Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Валюталық операциялар(лекция).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
365 Кб
Скачать
☆

3. 3 Валюталық курстың қалыптасуына әсер ететін факторлар

Валюталық нарықтар қызметі мен алып-сатарлық валюталық операциялар. Егер қандай да бір валюта бағамы түсетін болса, оны банктер тез арада тұрақты валютаға сатуға тырысады.

Белгілі бір валютаның Еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі. Мысалға: Еуробанктер 60-70% операцияларын АҚШ ($) долларымен жасағандықтан, оған деген сұраныс пен ұсыныс ауқымы анықталады.

Халықаралық төлемдердің жеделдетілуі немесе кешіктірілуі де валюталар бағамына әсер етеді.

Валютаға деген ұлттық және халықаралық нарықтағы сенімділік дәрежесі.

Валюталық саясат. Нарықтың және мемлекеттік реттеудің шекті қатынасы оның динамикасына әсер етеді.

Валюталық курсқа әсер ететін факторларға мыналарды жатқызуға болады:1. Инфляция қарқыны. 2. Төлем балансының жағдайы. 3. Әр түрлі елдердегі проценттік ставкалардың айырмашылығы. 4. Валюталық нарықтар қызметі және спекулятивті валюталық операциялар. 5. Халықаралық есеп айырысуларда белгілі валютаны пайдалану дәрежесі. 6. Халықаралық төлемдердің жеделдеуі немесе кідірісі. 7. Ұлттық және әлемдік нарықтарда валютаға сену дәрежесі. 8. Валюталық саясат. Сонымен, валюталық курсты қалыптастыру – бұл ұлттық және әлемдік экономика және саясаттың өзара байланысымен шартталған, күрделі көпфакторлы процесс. Сондықтан валюта курсын болжау кезінде курс қалыптастырушы факторлар ескеріледі.

Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса, ол елдің валютасының бағамы төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол ел валютасының төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын төмендетеді.

Төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансының жағдайы активті болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сұраныс өсіп, ұлттық валютаның курсын жоғарлатуға мүмкіндік береді. Ал пассивтік болса, борышқорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін шетел валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын төмендетеді.

Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі айырма. Бұл фактордың валюталық бағамға әсері екі жағдаймен болады:

Елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістер, капиталдың халықаралық қозғалысына, ең алдымен , қысқа мерзімді қозғалысына әсер етеді. Шын мәнінде пайыз мөлшерлемесінің өсуі, шетел капиталының ішке ағылуын ынталандырып, ал оның төмендеуі ұлттық капиталдың шетелге шығуына жол береді;

Пайыз мөлшерлемесі валюталық нарықтағы операцияларға және қарыздың капиталдар нарығына әсер етеді, яғни шетелден арзан несие алып, оны ішкі нарыққа орналастырады.

Қысқа мерзімді күтпеген факторлар валюталық бағам динамикасына маңызды түзетулер енгізуі мүмкін. Оларға мыналар жатады: төтенше оқиғалар (форс-мажор), саяси оқиғалар, саяси лидерлердің сөздері, валюталық инвестиция.

3.4 Валюталық курс теориялары

Халықаралық экономикадағы валюталық курс теориясы. Жалпы тепе-теңдік теориясы. Сатып алушылық қабілетінің теориясы. Пайыздық мөлшерлеме айырмашылығы және инфляция қарқыны айырмашылығынан валюталық курс өзгерісі деңгейін анықтаудағы Фишер тиімі. Валюталық курстың ақша теориясы, оның жалпы валюта курсы теориясынан айырмашылығы.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Валютаға деген ұлттық және халықаралық нарықтағы сенімділік дәрежесі

  2. Халықаралық экономикадағы валюталық курс теориясы.

  3. Валюталық бағамның қажеттігі:

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Вайс М.Д. Делай деньги во время паники на бирже : учебник / М. Д. Вайс. - СПб. : Питер, 2005. – с.15 - (Школа валютных трейдеров).

  2. Дорси В. Анатомия биржевого рынка: Методы оценки уверенности и ожиданий трейдеров и рыночных тенденций : научное издание / В. Дорси ; Школа валютных трейдеров "Forex club". - СПб. : Питер, 2005.–с 118.

  3. Саниев М.С. Ақша, несие, банктер. Оқулық. Алматы: 2001 ж.-156 б.

4 Мемлекеттің валюталық саясатын қалыптастыру

Лекция мақсаты: Валюталық бақылау және валюталық реттеудегі валюталық саясаттың орнын анықтау. Валюталық саясат құралдарымен таныстыру.

4.1 Валюталық курс шамасын реттеу

4.2 Валюталық саясат, оның нысандары және түрлері

4.3 Қазақстандағы валюталық және экспорттық бақылау ерекшеліктері

4.4 Валюталық саясатты қалыптастыру негізі ретіндегі валюталық курс шамасын мемлекеттік және нарықтық реттеу

4.1 Валюталық курс шамасын реттеу

Валюталық реттеу - валюта айналысын басқаруға, валюталық операцияларға бақылау жасауға, ұлттық валютаның бағасына ықпал етуге, шетел валютасын пайдалануды шектеуге байланысты мемлекет органдарының қызметі. ҚР-да валютаны реттеуді жүргізуге валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы ҚР-заңын жетекшілікке алады.

1973 жылдан бастап дамыған елдер валюталарды өзара айырбастаудағы тұрақты қатынастардан бас тартып, валюталық нарықтарда сұраныс пен ұсынысқа байланысты еркін орын алатын «құбылмалы» бағамдарына ауысты. Валюталық нарықтардағы фактілердің тұрақты болмауына байланысты, дамыған батыс елдердің валюталары көп өзгереді, ол бір ай ішінде 5-10 пайыз болуы мүмкін.мұндай «құбылмалы» валюталық бағамдардың өзгерістері халықаралық есепті жүзеге асырғанда көптеген қиындықтар туғызады. Осыған байланысты кейбір елдер валюталық топтар құрып, өздерінің валюталары арасындағы тұрақты қатынасты орнатады.

Кейбір мемлекеттерде операцияның әр түрі бойынша қолданылатын ұлттық валюта бағамдарының бірнеше түрі бар. Бельгияда 2 бағам қолданылады: біреуі – коммерциялық, екіншісі – қаржылық операциялар бойынша. Дамушы елдерде валюталық бағамдардың көптігі белгілі тауарларды экспорттық қолдау үшін және импорттық кейбір түрлерін шектеу үшін қолданылады.

Айырбас валюталық бағамдардан басқа статистикалық және экономикалық талдау кезінде қолданылатын есептеу бағамдары бар. Оған жататын орташа бағам – сатушы және сатып алушы бағамдарының арифметикалық орташасы. Шын мәнінде айтсақ мұндай бағам жоқ, бірақ оның мөлшері күнделікті ақпарат құралдарында жарияланады.

Батыста көптеген валюталық бағамдардың индекстері тараған. Валюта бағамдарының ағымын талдау барысында номиналдық және нақты валюталық бағамдардың индексі қолданылады. Соңғысы, әдетте валюталық бағам өзгерістерінің бәсекелестік қабілетке әсерін тереңірек оқып білу үшін, оның ішінде валюталар инфляциялық құнсыздануға ұшыраған жағдайда пайдаланылады.