Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Валюталық операциялар(лекция).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
365 Кб
Скачать
☆

4.3 Қазақстандағы валюталық және экспорттық бақылау ерекшеліктері

Қазақстандағы валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты операцияларға бөлінеді.

1. Ағымдық операцияларға жататындар:

  • тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

  • 180 күннен аспайтын мерзімге несиелер беру және алу;

  • салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша дивиденттерді, сыйақыларды және өзге де табыстарды алу және аудару;

  • гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа сомаларды аудару;

  • осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.

2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:

  • инвестицияларды жүзеге асыру;

  • интеллектуалдық меншік обьектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған аударымдар;

  • мүліктік құқыққа және өзге де жылжымайтын мүлік құқығына төлеуге аударымдар;

  • тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің, не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

  • өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банкілерінде және өзге де қаржылық ұйымдарда салымдарды (депозиттерді) жүзеге асыру;

  • зейнетақы активтерін жинақтауға байланысты мәмілелер бойынша халықаралық аударымдар;

  • жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.

4.4 Валюталық саясатты қалыптастыру негізі ретіндегі валюталық курс шамасын мемлекеттік және нарықтық реттеу

Экономикасы дамыған елдердің Орталық банктерінде валюталық саясаттың негізін Ұлттық және халықаралық валюталық шектеулерді іске асыру кезінде Орталық банк міндентіне коммерциялық банктердің шетел валюталарымен операцияларына бақылауды жүзеге асыруы кіреді.

Европаның Батыс елдерінде бұл процесс ең біріншіЕВРО – ны енгізумен және бұртұтас валюталық – экономикалық кеңістікке кірумен байланысты. Орталық банктің валюталық саясаты капиталды экспорттау немесе импорттауды ынталандыруда мерзімді валюталық нарықта операция жүргізу формасында әсер етту. Капитал қозқалысының күтілген бағыты берілген экономикалық жағдайында Орталық банк саясатының артықшылығына байланысты, ол өзінің мәнін не тауарды экспорттауды ынталандыруды (демпингтік саясат), не Ұлттық валютаның шетел валютасына қатынасындағы бағамды қолдау.

Валюталық саясат өз кезегінде мемлекеттің сыртқы экономикалық позициясын ынталандыруға, бәрінен бұрын Ұлттық валюта бағамын тұрақтандыру және төлем балансының тепе – теңдігіне бағытталған шаралар кешенін білдіреді. Валюталық саясаттың жалпы түрі келесі элементтерден тұрады:

Валюталық бағамды реттеу (оны орнату механизмі, деңгейін ұстап отыру);

Ресми валюталық резервтерді басқару;

Валюталық реттеу жәе валюталық бақылау;

Халықаралық валюталық ынтымақтастық және халықаралық валюталық – қаржылық ұйымдарға қатысуы.

Валюталық бағам дегеніміз - әртүрлі елдердің ақшалай бірліктерінің арасындағы қатынас.

Әлемдік тәжірибеде келесі валюталық бағамдар режимінің түрлеріне тоқталады:

Тұрақты валюталық бағам (валюталық қоржын немесе бір валюта негізінде анықталады);

Еркін валюталық бағам, сұраныс пен ұсыныстың әсерінен стихиялық түрде туындаған;

    • өзгермелі валюталық бағам;

    • көптік жүйедегі валюталық бағам;

    • қосарлы валюталық бағам;

Валюталық бағамдарды реттеу жолдары:

1. Валюталық интервенция – бқл ұлттық валюта бағамына әсер ету мақсатында шетел валютасын сатып алу – сату жолымен валюталық нарықты функционалдауда орталық банктің тікелей араласуы. Валюталық интервенцияны жүргізуде Орталық банктер шетел валютасына ұсыныс көп, валюталық бағам төменгі деңгейде болғанда оны сатып алады және шетел валютасын ұсыну жеткіліксіз, валюталық бағам жоғары болған жағдайда сату. Сол Орталық банктермен шетел валютасына сұраныс пен ұсыныстың теңесуіне ықпал етеді және ұлттық ақша бірлігі бағамының ауытқу шегін белгілейді.

Валюталық интервенцияны қолданудың өзіндік шегі бар. Олардың тиімділігі тек төлем балансының мінсіз болмау жағдайында, активтік және пассивтік сальдоның кезеімен ауысуын сипаттайды. Ресми валюталық резервтіқ мөлшерін шектеуге байланысты шетел валютасын сату оны сатып алумен кезектесіп отыруы керек. Осымен байланысты төлем балансы созылмалы тапшылықтағы көптеген елдер валюталық интервенцияның орташа валюталық шектеулердің әртүрлі формаларын қолдануға мәжбүр болады.

2. Валюталық шектеулер – бұл төлем балансының тепе – теңдігіне, ұлттық валюта бағамын қолдау және басқа да мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған және әкімшілік, заңнамалық тәртіпте бекітілген нормативтік ережелер мен шаралар жиынтығы. Валюталық шектеулер валюталық бағамды реттеу құралы ретінде мынадай жағдайда пайдаланады, валюталық интервенция тәжірибесі тиімді болмаған жағдайда пайдаланады, яғи төем балансы үлкен және созылмалы тапшылық жағдайында. Осы берілген жағдайларда елдер сыртқы төлемдер мен түсімдердің мақсатында валюталық шектеуді енгізу керек.

3. Валюта девальвациясы мен ревальвациясы. Девальвация дегеніміз- ұлттық ақша бірлігінің бағамын шетел валютасының қатынасына немесе халықаралық есеп айырысу ақша бірлігіне ресми төмендету. Девальвация экспорттық бәсеке қабілеттілігін жоғарлатады, және төлем балансының жағдайын жақсартады.

Қалқымалы валюталық бағам режиміне өту девальвациясы сыртқы төлемдерді реттеу құқралы ретіқнде іс-әрекетін төмендетті, себебі, кезең бойынша валюталық бағамның өзгеруі девальвация тиімділігін сирек бейтараптандырады. Оған қарамастан дамыған және дамушы мемлекеттер өздерінің ұлттық валюталарын дүркін-дүркін девальвациялауға мәжбүрлі.

Ревальвация халықаралық экономикалық қатынастарда девальвацияға қарама-қарсы әрекет етеді. Ол экспорттаушылар үшін тиімді емес, осының нәтижесінде сыртқа шығарылатын тауарларға баға көтеріледі, басқа елдер валютасының кірінісінде. Экспортталатын тауарлардың бағасын сақтау кезінде бұрынқы деңгейдегідей экспорттық табыс төмендейді. Соңғылар үшін орталық банктен сатып алынқан ревальвацияланған шетел валютасын ұлттық валютаұа айырбастау арзанұа түседі.

4. Банкаралық валюталық нарықты реттеу және валюталық аукциондарды жүргізу. Валюталық нарық – шаруашылық нарықтың маңызды бір секторы, оның өзі 2 сегменттен тұрады: биржалық және биржалық емес, олар өзара байланысты және өзара тәуелді. Валюталық тұрақсыздық кезеңінде биржалық нарықтың ролі күшейеді, ал тұрақты жағдайда биржалық емес банкаралық нарықтың күшеюі байқалады.

Дамыған мемлекеттерде банкаралық нарықта валюталық сауда банкаралық нарықта кеңінен тарады, олардың қатысушылары жеке коммерциялық банктер және валюталық дилерлер болып табылады. Коммерциялық банктер мен олардың клиенттері арасында мәмілені бекіту кезінде валюта бағамының деңгейі анықталады. Сондықтан, ол әрбір сағат пен күнді еркін өзгертеді.

Банкаралық реттеуге қарағанда валюталық аукциондарды ұйымдастыруда Орталық банктер үлкен роль атқарады. Аукциондық жүйені тәжірибесінде пайдаланып жатқан елдерде заңнамалық тәртіпте Орталық банкке экмпорттық түсімді сатудан 100% бекітілген. Сондықтан экспорттан түскен валюталық табыстар аукционқа толық көлемде түспейді, өйткені олардың барлығы мемлекеттік шығындарды қаржыландыруға: импортты төлеуге, мемлекеттік кәсіпорындардың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Валюталық саясаттың Қазақстан экономикасындағы ролі

  2. Валюта курсын реттеу жолдары

  3. Валюталық реттеу және бақылау қажеттілігі

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Моисеев С.Р. Международные валютно-кредитные отношения : учеб. пособие / С. Р. Моисеев. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : Дело и Сервис, 2007. - с. 417

  2. Макарьева В.И. Альбом бухгалтерских проводок рублевых и валютных операций / В. И. Макарьева, Ю. А. Григорьев. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : МЦФЭР, 1999. - с. 218

  3. Международные валютно-кредитные и финансовые отношения : учебник / Финансовая академия при Правительстве РФ ; ред. : Л. Н. Красавина. - М. : Финансы и статистика, 2007. - с. 389

  4. Моисеев С.Р. Международные валютно-кредитные отношения : учеб. пособие / С. Р. Моисеев. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : Дело и Сервис, 2007. - с.547

5 Қазақстан Республикасының валюталық саясатының ерекшеліктері

Лекция мақсаты: Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат туралы, оның заңдық базасы туралы пікір қалыптастыру

5.1 Қазақстан Республикасының валюталық саясатының заңдық базасы

5.2 ҚР операцияларды реттеу, экспорттық және инпорттық бақылау

5.3 Еркін қалқымалы валюталық курс режимін енгізу үдерісі, оның салдары

5.1 Қазақстан Республикасының валюталық саясатының заңдық базасы

Резиденттер мен резидент еместер валюталық құндылықтарға құқықтарын іске асырған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың мақсаттарын, мiндеттерi мен тəртiбiн ҚР валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңы айқындайды.

Валюталық реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу жəне экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жəрдемдесу болып табылады.

Валюталық реттеудің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысының тəртiбiн белгілеу;

2) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға одан əрi кiрiгуi үшін жағдайлар жасау;

3) валюталық операциялар мен капитал легi жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасында валюталық реттеудiң негізгі органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болып табылады.. Қазақстан Республикасының Үкiметi жəне өзге де мемлекеттiк органдар валюталық реттеуді өз құзыретi шегінде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жəне Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Заңға сəйкес өз құзыреті шегінде резиденттер мен резидент еместер үшін мiндеттi нормативтік құқықтық актiлер шығарады. Валюталық реттеу органдары əзiрлеген валюталық реттеу мəселелері жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен міндетті түрде келісiлуге тиіс.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық реттеудің негізгі органы ретiнде:

Заңның бабына сəйкес резиденттердің валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды;

резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операцияларды жүзеге асыру тəртiбiн, соның iшiнде валюталық реттеу режимдерiнтiркеудi; хабардар етудi;

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларына мониторингтi (валюталық мониторингтi) жүзеге асыру тəртiбiн;

Уəкілеттi мемлекеттік органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сəйкес барлық резиденттер мен резидент еместердiң орындауы үшін мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алу жəне есептілік нысандарын белгілейдi. Жүзеге асырылу тəртібі осы Заңда белгiленбеген валюталық операциялар шектеусiз жүргізіледi.