Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Валюталық операциялар(лекция).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
365 Кб
Скачать
☆

8.2 Халықаралық есеп айырысулар мен төлемдерді жүргізудің валюта-қаржылық шарттары

Инкассомен операция жасауда банктер ешқандай да төлем міндеттемесін алмайды. Олардың міндеті инкассоның нұсқаулығына сәйкес төлемдерге қарсы құжаттарды беру болып табылады.

Құжатты инкассода мынадай қатысушылар болады:

  • сатушы (экспортер) – инкассо бойынша банкке тапсырма беруші;

  • ремитент банк - инкассо бойынша сатушының тапсырма беретін банкі;

  • инкассолаушы банк – инкассолау операциясына қатысушы ремитент банктен басқа кез келген банк;

  • хабарлаушы банк – төлеушіге хабарды жеткізуші банк;

  • сатып алушы (төлеуші) – инкассолық тапсырмаға сәйкес хабар берілетін тұлға.

Құжатты инкассо формасында есеп айырысу пайдалану төмендегі жағдайларда ұсынылады:

  • бірін бірі білетін серіктестер арасында;

  • сатушы сатып алушының төлем қабілетіне көз жеткізген жағдайда;

  • сатып алушы елдегі жағдай тұрақты немесе импорттық шектеулер жоқ болғанда.

Инкассомен есеп айырысудың сатып алушы үшін артықшылығы, ол тауарды жөнелткенге дейін оның құнын төлемей, төлем тек қана тауарды жөнелткендігін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда жасалады.

Сонымен қатар егер де ұсынылатын құжаттар келісімшартқа сай келмесе сатып алушының төлемнен бас тартуға немесе аз бөлігін төлеуге құқы бар. Өз кезегінде сатушы үшін оның артықшылығы мынада, яғни сатып алушы төлемді жасамайынша тауарға тиісті құжаттарды ала алмайды.

Аккредитивпен есеп айырысу жиі қолданылмайды, бірақ та ол нарық жағдайында біршама тұрақты есеп айырысу формасы.

Аккредитив - бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының (аккредетив ашушының) банкісінің жабдықтаушының банкісіне аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы (бнеефициар) бергеннен соң және аккредитивтің басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі.

Егер де аккредитивті ашатын банк, клиенттің тапсырмасы бойынша қаражатты жабдықтаушының банкіне аударып қойса, онда аккредитивте көрсетілген барлық шарттардың орындалуы барысында төлемді жүзеге асыру үшін жабдықтаушының банкінде “Аккредитив” жеке баланстық шоты ашылады.

Аккредитив аша отырып, банк төлемді төлеуге кепілгер болып табылады. Бұл халықарылық банктің тәжірибедегі есеп айырысу формасының банктің кепілдігімен жасалатын жалғыз түрі. Қалған есеп айырысу формаларында банк клиенттің тапсырмасы бойынша және оның есебінен есеп айырысуға қатысады.

Жалпы аккредитивпен есеп айырысудың мынадай қатысушылары болады:

  • Өтініш иесі (аппликант, бұйрық беруші, импортер, трассат, сатушы). Бұл қатысушы банкке аккредитив ашуды тапсырады.

  • Бенефициар (экспортер, сатушы, трассант). Бұл қатысушының атына аккредитив ашылады.

  • Эмитент банк, яғни клиенттің (өтініш берушінің) атынан аккредитив ашатын банк.

  • Хабарлаушы банк, яғни хатпен немесе телекспен акрредитивтің ашылғандығын бенефициарға хабарлаушы банк. Оның басты міндеті хабарды жеткізбестен бұрын аккредитивтің шынайлығына көз жеткізуге тиіс.

  • Растаушы банк, яғни эмитент банктің сұрауы бойынша аккредитивке өзінің кепіл-хатын қосатын банк. Растаушы банк егер де эмитент банк міндеттемесін орындай алмаған жағдайда аккредитив бойынша төлемді төлеуге келісім береді.

Аккредитивтің мынадай түрлері болады:

  • құжатты аккредитив;

  • өтелген және өтелмеген;

  • қайтарылатын және қайтарылмайтын.