Единство, 2006 г., с. 528.
12 Валюталық операциялар
Лекцияның мақсаты: Валюталық операциялардың жүргізілу техникасымен танысу, жіктелі тәртібін қарастыру
12.1 Валюталық операциялар, олардың жіктелуі және сипаттамасы
12.2 Валюталық операцияларды жүргізу техникасы
12.1 Валюталық операциялар, олардың жіктелуі және сипаттамасы
ҚР валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы ҚР заңына сәйкес, валюталық операциялар ағымдық операциялар мен капитал қозғалысына байланысты операцияларға бөлінеді.
Ағымдағы операцияларға мыналар:
Экспорттық – импорттық есептемелердің орындалуы үшін аударымдар, 180 күнге дейінгі тауар, жұмыс және қызмет үшін аванстық төлем немесе төлемнің мерзімінің ұзақтығы қарастырылады.
180 күннен көп емес күндер ішінде несиені ұсыну және алу.
Дивиденд, сыйақы және депозит, инвистиция, займ және басқа операциялар бойынша басқа да табыстарды аудару және алу.
Саудалық емес, грант, мұрагерлік сомаларды аудару, еңбекақы, зейнетақы, алимент және басқа да аударымдар.
Капитал қозғалысымен байланысты емес, басқа да валюталық операциялар.
Капитал қозғалысымен байланысты операциялар мыналар:
Инвестицияның орындалуы.
Мәміле бойынша есептеме орындалу үшін аударымдар, интеллектуалдық меншік құқығын өткізуді қарайды.
Жылжымайтын мүлікке мүлік құқығын төлеү аударымдары.
Экспорттық-импорттық мәмілелер есптемесінің орындалуы аударымдары,180 күнге дейін товар,жұмыс,қызмет үшін аванстық төлем немесе төлемнің мерзімінің ұзартылуы қарастырылады.
180 күннен көп несиені ұсыну және алу.
Шетелдік банктер мен мемлекеттік заңнамаға сәйкес банктік опрециялард жүзеге асыруға құқығы бар басқа да қаржылық мекемелердің депозиттерінің жүзеге асыуы.
Зейнеткерлік активтердің жиналуымен байланысты мәмілелер бойынша халықаралық аударымдар.
Жинақтау секілді сақтандыру және қайта сақтандыру келісім-шарттары бойынша халықаралық аударымдар.
Резиденттерге ағымдағы операциялардың орындалуына валюталық заңнама шексіз мүмкіндік береді, ал капитал қозғалысымен байланысты операциялар тек Ұлттық Банкпен бекітілген тәртіп бойынша жүргізіледі. Барлық операциялық төлемдер резиденттер арасында ҚР-ң валютасында жүргізілуі тиіс және салықтық және кедендік заңнамалар, ҚРҰБ-ң нормативті-құқықтық актілерде қарастырылғаннан басқа шетелдік инвестордың және мемлекетпен уәкілденген заңды тұлғаның қатысуымен құрылған резиденттерге ҚРҰБ аса керекті инвестициялық жобалардың 100 миллион АҚШ долларының құрылуына шетелдік валютада Қазақстанның резиденттерімен операциялар жүргізуге рұқсат береді.
Ұлттық банк заңды тұлға – резиденттердің экспорттық табыстың міндетті сатылу режимін құруға құқылы. Резидент және резидент еместердің арасындағы операцияның төлемі екі жақтың келісімі бойынша кез келген валютада жүргізіледі.
Экономикалық әдебиеттерде банктер жүргізетін валюталық операциялардың өзіндік белгілеріне байланысты жіктелуін көрсетеді (сурет).
І .Клиенттердің шоттарын ашу және жүргізу
Бұл операция мынадай түрлерден тұрады:
заңды және жеке тұлғаларға (резиденттер мен бейрезиденттерге) валюталық шот ашу;
шоттардағы қалдық бойынша пайыз төлеу;
овердрафт (банктің жетекшілерінің шешімімен ерекше клиенттерге) несиелерін беру;
операция жасалуына қарай шоттың көшірмелерін беру;
кез келген уақыт аралығына шот архивін рәсімдеу;
клиенттердің тапсырмалары бойынша операцияларды орындау (клиенттер есебінен шетел валютасын сатып алу және сату);
экспорттық-импорттық операцияларға бақылау жасау.
Сурет. Валюталық операциялардың жіктелуі
ІІ. Саудалық емес операциялар. Саудалық емес операцияларға клиенттерге тауарлар және қызметтер экспорты мен импорты және капитал қозғалысы бойынша қызмет көрсетулер үшін есеп айрысуларға байланыссыз операциялар жатады.
Өкілетті банктер саудалық емес сипатта мынадай операцияларды жасауы мүмкін:
қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және сату;
шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассациялау;
шетел банктерінің жол чектерін сатып алу (төлеу);
ақшалай аккредитивтерді төлеу.
ІІІ.Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату
Халықаралық есеп айрысуларды жүзеге асыру үшін банктер шетел банктерінде өздерінің корреспонденттік шоттарын ашады. Ондай шоттар екі түрлі болып келеді:
НОСТРО шоты (біздің шотымыз сізде) – банк-корреспондентте коммерциялық банктің атына ашылған ағымдық шот;
ЛОРО шоты (сіздің шотыңыз бізде) – коммерциялық банкте банк-корреспонденттің атына ашылған ағымдық шот.
ІҮ.Конверсиондық операциялар
Конверсиондық операциялар – сол елдің қолма-қол және қолма-қолсыз ұлттық валюталарына қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмілелері.
Конверсиондық операцияларға мынадай валюталық мәмілелер жатады:
СПОТ мәмілесі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі екінші банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.
ФОРВАРД (мерзімді, аутрайт) мәмілесі - бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі 2 банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.
СВОП мәмілесі - бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты осы валютаны болашақта қайта сатып алу және сатуға сәйкес, яғни екі қарама-қарсы операциядан тұратын банктік мәміле.
Аутрайтпен жасалатын мәміле – белгілі бір күнге валютамен жабдықтау шартын білдіреді;
Опционмен жасалатын мәміле – валютамен жабдықтаудың күні белгіленбеген шартын сипаттайды.
Ү. Халықаралық есеп айырысу бойынша операциялар
Сыртқы саудада есеп айырысудың мынадай формалары қолданылады: құжатталған аккредитив, құжатталған инкассо, банктік аударым.
Құжатталған аккредитив – аккредитивте көрсетілген құжаттарға қарсы экспортердың (бенефициарға) пайдасына өзінің бұйырушы-клиентінің (импортердің) өтініші бойынша жасайтын аккредитив ашушы банктің (эмитент-банктің) міндеттемесін білдіреді.
Құжатталған инкассо - эмитент-банктің, сенім білдірушінің берген құжаттарын төлеушіге (импортерға) төлеу үшін ұсынуға немесе ақшасын алып беруге өзіне алған міндеттемесі.
Банктік аударым – банктік аударым жасаушының жасаған тапсырмасы негізінде барлық есеп айырысудағы валюталық түсімдердің өкілетті банктердің шотына есепке алынуын білдіреді.
ҮІ. Валюталық қаражаттарды тарту және орналастыру операциялары.
Мұндай операцияларға мыналар жатады:
1) депозиттерді тарту:
жеке тұлғалардан;
заңды тұлғалардан, соның ішінде банкаралық депозиттер;
2) несиелер беру:
жеке тұлғаларға;
заңды тұлғаларға;
3) банкаралық нарықта несиелерді орналастыру.
