- •5В050800- «Есеп және аудит» мамандығының
- •1. Пәннің мазмұны:
- •3. Пәндi оқыту мiндеттерi
- •Дәріс сабағының жоспары
- •Астана 2013 ж.
- •Аға оқытушы- е.А. Мұхамеджанов
- •Пәннің сағаттық жоспары
- •І «Валюталық операциялар» пәнінің курсына кіріспе
- •Іі Валюталық бақылау және валюталық реттеу саясаты
- •Ііі Халықаралық төлемдер және есеп айырысулар
- •Іү Валюталық нарық және валюталық операциялар
- •Анықиамалық әдебиеттер:
- •Студенттің білімін бағалау шкаласы
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Глоссарий
- •Пәннің дәріс кешені
- •1. 2 «Валюталық операциялар» курсының негізгі мақсаты және міндеттері
- •2.2 Ұлттық валюталық жүйенің негізгі элементтері
- •2.3 Әлемдік валюталық жүйенің негізгі элементтері
- •3.2 Валюталық курс түрлері және режимдері
- •3. 3 Валюталық курстың қалыптасуына әсер ететін факторлар
- •3.4 Валюталық курс теориялары
- •4.2 Валюталық саясат, оның нысандары және түрлері
- •4.3 Қазақстандағы валюталық және экспорттық бақылау ерекшеліктері
- •4.4 Валюталық саясатты қалыптастыру негізі ретіндегі валюталық курс шамасын мемлекеттік және нарықтық реттеу
- •5.2 Қр валюталық операцияларды реттеу, экспорттық және импорттық бақылау
- •5.3 Еркін қалқымалы валюталық курс режимін енгізу үдерісі, оның салдары
- •6.3 Төлем балансы тұжырымдамасы және төлем балансын реттеу әдістері
- •6.4 Қазақстанның төлем балансының ерекшеліктері
- •7.2 Халықаралық корреспонденттік қатынастар
- •7.3 Халықаралық валюталық банктік аударымдар
- •8.2 Халықаралық есеп айырысулар мен төлемдерді жүргізудің валюта-қаржылық шарттары
- •8.3 Халықаралық есеп айырысулар және төлемдердің нысандары
- •3 11 13 Белгілеу 6 түсіру
- •10 Банк
- •6 7 Пункті пунктті
- •Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
- •9.2 Клиринг – банк корреспонденттердің негізгі операциясы
- •Мт 760 Кепіл-хатты шығару.
- •10.2 Банк кепілдіктерінің түрлері
- •10.3 Банк кепілдіктерінің артықшылықтары және кемшіліктері
- •11.2 Әлемдік валюталық нарық қатысушылары
- •11.3 Валюталық котировка және кросс-курс
- •11.4 Валюталық позиция, оның түрлері.
- •12.2 Валюталық операцияларды жүргізу техникасы
- •14.2. Валюталық тәуекелді сақтандыру әдістері және тәсілдері
- •15.2 Валюталық нарық қатысушылары
- •15.3 Қр валюталық нарықты реттеу және бақылау
- •1. Соөж тақырыбының атауы
- •2. Соөж тапсырмалары Валюталық операциялардың пәні, әдісі, мазмұны
- •Әлемдік және ұлттық валюталық жүйелер, олардың негізгі элементтері
- •Валюталық курс – валюталық жүйенің негізгі элементі
- •Мемлекеттің валюталық саясатын қалыптастыру
- •Қазақстан Республикасының валюталық саясатының ерекшеліктері
- •Төлем балансы, мемлекеттің валюта-қаржылық саясатының бейнесі ретінде
- •Халықаралық банк ісінің негіздері және валюта-қаржылық қатынастар
- •Халықаралық есеп айырысуларды және төлемдерді жүргізу ерекшеліктері
- •Халықаралық корреспонденттік қатынастар жүйесі
- •Банк кепілдіктері халықаралық есеп айырысуларды жүргізу және қамтамасыз ету құралы ретінде
- •Валюталық нарық
- •Валюталық операциялар
- •Валюталық спекуляция
- •Валюталық тәуекел және оны сақтандыру әдістері
- •Қазақстан Республикасының валюталық нарығы
- •Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •Валюталық операциялардың пәні, әдісі, мазмұны
- •Әлемдік және ұлттық валюталық жүйелер, олардың негізгі элементтері
- •Валюталық курс – валюталық жүйенің негізгі элементі
- •Мемлекеттің валюталық саясатын қалыптастыру
- •Қазақстан Республикасының валюталық саясатының ерекшеліктері
- •Төлем балансы, мемлекеттің валюта-қаржылық саясатының бейнесі ретінде
- •Халықаралық банк ісінің негіздері және валюта-қаржылық қатынастар
- •Халықаралық есеп айырысуларды және төлемдерді жүргізу ерекшеліктері
- •Халықаралық корреспонденттік қатынастар жүйесі
- •Банк кепілдіктері халықаралық есеп айырысуларды жүргізу және қамтамасыз ету құралы ретінде
- •Валюталық нарық
- •Валюталық операциялар
- •Валюталық спекуляция
- •Валюталық тәуекел және оны сақтандыру әдістері
- •Қазақстан Республикасының валюталық нарығы
- •Қорытынды бақылау
10.3 Банк кепілдіктерінің артықшылықтары және кемшіліктері
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Банк кепілдіктері мазмұны және түсінігі
Банк кепілдіктернің түрлері
Банк кепілдіктерінің артықшылықтары және кемшіліктері
Ұсынылатын әдебиеттер:
Н.Н. Хамитов. Банковский менеджмент:Учебное пособие.-Алматы: Экономика, 2007. с.44-51
Г.Г. Коробова, Е.А. Нестеренко. Банковские риски. Учебное пособие: Издательский центр Саратовской государственной экономической академии, 1996.
Е.П. Жарковская. Банковское дело. М.: Омега – Л, 2006
Банковское дело: стратегическое руководство, под ред. Платонова В. И Хиггинса М., Москва, 1998 г., с. 59.
Л.П. Белых. Устойчивость коммерческих банков
11 Валюталық нарық
Лекцияның мақсаты: Валюталық нарықтың ерекшелігін, орнын, белгілерін қарастыру және валюталық позиция анықтау тәртібімен танысу
11.1 Валюталық нарық анықтамасы және оның ерекшелік белгілері
11.2 Әлемдік валюталық нарық қатысушылары
11.3 Валюталық котировка және кросс-курс
11.4 Валюталық позиция, оның түрлері.
11.1 Валюталық нарық анықтамасы және оның ерекшелік белгілері
Айырбастарды жүргізу үшін валюталық нарық қызмет етеді, яғни сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасатын бағам арқылы шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау немесе сатуды жүзеге асырудың ресми орталықтары.
Валюталық нарықтар – уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.
Валютаны айырбастау операциялары ежелде «ауыстыру ісі нысанында» ерте заманда және ортағасырларда пайда болып, бірақ қазіргі түсініктегі валюталық нарық XIX ғасырда қалыптасты. Олар келесідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады:
байланыстың электронды құралын кеңінен қолдану және олар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруда шаруашылық қызметті интернационалдандыру негізінде валюталық нарықты интернационалдандыру күшейеді;
операциялар барлық елдер түпкірінде тәулік ішінде үздіксіз жасалынады;
валюталық операциялар техникасысәйкестендірілген, есеп айырысулар банктің корреспонденттік есепшоты арқылы жүргізіледі;
валюталық және несиелік тәуекелді сақтандыру мақсатында валюталық операциялардың кең дамуы;
алып – сатарлық және төрелік операциялар коммерциялық мәмілемен байланысты валюталық операциялардан біршама асып түседі. Олардың қатысушыларының саны бірден өсті және олардың құрамына банктер мен ұлт аралық корпорациялардан (ҰАК) басқа заңды және жеке тұлғалар да жатады;
тұрақты экономикалық жағдайларға тәуелсіз өздерінің биржалық тауарларына байланысты тенденциясы бар валюталық бағамның тұрақсыздығы.
Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу – сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныстың ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден; сондай – ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтаныдыру сыйақысы, брокерлік және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұлғалардан туындайды.
Атқарымдық көзқарас тұрғысынан валюталық нарық келесілерді қамтиды:
халықаралық есеп айырысулардың уақытылы жүзеге асырылуы;
валюталық және несиелік тәуекелді сақтандыру;
әлемдік валюталық, несиелік және қаржылық нарықтардың өзара байланысы;
банк, кәсіпорын, мемлекеттің валюталық резервтерінің әртараптандырылуы (диверсификациясы);
валюталық бағамды реттеу;
қатысушылардың валюталық бағам айырмасы ретінде алатын алып-сатарлық пайдасы;
экономиканы мемлекеттік реттеуге бағытталған валюталық саясатты жүргізу.
Валюта нарығы – сұраным мен ұсыным негізінде валюталарды сатып алу – сату шоғырланған ресми орталық және шетел валютасымен төленетін төлем құжаттарын сатып алу– сату жөніндегі тұрақты экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі. Мұнда еуродепозиттер нарығы, еуронесиелер нарығы, еурооблигациялар нарығы қамтыладыды. Биржалық валюталық нарық және биржадан тыс (банкаралық) валюталық нарық түрлеріне бөлінеді. Дүниежүзілік аса ірі валюталық нарықтар АҚШ– та, Ұлы Британияда, ГФР–де, Францияда, Швейцарияда, Жапонияда, Сингапурде, орналасқан. Валюта нарығында операциялардың екі түрі қолданылады, олар: «спот» (валютаны дереу жеткізу) «форвард» – келісілген бағам бойынша уағдалы уақыттан кейін (бір айдан және одан көп уақыттан кейін) жеткізу. Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады:
шаруашылық байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық нарықтардың интернационалдануының күшеюі;
байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды жасау;
банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде негізделетінвалюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;
коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырғанда алыпсатарлық және арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.
Валюталық нарық белгілеріне қарай мынадай түрде жіктеледі:
Орналасу аумағына қарай:
Халықаралық;
Ұлттық (жергілікті);
Аймақтық.
Валюталық шектеуге қатысты:
Еркін нарық;
Еркін емес нарық.
Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью – Йорктегі, Майенедегі Франкфрут, Париждегі, Цюрихте, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңінен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.
Аймақтық және жергілікті нарықтарда белгілі бір конвертирленетін валюталармен операциялар жүргізіледі. Оның қатарында сингапур доллары, сауд риалы, кувейт динары және т.б. бар.
Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың қатарында компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкін) валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар, ішкі ұлттық нарықтағы операцияларға жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке тұлғалар арасындағы операцияларды, сондай– ақ валюта биржасында жүргізілетін операцияларды да жатқызады. Жоғарыда келтірілген сипаттамаға қарап, Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады. 2000 жылы операциялар көлемі USD – 1136574 мыңды құрайды.
Сол немесе басқа елдің ішкі валюталық заңдылықтарының ырықтандырылуына байланысты ресми валюталық нарық «қара нарықпен» толықтырылуы мүмкін. «Қара нарықтың» болуы барлық ТМД елдеріне тән сипат. Қазақстанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының көптеп ашылуы пайда массасын өсіру үшін банктер арасында бәсекені ұлғайта отырып, «көше» нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәтижесінде «қара нарықтың» әрекет ету аясының қысқаруына әкелді.
