Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод.рекомендации для СРСП 1полугод каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

5. Тақырып бойынша тапсырма:

  • Тамақтан улануды талдау актісін зерделеніз.

  • Сұрақтарға жауап берініз, жағдайлық есептерді шешініз.

  • Тамақтан улануды талдау актісі бойынша қорытынды құрастыру әдістемесін зерделеніз

  • Жағдайлық есептерді шешініз.

6. Таратылатын материал: оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар, сұрақтардын жинағы.

7. Әдебиет:

  1. Гигиенические требования по оценке качества и безопасности продовольственного сырья. СанПиН – 4.01.004 –Алматы, 1997.

  2. Смолянский Б.Л.- Алиментарные заболевания. С.-П., 2005.

  3. Куценко Г.И., Хромченко О.М.- Основные направления в профилактике пищевых отравлений. М.,2004, 246с.

Жағдайлық есептер:

№ 1 Есеп.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынында таратылатын өніммен тамақтану улануды талдау актісін құрастырыныз.

№2 Есеп.

Сәуір айының аяғында, жергілікті шұжық цехымен дайындалынған пісірілген шұжықты қолданғаннан, оқу орындарында оқитындардың арасында жаппай (52 адам) улану болды. Шұжықты тәңертен жеген, күннің екінші жартысында ауру басталған.

Тамақтан улануды талдау актісін құрастырыныз.

№ 3 Есеп.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынында анықталған тамақтан улануды талдау актісін зерделеніз. Акт бойынша қорытынды берініз.

№ 4 Есеп.

Ет өндеуші кәсіпорынында анықталған тамақтан улануды талдау актісін зерделеніз. Акт бойынша қорытынды берініз.

8.Бақылау

Сұрақтар:

  1. Тамақтан улануды талдау актісі неше бөлімдерден тұрады?

  2. Актінің паспорттық бөлімінде қандай мәлімет көрсетіледі?

  3. Актінің констатациялық бөлімінде қандай мәлімет болу керек?

  4. Актінің қорытынды бөлімінде қандай ақпарат болу керек?

  5. Актінің төртінші бөлімі нені сипаттайды?

1.Тақырып №39: Тағамдық улануларды алдын-алу бойынша шараларды дайындау.

2.Мақсаты: Тамақтан улануды алдын алу бойынша шараларды зерделеу.

3.Оқу міндеті: Тамақтан улануды алдын алу бойынша білімді нығайту.

4.Өткізу түрі:оқулықтармен жұмыс істеу, сұрақтарға жауап беру, жағдайлық есептерді шешу.

5.Тақырып бойынша тапсырма:

  • Тамақтан улануды тергеудін негізгі кезендерін зерделеу;

  • Сұрақтарға жауап берініз, жағдайлық есептерді шешініз.

6.Таратылатын материал: оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар, жағдайлық есептер, сұрақтардын жинағы.

7.Әдебиет:

  1. Постовит В.А. «Пищевые токсикоинфекции». М., 1998.

  2. Карплюк И.А. «Пищевые бактериальные интоксикации и микотоксикозы». М., 1995.

  3. Гигиенические требования по оценке качества и безопасности продовольственного сырья. СанПиН – 4.01.004 –Алматы, 1997.

  4. Смолянский Б.Л.- Алиментарные заболевания. С.-П., 2005.

  5. Куценко Г.И., Хромченко О.М.- Основные направления в профилактике пищевых отравлений. М.,2004, 246с.

Жағдайлық есептер:

№ 1 Есеп.

Сырқат әртүрлі жанұяларда байқалған. Барлық зардап шеккендерге ортақ азық-түлік бір кәсіпорында дайындалған қайнатылған кремді торт болды.

Жалпы көлемі 118 кг. торт партиясы 12 сағат бойы дайындалған ал оларды сату тек қана оларды дайындаған уақыттан 26 сағаттан кейін сатыла басталған. Сатылмай қалған торттар таратудан алынды.

Сырқат келесі симптомдармен сипатталды: инкубациялық кезеңі 3-6 сағат, жүрегінің айнуы, құсу пайда болды. Кейбіреулерінде іштің өтуі байқалды, олардың ішінде үшеуінің нәжісінде қан байқалды. Әлсіреу, тері қабатының боздануы, ерін цианозы, кейбіреулерінің пульсы 96-120. Сауығу бірнеше сағат өткеннен кейін немесе келесі күні басталды.

Жанұяда тортты мысыққа тамақ ретінде берілген. Мысықта қатты тынышсыздық және құсу пайда болған.

Құсу массасынан, нәжістен және торт үлгісін барлық зерттеу түрі кезінде золотистый стафилококк табылған.

Кондитерлерді тексеру барысында біреуінде күйік салдарынын пайда болған абсцесс анықталды. Абсцесстен золотистый стафилококк табылды.

  1. Қандай профилактикалық шаралар жүргізу қажет?

№ 2Есеп.

Сәуір айының аяғында, жергілікті шұжық цехымен дайындалынған пісірілген шұжықты қолданғаннан, оқу орындарында оқитындардың арасында жаппай (52 адам) улану болды.

Шұжықты тәңертен жеген, күннің екінші жартысында ауру басталған. Симптомдары: бас ауруы, температура 37°-39°С, іштің су болып өтуі. Аурудың ұзақтығы 3-4 күн.

Шұжық дайындалғаннан кейін комната температурасында 2 күн сақталынған.

Түскен күні таратылған басқа мекемелерде осы шұжық ауруды шақырмаған.

Шұжықтың жаңалығына химиялық анализдің 4-сынамасы аммиак реакциясының бірі-оң; күкіртті су анықталған жоқ.

Шұжықтың барлық бактериологиялық сынамасынан 0,001 протей бөлінген және 0,0001 г ішек таяқшасы. Паратифті топтан микробтар анықталмаған. Нәжістен протей бөлінген. 5-күн протеймен ауырған науқастардың нәжісінен және шұжықтан 1:50 – 1:100 титрінде оң агглютинация реакциясы байқалды. Ішек инфекциясымен ауырғандардың және өнімнен алынған сарысу агглютинация реакциясы теріс.

  1. Қандай профилактикалық шаралар қолдану қажет?