- •5В050800- «Есеп және аудит» мамандығының
- •1. Пәннің мазмұны:
- •3. Пәндi оқыту мiндеттерi
- •Дәріс сабағының жоспары
- •Астана 2013 ж.
- •Аға оқытушы- е.А. Мұхамеджанов
- •Пәннің сағаттық жоспары
- •І «Валюталық операциялар» пәнінің курсына кіріспе
- •Іі Валюталық бақылау және валюталық реттеу саясаты
- •Ііі Халықаралық төлемдер және есеп айырысулар
- •Іү Валюталық нарық және валюталық операциялар
- •Анықиамалық әдебиеттер:
- •Студенттің білімін бағалау шкаласы
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Глоссарий
- •Пәннің дәріс кешені
- •1. 2 «Валюталық операциялар» курсының негізгі мақсаты және міндеттері
- •2.2 Ұлттық валюталық жүйенің негізгі элементтері
- •2.3 Әлемдік валюталық жүйенің негізгі элементтері
- •3.2 Валюталық курс түрлері және режимдері
- •3. 3 Валюталық курстың қалыптасуына әсер ететін факторлар
- •3.4 Валюталық курс теориялары
- •4.2 Валюталық саясат, оның нысандары және түрлері
- •4.3 Қазақстандағы валюталық және экспорттық бақылау ерекшеліктері
- •4.4 Валюталық саясатты қалыптастыру негізі ретіндегі валюталық курс шамасын мемлекеттік және нарықтық реттеу
- •5.2 Қр валюталық операцияларды реттеу, экспорттық және импорттық бақылау
- •5.3 Еркін қалқымалы валюталық курс режимін енгізу үдерісі, оның салдары
- •6.3 Төлем балансы тұжырымдамасы және төлем балансын реттеу әдістері
- •6.4 Қазақстанның төлем балансының ерекшеліктері
- •7.2 Халықаралық корреспонденттік қатынастар
- •7.3 Халықаралық валюталық банктік аударымдар
- •8.2 Халықаралық есеп айырысулар мен төлемдерді жүргізудің валюта-қаржылық шарттары
- •8.3 Халықаралық есеп айырысулар және төлемдердің нысандары
- •3 11 13 Белгілеу 6 түсіру
- •10 Банк
- •6 7 Пункті пунктті
- •Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
- •9.2 Клиринг – банк корреспонденттердің негізгі операциясы
- •Мт 760 Кепіл-хатты шығару.
- •10.2 Банк кепілдіктерінің түрлері
- •10.3 Банк кепілдіктерінің артықшылықтары және кемшіліктері
- •11.2 Әлемдік валюталық нарық қатысушылары
- •11.3 Валюталық котировка және кросс-курс
- •11.4 Валюталық позиция, оның түрлері.
- •12.2 Валюталық операцияларды жүргізу техникасы
- •14.2. Валюталық тәуекелді сақтандыру әдістері және тәсілдері
- •15.2 Валюталық нарық қатысушылары
- •15.3 Қр валюталық нарықты реттеу және бақылау
- •1. Соөж тақырыбының атауы
- •2. Соөж тапсырмалары Валюталық операциялардың пәні, әдісі, мазмұны
- •Әлемдік және ұлттық валюталық жүйелер, олардың негізгі элементтері
- •Валюталық курс – валюталық жүйенің негізгі элементі
- •Мемлекеттің валюталық саясатын қалыптастыру
- •Қазақстан Республикасының валюталық саясатының ерекшеліктері
- •Төлем балансы, мемлекеттің валюта-қаржылық саясатының бейнесі ретінде
- •Халықаралық банк ісінің негіздері және валюта-қаржылық қатынастар
- •Халықаралық есеп айырысуларды және төлемдерді жүргізу ерекшеліктері
- •Халықаралық корреспонденттік қатынастар жүйесі
- •Банк кепілдіктері халықаралық есеп айырысуларды жүргізу және қамтамасыз ету құралы ретінде
- •Валюталық нарық
- •Валюталық операциялар
- •Валюталық спекуляция
- •Валюталық тәуекел және оны сақтандыру әдістері
- •Қазақстан Республикасының валюталық нарығы
- •Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •Валюталық операциялардың пәні, әдісі, мазмұны
- •Әлемдік және ұлттық валюталық жүйелер, олардың негізгі элементтері
- •Валюталық курс – валюталық жүйенің негізгі элементі
- •Мемлекеттің валюталық саясатын қалыптастыру
- •Қазақстан Республикасының валюталық саясатының ерекшеліктері
- •Төлем балансы, мемлекеттің валюта-қаржылық саясатының бейнесі ретінде
- •Халықаралық банк ісінің негіздері және валюта-қаржылық қатынастар
- •Халықаралық есеп айырысуларды және төлемдерді жүргізу ерекшеліктері
- •Халықаралық корреспонденттік қатынастар жүйесі
- •Банк кепілдіктері халықаралық есеп айырысуларды жүргізу және қамтамасыз ету құралы ретінде
- •Валюталық нарық
- •Валюталық операциялар
- •Валюталық спекуляция
- •Валюталық тәуекел және оны сақтандыру әдістері
- •Қазақстан Республикасының валюталық нарығы
- •Қорытынды бақылау
5.2 Қр валюталық операцияларды реттеу, экспорттық және импорттық бақылау
Валюталық бақылаудың мақсаты Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместер валюталық операциялар жүргiзген кезде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық мониторингтi Қазақстан Республикасының төлем балансының тұрақтылығын бағалау мақсатында жүзеге асырады. Валюталық мониторингтің негізгі міндеттерi:
1) валюталық мониторинг объектілерi жүзеге асыратын валюталық операциялар бойынша ақпарат базасын жасау;
2) Қазақстан Республикасы төлем балансының, сыртқы борышының жəне халықаралық инвестициялық позициясының статистикасын, оларды талдау мен болжауды жетiлдiру болып табылады.
Резидент емес заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында бiр жылдан астам жұмыс iстейтін филиалдары мен өкілдiктерi валюталық мониторинг объектiлерi болып табылады, Валюталық мониторинг қолданылатын қызметтiң түрлерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды. Валюталық мониторинг белгіленген есептілік нысандарына сəйкес валюталық мониторинг объектiлерiнiң резиденттермен жəне резидент еместермен iске асыратын жобалары бойынша олардан ақпарат жинау əдiсiмен жүзеге асырылады. Валюталық мониторинг жүргiзу үшiн есептілік мерзiмдерi мен нысандары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актісiнде белгіленедi.
5.3 Еркін қалқымалы валюталық курс режимін енгізу үдерісі, оның салдары
2004 жылға дейін, оның негізгі міндеті ретінде ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрықтылығын қамтамасыз ету болғандығын еске сала кеткен дұрыс. Осы жерде, неліктен ҚР Ұлттық банкінің жаңаша негізгі міндетін осылай белгілеу қажет болды деген сауал тууы мүмкін. Осы сауалға екі жақты жауап берген дұрыс.
Біріншіден өткен міндеті ретінде белгіленген ұғымдардың мәнін түсінейік, яғни ұлттық валютаның ішкі тұрақтылығы бұл ішкі бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуді сипаттаса, ал сыртқы тұрақтылығы - бұл ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді білдіреді.
Валюталық интервенция деп ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында Ұлттық банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады.
Отандық банктік тәжірибемізде 1999 жылдың 4 сәуір айына дейін немесе еркін өзгермелі бағам режиміне өткенге дейін ҚР Ұлттық банкінің валюталық нарықтағы интервенциялау саясаты алтын валюта резевтері есебінен жүзеге асырылды. Еркін өзгермелі бағам режиміне өткенен кейін де Қазақстан Ұлттық банкі ұлттық валютаның айырбас бағамының алыпсатарлық өзгерістеріне жол бермеу мақсатында валюталық интервенциялауды қолданылып отырғаны жасырын емес. Соған байланысты аталған бағам режимін басқарылатын режим деп қарастырған дұрыс болады. Еркін өзгермелі бағамға өтуге біздің ұлттық валюта бағамының шетел валютасына қатысты тұрақсыздығы мүмкіндік бермейтіні сөзсіз.
Ұлттық банктің валюталық нарықтағы интервенциясы дербес түрде кез келген банктер және валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелер түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады.
Мұның салдарынан алтын-валюта резервінің құнсыздану қаупі туындады. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында ҚР Ұлттық банкі ішкі валюта нарығында сатып алушы ретінде қатысып, алтын-валюта резервінің ұлғаюына септігін тигізді. Бұл жерде бір нәрсені естен шығармаған жөн, яғни ҚР Ұлттық банкі ішкі валюта нарығындағы сұраныстан артық шетел валютасын сатып алған кезде, айналысқа артық ақша эмиссияланады және ол ақшаның құнсыздануына жол береді. Осынадай теріс салдарларды болдырмау үшін ҚР Ұлттық банкі “стирилизациялау” құралын пайдаланып отыр. Яғни, айналысқа шығарылған артық ақша көлемінде өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығарып, артық ақшаны айналыстан алып отырды.
1999 жылдың сәуір айынан бастап, еркін өзгермелі бағам режиміне көшкендігіміз баршамызға белгілі және оның басты шарты - ҚР Ұлттық банкінің ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамын белгілеуге араласпауын немесе ішкі валюта нарығында валюталық интервенциялауды жүргізбеуін көздейді. Сонымен қатар, ақша-несие саясатының бағыттарында 2003 жылдан бастап, 2007 жылдарға дейін үш кезеңде валюталық режимді ырықтандыру шараларының қарастырылуы соңғы міндеттің қажетсіздігін көрсетеді. Ендеше бұл жерде шетел валютасына қатысты ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету міндеті өздігінен түсіп қалатыны сөзсіз, сөйтіп тек қана ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету ҚР Ұлттық банкінің негізгі міндеті ретінде аталған заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ретінде нақтыланды.
Екіншіден, ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету міндетінің қажеттігі ҚР Ұлттық банкінің ақша несие саясатын жүргізуде 2002 жылдан бастап Еуроодақ стандартына және инфляцияны таргеттеу принципіне өту туралы шешім қабылдауынан туындап отыр. Инфляциялық таргеттеу принциптерін пайдаланытын көптеген елдер инфляция жөнінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу жауапкершілігін күшейту жағдайларында инфляция бойынша бағдар ретіндегі тұтыну бағаларының индексіне сүйенбейтін болады. Оның орнына инфляциялық үрдістердің негізгі бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы (“базалық инфляция” индекстері) түрлі дәрежедегі күйзелістердің ықпалын жояды.
2003 жылы аталған заңға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулардың нәтижесінде 2004 жылдан бастап ҚР Ұлттық банкінің атқаратын қызметтері қатарында бірқатар өзерістер пайда болды. Бұл жерде ҚР Ұлттық банкке дамыған елдердің орталық банктері сияқты тек классикалық қызметтерді атқару жүктелді.
Алтын валюта резерві – халықаралық есеп айырысулар мен төлемдерді жүзеге асыру, төлем балансының тапшылығын қаржыландыру, ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз мақсатында пайдаланылатын Орталық банктің алтын және шетел валютасында құратын ресми қоры.
Алтын-валюта резерві ұлттық валюта теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін құрылады және пайдаланылады.
Алтын-валюта резервтері (АВР) құрамы мыналардан тұрады:
құйма алтыннан;
Ұлттық банктің шоттарындағы банкнота және монета түріндегі шетел валютасындағы қаражат қалдықтарынан;
валюталық құндылықтардан;
шетел валютасындағы жәй және аудармалы вексельдерден;
шетел үкіметінің немесе халықаралық қаржы ұйымдарының шығарған бағалы қағаздарынан;
басқа да сыртқы активтерден.
Алтын-валюта резервін ұлғайту және құрылымын өзгерту келесідей жолдармен жүзеге асырылады:
монетарлық алтынды сатып алу;
резиденттер мен резидент еместерден, ҚР Үкіметінен теңгеге шетел валютасын сатып алу;
депозиттік, салым, шетел валюталарымен дилингтік операциялардан түсетін комиссиондық және басқа да сыйақы (мүдде) түріндегі түсімдер;
Ұлттық банктің монетерлық алтын, күміс, платина және платина тобындағы басқа да металлдармен жасалатын операцияларды жүргізуден түсетін валютадағы түсімдер;
Ұлттық банктің кеңес беру, ақпаратық - баспа және басқа да қызметтерінен түсетін шетел валюталарындағы түсімдер.
Алтын валюта резервінің азаюы немесе жұмсалуы мынадай жолдармен іске асырылады:
ақша-несие саясатын жүргізу мақсатында ішкі валюталық нарықта валютаны сату;
өнімдердің (қызметтердің, жұмыстардың) импортына төлеу үшін тенгені шетел валютасына конвертация жасау, оған қоса шетелде дипломаттық және басқа да өкіліттіліктерді ұстауға және іссапар шығыстарына, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және ҚР Ұлттық банктің сметасы есебінен сыртқы қарыздарға қызмет көрсету үшін;
басқа да шетел валютасын сатып алу үшін шетел валютасын сату;
Ұлттық банктің алған несиелері бойынша негізгі соманы және сыйақыны қайтару;
құрылған провизиялар есебінен (резервтер) зиянды алтын валюта активтерін шегеру.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Валюталық интервенция, оның қолданылуы
Алтын – валюталық резерв
Валюталық саясаттағы заңдық база
Ұсынылатын әдебиеттер:
Омарова А.К. Валютная политика Казахстана в современных условиях развития экономики: приоритеты и пути совершенствования: Автореферат дис. канд.экон.наук:08.00.10 / А. К. Омарова. - Алматы, 2006.
Бұхарбаев Ш.М. Валюталық саясат және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру : 08.00.10-Э.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. авторефераты / Ш.М. Бұхарбаев ; Ш. М. Бухарбаев. - Карағанды, 2007
Суэтин А.А. Международные валютно-финансовые отношения : учебник / А. А. Суэтин ; Финансовая академия при Правительстве РФ. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : КНОРУС, 2006
Жаппасова Р.Е. Устойчивость национальной валюты в контексте обеспечения экономической безопасности (на материалах Республики Казахстан) : авторферат дис. канд. экон. наук: 08.00.01 / Р. Е. Жаппасова. - Алматы, 2007
6 Төлем балансы, мемлекеттің валюта-қаржылық саясатының бейнесі ретінде
Лекцияның мақсаты: Елдің төлем балансымен және оның негізгі құрылымымен танысу, басқа баланстардан айырмашылығын түсіндіру
6.1 Төлем балансы, ұғымы, мазмұны және түрлері
6.2 Төлем балансының құрылымы
6.3 Төлем балансы тұжырымдамасы және төлем балансын реттеу әдістері
6.4 Қазақстанның Төлем балансының ерекшеліктері
6.1 Төлем балансы, ұғымы, мазмұны және түрлері
Төлем балансы – елдің белгілі бір уақыт ішінде шетелге шығарылғандарынан түскен түсімдері мен сырттан әкелінген тауарлары мен қызметтері үшін төленген төлемдер арасындағы шекті қатынасы.
6.2 Төлем балансының құрылымы
Еліміздегі төлем балансы мынандай бөлімдерді қамтиды:
А. Ағымдағы шот.
В. Капитал және қаржымен жасалатын операциялар шоты.
С. Қателер мен қалып қойғандар.
Д. Қаржыландыру
Ағымдағы шотта мыналар көрсетіледі:
Сауда балансы:
Экспорт
Импорт
Таза қызметтер:
Жүк тасымалдау
Адамдар тасымалдау
Байланыс қызметі
Туризм
Басқа
Табыстар:
Займдар және несиелер бойынша сыйақы (мүдделендіру)
Резервтер бойынша сыйақы (мүдделендіру)
Басқа да
Ағымдағы трансферттер
Гуманитарлық көмектер
Техникалық көмектер
Гранттар
Капитал және қаржымен жасалатын операциялар шотында мыналар көрсетіледі:
Тікелей инвестициялар
Портфелдік инвестициялар
Мигранттардың трансферттері
Сауда (коммерциялық) несиелері
Займдар
Басқа инвестициялар
Қателер мен қалып қойғандар шотында ресми түрде резидент еместермен ескерілмей қалғандарды, соған қоса «көлеңкелі бизнесті» есепке алады.
Жалпы төлем балансы ағымдағы операциялар бойынша төлем балансын, капиталдар мен несиелердің қозғалысының балансы, сондай-ақ алтын және валюта резервтерінің қозғалысын құрайды.
Жалпы төлем балансы әрдайым теңесіп отырылады, яғни оның активтік және пассивтік операциялары біріңғай шаманы құрады.
Қаржыландыру шотында мыналар есепке алынады:
Қазақстан Ұлттық банкінің резервтік активтері
Монеталы алтын
Шетел валютасы
ХВҚ несиелері
Қазақстанда төлем балансын Ұлттық банк жасайды. Төлем балансының басты ерекшелігі – мұнда қаражаттардың ағымы, олардың мерзімі ішінде өзгерісі ғана көрсетіліп, босалқы бөлшектер мен қорлар есепке алынбайды. Мұндағы ағымдағы операциялар шотында оң қалдықтың болуы тауарлар мен қызметтердің экспортын, табыстар мен трансферттердің түсімін білдірсе, ал теріс қалдықтың түзілуі тауарлар мен қызметтер импортын төленген табыстар мен трансферттердің болуын сипаттайды. Капиталдармен жасалатын операциялар шотындағы оң көрсеткіш сол елдің резидент еместер алдындағы міндеттемелерінің өсуін және резиденттер жағынан резидент еместерге деген талаптардың қысқаруын сипаттаса; ал теріс шама елдің резидент еместер алдындағы міндеттемелердің қысқаруын және резиденттер жағынан резидент еместерге қойылатын талаптардың өсуін сипаттайды.
Төлем балансынан есеп айрысу балансын ажырата білу қажет.
Есеп айрысу балансы – елдің шетелге қатысты талаптары мен міндеттемелері.
Мұндай талаптар мен міндеттемелерге мемлекеттік (алтын-валюта және басқа да) және жәке активтер, тікелей инвестициялар, алынған және берілген несиелер , қаржы және қаржы емес корпорациялардың міндеттемелері жатады. Төлем балансынан бір айырмашылығы есеп айрысу балансында басқа елдерге қатысты төлем жасалмаған барлық талаптар мен міндеттемелер қамтылады.
