Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Валюталық операциялар(лекция).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
365 Кб
Скачать
☆

І «Валюталық операциялар» пәнінің курсына кіріспе

1

«Валюталық операциялар» курсының пәні, әдісі, мазмұны және мақсаты

  1. Валюталық жүйе ұғымы және әлемдік экономикадағы рөлі мен орнын анықтау.

  2. Курс мазмұны және басқа қаржы-экономикалық категориялармен байланысы.

  3. «Валюталық операциялар» пәнінің әдісі. «Валюталық операциялар» курсының негізгі мақсатын және міндеттерін анықтау.

2

Әлемдік және ұлттық валюталық жүйелер, олардың негізгі элементтері

  1. Валюталық жүйе ұғымы.

  2. Ұлттық валюталық жүйенің негізгі элементтері: ұлттық валюта, валюталық курс, баға масштабы, ұлттық валюта айналамдылығы, өтімділігі, валюталық париет.

  3. Әлемдік валюталық жүйенің негізгі элементтері: шетел валюталары, девиздер, резервтік валюта, оның мәртебесін анықтау, резервтік валюта ассиметриясы үдерісі, халықаралық валюта-есептік бірліктер – СДР, ЭКЮ, Евро, алтын валюталық резервтерге конвертирлену дәрежесі бойынша шетел валютасы.

  4. Мемлекет резервтерінің деноминациясын анықтау.

  5. Борышқор-елдің өтімділік позициялары және сөзсіз өтімділік.

3

Валюталық курс – валюталық жүйенің негізгі элементі

Құндық категория ретіндегі валюталық курсты анықтау.

Валюталық курс түрлерінің және режимдерінің жіктемесі. Валюталық курстың есептік түрлері. Икемділік деңгейіне қарай валюталық курс түрлері. Шетел валютасына сұраныс және ұсыныс икемділігін қамтамасыз етуші ретіндегі валюталық курс.

Валюталық курс өзгерістеріне және толқуларына әсер ететін негізгі факторларды анықтау.

Халықаралық экономикадағы валюталық курс теориясы.

Пайыздық мөлшерлеме айырмашылығы және инфляция қарқыны айырмашылығынан валюталық курс өзгерісі деңгейін анықтаудағы Фишер тиімі.

Валюталық курстың ақша теориясы, оның жалпы валюта курсы теориясынан айырмашылығы.

Іі Валюталық бақылау және валюталық реттеу саясаты

1

Мемлекеттің валюталық саясатын қалыптастыру

  1. Валюталық саясат ұғымы, оның мақсаты және ерекшеліктері.

  2. Мемлекеттің валюталық саясатын заңнамалық қамтамасыз ету. Мемлекеттік валюталық реттеу және валюталық саясаттың негізге нысандары. Дисконттық валюталық саясат, оның ерекшеліктері және салдары.

  3. Валюталық интервенциялар, «стерилденген», «стерилденбеген», негізгі валюталық интервенция мақсаттары, валюталық шектеулер түріндегі протекционисттік шаралар.

  4. Валюталық шектеулер түрлері: валюталық блокада; шетел валютасын еркін сатып алуға-сатуға тиым салу; пайда, ақша қозғалысы және бағалы қағаздар репатриациясы; мемлекет қолында шетел валютасын жинақтау.

  5. Валюталық шектеулер салдары. Валюта курстарының девальвациясы және ревальвациясын қолдану мүмкіндіктері. Девальвацияның және ревальвацияның негізгі мақсаттары. Италия, Германия, Ұлыбритания, Жапония, Франциядағы валюталық және экспорттық бақылау.

2

Қазақстан Республикасының валюталық саясатының ерекшеліктері

  1. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. ҚР аумағында валюталық операцияларды және экспорттық-импорттық бақылауды жүргізудің заңдық және нормативтік базасына өзгеріс енгізу үдерісі.

  2. Валюталық реттеу және валюталық бақылаудағы ҚР Ұлттық Банкінің рөлі. Девиздік валюталық саясатты және девальвацияны пайдалану. Еркін қалқымалы валюталық курс режимін енгізу қажеттілігі (сәуір 1999 ж.).

  3. СПОК режимін енгізу салдары. ҚР валюта курсын реттеудің нақты көрінісі.

3

Төлем балансы, мемлекеттің валюта-қаржылық саясатының бейнесі ретінде

Төлем балансын қалыптастырудың ережелері және ерекшелік белгілері. Төлем балансын құрудың ақпараттық базасы.

Төлем балансының түрлері: нарықтық, есептік, агрегирленген және жиынтық. Халықаралық валюталық қормен ұсынылатын мемлекеттің Төлем балансының негізгі бөлімдері және баптары.

Сауда балансы – экспорттық-импорттық сауда операцияларының негізі.

Қазақстан Республикасының Төлем балансының ерекшеліктері. ҚР ТБ ерекше баптары және құрылымы. Қазіргі кездегі ҚР ТБ жағдайы.