Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Валюталық операциялар(лекция).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
365 Кб
Скачать
☆

6 7 Пункті пунктті

5

И нкасаторлаушы 8 Ремитенттік

банк банк

2 - сызба

Инкассо бойынша есептесу тәртібі

Инкассо бойынша есептеу схемасы келесі форма түрінде көрсетіледі. (1) Контракт біткеннен кейін, қандай банк арқылы есеп айырысуларын жүргізетінін мемлекеттер алдын – ала қарастырады, келісім шартқа қатысты экспартер тауарын түсіреді (2). (3) Транспорттық ұйымдардан алынған транспорттық құжат, (4) инкассолық тапсыру бойынша экспортер комплекстік қүжаттарды дайындайды, мұнда коммерциялық және де қаржылық құжаттарды өз банкіне ұсынады. Ремитентті банк инкассаторлаушы банкқа құжаттарын жібереді (5). Банк төлеушіге төлеу құжаттарын төлеуге деген ескерту жібереді (6). (7) Импортердан төлем тапсырмасын алғанна кейін банк оған құжаттарын жібереді. Инкасатырлаушы банк пайданы ремитент банкке почта немесе телеграф арқылы жібереді (8).

          1. Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:

Сатушы (экспортер) үшін:

  • аккредитивте көрсетілген барлық шарттар, яғни тауар көлеміне, сапасына, қаптау түріне, жеткізу мерзімі мен тәсіліне, тиеу орыны мен мерзіміне және т.б. қатысты шарттар толық орындалған жағдайда төлемнің жүзеге асырылатыны;

  • тауар жартылай жөнелтілсе, онда нақты жөнелткен тауары үшін төлем алатындығына сенімділігі;

  • мәміле жасалмаған жағдайда немесе аккредитивтің мерзімі аяқталған уақытта сатып алушының резервтеген сомасын қайтарып алытындығына сенімділігі.

Сатып алушы (импортер) үшін:

  • төлемнің банкпен төленетіндігі;

  • егер ұсынылған құжаттар аккредитивте көрсетілген шарттарға сәйкес келгенде ғана төлемнің жүзеге асатындығы;

  • егер сатушы өндіруші емес делдал болса, онда өндірушінің атына аккредитивті аударып жіберу мүмкіндігіні болуы.

Аккредитив бойынша келісімшарт жасасу барысында төлемді жасауға байлансты аккредитивтің түріне мән беру қажет. Егер сіз құжаттарды банкке тапсырғаннан кейін төлемдерді алғыңыз келсе оны “ұсынуға байланысты төлем” (“by payment”) деген аккредитивті таңдағаныңыз дұрыс. Себебі, мұндай форма өте кең таралған және жылдам болып табылады. Бірақ та банктің 7 күн ішінде құжаттарды тексеруге содан соң барып төлемді жасауға құқылы екендігін естен шығармау керек.

Егер серіктесіңізге несиеге тауарыңызды бергіңіз келсе, онда Сізге төлемді кешіктіріп төлеумен байланысты (“by deferred payment”) аккредитив қажет болады. Төлемді кешіктіру уақыты тауарды жөнелткен күннен басталуы, құжаттарды банкке берген күннен басталуы немесе аккредитив ашқан күннен басталуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдайда кешіктіріп төлеген күндер үшін комиссиондық ақыны Бенефиардың атына төленетіндігін есте сақтау қажет.

Сонымен қатар өзара келісімшарт жасаған кезде қай тараптың банктің шығыстарын өз мойынына алатындығын міндетті түрде көрсетуге тиіс.

Аккредитивтік есеп айырысуда пайдаланылатын құжаттарға мыналар жатады:

Шот-фактура, яғни экспортердың жөнелткен тауары не көрсеткен қызметі үшін импортердың төлемді талап етуге негіз болатын қаржылық құжат. Онда мынадай көрсеткіштер болады: жазылған күні, сатып алушы немесе импортердың аты-жөні және мекен-жайы, шот сомасы, тауардың сипаты, бір тауар бағасы, қосымша шығыстар, жөнелту шарты, төлеу шарты (аккредитив номері). Шот-фактураны міндетті түрде бенефициар толтырады және оны аккредитивті ашушыға (сатып алушыға) жібереді.

Сақтандыру полисі – сақтандырушы мен сақтанушының арасында сақтандыру шартының жасалғандығын куәландыратын құжат. Онда мынадай ақпараттар қамтылады: сақтандырушының атауы, мекен-жайы және қолы, сақтанушының атауы, мекен-жайы және қолы (әдетте сақтанушы ретінде сатушы болады), сақтандыру сомасы (сақтандыру сомасы СІР және СІҒ жеткізу шартына сәйкес тауар құнының 110  құрайды), жөнелтілетін тауарлардың сипаты, тасымалдау түрі (көлік түрі, жөнелту уақыты, жөнелту орыны), сақтандырылатын тәуекел сипаты, сақтандыру сыйақысын төлеу орыны (қала немесе елдің, сақтандыру агентінің атауы).

Көлік жүкқұжаты – тауарды тасымалдаушыға берілетін құжат. Көлік құжатының көлік түріне қарай теңіз коносоменті, әуе жүкқұжаты, авто жүкқұжаты, теміржол жүкқұжаты, пошта қолхаты сияқты түрлері болады. Көлік түріне байланыссыз жүкқұжатында мынадай мәліметтер көрсетіледі: тасымалдаушының аты-жөні мәртебесі және қолы, жөнелтушінің аты-жөні және мекен-жайы, тауардың сипаты, салмағы, қаптау номері мен түрі, фрахтаны төлеу туралы белгісі, жөнелту орыны, жеткізу орыны, тиеу орыны, құжаттың толтырылған күні мен орыны.

Аккредитивтің басты артықшылығы, оны төлеуге бантің кепілінің болуы.

Сонымен қатар, бұл есеп айырысу формасында бірқатар кемшіліктерде бар:

  • аккредитивпен есеп айырысудың өзге формаларға қарағанда өте қымбат, сатып алушының қаражаты аккредитивтің қызмет ету мерзімінің ішінде оның шаруашылық айналымынан шығарылып қалады;

  • тауар айналымы бәсеңдейді, яғни жабдықтаушы аккредитивтің ашылғаны туралы хабар алғанша, өзінің дайын өнімін жөнелте алмайды және оның сақталуы да қосымша шығындарды қажет етеді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Халықаралық есеп айырулардың негізгі тәртібі мен бекітілген ережелері

  2. Халықаралық төлем әдістері

  3. Халықаралық есеп айыру нысандарының ерекшелігі

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. К.О. Шаяхметова Система управления риском на финансовым рынке. Банки Казахстана. № 7/ 08 60

  2. Г.Г. Коробова, Е.А. Нестеренко. Банковские риски. Учебное пособие: Издательский центр Саратовской государственной экономической академии, 1996.

  3. Е.П. Жарковская. Банковское дело. М.: Омега – Л, 2006

  4. Л.Г. Батракова. Экономический анализ деятельности коммерческого банка: Учебник для вузов. М.: Издательская корпорация «Логос», 2007.

  5. Роуз Питер С. Банковский менеджмент. Пер. с англ. 2-е изд. - М.: «Дело Лтд», 1995

9 Халықаралық корреспонденттік қатынастар жүйесі

Лекцияның мақсаты: Банкаралық корреспонденттік қатынастардың қалыптасу тәртібімен және жүзеге асырылуымен танысу. Банкаралық ақша аударымдарының артықшылығын қарастыру

9.1 Банкаралық корреспонденттік қатынастар, мазмұны және түсінігі

9.2 Клиринг – банк корреспонденттердің негізгі операциясы

9.3 SWIFT жүйесі

9.1 Банкаралық корреспонденттік қатынастар, мазмұны және түсінігі

Халықаралық есеп айрысуларды жүзеге асыру үшін банктер шетел банктерінде өздерінің корреспонденттік шоттарын ашады. Корреспондеттік қатынас – банктік қызмет көрсетумен байланысты операцияларды жүзеге асыру мақсатынды банктер бір бірінде өзара корреспондеттік шот ашумен байланысты жасалған келісім-шарттық қатынасты сипаттайды.

Корреспондент банк- клиенттерге қызмет көрсетуге байланысты операциялар мен банкаралық операцияларды корреспонденттік келісім-шарт негізінде өзге банктің тапсырмасын орындаушы банк.

Ондай шоттар екі түрлі болып келеді:

НОСТРО шоты (біздің шотымыз сізде) – банк-корреспондентте коммерциялық банктің атына ашылған ағымдық шот;

ЛОРО шоты (сіздің шотыңыз бізде) – коммерциялық банкте банк-корреспонденттің атына ашылған ағымдық шот. Бұл коммерциялық банктердiң өзара есеп айырысуларды жүргiзуге арналған елдiң орталық банкiнде және банктердiң бiр-бiрiнде ашатын шоты - Корреспонденттiк шот. Шетел валютасындаңы есеп айыруды Ұлттық Банктер лицензия алған екінші деңгейлі банктер жүргізеді. Халықаралық есеп – айырулар шетел банктері арқылы жүргізіледі және үшін корреспонденттік қатынастар орнатылған. Корреспонденттік қатынастар негізінде ашылатын шоттың валюта түрін, солар бойынша сый-ақы есептелуін, осы шоттан қаржы аудару тәртібін комиссиондық сый-ақы бойынша есеп – айыруларды, телеграфтық және пошталық шотттар бойынша есеп – айыруларды жүргізіледі.

Корреспонденттік қатынастар бекітімі безендіріледі. Мұнда шетел валютасындағы шоттардың барлық шарттары көрсетіледі. Банк корреспонденттер лауазымды тұлғалардың қатынастық үлгілері, кодтар және цифрлар альбомдарымен алмасады. Олар аударуды безендіру кезінде қолданылады. Мұндай корреспонденттік шоттар бір-бірінде немесе банкттің біреуінде ашылады. Синтетикалық есеп тек теңгеде жүргізіледі, ал аналитикалық есеп екі валютада жүргізіледі, яғни операция жүргізген күні номинал бойынша шетел валютасында және Ұлттық Банктің курсы бойынша теңгеде жүргізіледі. Қай валютада есеп жүргізілгендігін анықтау үшін халықаралық стандарттар бойынша валюта кодтары қолданылады.