- •5В050800- «Есеп және аудит» мамандығының
- •1. Пәннің мазмұны:
- •3. Пәндi оқыту мiндеттерi
- •Дәріс сабағының жоспары
- •Астана 2013 ж.
- •Аға оқытушы- е.А. Мұхамеджанов
- •Пәннің сағаттық жоспары
- •І «Валюталық операциялар» пәнінің курсына кіріспе
- •Іі Валюталық бақылау және валюталық реттеу саясаты
- •Ііі Халықаралық төлемдер және есеп айырысулар
- •Іү Валюталық нарық және валюталық операциялар
- •Анықиамалық әдебиеттер:
- •Студенттің білімін бағалау шкаласы
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Глоссарий
- •Пәннің дәріс кешені
- •1. 2 «Валюталық операциялар» курсының негізгі мақсаты және міндеттері
- •2.2 Ұлттық валюталық жүйенің негізгі элементтері
- •2.3 Әлемдік валюталық жүйенің негізгі элементтері
- •3.2 Валюталық курс түрлері және режимдері
- •3. 3 Валюталық курстың қалыптасуына әсер ететін факторлар
- •3.4 Валюталық курс теориялары
- •4.2 Валюталық саясат, оның нысандары және түрлері
- •4.3 Қазақстандағы валюталық және экспорттық бақылау ерекшеліктері
- •4.4 Валюталық саясатты қалыптастыру негізі ретіндегі валюталық курс шамасын мемлекеттік және нарықтық реттеу
- •5.2 Қр валюталық операцияларды реттеу, экспорттық және импорттық бақылау
- •5.3 Еркін қалқымалы валюталық курс режимін енгізу үдерісі, оның салдары
- •6.3 Төлем балансы тұжырымдамасы және төлем балансын реттеу әдістері
- •6.4 Қазақстанның төлем балансының ерекшеліктері
- •7.2 Халықаралық корреспонденттік қатынастар
- •7.3 Халықаралық валюталық банктік аударымдар
- •8.2 Халықаралық есеп айырысулар мен төлемдерді жүргізудің валюта-қаржылық шарттары
- •8.3 Халықаралық есеп айырысулар және төлемдердің нысандары
- •3 11 13 Белгілеу 6 түсіру
- •10 Банк
- •6 7 Пункті пунктті
- •Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
- •9.2 Клиринг – банк корреспонденттердің негізгі операциясы
- •Мт 760 Кепіл-хатты шығару.
- •10.2 Банк кепілдіктерінің түрлері
- •10.3 Банк кепілдіктерінің артықшылықтары және кемшіліктері
- •11.2 Әлемдік валюталық нарық қатысушылары
- •11.3 Валюталық котировка және кросс-курс
- •11.4 Валюталық позиция, оның түрлері.
- •12.2 Валюталық операцияларды жүргізу техникасы
- •14.2. Валюталық тәуекелді сақтандыру әдістері және тәсілдері
- •15.2 Валюталық нарық қатысушылары
- •15.3 Қр валюталық нарықты реттеу және бақылау
- •1. Соөж тақырыбының атауы
- •2. Соөж тапсырмалары Валюталық операциялардың пәні, әдісі, мазмұны
- •Әлемдік және ұлттық валюталық жүйелер, олардың негізгі элементтері
- •Валюталық курс – валюталық жүйенің негізгі элементі
- •Мемлекеттің валюталық саясатын қалыптастыру
- •Қазақстан Республикасының валюталық саясатының ерекшеліктері
- •Төлем балансы, мемлекеттің валюта-қаржылық саясатының бейнесі ретінде
- •Халықаралық банк ісінің негіздері және валюта-қаржылық қатынастар
- •Халықаралық есеп айырысуларды және төлемдерді жүргізу ерекшеліктері
- •Халықаралық корреспонденттік қатынастар жүйесі
- •Банк кепілдіктері халықаралық есеп айырысуларды жүргізу және қамтамасыз ету құралы ретінде
- •Валюталық нарық
- •Валюталық операциялар
- •Валюталық спекуляция
- •Валюталық тәуекел және оны сақтандыру әдістері
- •Қазақстан Республикасының валюталық нарығы
- •Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •Валюталық операциялардың пәні, әдісі, мазмұны
- •Әлемдік және ұлттық валюталық жүйелер, олардың негізгі элементтері
- •Валюталық курс – валюталық жүйенің негізгі элементі
- •Мемлекеттің валюталық саясатын қалыптастыру
- •Қазақстан Республикасының валюталық саясатының ерекшеліктері
- •Төлем балансы, мемлекеттің валюта-қаржылық саясатының бейнесі ретінде
- •Халықаралық банк ісінің негіздері және валюта-қаржылық қатынастар
- •Халықаралық есеп айырысуларды және төлемдерді жүргізу ерекшеліктері
- •Халықаралық корреспонденттік қатынастар жүйесі
- •Банк кепілдіктері халықаралық есеп айырысуларды жүргізу және қамтамасыз ету құралы ретінде
- •Валюталық нарық
- •Валюталық операциялар
- •Валюталық спекуляция
- •Валюталық тәуекел және оны сақтандыру әдістері
- •Қазақстан Республикасының валюталық нарығы
- •Қорытынды бақылау
15.3 Қр валюталық нарықты реттеу және бақылау
Жоғарыда айтылғандай валюталық операциялардың маңызды элементтері болып валюталық реттеу мен валюталық бақылау болып саналады.
Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі органы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі. ҚР –ның Ұлттық банкі шетел валютасымен жүргізілетін операциялардың ауқымы мен айналыс тәртібін анықтайды, міндетті нормативтік актілер шығарады, әртүрлі шектіктер қояды, лицензиялар береді, валюталық реттеу туралы заңның және әртүрлі нормативтің актілердің орындалмаған кездерінде лицензияларды қайтарып алады, валюталық операциялар бойынша есеп беру түрлерін анықтайды.
Валюталық операциялардың басқа банктік операциялардан ерекшілігі мерзімді валюталық операциялардың барлығы дерлік баланстан тыс шоттарда көрсетілетіндіктерінде, себебі олар ең бірінші шетел валюта бойынша жүзеге асырылатын операциялар үшін есеп айрысуларды белгілі мерзім өткеннен кейін жасалатындығын көрсетеді.
Валюталық реттеу – еркін төлемдік баланстық нығаюын қамтамасыз ету мақсатында валюталық операцияларды жүргізу тәртібінің қалыптасу, ұлттық валютаның нығаюы бойынша ішкі валюталық нарықтың дамуы және оның орындалуына бақылау жүргізу тиісті уәкілділігі бар мемлекеттік органдардың іс-әрекеті. Валюталық реттеудің қажеттілігі – мемлекеттер мен банктердің валюталық тәуекелділіктерін азайтуға ұмтылуында. Сөйтіп, 1996 жылдың қаңтарында банктік қадағалау бойынша Базельдік Коитет әр валюта бойынша валюталық тәуекелділік есептемесі мен валюта және алтын бойынша аралас портфельдің валюталық тәуекелділіктің жаңа әдістемемсін шығарды.
Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҚР-ң резидент және резидент еместердің жүргізетін барлық валюталық операциялары мыналар арқылы жүзеге асырылуы тиіс: тиісті уәкілділігі бар банктер, яғни операция жүргізуге ұлттық банктің лицензиясы бар, банк заңнамасымен қарастырылған, клиенттің талабы бойынша жүргізілетін валюталық операциялар және банктік емес қаржылық ұйымдар – заңды тұлғалар. Осы аталғаннан басқа мекемелер арқылы валютаны сату-сатып алу операциялары жасалса, бұл заңға қайшы деп есептеліне.
Резиденттерден тауар мен қызметтер үшін төлем, сондай-ақ несие түрінде алынған шетел валютасы олардың банктегі шотына міндетті түрде түсуі керек. Тауарды (жұмыс, қызмет) экспорттау төлемінің валютасы резиденттерден алынуы тиіс және тауарды (жұмыс, қызмет) экспорттау күніен 120 күн ішінде, егер ұлттық банк лицензиясында басқа күн көрсетілмесе, олардың уәкілетті банкының шотына аударылуы тиіс.
Ағымдағы операциялардың және капитал қозғалысымен байланысты операциялардың толық айырбасталу принциптеріне көшуге бағытталған саясатты іске асыру мақсатында 2006 жылы валюталық операциялар жүргізуге шектеулерді кезең-кезеңімен жоюды көздейтін Қазақстан Республикасында валюталық режимді ырықтандырудың тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қаңтардағы № 103 қаулысымен бекітілген, бірінші кезеңдегі іс-шараларды айқындайтын Қазақстан Республикасында валюталық режимді ырықтандырудың 2006 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.
Қазақстан Республикасында валюталық режимді ырықтандырудың бағдарламасына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк қызметі, валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы № 411 Заңы қабылданды.
Осы Заңның негізінде Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне валюталық реттеу және бақылау жөнінде өзгерістер мен толықтырулар әзірленіп, енгізілді, онда төмендегідей іс-шаралар жүзеге асырылды.
1. Лицензиялаудан мынадай валюталық операциялар алынып тасталды:
банктердің, жеке тұлғалардың – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) кіретін және рейтинг агенттіктерінің бірі талап еткен ең аз рейтингі бар елдердің шетел банктеріндегі резиденттері, сондай-ақ жұмыс, оқу, емделу немесе демалу мақсатымен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде уақытша жүрген тұлғалардың шет елде шоттар ашуы. Елінің талап етілген ең аз рейтингі Лицензиялау ережесінде белгіленген жеке тұлғаларға қатысты А-дан ( «Fitch» және «Standard & Poor’s» агенттіктерінің жіктеуі) немесе А2-ден ( «Moody’s» агенттігінің жіктеуі) төмен болмайтын деңгейде белгіленген;
резидент еместердің Қазақстан Республикасының валюталық және банктік заңдарында белгіленген талаптарға сай келетін бағалы қағаздарына инвестицияларды жүзеге асыру. Лицензиялау ережесіне сәйкес бұл инвестициялар рейтингі (не эмитенттің рейтингі) А-дан («Fitch» және «Standard & Poor’s» агенттіктерінің жіктеуі) немесе А2-ден («Moody’s» агенттігінің жіктеуі) төмен болмайтын бағалы қағаздар рыногының қазақстандық кәсіби қатысушылары арқылы бағалы қағаздарға жүзеге асырылуы тиіс;
резиденттердің ЭЫДҰ-ға кіретін елдерде және/немесе инвестицияларды өзара қолдау және қорғау туралы Қазақстанмен халықаралық шарттар жасасқан және бекіткен елдерде еншілес ұйымдар құруы. Қазіргі уақытта еншілес ұйымдарды құру лицензиясыз жүзеге асырылатын осы елдердің тізбесі Қазақстанның сауда айналымының 80%-ін дерлік қамтиды. Резиденттердің еншілес ұйымдар құруымен байланысты валюталық операцияларды ырықтандыру шетелдік рыноктарға тікелей инвестициялау операцияларын жандандырды. Тікелей инвесторлардың шетелдегі акционерлік капиталға салымдарының жалпы сомасы 2003 жылғы 2-жартыжылдықта жылдың бірінші жартысындағы деректерден 3 есе дерлік асты, олардың ішінде тіркелген шарттар бойынша операциялар (еншілес ұйымдарға инвестициялар) 2003 жылғы 2-жартыжылдықтағы тікелей инвестициялардың 32%-і болды;
резидент банктердің резидент еместерге 180 күннен астам мерзімге кредиттер беруі. Банктердің осы операциялары туралы ақпарат банктік есеп беру деректері бойынша жиналады.
2. Ағымдағы валюталық операциялардан капитал қозғалысына байланысты операцияларға көшу мерзімі осы орманны халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіру мақсатында 120-дан 180 күнге дейін ұзартылды.
3. Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне өзгерістер енгізу арқылы резиденттер арасында, әсіресе аккредитивтік және вексельдік нысанда есеп айырысқан кезде шетел валютасын және шетел валютасымен көрсетілген төлем құжаттарын пайдалану негіздері кеңейтілді. Мұндай өзгерістер Қазақстан банктерінің өз клиенттеріне ұсынатын қызмет көрсету тізбесін кеңейтеді, мұндайда отандық кәсіпорындар сыртқы сауда мәмілелерінде қарсы әріптестермен есеп айырысудың жаңа нысандарын неғұрлым белсенді пайдалана алады.
4. Республикаға Үкімет айқындайтын жекелеген тауарлар тізбесінің экспорты бойынша 365 күндік мерзімге қаражатты қайтару мүмкіндігі көзделген Бұл өзгеріс Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар тауарларға қатысты валюталық бақылау рәсімдерін жеңілдету қажеттілігінен енгізіліп отыр.
5. Лицензиялау рәсімдері едәуір оңайлатылды және жеңілдетілді.
6. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға қатысты клиенттерге банктік қызмет көрсетуді жетілдіру бойынша қадамдар жасалды – банктердің айырбастау пункттерінде айырбастау операцияларын өзге де банктік операциялармен қатар біріктіріп жүргізуге рұқсат етілді.
Ұлттық Банк ЕурАзЭҚ шеңберінде валюталық реттеу мен валюталық бақылау саласында Ынтымақтастықтың перспективалық жоспарын ұсынды, онда ЕурАзЭҚ елдері арасында валюта операцияларын жүзеге асыру режимін ырықтандыру бойынша жалпы бағыттар көрсетілген.
Бұл жоспардың жобасы 2003 жылғы қарашада Алматы қаласында ЕурАзЭҚ қатысушылары – мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктері басшылары кеңесінің мәжілісінде қаралып, мақұлданды.
Валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты операцияларды лицензиялау. Ұлттық Банк республика аумағында валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялар жүргізуге лицензия беруге уәкілетті жалғыз лицензиар болып табылады. Қазіргі уақытта мынадай операциялар лицензиялауға жатады:
бөлшек сауданы жүзеге асыру және қолма-қол шетел валютасы үшін қызмет көрсету;
резиденттердің шетел банктерінде және осы қаржы институттары тіркелген мемлекеттің заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыру құқығы бар өзге де қаржы институттарында шоттар ашуы (Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы шоттарды қоса алғанда), бірақ банктердің экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) кіретін және рейтинг агенттіктері біреуінің талап етілетін ең төменгі рейтингісі бар елдердің шетел банктерінде жеке тұлғалар-резиденттердің;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жұмыс, оқу, емделу немесе демалу мақсатымен уақытша жүрген жеке тұлғалар-резиденттердің шоттарды ашуын қоспағанда;
резиденттердің шетелге инвестициялары:
банктердің дилерлік қызметін;
Қазақстан Республикасының валюта және банк заңдарында белгіленген талаптарға жауап беретін резидент еместердің бағалы қағаздарға инвестицияларын;
экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) немесе Қазақстан Республикасы инвестицияларды өзара ынталандыру және қорғау туралы халықаралық шарттарды жасаған әрі ратификациялаған елдерге кіретін елдердің заңды тұлғаларының жарғылық капиталына инвестицияларды қоспағанда, олардың нәтижесінде инвестицияларды жүзеге асыратын резидентке инвестициялау объектісінің 50% және одан астам дауыс беретін акциялары (қатысушылардың 50% және одан астам дауыстары) тиесілі болады;
резиденттердің резидент еместердің пайдасына жылжымайтын заттарға теңестірілген мүлікті қоспағанда, жылжымайтын мүлікке мүліктік құқықтардың көшуін көздейтін мәмілелерді төлеу үшін аударымдары;
резиденттердің 180 күннен асатын мерзімге тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін, сондай-ақ тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) экспортына ақы төлеу үшін резиденттердің валюталық түсімдер алу мерзімі тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспортталған күннен бастап 180 күннен астам күнге кешіктірілген кезде аванстық төлем көзделетін импорттық мәмілелер бойынша есеп айырысу үшін резидент еместердің пайдасына жасалған аударымдары;
резиденттердің (банктерден басқасы) резидент еместерге 180 күннен асатын мерзімге кредиттер беруі;
валюта заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, резиденттің кредит ретінде резидент еместен алған шетел валютасын үшінші тұлғалардың шоттарына есепке алу; резиденттің резидент емеске валюталық құндылықтарды сенімгерлік басқаруға беруі жатады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Қазақстанның валюта нарығы
Ағымды валюта операциялары
Капитал қозғалысымен байланысты валюта операциялары
Ұсынылатын әдебиеттер:
Банковское дело: Учебник для студентов вузов / Под ред. О. И. Лаврушина, И. Д. Мамоновой, Н. И. Валенцевой. – 4-е изд. перераб. и доп. – М.: КНОРУС, 2006.
«Банковское дело». Учебник. Под ред. В.И.Колесникова, Л.П.Кроливецкой – 4-е издание перерреботанное и дополненное. М. Финансы и статистика. 2000 г.
С.Б. Мақыш. Банк ісі. Оқулық.– (қайта өңделген және толықтырылған) - Алматы: Жетіжарғы. 2008.
