Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Валюталық операциялар(лекция).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
365 Кб
Скачать
☆

Мт 760 Кепіл-хатты шығару.

МТ 767 Кепіл-хатқа өзгеріс енгізу.

МТ 768 Кепіл-хатқа жасалған өзгерісті растау.

МТ 769 Міндеттеменің орындалғанын хабарлау

10.2 Банк кепілдіктерінің түрлері

Отандық банктік тәжірибеде мынадай банктің кепіл-хаттар түрлері қолданылады:

- «конкурстық кепіл-хат», яғни Бенефициар ұйымдастыратын тауарлар мен қызметтерді сатып алу және жабдықтауға байланысты конкурсқа қатысуға қажетті өтініш берушіге банктен берілетін кепіл-хаттың түрі;

- «міндеттеменің орындалуына берілетін кепіл-хат», яғни келісім-шартқа сәйкес аванстық төлемдер жаслаған жағдайда Бенефициардың алдындағы Өтініш иесінің міндеттемесін қамтамасыз ететін банктік кепіл-хат;

- «аванстық төлемнің қайтарылуына берілетін кепіл-хат», яғни Бенефициармен арада жасалған келісімшартқа сәйкес Өтініш иесінің белгілі міндеттемелерінің орындалуын қаматамасыз ететін кепіл-хат түрі.

Банктік кепіл-хат әдетте 5 жылға дейін беріледі. Банктік кепіл-хатты қамтамасыз ету құралдарына мыналар жатады:

  • банктік шоттағы ақшалай қаражаттар;

  • материалдық немесе материалдық емес активтер.

Банктік кепіл-хатты алу үшін өтінішке қосымша мынадай құжаттар тапсырылады:

    • өтініш беруші ұйымның кепіл-хатты алу және оған қамтамасыз ету мүлкін қою туралы хаттамасы;

    • бюджет алдындағы қарызының жоқтығы туалы анықтама;

    • конкурсты өткізуге байланысты Нұсқаулықтың көшірмесі (тендерлік кепіл-хат жағдайында);

    • контрактінің көшірмесі.

Кепіл берші үшінші бір тұлға болса, мысалы заңды тұлға, онда

Жоғарыдағы көрсетілген бастапқы екі пункттегі құжаттарға қоса, құрылтайшылық құжаттар мен ноториалды түрде куәландырылған қол және мөр қою үлгілері бар құжат тапсырылуға тиіс.

Егер кепіл беруші жеке тұлға болса, онда оның жеке куәлігі мен СТТН-нің көшірмесі талап етіледі.

Өтініш берушіден барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін банк қызметкері немесе несие официері Операциялық бөлімге шартты салым шотын ашу туралы үкім және Шартты банктік салым туралы келісімшартты дайындайды. Оған қосымша төмендегідей құжаттар даярланады:

  • Ақшаны кепілге алу туралы шарт;

  • Кепіл-хат туралы шарт;

  • Кепіл-хат міндеттемесі.

Келісімшарттарға әуелі Өтініш иесі (қажет болса Кепіл беруші), содан соң банктің жетекшісі қолдарын қояды.

Банктік кепіл хат алу үшін берілетін өтініштің үлгісі төменде берілген.(Ұйымның фирмалық қағазынада толтырылады).

__________________________ директоры

(кепіл-хат беретін банк атауы)

__________________________ мырзаға

(жетекшінің аты-жөні)

“___”_________200__ж. Алматы қ.

Банктік кепіл-хатты алу туралы

ӨТІНІШ

Осы ____________________________________________________

(ұйымның толық аты, мекені және банктік шот номері)

кепіл-хатты ______________________________________________________________

(кепіл-хат беретін бенефициар ұйымның толық аты, заңды және банктік көрсеткіші)

________________________________________________________________

(кепіл-хаттың сомасы мен валютасын көрсету)

________________________________________________________________

(кепіл-хаттың қызмет ету мерзімін көрсету)

мерзімге дейін біздің міндеттемемізді _______________________________

(тендердің / контрактінің № және күнін /

________________________________________________________________

өзге негіздемелерді көрсету)

қамтамасыз ету үшін беруіңізді сұраймыз.

Банктік кепіл-хатты беру туралы келісімшартқа сай біздің міндеттемемізді қамтамасыз ету құралы ретінде_______________________________

____________________________________________ұсынамыз.

(қамтамасыз ету түрін көрсету)

Берілген банктік кепіл-хат үшін төленетін комиссиондық сыйақының кепілдендіреміз.

Барлық қажетті құжаттарды бірге тапсырамыз.

______________ (_________________________________________)

(қолы) (жетекшінің аты-жөні және қызметі)

______________ (_________________________________________)

(қолы) (бас бухгалтердің аты-жөні)

М.О.

Операциялық бөлім Өтініш берушінің атына тиісті банктік шот ашады және шарты салым келісімшартын жасайды. Аталған банктік шотқа ақша аударылғаннан кейін Операциялық бөлім несиелік сарапшыға келісімшарттың қол қойылған көшірмесін береді.

Өтініш беруші мен Кепіл берушінің қаржылық жағдайына сараптама жасау үшін мынадай құжаттарды талап етеді:

  • соңғы күнге жасалаған бухгалтерлік балансы мен оған қосымшаларды;

  • басқа қызмет көрсететін банктерден шотының айналымы туралы анықтама;

  • басқа банктер алдында қарызының жағдайы туралы анықтама;

  • берешек және алашақ қарыздары туралы құжаттар.

Өтініш берішінің қаржылық жағдайына сараптамаға қоса Өтініш беруші / Кепіл берушінің құқығын растайтын құжаттарына құқықтық сараптама жүргізіледі.