- •5В050800- «Есеп және аудит» мамандығының
- •1. Пәннің мазмұны:
- •3. Пәндi оқыту мiндеттерi
- •Дәріс сабағының жоспары
- •Астана 2013 ж.
- •Аға оқытушы- е.А. Мұхамеджанов
- •Пәннің сағаттық жоспары
- •І «Валюталық операциялар» пәнінің курсына кіріспе
- •Іі Валюталық бақылау және валюталық реттеу саясаты
- •Ііі Халықаралық төлемдер және есеп айырысулар
- •Іү Валюталық нарық және валюталық операциялар
- •Анықиамалық әдебиеттер:
- •Студенттің білімін бағалау шкаласы
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Глоссарий
- •Пәннің дәріс кешені
- •1. 2 «Валюталық операциялар» курсының негізгі мақсаты және міндеттері
- •2.2 Ұлттық валюталық жүйенің негізгі элементтері
- •2.3 Әлемдік валюталық жүйенің негізгі элементтері
- •3.2 Валюталық курс түрлері және режимдері
- •3. 3 Валюталық курстың қалыптасуына әсер ететін факторлар
- •3.4 Валюталық курс теориялары
- •4.2 Валюталық саясат, оның нысандары және түрлері
- •4.3 Қазақстандағы валюталық және экспорттық бақылау ерекшеліктері
- •4.4 Валюталық саясатты қалыптастыру негізі ретіндегі валюталық курс шамасын мемлекеттік және нарықтық реттеу
- •5.2 Қр валюталық операцияларды реттеу, экспорттық және импорттық бақылау
- •5.3 Еркін қалқымалы валюталық курс режимін енгізу үдерісі, оның салдары
- •6.3 Төлем балансы тұжырымдамасы және төлем балансын реттеу әдістері
- •6.4 Қазақстанның төлем балансының ерекшеліктері
- •7.2 Халықаралық корреспонденттік қатынастар
- •7.3 Халықаралық валюталық банктік аударымдар
- •8.2 Халықаралық есеп айырысулар мен төлемдерді жүргізудің валюта-қаржылық шарттары
- •8.3 Халықаралық есеп айырысулар және төлемдердің нысандары
- •3 11 13 Белгілеу 6 түсіру
- •10 Банк
- •6 7 Пункті пунктті
- •Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
- •9.2 Клиринг – банк корреспонденттердің негізгі операциясы
- •Мт 760 Кепіл-хатты шығару.
- •10.2 Банк кепілдіктерінің түрлері
- •10.3 Банк кепілдіктерінің артықшылықтары және кемшіліктері
- •11.2 Әлемдік валюталық нарық қатысушылары
- •11.3 Валюталық котировка және кросс-курс
- •11.4 Валюталық позиция, оның түрлері.
- •12.2 Валюталық операцияларды жүргізу техникасы
- •14.2. Валюталық тәуекелді сақтандыру әдістері және тәсілдері
- •15.2 Валюталық нарық қатысушылары
- •15.3 Қр валюталық нарықты реттеу және бақылау
- •1. Соөж тақырыбының атауы
- •2. Соөж тапсырмалары Валюталық операциялардың пәні, әдісі, мазмұны
- •Әлемдік және ұлттық валюталық жүйелер, олардың негізгі элементтері
- •Валюталық курс – валюталық жүйенің негізгі элементі
- •Мемлекеттің валюталық саясатын қалыптастыру
- •Қазақстан Республикасының валюталық саясатының ерекшеліктері
- •Төлем балансы, мемлекеттің валюта-қаржылық саясатының бейнесі ретінде
- •Халықаралық банк ісінің негіздері және валюта-қаржылық қатынастар
- •Халықаралық есеп айырысуларды және төлемдерді жүргізу ерекшеліктері
- •Халықаралық корреспонденттік қатынастар жүйесі
- •Банк кепілдіктері халықаралық есеп айырысуларды жүргізу және қамтамасыз ету құралы ретінде
- •Валюталық нарық
- •Валюталық операциялар
- •Валюталық спекуляция
- •Валюталық тәуекел және оны сақтандыру әдістері
- •Қазақстан Республикасының валюталық нарығы
- •Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •Валюталық операциялардың пәні, әдісі, мазмұны
- •Әлемдік және ұлттық валюталық жүйелер, олардың негізгі элементтері
- •Валюталық курс – валюталық жүйенің негізгі элементі
- •Мемлекеттің валюталық саясатын қалыптастыру
- •Қазақстан Республикасының валюталық саясатының ерекшеліктері
- •Төлем балансы, мемлекеттің валюта-қаржылық саясатының бейнесі ретінде
- •Халықаралық банк ісінің негіздері және валюта-қаржылық қатынастар
- •Халықаралық есеп айырысуларды және төлемдерді жүргізу ерекшеліктері
- •Халықаралық корреспонденттік қатынастар жүйесі
- •Банк кепілдіктері халықаралық есеп айырысуларды жүргізу және қамтамасыз ету құралы ретінде
- •Валюталық нарық
- •Валюталық операциялар
- •Валюталық спекуляция
- •Валюталық тәуекел және оны сақтандыру әдістері
- •Қазақстан Республикасының валюталық нарығы
- •Қорытынды бақылау
12.2 Валюталық операцияларды жүргізу техникасы
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін көптеген валюталық операциялардың түрлері дами бастады. 50-жылдардың аяғынан бастап өнеркәсібі дамыған елдерде валютаны жедел ұсыну («спот») және мерзімді (форвардтық) мәмілелер кең қолданылды, соңғвлары валюталық реттеу обьектілері болып табылады. 50-60 жылдарда валюталық заңнама либерализациясы алғашында әртүрлі валютадағы депозиттердің ауыстырылуымен тәжірибеленген «своп» операцияларының дамуына әкелді.
Сауда операцияларының тәуекелділігін өтеудің дәстүрлі операцияларына қосымша тәуекелділікті сақтандыру қажеттілігін тудырған капитал қозғалысының либерализациясы мерзімдік валюталық мәмілелердің дамуымен байланысты болды.
70-жылдардан бастап биржада фьючерстік және опциондық валюталық мәмілелер дамыды. Бұл алып- сатарлық мәмілені және валюталық тәуекелден сақтандырудың жаңа нысаны. Қолма-қол валюталық операцияларды көп банктер жүзеге асырады, мерзімді операциялар мен «своп» мәмілелерін негізінен ірі банктер, ал опционды операцияларды ірілендірілген банктер жүзеге асырады.
Кассалық мәмілелер
Бұл валюталық операциялар өте кең таралған және төленген мәміле көлемінің 90% құрайды.
Олардың мәні мәмілені жасау кезіндегі бағам бойынша мәмілеге отыру күнінен бастап екінші күнге валютаны алып-сату шартына байланысты банк- контрагенттерінің оны жеткізілуінде. Сонымен қатар мәмілеге қатысатын әр валютаға жұмыс күндері есептелінеді, яғни егер мәміле датасының келесі күні жмысты болмаса, валюта жеткізу мерзімі тағы 1 күнге артады.
«Спот» мәмілелері бойынша валюта жеткізу алушы банктермен қарастырылған шоттарда болады. «СВИФТ» электрондық байланыс құралының, банкаралық электронды аударымдар жүйесінің (АҚШ-та ЧИПС, Лондонда ЧАПС және т.с.с.), компьютерлік өңдеудің кең таралуы бүгіннен ертенге дейін немесе ертеннен келесі күнге дейін бір күндік депозиттерді орналастыру операцияларын тез жүзеге асыру үшін айтарлықтай мүмкіндік береді.
Байқағандай, көптеген негізгі қаржы орталықтары мен көптеген алдыңғы валюталар сот принциптеріне негізделген, есептесу күні спот датасы, сондай-ақ валюта бағамы айырбасының атауы. Сөйтіп, мысалы Лондонда доллардың фунт стерлингке спот бағаны және ағымдағы валюта бағамы болады, бірақ операциондық күн барысында бұл бағамдар ұсыныс пен сұраныс өзгеруіне байланысты өзгере береді. Сөйтіп, Франкфуртте АҚШ доллары спот бағамы және Парижде ФРГ маркасы спот бағамы осылардың айырбас бағамы болады.
СПОТ бағам елдің ұлттық валютасының операция барысынды сыртқы бағасының өлшемі болады және жай коммерциялық мәмілелер жасауға қолданылады.
Мерзімді мәмілелер.Мерзімге мәмілелер әр түрлі мақсаттарда қолданылады, ең алдымен мерзімді мәмілелерді қолданғанда коммерциялық немесе қаржылық сипаттағы валюталық тәуекелді жабуға немесе сақтандыруға болады. Валюталық нарық мәмілелеріне байланысты біз спот – сатып алуды сол мезгілде мерзімдік сатумен (немемсе керісінше) байланысты своп операцияларымен кездесеміз.
Мерзімгемәмілелер мен мерзімді операцияларды қарастырғанда шатстырмау үшін трейдерлер жай форвардтық мәмілелер үшін сатып алу – сату «аутрайт» (out right) терминін қолданады, яғни своп операцияларын құрмайтын мәміле. Жоғарыда айтылғандай, «аутрайт» (жай форвардтық мәмілелер) мәмілелері бағам өзгерісін тәуекелден сақтандыру үшін қызмет етеді. Бірақ егер олар коммерциялық немесе қаржылық сипатта болмаса, онда олардың спекуляциясы туралы айтуға болады.
Форвардтық мәміле типтерін қарастырудан бұрын, форвардтық бағамдарының анықталуын қарастыру жөн.
Мерзімге мәмілелер бағамы – форвардтық бағамдар - не котируются.
Шын мәнінде банк диллерлері дифференциалдармен жұмыс істейді. Бұл дифференциалдың басқа термині «своп бағам» немесе «своп пункт» форвардтық дифференциалдың (ажио және дисконт) котировкасының, мерзімге мәмілелер бағамы емес себептері бар.
Біріншіден, форвардтық дифференциалдар көбінесе белгілі бір мерзімде тұрақты болып қалады, ал спот бағамдар флуктацияда болады. Соның нәтижесінде ажио/дисконт котировкасы форвардтық бағамдар бағамдар котировкасына қарағанда аз өзгерістерге ұшырайды. Екіншіден, мерзімдік мәмілелер бағамы көп жағдайда қызықты болмайды: мысалы, своп мәмілелерде тек сол бағамның қажеті бар.
Мерзімді мәмілелер бағамы спот бағамға қосу немесе одан дисконтты алу жолымен анықталады. Своп бағам әрқашанда берілген валютаның долларға байланысты ондық бөлікпен береледі.
СВОП операциялары. Валюталық нарықтағы мәмілелер, дәлірек айтқанда қысқа мерзімді капитал экспорты көбінесе своп мәміле сипаииамасында болады. Егер капитал экспорты басқа валютаға ауысуды қарастырса, және бұл валюта бағамның тәуекелді сақтандырумен байланысты шығындардың айырмашылығында болуы керек, онда своп мәмілеге жүгіну қажет.
СВОП валютасының спот сатып алушымен мерзімге сату (немемсе керісінше) комбинациясын көрсетеді.
Бірақ айтакету керек соңғы жылдар своп құнды анықтау негізі форвардтық бағаны қолдану жиірек болды. Бұл спот негізінде инвестициялаудың көлемі тәуекелден сақтандыру емес, қайтарылып алынатын форвардтың (негізгі сома + %) көлемінің тәуекелден сақтандыруға байланысты болды.
Сату-сатып алу бағамының қолдану қдажеттілігін анықтау керек емес, көбіне соңғы қорытындыны дөңгелетуге мүмкіндік беретін аралық бағам қолданылады.
Қысқа мерзімді капиталдар шекарадан тыс екі себепке байланысты инвестицияланцға тырысады:
Жергілікті валюталық нарық керекті мнвестицияның мүмкіндіктерін қанағаттандырмайды.
Басқа мемлекеттерде және басқа валютада инвестициялау көбірек табыс әкеледі, валюталық бағамды тәуекелден сақтандыруды қажет етпесе де.
Бірінші жағдай Швейцарияда қолданылады. Мұнда нақты валюталық нарық жоқ: аса ірі емес банктер, сондай-ақ корпоративті немесе жеке клиенттер өздерінің мерзімді салымдарын ірі инвестициялық банктерге салуына болдады. Бірақ соңғыларының өз кезегінде алынған капитплын қысқа мерзімдік құралдарын жергілікті валюталық нарықта салу мүмкіндігі жоқ (мысалы, қазыналық қорлар), себебі мұндай қағаздар Швейцарияда жоқ. Сөйтіп ірі швейцариялық банктер ликвидті капиталдың артықшылықтарын басқа елде орналастыруға мәжбүрлеу. Бұл евро-нарыққа тәуекелден сақтанды ру негізінде мерзімді депозиттерді орналастыру жолымен жасалады (яғни, банктер спот доллары сатып алып, сол уақытта оларды мерзімге сатады).
Көп тараған көзқарасқа қарсы айта кету керек тәуекелді сақтандыру шығындарды әкеледі деген емес. «Әлсіз» валюталарды «мықты» валюталарды бірінші мерзімдік сату жолымен сақтандыруға болады. Өйткені әлсіз валюталар бұл жеңілдік валюталар (дисконт). Осындай жағдайда сақтандыру шщығынды білдіреді. Бірақ әлсіз валюта мықтыланып, ал мықты валюта (ажиомен) төмендеген жағдайлар да көп болды.
Сонымен бірге клиент қолма-қол мәміле бойынша сатьушы мен сатып алушы бағамының арасындағы айырма маржа кезінде үнемдейді.
Мерзімді позиция құру құралы болып своп операцияларының негізгі артықшылығы – оның қатысушыларының қысқа мерзімді бағаның өхзгеруіне байланысты мазасызданбауы, валюталық бағамда маржа өзгерісі форвардтық маржа да қатты көрінбейді.
Опциондар. Опцион бойынша мәмілені классикалық форвардтық валюталық мәмілемен салыстыруға болады. Бірақ тек біржағдайдан басқа: опцион алушы опцион контрактысын құру немесе құрмау құқына (міндетіне емес) иемденеді, яғни ол опционды мерзімнен өткеннен кейін қолданбауы мүмкін.
Осы құқықт иемдену үшін сатп алушы сатушыға келісімшарт жасау барысында сыйақы төлейді. Келесідей құқықтар мен мінгдеттер опцион келісімінен шығады:
«Колл» опционды алушы немесе «ұстаушы» құқыққа, бірақ міндетке емес ие болады: белгілі бір валютаны келісілген баға бойынша сатып алу және белгілі бір уақыт кезеңінің аралығында (опционның американдық үлгісі) немесе мерзімнің аяқталуының белгіленген күніне (европалық үлгі).
«Колл» опционды сатушы белгіленген бағаға белгілі бір валюта көлемін сату міндеті – егер сатып алушы талап етсе – белгілі бір уақыт кезеңі аралығында (американдық опцион) немесе белгілі бір күнге (европалық опцион).
«Пут» опционын сатып алушы белгілі бір кезең аралығында белгілі бір бағамен берілген валютаның белгілі бір мөлшерін сатуға құқылы, бірақ міндетті емес.
«Пут» опционын сатушы берілген валютаның белгілі бір мөлшерін сатып алуға міндетті – егер сатып алушы талап етсе – келісілген келісімшарт кезеңі барысында немесе күнге.
Жоғарыдағылардан көрініп тұрғандай, инициатива сатып алушыдан шығады. Екі жағдайда да (сату, сатып алу) опционды сатушының ешқандай таңдауға мүмкіндігі жоқ. Ол пассивті ролді атқарады және сол үшін оған сатушы сыйақы төлейді. Бұл сыйақы сатушымен жасалған келісімшарттың сақтандырылуы деп қарастыруға болады. Сондай-ақ «пут» және «колл» опциондары өздерінің ұстаушыларына аз сома салып контракт кезеңі барысында активтің бағасын төмендеуін қолдануға мүмкіндік береді.
Форвардтықө мәмілелер опциондарға қарағанда аз. Оған екі себеп бар:
Мерзімді операциялар кезінде тек екі вариант, ал опциондар төрт вариант ұсынады:
«Колл» опционын сату немесе сатып алу.
«Пут» опционын сату немесе сатып алу.
2. Ұстаушы опционды құруға немесе құрмауға құқығы бар. Ал сатушы осы опционды іске асыруға міндетті өзінің болжамысыз сипаты үшін опциондар мерзімді операцияларды ауыстыруға келмейді. Опцион мен классикалық тәуекелді сақтандыру операциясы арасындағы таңдауда диллерлер мүмкін шығыс пен табысты мұқият қарастыруы керек.
Фъючерстер. Бірінші қаржылық фъючерстер 70-ші жылдардың басында пайда болды және Чикаго тауар биржасында саудаласты. Валюталық фъючерстердің алғашқылары болып фъючерстік тауарлық контракттер табылады.
Қазіргі фъючерстік контракттермен саудаласудың басты биржалары: Чикаголық (СМЕ), Нью-йорктық (COMEX), Лондондық (LIFFE), Сингапурлық (SIMEX), Цюрихтық (SOFFOX), Париждік (MATIF).
Фъючерстік биржалар нақты жеткізулердің жоқтығы принципі жұмысының тенденциясына ие. Бұл нарық тез арада басқа қаржылық мекемелермен реттелетін активтер мен пассивтердің сақтандыру жжәне спекуляция үшін қолданылады. Тез, яғни валюта айырбасы белгілі бір стандартты жүйемен орындалады және талап ететін жақ клиренгтік валюталық жүйеде қарастырылмайтын көлемді және басқада мәліметтерді қосуына болады.
Валютаның фъючерстер банкаралық нарықта форвардтық мәмілелерге ұқсас, бірақ айырмашылықтары бар.
Кесте - Фъючерстік және форвардтық нарықтардың салыстырылуы
Салыстыру критерийлері |
Фъючерстік нарық |
Форвардтық нарық |
||
Қатысушылары |
Банктер, копорациялар, жеке инвесторлар, спекулянттар |
Банктер, ірі корпорациялар |
||
Араласу тәсілі |
Мәміле қатысушылары әдетте бірін бірі танымайды |
Мәміленеің бір контрагенті екіншісін таниды |
||
Делдалдары |
Брокер |
Әдетте мәміле қатысушылары бірбірімен іс жүргізеді |
||
Мәміле орны мен тәсілі |
Биржаның операциондық залына қимыл мен айқайлау арқылы |
Банкаралық валюталық нарықта телефон немсе телекс арқылы |
||
Нарық сипаты мен валюта котировкасының көлемі |
Біржақты нарық. Бір валюта бағамы котировкасы |
Екі жақты нарық екі валюта бағамы котировкасы |
||
Арнайы депозит |
Валюталық тәуекелді жабу үшін қатысушылар клирингтік үйге кепілдік депозит ашулары тиіс |
Егер мәміле делдар банктері арасында болса, кепілдік депозит керек емес |
||
Мәміле сомасы |
Стандартты контракт |
Қатысушылардың келісуі бойынша кез келген сома |
||
Валюта жеткізу |
Контрактың көбін емес (1 кейде 6 %) |
Контрактың көбі бойынша (95 %) |
||
Валюталық позиция |
Барлық валюталық позициялар оңай ликвидацияға ұшырауы мүмкін |
Форвардтық позицияның жабылуы немесе ауыстрылуы оңай болмайды |
||
Валюталық фъючерстердің артықшылықтары:
Шектеулер мен лимиттер жойылуы мүмкін. Себебі екі саудаласушы арасында операциондық залда болған мәміле қалғанын биржа өз мойнына алады және делдал болады.
Маржа жүйесі (кепілді салым). Маржа жүйесі кез келген дефициттін орнын жабады.
Контракт клемі мен сомасының шектелуі. Нарық жағдайында бір контракт немесе кішігірім сома үлкен сома ставкасы сияқты сатылуы мүмкін. Себебі маркет-майкерлер оның дұрыс деңгейін анықтамай тұрып котировка өлшеміне шектеу қоюы мүмкін.
Валюталық фъючерстердің кемшіліктері:
Жүйенің икемсіздігі. Фъючерстік биржалар тек шектеулі есептеме күндеріне ие. Ондағы реттелмеген контрактілер ақшалай төлемдерге сәйкес келуі керек.
Маржа жүйесі. Кейбір биржалар аса үлкен немесе аса төмен маржа талап етуі мүмкін.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Валюталық своп пен спот
Кассалық мәмілелер
Арбитраж
Ұсынылатын әдебиеттер:
«Банковское дело». Учебник. Под ред.О.И.Лаврушина. М., 2003 г. с. 222
Рид Э., Коггер Р., Гилл Э., Смит Р. Коммерческие банки. М.: Космополис, 1991.- с.107
Банковское дело. Учебник для вузов//под ред. Е.Ф.Жукова. Н.Д.Эрнашвили.Москва: Банки и биржи, ЮНИТИ-ДАИА: Единство, 2006 г., с. 528.
13 Валюталық спекуляция
Лекцияның мақсаты: Валюталық операциялардағы спекуляция түсінігін қалыптастыру. Негізгі қатысушыларын, олардың қызмет ерекшеліктерін анықтау
Сұрақтары:
13.1 Валюталық спекуляция, мазмұны және түсінігі
13.2 Валюталық спекуляцияны жүзеге асыру көздері
13.3 Валюталық спекулянттар ретіндегі валюталық биржа қатысушылары
13.1 Валюталық спекуляция, мазмұны және түсінігі
Валюталық спекуляция, оны жүргізу мүмкіндіктері және жүзеге асыру көздері. Валюталық аюлар, валюталық өгіздер және валюталық көбелектер – валюта биржасының негізгі қатысушылары және валюталық спекулянттар ретінде.
13.2 Валюталық спекуляцияны жүзеге асыру көздері
13.3 Валюталық спекулянттар ретіндегі валюталық биржа қатысушылары
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Валюталық спекуляция түсінігі
Валюталық спекулянттар
валюталық спекулянттардың биржадағы қзыметтері
Ұсынылатын әдебиеттер:
«Банковское дело». Учебник. Под ред.О.И.Лаврушина. М., 2003 г. с. 222
Рид Э., Коггер Р., Гилл Э., Смит Р. Коммерческие банки. М.: Космополис, 1991.- с.107
Банковское дело. Учебник для вузов//под ред. Е.Ф.Жукова. Н.Д.Эрнашвили.Москва: Банки и биржи, ЮНИТИ-ДАИА: Единство, 2006 г., с. 528.
14 Валюталық тәуекел және оны сақтандыру әдістері
Лекцияның мақсаты: Валюталық операциялардағы негізгі тәуекелдерді анықтау және оны төмендету жолдарын қарастыру
Сұрақтары:
14.1 Валюталық тәуекел, мазмұны, түсінігі және пайда болу көздері
14.2. Валюталық тәуекелді сақтандыру әдістері және тәсілдері
14.1 Валюталық тәуекел, мазмұны, түсінігі және пайда болу көздері
Тәуекел дегенде ықтималдылықты, ал турасына келсек, банктің өз ресурстарының көп бөлігінен айырылып қалу қаупін, белгілі бір қаражат операцияларын жүзеге асыру нәтижесінде табыстарды толық алмауын немесе шығынға ұрынатынын айтқан дұрыс.
Тәуекел- бұл сондай-ақ кез-келген өндірүшінің соның ішінде банктің де қызметіндегі оқиғалық сипаттама. Ол әрекет ақырының белгісіздігін және табыссыздық жағдайында оның салдарының қолайсыз болатыны көрсетеді. Табысты жоғалту және берілген неиселер бойынша төлемдердің қайтарылмауы салдарынан шығындар туындауы, ресурстық базаның қысқаруы, баланстан тыс операциялар бойынша төлемдерді жүзеге асырылмауы т.с.с.
Алайда сонымен бірге тәуекел деңгейі неғұрлым төмен болса, жақсы табысқа жету мүмкіндігі де соғұрлым төмен болады.
Бүгін де тәуекелді талдау мен бағалаудың негізігі бөлігі қанадай да бір болашақ оқиғаның болатыны жайлы ықтималдылық теориясына негізделген. Ол ғылым мен бизнестің барлық саласында қолданыс тауып отыр. Бұған банк ісі мен қаржылық институттрада кіреді. Шын айтуына келгенде, банк операцияларының барлық түрі тәуекел ету үрдісіне ұшыраған.
Қазіргі кезде Қазақстан республикасында қызмет ететін салалардың барлығында экономикалық жаңғырулар процесі жүріп жатыр. әрине тәукелге бел буу әрбір кәсіпорынның қаражат және өндірістік қызметінде шешуші концепцияның бірі саналады.
Біздің іс-әрекетіміздің нәтижесіне сай ұшырасатын тәуекелдің аз еместігін мойындауға мәжбүрміз. Сондай-ақ біздің өмірімізде негізінен, көптеген әртүрлі жүйеленген және жіктелген тәуекелдер бар. Олар банктік қызметтермен байланысты болады. Банктік тәуекелдер болып мыналар саналады: валюталық, пайыздық және несиелік тәуекелдер. Берілген жұмыста біз валюталық тәуекелді қарастырамыз.
Валюталық тәуекел дегеніміз-бұл шетел валютасын әртүрлі бағаммен сату және сатып алу кезіндегі туындайтын тәуекел.
Валюталық тәуекел немесе бағамды жоғалту тәуекелі-банктік операциялардың көп ұлттық немесе интернационализациялық нарығымен, бірегейлі кәсіпорындармен және банктік ұйымдардың пайда болуымен тікелелей байланысты болады. Сонымен қатар, валюталық тәуекел валюталық ауытқуларға байланысты ақшаның жоғалуына әкеп соғады. Осыған орай валюталық бағамдағы ауытқулар көптеген факторлардың арқасында көрініс табады. Валютаға сену көп факторлық күрделі процесс болып табылады. Бірақ шынына келсек, айтылған мәселелер тек белгілі бір валюталық бағам режиміне,соның ішінде еркін ауытқу бағамына байланысты болады. Бүгінгі күнде әлемдік тәжірибеде валюталық бағам режимінің бірнеше түрлері бар, яғни белгілі бір мемлекеттің жағдайына байланысты болып келеді.
Валюталық жүйені мына көрсеткіштер арқылы анықтауға болады:
1.Жабық нарық түріне жататын мемлекет мынадай көріністерге ие: экономикалық тенденцияның жабықтығына немесе экономикалық ақпараттарға инвесторлар және экспорттық – импорттық операциялар және т.б. осындай мемлекеттердің валюталық бағамы белгісіз ауытқуларға жақын, инвесторлар мен импортерлар көбінесе осындай вллютада келісім шартты жүргізуден қашады. Айналымына байланысты негізгі есеп айырысулар тауар үшінші мемлекеттердің валютасында жүргізіледі. Осындай валюталық нарық көбінесе тар болады (немесе мүлдем болмайды). Макроэкономикалық көрсеткіштер әлемдік нарықта осындай валюталық бағамға әсерін тигізбейді.
2.Күрделі экономикалық потенциал кезіндегі приоритеті көрсетілген курстық мемлекет. Әдетте бұндай мемлекеттердің валюталық курсы «авторитеттік» курсқа қарағанда қатал көрсетіледі және импорттық экспорттық – импорттық пен инвестициялық операцияларды жүзеге асыруға қолайлы қызмет атқарады. Макроэкономикалық көрсеткіштер көбінесе осындай мемлекеттердің ұлттық валюталық курсына әсерін тигізбейді.
3.Сонымен бірге көптеген тәуелсіз экономикасы бар мемлекеттер өз қызметтерін жүзеге асырады. Бірақ олардың экономикасы жағынан тәуелсіз болғанымен екінші жағынан экономикасы тұрақсыз деп айтуға болады. Бұндай мемлекеттердің валюталық бағамын анықтау қиынға түседі және осындай факторларға тәуелді болуы мүмкін: саяси ауытқулар, басқару органдарының экономикалық саяси ауытқулары, мемлекетаралық бәсекелестіктің жоқ болуы, валюталық резервтердің сатыларының аз болуы, сонымен қатар макроэкономикалық көрсеткіштердің де жоқ болуы.
4.Тұрақты экономикасы бар мемлекеттер, яғни ұлттық валюталық еркін түсуі.Осындай мемлекеттердің басты көріністері : дамыған нарықтық экономика, экономикалық жетістіктер, басқару органдарының белгілі тұрақты саясаты, ақша массасның қатал бақылануы және мемлекеттерге ақпарат пен пайыздық ставкаларының қатал бақылануы. Кейбір жағдайларда мұндай еркін валюталық ауытқулар – интервенцияларымен мемлекет аралық басқару органдарының келісім шарттары мен саяси қысыммен тікелей байланысты болып келеді. Осындай мемлекеттерде валюталықбағам әр бір макроэкономикалық көрсеткіштерге назар аударады.
Макроэкономикалық және саяси факторлар әдетте үшінші және төртінші валюталық түрлеріне көңіл аударады. Сонымен қатар көптеген ауытқулар жүзеге асырылады. Олар ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді бағам перспективасына әсерін тигізеді. Мысалы, ұзақ мерзімді перспективада, әдетте талдау кезінде валюталық бағамның қозғалысына байланысты мынадай факторлар қарастырылады – ішкі өнім бағыты, ақпараттардың жылдамдығы, төлеу және сату баланстарының қалпы, жұмыссыздықтың сатысы немесе әлеуметтік тұрақтылық және т.б.
Алайда, барлық факторлардың ішінен, ұзақ мерзімді перспективалық бағамға әсерін тигізетін 2 негізгі факторларды қарастыруға болады.
Ақпараттардың жылдамдығы. Валюталық бағамның ауытқуына мынадай мәселелер байланысты мүмкін. Яғни ол экономикалық немесе саяси. Нарық барлық экономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне, саяси дағдарыстарға назар аударады.
Валюталық нарық өзінің тұрақсыздығымен және белгісіздігімен көзге түседі. Бұған қарсы әлемдегі саяси және экономикалық өзгерістерге валюталық нарық қатысушыларының лезде дайын болуы, жауап беруі, сонымен бірге үлкен бөлігінің алап сатарлықпен әрекет етулері жатады.
Валюталық тәуекел – бұл жоғалту тәуекелі. Егер сату және сатып алу келісім шарты шетел валютасымен жасалса, оның өзгерісі жақсы жағына тән болмайды. Тәуекел тек қана банк ашық позициясы жүргізілген кезде туындайды. Валюталық операцияларды әдетте «кассалық» және «мерзімді» деп бөледі. Кассалық келісім шарт нарығы контракт жасалғаннан кейін екі күннің ішінде төлеуді талап етеді. Осынай келісім шарттарға жататындар: СВОП келісім шарты, овернайт. Ал жылдамды келісім шарттарға: форвард, СВОП, фьючерстер, опциондар жатады.
Мерзімді келісім шартқа байланысты төлем жүргізбеу тәуекелі инвестордың несие бермеуіне және контрактың мерзіміне байланысты болады. Неғұрлым бұл мерзім жоғары болса, соғұрлым бағамның өзгеруі мен төлем жүргізбеуі жоғарылайды.
Мерзімді операциялар банк клиенттерімен жүргізіледі. Сонымен қатар мерзімді операцияның тәуекелі басты болғандықтан, банк өзі клиенттермен жүргізген мерзімді келісім шарттарды сақтандыруға мәжбүрлі.
