- •5В050800- «Есеп және аудит» мамандығының
- •1. Пәннің мазмұны:
- •3. Пәндi оқыту мiндеттерi
- •Дәріс сабағының жоспары
- •Астана 2013 ж.
- •Аға оқытушы- е.А. Мұхамеджанов
- •Пәннің сағаттық жоспары
- •І «Валюталық операциялар» пәнінің курсына кіріспе
- •Іі Валюталық бақылау және валюталық реттеу саясаты
- •Ііі Халықаралық төлемдер және есеп айырысулар
- •Іү Валюталық нарық және валюталық операциялар
- •Анықиамалық әдебиеттер:
- •Студенттің білімін бағалау шкаласы
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Глоссарий
- •Пәннің дәріс кешені
- •1. 2 «Валюталық операциялар» курсының негізгі мақсаты және міндеттері
- •2.2 Ұлттық валюталық жүйенің негізгі элементтері
- •2.3 Әлемдік валюталық жүйенің негізгі элементтері
- •3.2 Валюталық курс түрлері және режимдері
- •3. 3 Валюталық курстың қалыптасуына әсер ететін факторлар
- •3.4 Валюталық курс теориялары
- •4.2 Валюталық саясат, оның нысандары және түрлері
- •4.3 Қазақстандағы валюталық және экспорттық бақылау ерекшеліктері
- •4.4 Валюталық саясатты қалыптастыру негізі ретіндегі валюталық курс шамасын мемлекеттік және нарықтық реттеу
- •5.2 Қр валюталық операцияларды реттеу, экспорттық және импорттық бақылау
- •5.3 Еркін қалқымалы валюталық курс режимін енгізу үдерісі, оның салдары
- •6.3 Төлем балансы тұжырымдамасы және төлем балансын реттеу әдістері
- •6.4 Қазақстанның төлем балансының ерекшеліктері
- •7.2 Халықаралық корреспонденттік қатынастар
- •7.3 Халықаралық валюталық банктік аударымдар
- •8.2 Халықаралық есеп айырысулар мен төлемдерді жүргізудің валюта-қаржылық шарттары
- •8.3 Халықаралық есеп айырысулар және төлемдердің нысандары
- •3 11 13 Белгілеу 6 түсіру
- •10 Банк
- •6 7 Пункті пунктті
- •Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
- •9.2 Клиринг – банк корреспонденттердің негізгі операциясы
- •Мт 760 Кепіл-хатты шығару.
- •10.2 Банк кепілдіктерінің түрлері
- •10.3 Банк кепілдіктерінің артықшылықтары және кемшіліктері
- •11.2 Әлемдік валюталық нарық қатысушылары
- •11.3 Валюталық котировка және кросс-курс
- •11.4 Валюталық позиция, оның түрлері.
- •12.2 Валюталық операцияларды жүргізу техникасы
- •14.2. Валюталық тәуекелді сақтандыру әдістері және тәсілдері
- •15.2 Валюталық нарық қатысушылары
- •15.3 Қр валюталық нарықты реттеу және бақылау
- •1. Соөж тақырыбының атауы
- •2. Соөж тапсырмалары Валюталық операциялардың пәні, әдісі, мазмұны
- •Әлемдік және ұлттық валюталық жүйелер, олардың негізгі элементтері
- •Валюталық курс – валюталық жүйенің негізгі элементі
- •Мемлекеттің валюталық саясатын қалыптастыру
- •Қазақстан Республикасының валюталық саясатының ерекшеліктері
- •Төлем балансы, мемлекеттің валюта-қаржылық саясатының бейнесі ретінде
- •Халықаралық банк ісінің негіздері және валюта-қаржылық қатынастар
- •Халықаралық есеп айырысуларды және төлемдерді жүргізу ерекшеліктері
- •Халықаралық корреспонденттік қатынастар жүйесі
- •Банк кепілдіктері халықаралық есеп айырысуларды жүргізу және қамтамасыз ету құралы ретінде
- •Валюталық нарық
- •Валюталық операциялар
- •Валюталық спекуляция
- •Валюталық тәуекел және оны сақтандыру әдістері
- •Қазақстан Республикасының валюталық нарығы
- •Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •Валюталық операциялардың пәні, әдісі, мазмұны
- •Әлемдік және ұлттық валюталық жүйелер, олардың негізгі элементтері
- •Валюталық курс – валюталық жүйенің негізгі элементі
- •Мемлекеттің валюталық саясатын қалыптастыру
- •Қазақстан Республикасының валюталық саясатының ерекшеліктері
- •Төлем балансы, мемлекеттің валюта-қаржылық саясатының бейнесі ретінде
- •Халықаралық банк ісінің негіздері және валюта-қаржылық қатынастар
- •Халықаралық есеп айырысуларды және төлемдерді жүргізу ерекшеліктері
- •Халықаралық корреспонденттік қатынастар жүйесі
- •Банк кепілдіктері халықаралық есеп айырысуларды жүргізу және қамтамасыз ету құралы ретінде
- •Валюталық нарық
- •Валюталық операциялар
- •Валюталық спекуляция
- •Валюталық тәуекел және оны сақтандыру әдістері
- •Қазақстан Республикасының валюталық нарығы
- •Қорытынды бақылау
15.2 Валюталық нарық қатысушылары
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес Ұлттық Банкке жүктелген реттеу функцияларына өзгертулер енгізілді. Қаржы нарығының барлық қатысушыларын қадағалау үшін жеке реттеуші орган – “Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлкеттік реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі” құрылып, Ұлттық Банктің реттеу қызметі аталған агенттікке өтті. Алайда, валюталық реттеу мен бақылау әлі де Ұлттық Банктің негізгі қызметіне жатады.
Валюталық реттеудің негізгі мақсаттары – ұлттық валютаны қорғауды және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету, төлем балансының тұрақтылығын қолдау, ішкі валюта рыногын қалыптастыру және дамыту. Валюталық реттеудің негізгі міндеттері:
Қазақстан Республикасының аумағында валюта операцияларын жүзеге асыру принциптері мен тәртібін, валюта операциялары субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, валюта заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;
валюта заңдарының сақталуын бақылау (валюталық бақылау);
республикада жүргізілетін валюта операциялары туралы ақпарат жинау, ақпараттық-талдау материалдарын дайындау болып табылады.
Валюталық бақылау валюталық реттеу жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Валюталық бақылаудың мақсаты Қазақстан Республикасының валюта рыногының субъектілері валюта операцияларын жүзеге асырған кезде олардың заңдарды сақтауын қамтамасыз ету болып табылады. Валюталық бақылаудың негізгі міндеттері:
жүргізілетін валюта операцияларының қолданылып жүрген заңдарға сәйкестігін және оларды жүзеге асыру үшін қажетті лицензиялар мен тіркеу куәліктерінің болуын анықтау;
экспорт түсімінің толық және уақтылы түсуін, импорт мақсатына шетел валютасымен жасалған төлемдердің құқықтылығы мен негізділігін, оның ішінде олардың сыртқы экономикалық келісім-шарттардың талаптарына сәйкестігін тексеру;
валюта операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудің толық және объективті болуын тексеру.
Валюталық реттеу мәселелерін шешу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мынадай негізгі әдістерді қолданады:
валюта операцияларының субъектілері мен объектілерін айқындауды, валюта операциялары субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, валюта операцияларының жіктеуін, валюталық құндылықтар айналысының (иелік ету, пайдалану, басқару) ережесін белгілеуді көздейтін валюта операцияларын жүргізу тәртібін белгілеу және басқалары;
валюталық шектеулерді енгізу – валюта операцияларының сипатына, субъектілеріне, объектілеріне, операциялар көлеміне қарай белгіленген валюта операцияларын жасауға шектеулерді (тыйым салуларды) белгілеу және т.б.;
валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау;
капитал қозғалысына байланысты валюталық операцияларды тіркеу;
валюта операциялары туралы есептерді жинау және талдау;
валюта заңдарының сақталуын бақылау, оның ішінде экспорт-импорт мәмілелерін паспорттау рәсімін белгілеу және тексерулерді (инспекцияларды) жүгізу арқылы
(Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюталық бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты;
Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелері бойынша тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу ережесін қараңыз);
валюталық реттеу мәселелері жөніндегі халықаралық ынтымақтастық.
Валюталық реттеудің негізгі әдістерінің бірі валюта операцияларын жүргізу тәртібін белгілеу болып табылады, ол валюталық реттеу мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілерді басу арқылы жүзеге асырылады. Негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының валюталық рыногы субъектілерінің валюта операцияларын жүргізу тәртібін сақтауын қамтамасыз ету.
Қазақстанның Ұлттық Банкі валюта құндылықтарымен, қымбат металдармен, асыл тастармен мынадай операция жүзеге асыруға құқылы:
шетел валютасын сатып алуға және сатуға;
шетел мемлекеттердің үкіметтері немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және кепілдік берген бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға немесе олармен операция жасауға;
өздері тіркелген мемлекеттердің заңдарына сәйкес тиісті құқы бар шетелдік орталық және басқа банктерде, қаржы мекемелерінде, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарында шот ашуға;
өздері тіркелген мемлекеттердің заңдарына сәйкес тиісті құқы бар шетелдік орталық және басқа банктер, өзге де қаржы мекемелері, шетел үкіметтері мен олардың агенттері, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары үшін шот ашуға және жүргізуге, өкіл немесе корреспондент ретінде қызмет етуге;
тазартылған алтынды, қымбат металды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды қабылдауға және сақтауға;
Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің тапсыруымен Қазақстанның Ұлттық Банкінің қоймасында үкіметтік (бюджеттік) резервке бөлінген құндылықтарды сақтауға, қабылдауға;
Қазақстан Республикасының аумағында және сыртқы нарықта тазартылған алтын мен басқа да қымбат металдарды сатып алу және сату жөнінде операция жасауға;
Қолданылып жүрген заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасына валюталық құндылықтарды және қымбат металдарды әкелуге, сондай-ақ оларды шетел банктеріндегі және мамандырылған қаржы ұйымдарындағы өздерінің шоттарына орналастыру үшін шетелге шығаруға;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық реттеуді жетілдіру жөніндегі қызметінің негізгі бағыттары алдыңғы жылдары валюталық нарықты тікелей реттеудің ажырамайтын бөлігі болып табылатын валюталық бақылау рәсімдерін тәртіпке келтіруден, сондай-ақ сыртқы экономикалық операцияларға қатысушылардың жауапкершілігін және іс жүзінде валюталық заңдарды бұзғандарды жауапкершілікке тарту тетігі болмағандықтан оларға қойылатын талаптарды арттырудан көрінеді.
Қолма – қол шетел валютасындағы айырбас операцияларын уәкілетті ұйымдар, оның ішінде қолма – қол шетел валютасында айырбас операцияларын ұйымдастыруға Ұлттық банк лицензиясы берілген банктер жүзеге асыра алады. Операцияны жүзеге асыруға лицензиясы бар уәкілетті банк орналасқан жерде немесе одан тыс жерде айырбас орындарын ашуына болады. Айырбас орындарын ашу кезінде Ұлттық банк филиалдарына тіркеу қажет және тіркеу куәлігі берілу қажет.
Айырбас орындары валюталық айырбас операцияларының келесі түрлерін жүзеге асыра алады:
Қолма – қол шетел валютасын сатып алу және сату;
Шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және сату;
Қолма – қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассалау үшін қабылдау;
Шын екендігіне күмән тудыратын шетел мемлекеттерінің ақша белгілерін және шетел валютасындағы төлем құжаттарын сараптаудан өткізу үшін қабылдау;
Банктердегі жеке тұлғалардың шотына есептеу үшін кредиттік және
дебеттік карталар бойынша есеп айырысу үшін қызмет ететін қолма – қол шетел валютасын қабылдау және оларды беру;
Бір мемлекеттің валютасын екінші мемлекеттің валютасына айырбастау;
Шетел мемлекетінің төлемсіз ақша белгісін сол шетел мемлекетінің төлемді ақша белгісіне айырбастау.
Уәкілетті банк айырбас орнында валюта – айырбас операциясының барлық немесе кейбіреуін ғана жүргізе алады.
Айырбас орындары уәкілетті банк басқарушысының жазбаша өкімі негізінде бекітілген сатып алу, сату бағамы және кросс – бағамына сәйкес сатып алу, сату және айырбас операцияларын жүргізеді. Жеке тұлғалардың қолма – қол шетел валютасын бір жолға сатып алу тіркеу журналына тіркеледі.
Анықтама – сертификат жеке тұлғаның қолма – қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алғандығын растау үшін қызмет етеді,сондай – ақ жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасынан қолма – қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын шетке шығару үшін негіз болып табылады.
Айырбас орнының жұмыс басталғанға дейін банк айырбас орнының кассирін қолма – қол теңге және шетел валютасымен, сонымен бірге валюта – айырбастау операциясын рәсімдеу үшін қажетті төлем құжаттарының бланкілерімен қамтамасыз етеді. Әрбір айырбас орындарына банк бір күн ішіндегі жұмысты қамтамасыз ететін қолма – қол теңге және шетел валютасында аванс көлемін белгілейді. Аванс көлемі айырбас орнының жұмысы бойынша міндетті тұлға қол қойылған аванстық өтінішпен белгіленеді.
Авансты қолма – қол теңге және шетел валютасында беру шығыс кассалық ордер бойынша жүргізіледі. Қолма – қол шетел валютасында аванс беру, шығыс ордері авансты беру күніне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағамы бойынша есептелген валютаның әрбір түрі бойынша атаулы сомасын көрсете отырып жазылады. Қолма – қол теңгедегі авансқа бөлек шығыс ордері толтырылады. Егер айырбас орнының кассиріне құндылықтарды беру инкасатор арқылы немесе кассирге өтініш негізінде жүргізілсе, егер ол құндылықтарды банк кассасынан алатын болса шығыс ордерлері банк бухгалтериясы арқылы беріледі. Олар үш данада шығарылады, авансты берген және авансты алған банк кассирі толтырады.
Шығыс ордерлерінің бірінші данасы банк кассирінде қалады. Екінші данасы авансты бергеннен кейін есепте операцияны көрсету үшін банк бухгалтериясына жіберіледі, үшіншісі – айырбас орнына жіберіледі, онда кассир күн құжаттарына тіркеп, одан кейін операциялық күн соңында банк бухгалтериясына өткізіледі. Күнделікті алынған, сатылған, сатып алынған және өткізілген валюта бойынша айырбас орнының қызметкері аванстық есеп – қисап жасайды.
Қолма – қол шетел валютасын төлем құжатын сатып алу және сату бойынша операцияны жүргізу кезінде айырбас орындары салық органдарында тіркелген ресми жаднамасы бар компьютерді пайдалануы қажет.
Егер Ұлттық банк қанлай да бір шетел валютасын пайдалануға шек қойған жағдайдан басқа уақытта айырбас орындары шетел валютасын олардың құны және шығарылған жылы бойынша сатып алуға, сату немесе айырбастауға қандайда бір шек қоюға құқылы.Ескі банкноттарды сатып алу, айырбастау және ұсақтау тек уәкілетті банктер арқылы жүзеге асырылады. Ескі банкноттарды жаңа банкнотқа айырбастау бойынша комиссиялық сыйақы өз еркімен қойылады, бірақ айырбасқа ұсынылатын соманың екі пайызынан аспау керек.
Ескі разрядына олардың шын екендігіне күмән тудырмайтын өзінің толық өлшемінің және белгісінің (олардың атауын көрсететін жазбаша және сандық) 70 % пайызын сақтаған және шамалы банкноттар жатады, сонымен бірге келесілер де жатады:
Бүлінген, бөлек жазулар, дақтары, мөр іздері алғашқы түсін жоғалтқан банкноттар;
Бір банкнотқа жататын жыртылған және жабыстырылған, бұрыштары, жиекткрі жоғалған, тесіктері бар банкноттар;
Тозған банкноттар;
Жоғарыда көрсетілген зақымдануға сәйкес сатып алуға, сатуға және айырбастауға жатпайтын банкноттар иесінің келісімімен уәкілетті банк инкассоға алуға құқылы. Шетел валютасындағы төлем құжаттармен қолма – қол шетел валютасын инкассоға қабылдау бойынша операциялар түбір тек берілетін клиент өтініші негізінде жүзеге асырылады. Инкассоға қабылданған валюта уәкілетті банк өз бетінше белгіленген, төмен жөнелтіліп топтамасын қалыптастыру үшін қажетті соманы жинақтау бойынша эмитент – банктерге (шетел банктері) жіберіледі. Уәкілетті банктер ескі банкноттарды айырбастаудан эмитент – банктердің (шетел банктері) бас тарту мүмкін екендігін клиенттерге ескерту қажет. Бұл жағдайда уәкілетті банктер клиенттерге сәйкес растама құжаттарын ұсынулары қажет. Уәкілетті банк инкассоланған шетел валютасы үшін немесе теңгеде төленуі мүмкін немесе заңдылықтарға сәйкес банктік шотқа аударылуы мүмкін.
Шетел мемлекетінің төлемсіз ақша белгісін төлемге айырбастауға болады, сонымен қатар айырбас орнының кассирі осы операцияны айырбас тізілімі арқылы жүзеге асырылады. Шетел мемлекетінің төлемсіз ақша белгісіне сәйкес шетел банкіне инкассо үшін жіберіледі. Егер айырбас орнының кассиріне ұсынылған шетел ақша белгілері олардың шын екендігіне күмән тудырылса немесе жасанды екендігі анықталса клиентке қайтарылмайды, оларды сараптаудан өткізуге алып қалады.Егер олардың шын екендігі анықталса, онда клиентке қайтарылу немесе теңгедегі шотына есептелуі мүмкін. Жарамсыз деп танылатын шетел мемілекетінің ақша белгісі немесе шетел валютасындағы төлем құжаттары клиентке қайтарылмайды және ішкі істер органына тапсырылады.
Айырбас орындарының барлық операциялары банктің бухгалтерлік есебінде қай күні жасалады, сол күні көрсетілуі қажет. Айырбас орындарында жүргізілген қолма – қол шетел валюталарын сатып алу және сату операциялары белгіленген нысан бойынша сатып алынған және сатылған шетел валютасы тізілімі журналында операцияны жүргізу кезінде көрсетіледі. Тізілім журналында жөндеулер мен басқа да өзгерулер жасауға болмайды. Қате мәліметтерді сызып тастау қажет және кассирдің қолымен куәландырылған түзету жазбасы жасалады.
Тізілім журналы 30 парақтан кем болмау қажет. Журналды нөмірлеп, шнурлап, заңды тұлғаның және Ұлттық банктің филиалының мөрімен бекіту қажет және уәкілетті банк басқарушысы мен бас бухгалтердің қолымен Ұлттық банк филиалының басшысы немесе басшының орынбасарының қолымен расталуы керек. Уәкілетті банктер үш жұмыс күніне кешіктірмей Ұлттық банк филиалы тізілім журналының болжалды аяқталу мерзімі туралы және жаңа тізілім журналының рәсімделінуі үшін өтініш жасау керек.Уәкілетті банктер бір жұмыс күнінен кешіктірмей Ұлттық банк филиалына келесі күннен рәсімделу үшін тізілім журналының аяқталуы туралы және оны сақтау мерзімі туралы белгілі жасайтын аяқталған тізім журналын ұсынуға міндетті. Аяқталған тізілім журналы уәкілетті банктерде олардың аяқталған күніне бастап 5 жыл ішінде сақталады.
Уәкілетті банктердің айырбас орындары тізілім журналы электронды түрде жүргізуге құқылы. Бағдарламалық қамтамасыз ету талаптарын және журналды жүргізу тәртібін Ұлттық банк бекітеді.
Валюта – айырбас операциясының аналитекалық есебі әрбір қолма – қол шетел валютасының, шетел валютасындағы төлем құжатының, шетел мемлекетінің төлемді және төлемсіз ақша белгісі және шетел валютасындағы төлем құжатының түрі бойынша сондай – ақ әрбір айырбас орындары бойынша ашылатын дербес шоттарында жүргізіледі. Дербес шоттар кіріс және шығыс кассалық ордер, сондай – ақ тізілім негізінде жүргізіледі. Синтетикалық есеп құралдарына күнделікті баланстар, кассалық және бухгалтерлік журналдар, тексеру және айналым тізімдемесі жатады.
Жұмыс күнінің соңында айырбас орнының қызметкерлері сол күн ішіндегі операциялар бойынша нәтижелерді есептейді және келесі күнге қалдық шығарады. Күн ішінде тізілім журналында бағам белгіленген уақытқа дейін сатып алынған және сатылған валюта көлемі бойынша аралық нәтиже жүргізіледі.
Жұмыс күні аяқталғаннан кейін айырбас орнының қызметкері шетел валютасын және түсімді сатып алу (сату) туралы айырбас орнының күнделікті есеп беруін жасайды, валюталық және басқа да құндылықты есептейді, кассалық ақпарат немесе компьютердің есептік құжат мәліметтерімен сәйкестігін салыстыруы және әрбір құндылықтары бар инкассаторлық сөмкеге үш данада жөнелтпе тізімдемесін жасайды, тізімдеменің бірінші данасын және онда көрсетілген құндылықтарды кассир инкассаторлық сөмкеге жөнелтпе құжат ретінде жатқызылады және инкассатор кіріс кассалық және баланстан тыс ордерлерді рәсімдеу үшін банк бухгалтериясына жіберіледі. Жөнелтпе тізімдемесінің үшінші данасы айырбас орнындағы құжатта сақталады.
Есеп айырысу күніндегі немесе қаржы есептемесін жасаған күнгі және оларды есепті мерзімдегі бухгалтерлік есепке алған немесе өткен есепті мерзім үшін қаржы есептемесін жасаған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағамы бойынша теңгеге есептелген шетелдік валютамен көрсетілген активтер немесе міндеттемелерді бағалауы арасындағы айырма нәтижесінде туындаған бағамдық айырмалар олар туындаған кезеңнің табысы немесе шығыны ретінде танылуы тиіс. Егер операция бойынша есеп айырысу кейінгіесепті кезеңде жүргізілетін болса, есеп айырысу кезеңінедейінгі әрбір аралық кезеңдегі бағамдық айырма осы кезеңде танылады және осы кезеңге жатқызылады.
