Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД НП каз для КС(К)-3 курс.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2. Салықтық құқықтың норманың құрылымы. Салықтық құқықтық нормаларды топтастыру.

Салықтық құқықтық нормалардын құрылымы өзінің кұрамдас элементтері мен ішкі құрылысын көрсетеді.

Салықтық құқықтық нормалардың элементтері ретінде гипотезаны, диспозицияны және санкцияны айтамыз.

Гипотезада осы норманың ауқымындағы тұлғалардың шеңбері айқындалып, норманың іске асырылуына орай жағдайлар сипатталынады.

Диспозиция — тараптардың нақты міндеттері мен құқықтарын айқындау арқылы көрініс табатын тиісті мінез-құлық іс-қимыл қағидаларынан тұрады. Демек, бұл әмірлі бұйрық, тыйым салу немесе рұқсат беру негізінде, көбінесе жүктелген міндеттерді бұлжытпай атқару түрінде жүзеге асырылатын іс-әрекеттерді нақтыландыратын қағида болып табылады.

Санкция - салықтық құкықтық нормалардың сақталуын, олардың бұзылмауын және бұзылған құқықты қалпына келтіруді көздей отырып жүзеге асырылатын мәжбүрлеуді колдану жөніндегі мемлекеттің әлеуметтік қабілетін көрсетеді. Салықтық құқықтық санкцияның: тек ақшалай сипатта болуы; тек мемлекет кірісіне түсуі; оны тек мемлекет мүддесін көздейтін субъектінің колдануы; әркашанда салык төлеушілерге бағытталуы сияқты өзіне тән белгілері болады.

3. Салықтық құқықтың реттеуші нормалары. Салықтық құқықтың реттеуші нормаларының түрлері: міндеттеуші, тыйым салушы, рұқсат (қүқық) беруші.

Мазмұн-бағыттары мен аяларына, жай-күйлері мен заңи мән-жайларына қарай әр түрге белінетін салыктық құқыктық нормалардың ішіндегі аса қажеттісі — реттеуші салықтық кұкықтық нормалар болып табылады.

Реттеуші салықтық құқықтық нормалар өздерінің заңи мәніне байланысты:

1. Міндет жүктейтін салықтық құқықтық нормалар;

2. Тыйым салатын салықтық құқықтық нормалар;

3. Рұқсат беретін салықтық құқықтық нормалар болып бөлінеді.

Салық салу аясында қолданылатын кұқықтық реттеу әдістеріне байланысты салықтық-құқықтық нормалар императивтік және диспозитивтік, сондай-ақ салықтық құқыктық реттеу пәніне орай материалдық және ұйымдастыру салықтық құқықтық нормалары болып бөлінеді.

6-тақырып. Салықтық құқықтық қатынастар.

Дәріс жоспары:

1. Салықтық қүқықтық қатынастардың ұғымы және оның нормадағы әлеуметтік бағдары. Салықтық құқықтық қатынастардың топтастырылуы. Материалдық және ұйымдастыру салықтық құқықтық қатынастары.

2. Салықтық құқықтық қатынастардың арнайы ерекшеліктері мен өзіне тән белгілері.

Салықтық құқықтық қатынастардың құрылымы. Салықтық құқықтық қатынастардың субъектілік құрамы. Салықтық құқық теориясындағы салықтық құқықтық қатынас «субъектісі» және «Қатысушысы» ұғымдарын айқындау жөніндегі көзқарастардың әр түрлілігі. Салықтық құқықтық қатынас объектісі. Салықтық құқықтық қатынастар мәні.

3. Салықтық құқықтық қатынастардың туындау, өзгеру және тоқтатылу негіздері.

4. Салықтық құқықтық қатынастардың салық заңнамасын дамытудағы рөлі.

1. Салықтық қүқықтық қатынастардың ұғымы және оның нормадағы әлеуметтік бағдары. Салықтық құқықтық қатынастардың топтастырылуы. Материалдық және ұйымдастыру салықтық құқықтық қатынастары.

Салықтық құқықтық қатынастар өз экономикалық кұкықтық табиғатына орай, қаржылық құқықтық қатынастардың ерекше түріне жатады.

Салықтық-құқықтық катынастар деп айрықша қаржылық құқықтық нормалар негізінде мемлекет пен салык төлеушілердің арасында туындайтын коғамдық байланыстарды айтамыз. Бұл ретте басты ерекшеліктер былайша сипатталады: мемлекеттің салық төлеушілерден салық төлеуді талап етуге қажетті құқығы бар; ал салыкқ төлеушілерде салықты төлеу жөніндегі заңы міндеттері бар.

Салықтық қатынастар әркашанда мүліктік (ақшанын өзін мүлік деп есептеуге болады) сипатта, сондай-ақ салық төлеуші мемлекетке белгіленген соманы төлеуге міндетті болғандықтан біржақты өктем сипатта болады.

Салықтық қатынастар салық салу жүйесінің экономикалық және құқықтық мән-жайларына байланысты материалдық және ұйымдастыру салықтық қатынастары болып бөлінеді.

Материалдық салықтық қатынастар мынадай өзіне тән белгілерімен сипатталынады:

1) мемлекеттің салықтық кызметінің өнімі — нәтижесі болып табылады және мемлекеттік шаруашылық аясында туындайды;

2) бұлар тек мемлекет (Қазақстан Республикасы) қарамағына бағытталған біржақты қозғалысты білдіретін ақшалай қатынастар болып саналады;

3) осы қатынастар базистік әрі трансферттік қабілетімен ерекшеленеді;

4) осы қатынастар мемлекеттегі жиынтық қаржылық нәтижені, яғни ақшалай нысанда жасалған кұнды бөлуге (және қайта бөлуге) байланысты объективті процесті көрсетеді;

5) бұлар тұрақты фискалдық мәні мен сипатына қарай ; республикалық немесе жергілікті бюджеттердің мүліктік заттай негізін құрайды;

6) бұлар тек мемлекет пен салық төлеушінің арасындағы тиісті салықтық міндеттемелердің тиісінше орындалуын қамтамасыз етеді;

7) бұлар мемлекеттің салықтық қызметінің. кұқьіқтық әдістерінің нәтижесіне, яғни нормативтік салықтық-құқықтық актілерге негізделінетіндіктен әркашанда құқықтық нысанда болады.

Ал ұйымдастыру салықтық, қатынастары мынадай ұйымдық-құқықтық және реттеуші мән-жайларымен ерекшеленеді:

1) бұлар мемлекеттік стратегиялық индикативтік салықтық жоспарлауға қатысты туындайды;

2) бұлар тиісті бағыт-бағдары бар фискальдық-базистік қатынастардың туындауын қамтамасыз етеді;

3) бұлар көбінесе мемлекеттік салық әкімшілігін, соның ішінде фискалдық мониторинг жүргізу процесінде пайда болатындықтан салық салу аясындағы мүдделердің, паритетті болуына ат салысады;

4) осы қатынастар мемлекеттің фискальдық жүйесін қалыптастыру және оның тиісінше кызмет аткаруын қамтамасыз ету барысында жарқын көрініс табады;

5) бұл катынастар мемлекеттің салық органдарының фискальдық қаржылық өкілеттіліктерін нақтылы белгілеу және мемлекет пен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының фискальдық құзыреттерін айкындау және белгілеу кезінде пайда болады;

6) бұлар коғамдық-мемлекеттік маңызы бар қатынастар ретінде өнімді материалдық салықтық қатынастардың туындауына плацдарм дайындайды және олардың барынша тиімді әрі рентабельді болуын қамтамасыз етеді;

7) бұлар салықтық-құқықтық актілердің аукымында туындайтындықтан әрдайым құқықтық нысанда көрініс табады.

Салықтық кұқықтық қатынастар да материалдық және ұйымдастырушы болып бөлінеді. материалдық салықтық құқықтық қатынастар салықтық төлем затының (объектінің) салық төлеушіден мемлекетке өтуін көрсетеді, ал ұйымдастырушы салықтық құқықтық қатынастар мемлекеттің салық қызметі органдарының, салық салу жөніндегі операцияларға қатынасатын, бірақ өздері салық төлеуші болып табылмайтын субъектілермен арақатынасын, мемлекеттің салықтық құрылымдарының қалыптасу және жұмыс істеуі барысындағы байланыстарын білдіреді.

Осындай қатынастар мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен қорғалады және мемлекет салықтан жиылған құжаттарды мемлекеттік бюджетте көзделген мақсаттарға жұмсауға міндеттенеді.

Барлық қаржылық қүқықтық қатынастар сияқты салықтық құқықтық қатынастар да тек мемлекет еркіне сай және тек қаржылық (салықтық) кұқықтық нормалардың негізінде пайда болады.

Мемлекет өзінің мүдделерін қанағаттандыруға қажетті қаржылық ресурстарды әрдайым, тұрақты қалыптастыруды көздей отырып қаржылық құқық нормаларының негізінде осы жағдайларды жүзеге асырудың қоғамдық байланыс нысанындағы моделін құрады.

Бұл орайда құқық. реттеуші функцияны орындайды, яғни ол салықтық кұқықтық қатынастарды заңы нысанда ресімдейді. Осындай қатынастар кейіннен қатысушыларынын тиісті іс-әрекеттерінің нәтижесінде нақты мазмұнға ие бола отырып толыққанды коғамдық қатынастарға айналады. Сондықтан ешқандай салықтық қатынастар құқық нормаларынан тыс бола алмайды. қаржылық қатынастар әрқашанда мемлекет шығаратын нормативтік актілерге байланысты туындайтындықтан басқа экономикалық қатынастарға қарағандағы айырмашылығы, олар әркашанда құкықтық сипатта болады, былайша айтқанда туындаған сәттен бастап құқықтық қатынастар болып табылады.

2. Салықтық құқықтық қатынастар әрқашанда жекелей жіктеу сипатында болады. Оның себебі салықтық құқықтық қатынастың әрбір қатысушысы нактылы және жекелей белгіленген. Қандай болмасын салықтық құқықтық қатынастардың міндетті қатысушысы әрқашанда мемлекет болса, сол қатынастардың екінші жағында құқық нормасында көрініс тапқан нақтылы-жекелей айқындалған жиынтық белгілері бар салық төлеуші тұрады.

Сонымен салықтық құқықтық қатынастардың, кұрамына заңы мәні ретінде субъективтік құқықтар мен міндеттердің жиынтығы, ал материалдық мәні ретінде субъектілердің нақтылы іс-қимылдарында кәрініс табатын сол кұқықтар мен міндеттерді жүзеге асыратын субъектілер (қатысушылар) және объектілер кіреді.

Салықтық құқықтың субъектілері өздерінің субъективтік құқықтары мен заңы міндеттері арқылы байланыс жасайды. Уәкілетті мемлекеттік органдар мемлекет тарапынан жүктелген міндеттерді тек өздеріне рұксат етілген жүріп-тұру шаралары мен әмірлі қағидаларының арқасында жүзеге асыра алады. Олардың әмірлі талап ету, алып қою, бұйрық беру және т.б. өктем түрде көрініс табатын рұқсат етілген тәртіп шаралары (өкілеттіліктері) екінші тараптың заңы міндеттерімен қамтамасыз етілген.

Мемлекеттің талап ету құқығына салық төлеушінің оны мойындау және өз бетімен әрі ерікті түрде салықты төлеу арқылы сол талапты қанағаттандыру жөніндегі іс-қимылдары сай болуға тиісті.

Салық төлеуші өз міндеттерін орындаудан бас тартқан жағдайда мемлекеттің талап ету құқығының жалғасы болып табылатын мемлекеттік мәжбүрлеу құқығы пайда болады және іске асырылады. Сонымен салық салу аясындағы мемлекет осы қатынастардың тұрақты субъектісі және оларды қамтамасыз ету кепілі ретінде көрініс табады.

Салық төлеушілердің салықты төлеу жөніндегі заңи міндеттерінде салықты төлеу тәсілі, белгіленген мөлшері, белгіленген мерзімі сияқты шарттылықтар орын алады және осыған байланысты міндетті жүріп-тұру шегі қатаң айқындалады.

Салықты төлеу жөніндегі борыш салық төлеушінің Конституциялық міндеті және әлеуметтік борышы болып саналады, сондай-ақ оны орындау кезінде мемлекеттік-қоғамдық манызы бар мұдделер мен қажеттіліктер қамтамасыз етіледі.

Нақтылы салықтық құықтық қатынас субъектілері осы қатынастың қатысушылары болып саналады. Салықтық құқықтық қатынастардың бір тарабында онша міндетті әрі тұрақты субъекті - мемлекет, ал екінші жағында салық төлеушілер тұрады.

Салықтық, құқықтық қатынастар мемлекеттің салық салу саласында салық әкімшілігін жүргізуге, салықтарды белгілеуге және алуға байланысты туындап, тиісті салықтық құқылық нормалармен реттелген салықтық қатынастар болып табылады.

Өзінің салықтық міндеттемесінде белгіленген мерзімде және көзделген тәртіп бойынша салық төлемінің сомасын (затын) мемлекет кірісіне еткізу жөніндегі заңды міндет жүктелген тұлға салық төлеуші деп танылады.

Салық төлеушілерге салықтық құқық қабілеттілігіне және әрекет қабілеттілігіне ие заңды және жеке тұлғалар жатады. Олар салық салудың экономикалық принциптері мен тиісті заңның талаптарына орай резиденттер және резидент еместер болып бөлінеді.

Салықтық әрекет қабілеттілігі — белгілі бір занды фактілердін болуына орай салық төлеуші ретінде нақты тұлғаға жүктелген тиісті міндеттер мен кұкыктарды сол тұлғаның өз тарапынан жүзеге асыру қабілеттілігі болып табылады.

Қазакстан Республикасының салык салу кеңістігінде салықтық заңнамаға, сондай-ақ мемлекет тарапынан берілген өктем өкілеттіктерге сүйене отырып экономикалык және заңи маңызы бар өздеріне тиесілі негізгі кызметтерін кәсіби деңгейде жүзеге асыратын айтарлыктай дәрежеде мамандандырылған бірден-бір фискалдық орган салык органдары болып саналады.

Осы салық органдарының ағымдағы функционалдық қызметтерінің басымды бағыты көбінесе салық төлеушілердің салық заңдарының тиісті әмірлі талаптарын бұлжытпай орындауларына бақылау жүргізу және оларға кажетті жерінде міндеттілік жүктеу барысында өктем билік тұрғысынан ықпал ету түрінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінде салық органдарына кызметтерін жүзеге асыруға байланысты құқықтар берілген, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеушілердің мүдделі балансын сақтауға қажетті міндеттер жүктелген.