- •5В050800- «Есеп және аудит» мамандығының
- •1. Пәннің мазмұны:
- •3. Пәндi оқыту мiндеттерi
- •Дәріс сабағының жоспары
- •Астана 2013 ж.
- •Аға оқытушы- е.А. Мұхамеджанов
- •Пәннің сағаттық жоспары
- •І «Валюталық операциялар» пәнінің курсына кіріспе
- •Іі Валюталық бақылау және валюталық реттеу саясаты
- •Ііі Халықаралық төлемдер және есеп айырысулар
- •Іү Валюталық нарық және валюталық операциялар
- •Анықиамалық әдебиеттер:
- •Студенттің білімін бағалау шкаласы
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Глоссарий
- •Пәннің дәріс кешені
- •1. 2 «Валюталық операциялар» курсының негізгі мақсаты және міндеттері
- •2.2 Ұлттық валюталық жүйенің негізгі элементтері
- •2.3 Әлемдік валюталық жүйенің негізгі элементтері
- •3.2 Валюталық курс түрлері және режимдері
- •3. 3 Валюталық курстың қалыптасуына әсер ететін факторлар
- •3.4 Валюталық курс теориялары
- •4.2 Валюталық саясат, оның нысандары және түрлері
- •4.3 Қазақстандағы валюталық және экспорттық бақылау ерекшеліктері
- •4.4 Валюталық саясатты қалыптастыру негізі ретіндегі валюталық курс шамасын мемлекеттік және нарықтық реттеу
- •5.2 Қр валюталық операцияларды реттеу, экспорттық және импорттық бақылау
- •5.3 Еркін қалқымалы валюталық курс режимін енгізу үдерісі, оның салдары
- •6.3 Төлем балансы тұжырымдамасы және төлем балансын реттеу әдістері
- •6.4 Қазақстанның төлем балансының ерекшеліктері
- •7.2 Халықаралық корреспонденттік қатынастар
- •7.3 Халықаралық валюталық банктік аударымдар
- •8.2 Халықаралық есеп айырысулар мен төлемдерді жүргізудің валюта-қаржылық шарттары
- •8.3 Халықаралық есеп айырысулар және төлемдердің нысандары
- •3 11 13 Белгілеу 6 түсіру
- •10 Банк
- •6 7 Пункті пунктті
- •Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
- •9.2 Клиринг – банк корреспонденттердің негізгі операциясы
- •Мт 760 Кепіл-хатты шығару.
- •10.2 Банк кепілдіктерінің түрлері
- •10.3 Банк кепілдіктерінің артықшылықтары және кемшіліктері
- •11.2 Әлемдік валюталық нарық қатысушылары
- •11.3 Валюталық котировка және кросс-курс
- •11.4 Валюталық позиция, оның түрлері.
- •12.2 Валюталық операцияларды жүргізу техникасы
- •14.2. Валюталық тәуекелді сақтандыру әдістері және тәсілдері
- •15.2 Валюталық нарық қатысушылары
- •15.3 Қр валюталық нарықты реттеу және бақылау
- •1. Соөж тақырыбының атауы
- •2. Соөж тапсырмалары Валюталық операциялардың пәні, әдісі, мазмұны
- •Әлемдік және ұлттық валюталық жүйелер, олардың негізгі элементтері
- •Валюталық курс – валюталық жүйенің негізгі элементі
- •Мемлекеттің валюталық саясатын қалыптастыру
- •Қазақстан Республикасының валюталық саясатының ерекшеліктері
- •Төлем балансы, мемлекеттің валюта-қаржылық саясатының бейнесі ретінде
- •Халықаралық банк ісінің негіздері және валюта-қаржылық қатынастар
- •Халықаралық есеп айырысуларды және төлемдерді жүргізу ерекшеліктері
- •Халықаралық корреспонденттік қатынастар жүйесі
- •Банк кепілдіктері халықаралық есеп айырысуларды жүргізу және қамтамасыз ету құралы ретінде
- •Валюталық нарық
- •Валюталық операциялар
- •Валюталық спекуляция
- •Валюталық тәуекел және оны сақтандыру әдістері
- •Қазақстан Республикасының валюталық нарығы
- •Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •Валюталық операциялардың пәні, әдісі, мазмұны
- •Әлемдік және ұлттық валюталық жүйелер, олардың негізгі элементтері
- •Валюталық курс – валюталық жүйенің негізгі элементі
- •Мемлекеттің валюталық саясатын қалыптастыру
- •Қазақстан Республикасының валюталық саясатының ерекшеліктері
- •Төлем балансы, мемлекеттің валюта-қаржылық саясатының бейнесі ретінде
- •Халықаралық банк ісінің негіздері және валюта-қаржылық қатынастар
- •Халықаралық есеп айырысуларды және төлемдерді жүргізу ерекшеліктері
- •Халықаралық корреспонденттік қатынастар жүйесі
- •Банк кепілдіктері халықаралық есеп айырысуларды жүргізу және қамтамасыз ету құралы ретінде
- •Валюталық нарық
- •Валюталық операциялар
- •Валюталық спекуляция
- •Валюталық тәуекел және оны сақтандыру әдістері
- •Қазақстан Республикасының валюталық нарығы
- •Қорытынды бақылау
Пәннің дәріс кешені
Кіріспе
Лекцияның мақсаты: «Валюталық операциялар» пәнінің негізгі бағыттарымен, пәнді оқытудағы мақсат, міндеттермен таныстыру
Кіріспе
Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын “валюта” терминінің мәніне тоқталайық.
Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес, “валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары”. Осы заңда “валюталық операцияларға” төмендегідей түсінік берілген:
меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, соның ішінде төлем құралы ретінде шетел валютасын және шетел валютасындағы өзге де төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәмілелер;
валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту;
Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:
шетел валютасы;
номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құралдары;
тазартылған құйма алтын;
ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары.
Мұндағы резиденттерге жататындар:
ҚР-ның тұрақты тұрғыны, соның ішінде уақытша шетелде немесе республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға;
ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, олардың республика ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілеттігі;
ҚР-нан тысқары жердегі орналасқан дипломатиялық, сауда және өзге де өкілеттіктер жатады.
Ал, бейрезидентерге резидент құрылымында көрсетілмеген ҚР-ң барлық заңды және жеке тұлғалары немесе одан тысқары жерлердегі олардың филиалдары мен өкілеттіктері жатады.
Кейбір экономикалық әдебиеттерде валюталық құндылықтар қатарына бағалы металдар (алтынан басқа да) мен табиғи асыл тастарды (алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александрит жене жемчуг) жатқызады.
Қазақстан 1992 жылдан әлемдік валюта қорының мүшесі болып табылады. Сондықтан өзінің валюталық жүйесін әлемдік валюта жүйесінің құрылымдық принциптерін ескере отырып құрады. 1993 жылдың қарашасынан бері ұлттық валюта жүйеміздің негізгі –теңге ендірілді
1996 жылдың 24 желтоқсанында ҚР –ның «Валюталық реттеу туралы» заңы қабылданды. Содан бері 10 рет өзгерістер мен қосымшалар енгізілді. Қазақстанның валюта Заңының негізгі элементтеріне келесілер жатқызылады: валюта заңының басты-басты түсініктерін нақты анықтау; валютаны реттеу мен валютаға бақылау жасау тәртібі; валюталық операцяилар оларды өткізудің рұқсат етілу тәртіптері; шетел валюталарын әкелу мен сыртқа шығарудың тәртібі; халықаралық төлемдер жүзеге асыру тәртібі.
Қазақстан Республикасы аумағында резиденттер мен резидент емес тұлғалармен жүргізілетін валюталық операциялар банк операцияларының әртүрлерімен айналысатын өкілетті банктер мен өкілетті ұйымдар арқылы атқарылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің өз халқына “Қазақстан-2030” жолдауында: “біздің еліміздің соңғы мақсаты экономикалық өсу болып табылады және келесі отыз жылдың ең маңызды мәселесі болады” делінген. Осы мақсатқа жетуде маңызды рөлді ақпарат атқарады. Оның дамуы тек экономикалық өсуге ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік салаға және Қазақстан халықаралық қоғамдастыққа бірігуіне ықпал жасайды.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
«Валюта» ұғымы.
«Валюталық құндылықтар» түсінігі және түрлері
«Валюталық бақылау және реттеу туралы» ҚР заңы
Ұсынылатын әдебиеттер:
С.Б. Мақыш. Банк ісі. Оқулық.– (қайта өңделген және толықтырылған) - Алматы: Жетіжарғы. 2008
Р.О. Смағұлова, Қ.Ә. Мәдіханова, Ә.Қ. Тұсаева, Ж.Ш. Сатыбалдиева. Қаржы, ақша айналысы және несие: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2008 ж., 105 бет
Қазақстан Республикасының Конституциясы
«ҚР Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңы 31.08.1995 №2444 (ред. 06.07.2004)
«Валюталық реттеу және бақылау туралы» ҚР Заңы 13.06.2005 (ред. 11.08.2009)
1. «Валюталық операциялар» курсының пәні, әдісі, мазмұны және мақсаты
Лекцияның мақсаты: «Валюталық операциялар» курсының пәні, әдісі, мазмұны туралы түсінік қалыптастыру. Болашақ мамандыққа байланысты бағыт-бағдар беру.
Сұрақтары:
1.1 «Валюталық операциялар» курсының пәні, әдісі, мазмұны
1.2 «Валюталық операциялар» курсының негізгі мақсаты және міндеттері
1.1 «Валюталық операциялар» курсының пәні, әдісі, мазмұны
«Валюталық операциялар» курсын толық меңгеру үшін ең алдымен келесі пәндер бойынша білім болу керек: «Экономикалық теория», «Ақша, несие, банктер», «Қаржы нарығы және делдалдары», «Банк ісі» «Қаржы» пәндерін меңгеру, компьютерлік технологияларды білу, экономикалық соңғы кездегі өзгерістерді талдай білу.Пәннің постреквизиті: «Банктік менеджмент пен маркетинг», «Банк өтімділігі мен төлемқабілеттілігін басқару», «Бағалы қағаздар портфельін басқару», «Қаржы нарығын мемлекеттік реттеу және бақылау» және профильді пәндердің таңдау бойынша курстарын оқып үйренуге қажетті білім мен дағдыларды қамтамасыз етеді.
«Валюталық операциялар» бөліміндегі басты бағыт валюта түсінігінен бастап республиканың ҚР ҰБ және ІІ деңгейлі банктерінде жүзеге асырылатын валюталық операциялардың маңызын түсіндіріп, сыртқы экономикалық қызметтің, ішкі экономикалық қызметтің банктік операцияларда алатын орнын, бұл операцияларға қатан шектеу не себепті болатындығын, қатысушы тұлғалар құқы мен ерекшелігін ажыратуға үйрету болып табылады.
