- •5В050800- «Есеп және аудит» мамандығының
- •1. Пәннің мазмұны:
- •3. Пәндi оқыту мiндеттерi
- •Дәріс сабағының жоспары
- •Астана 2013 ж.
- •Аға оқытушы- е.А. Мұхамеджанов
- •Пәннің сағаттық жоспары
- •І «Валюталық операциялар» пәнінің курсына кіріспе
- •Іі Валюталық бақылау және валюталық реттеу саясаты
- •Ііі Халықаралық төлемдер және есеп айырысулар
- •Іү Валюталық нарық және валюталық операциялар
- •Анықиамалық әдебиеттер:
- •Студенттің білімін бағалау шкаласы
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Глоссарий
- •Пәннің дәріс кешені
- •1. 2 «Валюталық операциялар» курсының негізгі мақсаты және міндеттері
- •2.2 Ұлттық валюталық жүйенің негізгі элементтері
- •2.3 Әлемдік валюталық жүйенің негізгі элементтері
- •3.2 Валюталық курс түрлері және режимдері
- •3. 3 Валюталық курстың қалыптасуына әсер ететін факторлар
- •3.4 Валюталық курс теориялары
- •4.2 Валюталық саясат, оның нысандары және түрлері
- •4.3 Қазақстандағы валюталық және экспорттық бақылау ерекшеліктері
- •4.4 Валюталық саясатты қалыптастыру негізі ретіндегі валюталық курс шамасын мемлекеттік және нарықтық реттеу
- •5.2 Қр валюталық операцияларды реттеу, экспорттық және импорттық бақылау
- •5.3 Еркін қалқымалы валюталық курс режимін енгізу үдерісі, оның салдары
- •6.3 Төлем балансы тұжырымдамасы және төлем балансын реттеу әдістері
- •6.4 Қазақстанның төлем балансының ерекшеліктері
- •7.2 Халықаралық корреспонденттік қатынастар
- •7.3 Халықаралық валюталық банктік аударымдар
- •8.2 Халықаралық есеп айырысулар мен төлемдерді жүргізудің валюта-қаржылық шарттары
- •8.3 Халықаралық есеп айырысулар және төлемдердің нысандары
- •3 11 13 Белгілеу 6 түсіру
- •10 Банк
- •6 7 Пункті пунктті
- •Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
- •9.2 Клиринг – банк корреспонденттердің негізгі операциясы
- •Мт 760 Кепіл-хатты шығару.
- •10.2 Банк кепілдіктерінің түрлері
- •10.3 Банк кепілдіктерінің артықшылықтары және кемшіліктері
- •11.2 Әлемдік валюталық нарық қатысушылары
- •11.3 Валюталық котировка және кросс-курс
- •11.4 Валюталық позиция, оның түрлері.
- •12.2 Валюталық операцияларды жүргізу техникасы
- •14.2. Валюталық тәуекелді сақтандыру әдістері және тәсілдері
- •15.2 Валюталық нарық қатысушылары
- •15.3 Қр валюталық нарықты реттеу және бақылау
- •1. Соөж тақырыбының атауы
- •2. Соөж тапсырмалары Валюталық операциялардың пәні, әдісі, мазмұны
- •Әлемдік және ұлттық валюталық жүйелер, олардың негізгі элементтері
- •Валюталық курс – валюталық жүйенің негізгі элементі
- •Мемлекеттің валюталық саясатын қалыптастыру
- •Қазақстан Республикасының валюталық саясатының ерекшеліктері
- •Төлем балансы, мемлекеттің валюта-қаржылық саясатының бейнесі ретінде
- •Халықаралық банк ісінің негіздері және валюта-қаржылық қатынастар
- •Халықаралық есеп айырысуларды және төлемдерді жүргізу ерекшеліктері
- •Халықаралық корреспонденттік қатынастар жүйесі
- •Банк кепілдіктері халықаралық есеп айырысуларды жүргізу және қамтамасыз ету құралы ретінде
- •Валюталық нарық
- •Валюталық операциялар
- •Валюталық спекуляция
- •Валюталық тәуекел және оны сақтандыру әдістері
- •Қазақстан Республикасының валюталық нарығы
- •Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •Валюталық операциялардың пәні, әдісі, мазмұны
- •Әлемдік және ұлттық валюталық жүйелер, олардың негізгі элементтері
- •Валюталық курс – валюталық жүйенің негізгі элементі
- •Мемлекеттің валюталық саясатын қалыптастыру
- •Қазақстан Республикасының валюталық саясатының ерекшеліктері
- •Төлем балансы, мемлекеттің валюта-қаржылық саясатының бейнесі ретінде
- •Халықаралық банк ісінің негіздері және валюта-қаржылық қатынастар
- •Халықаралық есеп айырысуларды және төлемдерді жүргізу ерекшеліктері
- •Халықаралық корреспонденттік қатынастар жүйесі
- •Банк кепілдіктері халықаралық есеп айырысуларды жүргізу және қамтамасыз ету құралы ретінде
- •Валюталық нарық
- •Валюталық операциялар
- •Валюталық спекуляция
- •Валюталық тәуекел және оны сақтандыру әдістері
- •Қазақстан Республикасының валюталық нарығы
- •Қорытынды бақылау
6.3 Төлем балансы тұжырымдамасы және төлем балансын реттеу әдістері
6.4 Қазақстанның төлем балансының ерекшеліктері
Кез келген елдің дүние жүзінің басқа елдермен экономикалық байланыстары оның төлем балансында қамтып көрсетіледі.
Төлем балансы дегеніміз уақыттың белгілі бір межелдемесінде бір елдің дүние жүзінің басқа елдерімен шаруашылық опреациялары жалпы қорытылып көрсететін көрсеткіштердің жүйесі. Ол мына бөлімдерді қамтиды:
Ағымдағы есеп (сауда балансы);
Капиталмен және қаржылармен болатын операциялардың есебі;
Резервтік архивтер;
Таза қателер мен рұқсатнамалар.
Ағымдағы есеп мыналарды қамтып көрсетеді: тауарлармен жасалынатын операцияларды- экспорт пен импортты; қызметтер көрсетуді- жүк, жолаушылар тасымалы, байланыс, туризм қызметтері, гранттар. Қызмет көрсету факторлық және факторлық емес болып бөлінеді. Факторлық қызметтер көрсету өндіріс факторларын- еңбек пен капиталды пайдаланудан алынған табыстардын тұрады, инвестициялар мен резервтерден түсетін табыстар, капиталдан түсетін табыстар дивиденттер, пайыздар, басқадай табыстар түрінде болуы мүмкін. Факторлық емес қызмет көрсету жүк және жолаушылар тасымалдарын, туризмді, байланысты, көрсететін консультациялық және оқыту қызметтері түріндегі техникалық көмекті және бірқатар қызметтер көрсетуді кіріктіреді.
Ағымдағы операциялар шоты және капиталмен жасалынатын шот өзара байланысты: біріншінің тапшылығы сырттан капиталдың құйылымы есебінен жабылады; ағымдағы операциялардың актив шоты жағдайы кезінде капитал мен кредиттер жылыстайды.
Резервтік активтердің жайғасымы монетарлық алтынды, қарыз алудың арнаулы құқықтарын, шетелдік валютадағы талаптарды қамтиды, басқа елдерге қатысты міндеттемелерді шегергеннен кейін таза алтын резервтері жасалады.
Қателер мен рұхсатнамалар «көлеңкелі бизнесті» қоса алғанда, бейрезиденттермен жасалынатын ресми есепке алынбаған операцияларды сипаттайды.
Төлем байланысының жай –күйі ең алдымен сауда балансының жай-күйімен айқындалады. Операциялар қосалқы жазба жүйесі бойынша – дебет және кредит бойынша екі мөлшер теңдігімен, бірақ қарама-қарсылық белгілермен қамтып көрсетіледі. Кредит жазбаларының сомасы дебет сомасының тең болуы тиіс, ал таза баланс нөлге тең болады.
Төлем балансының жай-күйі ең алдымен сауда балансының жай-күйімен айқындалады. Мұндай міндетті шешу ұлттық шаруашылықты тұтынушының орнына «өндіруші тұрпатындағы» экономика арнасына қайта бағдарлау жөнінде едәуір күш жұмысауды және шикізат өндіруші сектордың экспорттық әулетін ғана емес, сонымен бірге өндірістің кейінгі технологиялық өзгертіп жасау салаларының өнімі бойынша да ұлғайтуды талап етеді.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Төлем балансының жай-күйі
қазақстанның төлем балансының ерекшеліктері
Төлем балансын реттеу әдістері
Ұсынылатын әдебиеттер:
Международные валютно-кредитные и финансовые отношения : учебник / Финансовая академия при Правительстве РФ ; ред. : Л. Н. Красавина. - М. : Финансы и статистика, 2007. - с. 389
Тауипбаева М.С. Валюталық тәртіптің либерализациясы және валюталық нарықтың дамуы: әлемдік тәжірибе және Қазақстан практикасы : 08.00.14 -Э.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. / М. С. Тауипбаева ; ҚазЭУ. - Алматы, 2006. - 82 б.
www.national kz
Омирбаев С.М. «Финансы» Астана 2002 г.
7 Халықаралық банк ісінің негіздері және валюта-қаржы лық қатынастар
Лекцияның мақсаты: Халықаралық банк ісі негіздерінедгі валюталық операциялардың алатын орнымен таныстыру, жүзеге асырылатын валюталық операциялар ерекшілігін ажырату
7.1 Халықаралық банк ісінің негіздері
7.2 Халықаралық корреспонденттік қатынастар
7.3 Халықаралық валюталық банктік аударымдар
7. 1 Халықаралық банк ісінің негіздері
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынасты мынадай бағыттарда дамытады және қолдайды:
Ұлтық Банкке және Қазақстан Республикасына халықаралық қаржы ұйымдары берген кредит желілеріне қызмет көрсету.
Кредиттік желілерді тарту бойынша халықаралық қаржы ұйымдарымен келіссөздер жүргізу.
Банк секторы реформаларының мәселелері бойынша ХВҚ, ХҚДБ, ЕКДБ, АДБ миссияларымен Қазақстан Республикасында жұмыс жүргізу.
Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы ұйымдарына мүшелігі.
Қазақстан Республикасының ағымдағы макроэкономикалық жай-күйі және реформалау барысы Қазақстанға халықаралық қаржы ұйымдарының кредит желілерін алуға негіз береді. Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы ұйымдарына мүше болуының құқықтық шарттарын белгілейтін:
«Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына!»,
«Халықаралық Қайта құру және Даму Банкіне»,
«Халықаралық Қаржы Корпорациясына»,
«Халықаралық Даму Қауымдастығына»,
«Инвестициялық Кепілдіктер жөніндегі Көпжақты Агенттікке»,
«Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі Халықаралық орталыққа»,
«Еуропалық Қайта құру және Даму Банкіне»,
«Азия даму Банкіне» мүшелігі туралы 2001 жылғы 6 желтоқсанда № 264-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) 1945 жылғы 27 желтоқсанда құрылды, ол кезде 1944 жылғы 1-22 шілдеде Бреттон-Вудта (АҚШ) өткізілген конференцияда Келісім Баптарына (Баптар) 29 ел қол қойған болатын. ХВҚ-да 110 елден шамамен 2600 қызметкер бар. 182 мемлекет ХВҚ-ның мүшелері болып табылады.
ХВҚ қаржы операцияларын 1947 жылғы 1 наурыздан жүргізе бастады. Есеп айырысу бірлігі – Қарыз алып пайдаланудың арнайы құқығы (ҚАҚ). Қаржылық қолдауға реттеу және реформа саясатын қолдау үшін төлем балансының проблемалары бар ХВҚ-на мүше-елдерге берілген несиелер мен заемдар кіреді.
Дүниежүзілік банктердің тобы 1994 жылы құрылды және оның құрамына бес қаржы институты кіреді:
Халықаралық Қайтақұру және Даму Банкі (International Bank for Reconstruction and Deyelopment);
Халықаралық даму ассоциациясы (The International Deyelopment Association),
Халықаралық қаржы корпорациясы (The International Finance Сorporation),
Инвестицияларға кепілдік беру бойынша көпжақты агенттік (The Multilateral Investment Guarantee Agency);
Инвестициялық дауларды реттеу бойынша халықаралық орталық (The International Centre for Settlement of Investment Disputes).
1992 жылғы шілдеде Қазақстан ХҚДБ, ХДА, ИКХА, ИДРХО – ның және 1993 жылғы қыркүйекте ХҚК-ның мүшесі болды.
Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі ( ЕКДБ) 1991 жылы құрылды. ЕКДБ 26 елге құрылымдық және экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған қаржы көмегін көрсетеді. Ислам Даму Банкі (ИДБ) халықаралық дамуды қаржыландыратын және Джидда қаласында (Сауд Аравиясы) 1973 жылғы желтоқсанда өткен Ислам Мемлекеттері Министрлерінің Бірінші Конференциясында жарияланған Ниет Декларацияға сәйкес құрылған және Ислам Конференциясы Ұйымының (ИКҰ) 23 мүше мемлекетінің өкілдері қол қойған аймақтық қаржы ұйымы болып табылады. ИДБ 1975 жылғы 20 қазанда қызметіне кірісті.
ИДБ-ның мақсаты Шариғаттың принциптеріне сәйкес ИДБ-ның мүше –мемлекеттері мен мұсылман бірлестіктерінің экономикалық дамуына және әлеуметтік прогресіне көмек көрсету болып табылады. Құрамына 52 мемлекет мүше болып енді. ТМД елдерінен Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан ИДБ-ның мүшесі болып табылады. Азия Даму Банкімен және Қазақстан Республикасының мүдделі министрліктерімен және ведомстволарымен қаржы секторын басқару жөнінде техникалық көмек тарту мәселесі бойынша жұмыс жүргізіледі. 2004 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Азия Даму Банкі арасында Техникалық көмек көрсету мәселесі бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
