Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Валюталық операциялар(лекция).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
365 Кб
Скачать
☆

14.2. Валюталық тәуекелді сақтандыру әдістері және тәсілдері

Валюталық тәукелдер көбінесе банкте әр түрлі жолдармен жүзеге асырылады. Банк ішкі құрылымының валюталық тәукелді басқаруының бірінші қадамы болып валюталық операциялар бойынша шектеулердің белгіленуі саналады. Мысалы, төменде көп таралған шектеулердің түрлері мынадай:

  • шетел басқару ұйымдарының шектеулері;

  • контрпартнерлермен және клиенттермен жүргізілетін операциялардың шектеулері;

  • жабдықтаушылық шектеу;

  • шектеудің әр күнге және әрбір дилерге жасалынуы;

  • зиян шектеулері. Кейбір банктерде мұндай шектеу әрбір жұмыс істеу күніне және бөлек уақыттарда көрсетіледі. (әдетте бір ай), кейбір банктерде ол бөлек операциялардың түрлерінде көрсетіледі, ал тағы басқа банктерде сонымен бірге бөлек дилерлерде көрсетілуі мүмкін.

Валюталық тәуекелді төмендетудің мынадай негізі әдістері болады:

    • валюталық тәуекелдерді сақтандыру;

    • хеджирлеу;

    • диверсификациялау.

Валюталық тәуекелдерді сақтандыру валюталық тәуекелдерді басқарудың негізгі әдістерінің біріне жатады.

Халықаралық банктік тәжірибеде валюталық тәуекелдерді сақтандырудың төмендегідей үш тәсілі қолданылады:

  • контрагенттерінің бірінің біржақты ісәрекеті;

  • банктік және үкіметтік кепіл-хаттар;

  • мәмілеге қатысушылардың өзара келісімдері.

Валюталық тәуекел сақтандыруда қорғаныс келісімдері, яғни валюталық бағамдардағы өзгерістерге сәйкес валюталық мәміле келісімшарты немесе контрактінің орындалуы барысын қайта қарау мүмкіндіктері өзара келісіледі. Нақтырақ айтсақ, валютаның бағамындағы өзгерістерден экспортерді немесе несие берушіні сақтандыру үшін бағамдағы өзгеріске байланысты төлем сомасын қайта қарау туралы келісімі несиелік немесе коммерциялық контрактінің шартында көзделеді.

Хеджирлеу валюталық тәуекелді сақтандырудың құрамдас бөлігі ретінде белгілі бір операцияларды жүргізу және мерзімді контрактілерді жасауды білдіреді.

Хеджирлеу тәсілдеріне құрылымдық (активтер мен пассивтерді, алашақ және берешек қарыздарды) теңестіру, төлем мерзімін өзгерту, қаржылық құралдар жатады.

Шектеулерден басқа әлемдік тәжірибеде валюталық тәуекелдің төмендеуіне мына әдістер қолданылады:

  • активтер мен пассивтер бойынша сату мен сатып алу кезіндегі валютасының есеп айырысу, яғни бұл «мэтчинг» әдісі деп аталады.

  • «неттинг» әдісін пайдалану. Яғни бұл көптеген валюталық келісім шартының өсуіне байланысты азаяды. Бұл мақсатқа жету үшін банктер шетел валютасын сату және сатып алу өтініштерін қарастыратын арнайы бөлімдер ашады.

  • Ақпараттық тауарларын қабылдау арқылы, жаңа ақпараттарға ие болу.

  • Күнделікті өмірде валюталық нарықты нақты қарастыру және тексеру немесе талдау жүргізу.

Сонымен бірге айта кететін жәйт, бұл валюталық қатерді азайту үшін хеджерлеу қолданылады.

Хеджирлеу – бұл болуы мүмкін жоғалтулардағы, қатерлерді азайту болып табылады.

Хеджирлеудің жоқ болуы 2 мәселеге қатысты: біріншіден, кәсіпорын қатердің немесе қатердің азаюының мүмкіндігінің бар болуын білмеуі мүмкін, екіншіден, ол айырбасту курсы немесе пайыздық ставкаларының өзгеріссіз бір қалыпта қалуы немесе өзгерсе, тек өзінің жағына қолайлы өзгереді деп ойлауы мүмкін. Нәтижесінде кәсіпорын спекулир етеді: егер оның күтімі дұрыс болып шықса - ол ұтады, ал дұрыс болмаса – ол зиянға ұшырайды.

Барлық қатердің хеджированиесі – бір ғана әдісі, олардан түгелдей қашықтау. Бірақ компанияның финанстық директоры таңдаулы хеджированиеге көз салады. Егер олардың ойынша валюталық курс немесе пайыздық ставка олар үшін жаман жаққа өзгерсе, онда қатерді хеджир етеді, ал егер қозғалыс олар үшін жақсы жаққа өзгерсе – қатерді жабылмаған қалпына қалдырады. Негізінен спекуляция деген осы.

Жалпы хеджированиенің кемшілігінің бірі болып – үлкен комиссиондық шығындар б.т. Таңдамалы хеджированиені жалпы шығынның азайту әдісі ретінде қарастыруға болады.

Ал өзге әдіс бұл – курстардың немесе ставкалардың белгілі бір сатыға дейін өзгеруін күтіп, тек содан кейін қатерді сақтандыру болып табылады.

Коммерциялық тәуекелдер ішінде маңызды орынды валюталық тәуекелдер алады, яғни валюта курстарының өзгеруінің нәтижесінде валюталық жоғалтулар қаупі сыртқы саудалық және несиелік келісімі арасындағы қол қою кезеңіндегі төлем валютасына қатынасы.

Валюталық тәуекелділік негізінде көрсетілген кезеңдегі ақшалай міндеттемелердің нақты құнының өзгерісі жатыр.

Валюталық бағамдардың өзгеруі бір фирмалар мен банктердің баюына, екіншілерінің шығындалуына әкеледі.

Валюталық тәуекелділікке келісімінің екі тарапы (ссудалық және несиелік), сонымен қатар шетел валютасының мемлекеттік және жеке иеленушілері де ұшырайды.

Банктердің валюталық тәуекелділіктері ашық валюталық позиция кезінде пайда болады.

Анықтама бойынша, ұлттық валютаның шетел валютасына ауыстыруымен байланысты мәмілелер жасауды рұқсат етпейтін заңы бар елдер валюталық тәуекелділікке ұшырайды.

Валюталық тәуекелділікті үш өзара байланысты категорияға бөлуге болады:

Экономикалық тәуекелділік: болашақтағы болатын бағам өзгерісіне байланысты банктің (немесе фирманың) активтер және немесе пасиивтер құнының өзгеру тәуекелділігі.

Аудару тәуекелділігі: бухгалтерлік сипаты бар, шет ел валютасындағы активтер және пассивтер есебіндегі ерекшеліктермен байланысты.

Мәмілелер тәуекелділігі: болашақтағы шетел валютасында номиналданған ұлттық валютадағы анықталмаған құндылық

Валюталық тәуекелділік шетел валютасына қатыста ұлттық валюта бағасының болашақтағы қозғалысының себепсіздігімен байланысты.

Валюталық тәуекелділік пайыздық ставка тәуекелділігі және өтімділік тәуекелділігімен байланысты екені сөзсіз.

Ол валюталық пассивтер және активтер құрылымының сәйкессіздігінен және де мемлекеттегі инфляциялық үрдіс кезінде пайда болуы мүмкін.

80- ші жылдары валюталық тәуекелділіктің проблемасы халықаралық операцияларға негізделген банктер мен корпорациялар қызметінің ажырамас бөлігіне айналды.

Бір жағынан, трансұлттық банктер және корпорациялар әрдайым өздерінің шетел қызметін кеңейтіп отыр және соған байланысты лоардың операцияларының көп бөлігі шетел валютасында жүргізіледі.

Екінші жағынан, валюталық бағамның ауытқуы тез өсті және оларды болжау қиындап кетті.

Ірі банктер және трансұлттық компаниялар валюталық тәуекелділік проблемасымен 70 – жылдарың басында жұмыс жасай бастады. Алайда, тек соңғы жылдары ғана валюталық бағамдарың ауытқуы, осы бағытта тәжірибелік шараларды қабылдауы талап ететін көлемдарге жетті.

Валюталық тәуекелділіктерді басқару бойынша арнайы мекемелер, инструменттер, жүйелер, әдістер пайда болды. Валюталық бағамның бір – бір – біріне қатысты өзгерісі көптеген факторлар себебінен болды. Мысалы, валютаның ішкі құнының өзгеруіне, әрдайым бір елден басқа елге ақша ағымының жүріп отыруына және т.б. байланысты болды.

Ал, кез – келген валютаны сипаттайтын басты факторлар – ол резиденттердің және резидент еместердің валютаға деген сенімділік деңгейі табылады.

Валютаға деген сенімділік бірнеше көрсеткіштерден тұратын көп факторлы критерий, олар мысалы: саяси режимге деген сенімділік көрсеткіші, елдің ашық нарығының дейгейі, елдің экспорттық – импорттық балансы, базалық макроэкономикалық көрсеткіштер және болашақта елдің тұрақты дамуына инвестициялардың сенімділігі.

Алайда, шын мәнінде, бұндай пікір тек валюталық бағамның айқын режим түріне, ал атап айтқанда өзгермелі бағамға қатысты. Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибеде нақты елдің ерекшелігіне байланысты валюталық бағамдар режимінің бірнеше түрлері бар.

Валюталық жүйенің түрін кейбір шартты сипаттамалар бойынша анықтауға болады:

1) жабық нарықтағы елдің түрі келесі сипаттамаларды қамтиды: экономикалық ақпараттардың жабықтығына деген үрдісі, инвестициялар және экспорттық – импорттық опреациялар үшін қатаң шектеулер, экономиканың мемлекеттік нысаны және т.б.

Бұндай елдің валюталық бағамы өзгермелі, әдетте инвестициялар және импортерлер осындай валютада мәмілелер жасаудан қашады, және де тауар айналымы бойынша нақты есеп айырысулар үшінші елдер валтасында жүргізіледі. Әдетте мұндай валюталар нарығы, өте тар болып келеді (немесе мүлдем болмайды).

Әлемдік нарықта мұндай валюталар бағамына макроэкономикалық көрсеткіштер тікелей әсер етпейді.

2) Елеулі экономикалық әлуеттегі тұрақты бағамы басым елдер. Әдетте мұндай елдердің валюта бағамы беделді валютаға қатысты қатаң тұрақтандырылмаған және экспорттық-импорттық операциялар мен инвестицияларды жүзеге асыруға қолайлы болып табылады. Бұндай елдердің ұлттық валютаның бағамына макроэкономикалық көрсеткіштер өте әлсіз немесе мүлдем әсер етпейді.

Және де экономикасы салыстырмалы түрде бос, бірақ тұрақты емес көптеген елдер шеңбері бар. Мұндай елдердің валюталық бағамы әрдайым болжамды және кездейсоқ факторларға тәуекелді болуы мүмкін, олар: саяси тұрақсыздық, халықаралық бәсеке қабілетсіздігі, мемлекеттік бюджет тапшылығын инфляциялық қаржыландыру, валюталық резервтер деңгейінің жеткіліксіздігі, соның ішінде макроэкономикалық көрсеткіштер және т.б.

Экономикасы тұрақты елдер бос өзгермелі ұлттық валютаны ұстанады. Бұндай елдердің маңызды сипаттамалары болып: нарық экономикасы дамыған, экономикалық табыстылық, елдегі ақша массасына, пайыздық мөлшерлемеге және инфляцияға қатаң бақылау жасау.

Мұндай валюталарға инвестициялар салу тәуекелі төмен және әдетте экспорттық – импорттық операциялар осы валюталар арқылы жасалады.

Валюталар бағамдарының тез ауытқуы әртүрлі экономикалық және алып-сатарлық себептермен байланысты болуы мүмкін. Нарық барлық экономикалық көрсеткіштерге эксперттер болжамдарына, экономикалық кризистер мен экономикалық сыбыстарға және алып-сатарларға жақсы табыс әкелетін алып-сатарлық ойында бастау үшін қолданылатын себептерге сезімтал әсер етеді.

Одан басқа, тек валюталары қиын болжамды ауытқу тәуекеліне ұшыраған елдер ғана емес, сонымен қатар дағдарыстық елдермен көрші немесе олармен маңызды экономикалық немесе саяси байланыстары бар елдердің де тәуекелділікке ұшырауы қаупі бар.

Валюталық тәуекелдік пайыздық тәуекелділікпен тығыз байланысты. Олар баға мен құн элементтерін қосады, соған байланысты болашақта табыс немесе шығын алады. Екеуіне де «баға» факторы бір-біріне сәйкес, яғни ол дегеніміз ішкі және сыртқы ақша саясаты қатты әсер ететін сұраныс ( шетел валютасына немесе несиелерге).

Валюталарға тәуекелділікті дұрыс бағалау маңызды экономикалық мәнге ие. Банктің ірілігіне қарамастан ұзақ уақыт жасаған шаралары нарық стихияся қысқа мерзім ішінде жоқ болып жіберуі мүмкін, сондықтан мүмкін болатын шығындарды болжау банктің негізгі қызметінің тиімділігін жоғарылату үшін ішкі қаржылық жоспарлауды жүргізу маңызды роль атқарады.

Тәуекелдікті бағалау құрамына тәуекел кезеңінің көлемі, тәуекелдікке ұшырайтын сомасы және де болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелер бойынша жоғалтулар тәуекелі кіреді.

Валюта «спот» ( тез немесе екі күндік есептеме бойынша), «спот» (банктер арасында) немесе «форвард» («аутрайт», банк және клиенттер арасында) шарттары бойынша жасалынады.

«Своп» банк аралық мәмілелері валюталық мәмілелер ішіндегі басым көпшілігі болса да, біз форвардтық мәмілелерді шоғырландырады. Өйткені олар клиенттер жасайтын валюталық тәуекелділіктерді басқарумен байланысты.

Ашық валюталық позиция лимиті. Кез –келген шетел валютасы бойынша ашық валюта позиция лимиті банктің меншіктік капиталының 30 % көлемінен аспауы қажет, ал валюталық нетто –позиция банктің меншіктік капиталының 50 % - нен аспауы қажет.

Шетел валютасымен жасалатын операциялардағы екінші деңгейлі банктердің ролі – ол шет ел валютасы нарығы мен клиенттің арасында болуы. Басқа сөзбен айтқанда, тәуекелділіктен сақтану саясаты нарығындағы операцияларға тарауы қажет.

Банк валюталық операцияларды басқару қызметіне күнделікті бақылау жасау мақсатында тиімді бақылау жүйесін жасау қажет.

Сақтандыру клісім шарты ретінде опционның ерекшелігі болып опционды сатушының қатері болып саналады. Егер опцион курсын қате есептесе, онда сатушы зиян ға ұшырауы мүмкін. Нәтижесінде осы мәселе оныңсыйақысына әсерін тигізеді. Сондықтан да опционды сатушы оның курсын әрқашан төмендетуге ынталанады және осының нәтижесінде өз сыйақысын көтереді.

Валюталық, пайыздық және инвестициондық қатерлерді сақтандыру үшін соңғы кездерде жаңа финанстық жабдықтар қолданылады: финанстық фьючерстер және финанстық опциондар (опциондар бағалы қағаздармен); болашақтағы пайыздық ставка туралы келісім; қосымша сақтандыру шарттарымен шығарылған бағалы қағаздар және т.б.

Бұл сақтандыру әдістері экспартерлар мен инвесторларға валюталық, несиелік және пайыздық қатерлерді банкке тапсыруға мүмкіндік береді. Жаңа финанстық жабдықтардың операциясы әлемдік финанстық орталықтармен көзделген. Қазіргі таңда осы қатерді сақтандыру әдістері көп пайдалынуда.

Дамыған мемлекеттерде мамандандырылған эксперттік кәсіпорындар инвесторлар мен экспортерларға консультация жүргізеді, яғни олар өзінің рекомендациясын ұсынады. Сонымен бірге банктердің өздері валюталық курстың болжамын біле отырып, клиенттің қатерлерін басқару көмегін ұсынады.

Хеджирование процесі жылдамды келісім шарт нарығында сұраныс пен ұсынысқа үлкен әсерін тигізеді. Бұл көбінесе валюталық курстың қиын болжауы кезінде болады.

Тағы бір валюталық қатердің басқару әдісі болыпвалюталық курстың қозғалысының анализі болып табылады. Мұндай анализ фундаменталды және техникалық болып бөлінеді.

Фундаменталды анализ валюталық курстың қозғалысы – жалпы түсіндіреді, басты курстық өзгерулер макроэкономикалық факторлардағы экономиканың дамуымен жүргізіледі.Өздерін фундаменталисттерге қосатын аналитиктер бақылау жүргізе отырып, валюталық курстың қозғалысын болжамдайды.

Макроэкономикалық факторлар тек қана 3 және 4 түрлі валюталарға әсерін тигізе алады. Бұл валюталық курстардың қозғалысын болжау үшін әдетте базалық көрсеткіштің өзгерісі және де шетел валютасының курсы бақыланады.

Банктердің қызметі мен дамуын бақылайтын басты органдарының бірі болып Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып саналады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бойынша екінші деңгейлі банктер ішкі документтерді жүзеге асыруы тиіс.

Валюталық қатер түрлерінің арасындаэкономикалық түрі бөлінеді, аудару қатері және келісім шарт қатері. Бұлар туралы әр түрлі пікірлер жазылған, бірақ мағыналары бір.Валюталық қатер пайыздық ставканың қатерімен және ликвидтық қатермен тікелей байланысты. Ол активтер мен пассивтер валюталық структурасының тең болмауынан пайда болуы мүмкін, сонымен қатар мемлекеттің цнфляциялық процестерінен пайда болады. Валюталық қатер финанстық – несиелік институттарда үлкен болады. өйткені олар бір валютаның курстарының сәйкес келмеуінен пайда түсіреді. Банктегі валюталық қатер ашық валюталық позиция кезінде туындайды. Экономикалық қатер – болашақтағы валюталық курстардың өзгеруіне байланысты активтер мен пассивтердің ұлкен немесе кіші жаққа өзгеруі. Бұл сонымен бірге инвесторларға да байланысты. Фирма үшін: Кәсіпорынның финанстарына қол жеткізу , фирманың бағасын қарастырады немесе оның активтерін қарастырады. Осының төленуінің барлығы немесе жартысы инвалютада болады, кәсіпорын активтерінің бағасы үлкен немесе кіші жаққа қарай ауытқуы мүмкін.

Ол сонымен бірге инвесторларға да қатысты болып келеді.

Банк үшін: банк үшін шетел активтеріне инвестирование жасау, мысалы, несиелердің инвалютада берілуі. Осыдан басқа жабылатын төлемдердің көлемі ,бұл несие бойынша, инвалюта несиесінің аудару бағасының ұлттық валюта кезінде өзгереді.

Аудуру қатері негізінен бухгалтерлік табиғатқа ие. Ол шетел валютасындағы әр түрлі есептеудегі активтер мен пассивтермен байланысты. Егер активтер көрсетілген валюталық курс төменднсе, онда активтердің құны және акционерлік капиталдың көлемі де азаяды.

Есте сақтайтын бір жәйт, аудару қатері бухгалтерлік эффектке ие, бірақ болашақтағы төлем ағымының валюталық курсының өзгеруін қарастыратын экономикалық келісім шарт қатерін көрсетпейді.Сонымен қатар болашақтағы банктің пайдасын да көрсетпейді. Активтер мен пассивтерді қайта есептеу тарихи әдісі, яғни трансляция әдістерімен жүзеге асырылуы мүмкін. Кейбір банктер қазіргі курс бойынша барлық жүріп жатқан операцияларды ескереді, ұзақ мерзімділерді тарихи, ал басқалары қазіргі курс бойынша финанстық операциялардың қатерін тексереді.

Аудару қатері активтер мен пассивтерді өзгерте отырып, фирма мен банктің балансына қол жеткізеді. Егер активтер көрсетілген инвалюталық курс төмендейтін болса. Онда активтердің құны да төмендейді; активтердің көлемі кішірейіп, активтер мен пассивтер теңдігі бұзылады.Осының салдарынан фирманың немесе банктің акционерлік капиталының көлемі төмендейді.

Экономикалық көзқарастан қарағанда ең бастысы болып болашақ төлем ағымына валюталық курстың өзгеруіне әсер тигізуін қарастыратын келісім шарт қатері болып табылады. Келісім шарт қатері болашақтағы инвалюталық келісім шарттың ұлттық валютадағы құнының белгісіздігінен туындайды. Мысал келтіретін болсақ,

  • Del credere risk. А банкі 1.6000 курсы бойынша клиенттерден 10 млн. USD алды және бұл долларларды 1.6010 курсы бойынша басқа банкке сатты. Егер клиенттің келісім шарты уақыты біткен кезде міндетті төлемдерін төлей алмаса, онда А банкі сатылған АҚШ долларларын міндетті түрде қазіргі АҚШ долларымен жабу керек. Егер курс 1.6300 көтерілетін болса, онда А банкі 290000 шығынға ұшырайды.

  • Спот – позициясы ашылған кездегі валюталық қатер. А банкі 1.6800 курсы бойынша 5 млн. USD сатып алды. Долларлар әлі сатылмаған сәтте, А банкі валюталық қатерге ие. Егер USD курсы 1.6900 жоғарылайтын болса, онда ол 50000 SFr пайда табады, ал USD курсы төмендесе, онда 50000 шығынға ұшырайды.

Фирманың пайдасының өзгеруі оның құнының өзгеруін және несие жағынан өзгеруін білдіреді. Сондықтан банк үшін клиенттердің валюталық келісім шартын және олардың пайда мен құнына тигізетін әсерін білу керек. Фирма және банк – пайданы алып тастау үшін валюталық келісім шартқа отыратыны бәрімізге белгілі. Фирмаға сауда немесе дайын өнім керек болуы мүмкін. Сонымен бірге фирмалар мен банктерге сатып алынған несиелік валюта шетел операцияларын жүргізу үшін қажет болуы мүмкін.

Валюталық қатер пайыздық қатермен ұқсас болып келеді.екеуі де баға және құн элементтерін қосады. «Баға» факторы екеуінде де бірдей – бұл сұраныс пен ұсыныс.

Валюталық қатерлер және операциялар. Валюталық нарықтар биржадан тыс болып саналады. Яғни бір валюта екінші валютаға айырбасталады,мысалы, доллар/иена, ФРГ маркасы/ француз франкі және т.б. Нарықтың қатысушылары болып физикалық тұлғалар, фирмалар және басқару мекемелері саналады. Олар да бір немесе одан да көп инвалютаны ұлттықтың орнына сату немесе сатып алуға ұмтылады.

Валюта «спот», «своп» немесе «форвард» ережелеріне тән сатылады. Бірақ көбінесе валюталық келісім шарттар – бұл халықаралық банктік «своп» келісім шарты, біз форвард келісім шартына көңіл бөлеміз. Өйткені олар клиенттер жасайтын валюталық қатерлерді басқарумен байланысты болады, яғни хеджирование процесінде қатысады.

Ашық валюталық позициясының лимиті. Ашық валюталық позициясының лимиті өзінің банк капиталынан 30% - дан аспауы керек .

Валюталық нетто – позициясы өзінің банк капиталынан 50% - дан жоғары болмауы керек.

Шетел валюталық мемлекеттер бойынша ұзын валюталық позиция лимиті ОЭСР қатысушылары болып табылмайды, және өзінің банк капиталынан 15% шамасында қойылады.

Коммерциялық банктың инвалюталық операциясы бойынша ролі – бұл клиент пен инвалюталық нарықтың арасында болу. Осыған қоса менеджмент «овернайт» қатерінен алыстау керек.

Банктің менеджменті овернайт сауда лимиті бойынша формальді политиканы іске қосу керек.

Егер клиенттердің бұйрығы бойынша валюталық операцияларды басқару клиенттің қызметінің типіне және көлеміне сәйкес келмесе, онда банк бұйрыққа көңіл аударуы жөн болады.

Қазақстанның валюталық нарығындағы сақтық массасының жиынтығы мынаны көрсетеді – шетел валютасын пайдаланылмау құқығына қарамастан, ҚР - ның территориясында экономиканың «доллоризациясы» есептеулерде жалғасуда. Экономиканың «доллоризациясының» жоғары сатыда болуы мемлекет үшін қолайлы емес. Қазіргі жағдайларға тән қиын экономикалық механизмін қазіргі және нақты экономикалық ақпараттарсыз басқару қиынға түседі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Валюталық тәуекел, мазмұны, түсінігі және пайда болу көздері

  2. Валюталық тәуекелді сақтандыру әдістері және тәсілдері

  3. Хеджирлеу

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. «Банковское дело». Учебник. Под ред.О.И.Лаврушина. М., 2003 г. с. 222

  2. Рид Э., Коггер Р., Гилл Э., Смит Р. Коммерческие банки. М.: Космополис, 1991.- с.107

  3. Банковское дело. Учебник для вузов//под ред. Е.Ф.Жукова. Н.Д.Эрнашвили.Москва: Банки и биржи, ЮНИТИ-ДАИА: Единство, 2006 г., с. 528.

15 Қазақстан Республикасының валюталық нарығы

Лекцияның мақсаты: валюталық нарықты түсіндіру және Қазақстанның валюталық нарығындағы қызметтермен, жүргізілу ретімен таныстыру

Сұрақтары:

15.1 ҚР валюталық нарық ерекшеліктері

15.2 Валюталық нарық қатысушылары

15.3 ҚР валюталық нарықты реттеу және бақылау

15.1 ҚР валюталық нарық ерекшеліктері

Қазақстанның валюталық нарығы қолма-қол және қолма-қолсыз валюталық нарықтан тұрады. Шетелдік қолма-қолсыз нарық биржалық және банкаралық валюталық нарықтан тұрады.

Саудаласу Қазақстандық қор биржасында күнде Алматы сағаты бойынша 10.5-тен 11.0-ге дейін өтеді. Саудаласу АҚШ доллары мен Евро бойынша болады. Биржалық саудаласудың басты мақсаты – шетелдік валютаның нарықтық бағасын анықтау, себебі ол кейін банкаралық нарықта мәміле төлемінің индикаторының қызметін атқарады.

Банкаралық валюталық нарықта саудаласу шетелдік валютада әдетте 11.00 – 17.00 жергілікті уақыт бойынша ҰБ-ң валюталық операциялар жүргізуге тиісті лицензиясы бар банктер арасында өтеді. Сонымен қатар саудаласу құралдарының тізімі кеңірек АҚШ доллары мен Евродан басқа ресейлік рубльдер,қырғыздық сомдар,француздық франктер және т.б. саудаласады.

Жасалған мәмілелер есптемесі әдетте мәміленің жасалған күнінде өтеді.

Сондай-ақ айта кету керек, банктер арасында мәмілелер өткізу үшін арнайы келісім шарт жасалады.

Заңды тұлға – резиденттер валюталық операцияларды жүргізу үшін уәкілетті банктерде валюталық шот ашулары міндетті. Ашылу жүргізілү және жабылу резиденттердің уәкілетті банктерде шетелдік валютадағы шоттары ҚРҰБ-ң тәртібімен жүргізіледі.

Мәмілелерді жасау және төлемдік инструкциялардың жіберу қазіргі уақыт режимінде әлемдік валюталық нарық қазіргі жаңа байланыс құралдарының арқасында жұмыс істейді.

Коммерциялық банк валюталық операцияларды сараптай отырып, мынаны болжайды:

  • Айырбастау бағамдары мен оларды жүйелестіру түрлерін рәсімдеу;

  • Валюта бағамдарындағы өзгерістерді бағамдау;

  • Айырбастау бағамдарына ықпал ететін факторларды анықтау

Шетел валюталаларын сату мен сатып алудың екі тәсілі болады: ол- спот, яғни дереу жеткізу және форвард, яғни болашақта белгіленген күнге байланысты жеткізу. Спот түріндегі валюталық операциялар барлық валюталық келісімдердің 90% -ын құрайды.