- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені Пәннің атауы: «қр Салық құқығы»
- •Мазмұны
- •Оқу жұмыс бағдарламасы
- •4 Пәннің мазмұны
- •4.1 Пәннің тақырыптық жоспары
- •4.2 Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •4.3 Тәжірибелік (семинар) сабақтардың тақырыптық жоспары
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •1. Оқытушы туралы ақпарат:
- •5. Оқу процесінің кестесі
- •«Қр салық құқығы» пәні бойынша тәжірибелік (семинар) сабақтардың тақырыптық жоспары /15 сағат/
- •8. «Қр Салық құқығы» пәні бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •9. «Қр Салық құқығы» пәні бойынша соөж (консультация) тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі.
- •«Қр Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша ауызша нысанда тапсыру үшін 1-бақылау жұмысын (бж-1) дайындалуғаарналған соөж тапсырмаларының тізбесі
- •«Қр Мемлекеттік қызмет және басқару пәні бойынша жазбаша нысанда тапсыру үшін 1-бақылау жұмысын (бж -1) дайындауға арналған соөж тапсырмаларының тізбесі
- •«Қр Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша ауызша нысанда тапсыру үшін 2-бақылау жұмысын (бж-2) дайындалуғаарналған соөж тапсырмаларының тізбесі
- •10. Әдебиеттер тізімі
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік карта
- •Қр Салық құқығы (дәріс)
- •1. Салықтардың туындауы мен қолданыста болуының қоғамдық -экономикалық және саяси себептері, бастаулары мен жағдайлары.
- •2. Салық қаржылық құқықтық категория ретінде. Салықтық төлемдердің белгілері. Салықтың басқа міндетті төлемдер түрлерінен айырмашылығы.
- •3. Салықтардың функциялары: ұғымы, түрлері, аралық катынастары. Фискальдық, реттеуші, әлеуметтік, бақылаушы функциялар.
- •4. Салықтық төлемдерді топтастыру. Салықтардың негізгі топтастыру белгілері мен топтастыру топтары.
- •5. Салықтардың қоғам өміріндегі әлеуметтік - экономикалық рөлі.
- •1. Салық заң құрамы элементтерінің ұғымы және құқықтық маңызы
- •1. Мемлекеттің салықтық қызметінің ұғымы. Мемлекеттің салықтық қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздері. Салықтық қызмет әдістері. Мемлекеттің салық саясаты, мәні және құқықтық нысаны.
- •3. Салық салу принциптерінің жүйесі. Салық салу принциптері жөнінде а.Смит және басқа да классиктер. Салық салу принциптерін бұзу белгілері.
- •4. Салықтарды белгілеу салық салудың негізгі актісі ретінде. Салықты белгілеу ұғымы. Салықты белгілеу субъектісі және нысаны. Салықты белгілеу тәртібі.
- •1. Салықтық кұқық нормасының ұғымы. Салықтық құқық нормасының өзіне тән белгілері.
- •2. Салықтық құқықтың норманың құрылымы. Салықтық құқықтық нормаларды топтастыру.
- •3. Салықтық құқықтың реттеуші нормалары. Салықтық құқықтың реттеуші нормаларының түрлері: міндеттеуші, тыйым салушы, рұқсат (қүқық) беруші.
- •1. Салықтық қүқықтық қатынастардың ұғымы және оның нормадағы әлеуметтік бағдары. Салықтық құқықтық қатынастардың топтастырылуы. Материалдық және ұйымдастыру салықтық құқықтық қатынастары.
- •3. Салықтық құқықтық қатынастардың туындау, өзгеру және тоқтатылу негіздері.
- •1. Салық төлеуші - салықтық құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде. Салық төлеушінің мәртебесін айқындау. Салық төлеушілердің түрлері.
- •1. Салықтық міндеттеменің ұғымы, элементтері және ерекшеліктері. Салықтық міндеттеменің азаматтық құқықтық міндеттемеден өзгешелігі.
- •2. Салықтық міндеттеменің құрамы: субъектілері, объектісі, мәні. Салықтық міндеттеменің туындауының, өзгеруінің және тоқтатылуының негіздері.
- •3. Салықтық міндеттемені орындау. Салықтық міндеттемені орындау мерзімдері.
- •4. Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің атқарылуын қамтамасыз ету тәсілдері. Салық берешегін мәжбүрлеп алу шаралары. Салықтық міндеттемені тоқтату негіздері.
- •1. Салық салу аясындағы басқару органдарының жүйесі. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, қолданысқа енгізу және жою.
- •4. Салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттеріні мәні.
- •5. Кедендік органдардың салық салу жөніндегі өкілеттіктері.
- •6. Уәкілетті және жергілікті атқарушы билік органдарының салық салу саласындағы өкілеттіктері.
- •2. Салықтық тексеру ұғымы және түрлері. Салықтық тексеру жүргізу тәртібі. Салықтық тексеру актісі, оның мазмұны және кұкықтық маңызы.
- •3. Салықтық тексеру нәтижелеріне және салық органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
- •1. Корпорациялық табыс салығы. Салық салу объектісі, салық субъектілері. Салық салынатын табысты анықтау тәртібі.
- •2. Жеке табыс салығы. Салық салу объектісі, салық субъектілері, салық базасын айқындау тәртібі, салықты есептеу және төлеу тәртібі. Табыс салығының ставкасы. Табыс салығы бойынша жеңілдіктер.
- •3. Қосылған құн салығы (ққс). Салық салу объектілері. Салықты төлеушілер. Салық базасын айқындау тәртібі, салықты есептеу және төлеу тәртібі. Салықтық кезең. Ққс ставкалары.
- •1. .Акциздер. Салық салу объектісі, төлеушілері, салық базасын айқындау тәртібі, төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі. Салық салу ставкасы.
- •2. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы. Салық төлеушілері, салық салу объектісі. Салықтық кезең, төлеу мерзімдері.
- •3. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары: бонустар, роялти, үстеме пайда салығы.
- •4. Әлеуметтік салық. Салық салу объектісі. Салықты төлеушілер. Салық ставкалары. Салықты есептеу және төлеу тәртібі.
- •1. Арнаулы салық режимін колдану, оның ерекшеліктері.
- •2. Шағын бизнес субъектілері. Шағын бизнес субъектілеріне арнаулы салық режимін қолдану жағдайлары.
- •3. Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері.
- •4. Занды тұлғалар ауыл шаруашылығы енімдерін өндірушілерге арналған арнаулы салық режимі.
- •5. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі.
- •2. Алымның түрлері.
- •2. Төлемақының түрлері.
- •1. Жалпы ережелер. Мемлекеттік бажды төлеушілер, алыну объектілері, мемлекеттік баж ставкалары, мемлекеттік бажды алу кезінде көзделінетін жеңілдіктер, мемлекеттік бажды төлеу және қайтару тәртібі.
- •2. Қр салық заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік. Салық занамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік түрлері.
- •Салық құқығы пәні бойынша глосарий
- •«Салық құқығы» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқау
3. Салықтық тексеру нәтижелеріне және салық органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағымы салық қызметiнiң жоғары тұрған органына салық төлеушiге (салық агентiне) хабарламаны тапсырған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi. Бұл ретте салық төлеушi (салық агентi) шағымның көшiрмесiн салықтық тексеру жүргiзген салық органына жiберуге тиiс.
Салық қызметi органына шағым беру күнi оны беру тәсiлiне қарай:
1) өзi келу тәртiбiмен – салық қызметi органдары шағымды алған күн;
2) почтамен – почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн болып табылады.
Белгiленген мерзiмдi дәлелдi себеппен өткiзiп алған жағдайда шағым берушi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) өтiнiшi бойынша шағымды қараушы жоғары тұрған салық қызметi органы бұл мерзiмдi қалпына келтiруi мүмкiн.
Жоғары тұрған салық қызметi органы өткiзiп алған шағым беру мерзiмiн қалпына келтiру мақсатында оған қатысты салықтық тексеру жүргiзiлген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) басшысының және (немесе) бас бухгалтерiнiң (ол болған жағдайда) науқастанып қалуын дәлелдi себеп ретiнде таниды.
Жоғары тұрған салық қызметi органы шағымды мәнi бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда дәлелдi шешiм шығарады және оны салық төлеушiге (салық агентiне) жiбередi немесе тапсырады, ал көшiрмесiн салықтық тексеру жүргiзген салық органына жiбередi. Салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған салық қызметi органы мына шешiмдердiң бiрiн шығарады:
1) шағым жасалған салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарлама өзгерiссiз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;
2) шағым жасалған салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаның толық немесе бiр бөлiгiнiң күшi жойылсын.
Шағымды қарау нәтижелерi бойынша шағым жасалған хабарламаның бiр бөлiгiнiң күшi жойылған жағдайда салықтық тексеру жүргiзген салық қызметi органы салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметi органының шешiмiне салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны осы Кодекстiң 607-бабында белгiленген мерзiмде салық төлеушiге (салық агентiне) жiбередi.
Салық кодексінде белгiленген негiзде және тәртiппен шығарылған жоғары тұрған салық қызметi органының шешiмi салық органдарының орындауы үшiн мiндеттi.
Салық төлеушiнiң немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң жоғары тұрған салық қызметi органына немесе сотқа салық қызметi органдары лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасауға құқығы бар. Салық қызметi органдары лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген тәртiппен шағым жасалады.
Салық қызметi органдарының Қазақстан Республикасы салық заңнамасының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.
11-тақырып. Корпорациялық табыс салығы. Жеке табыс салығы. Қосылған кұн салығы.
Дәріс жоспары:
1. Корпорациялық табыс салығы. Салық салу объектісі, салық субъектілері. Салық салынатын табысты анықтау тәртібі.
2. Жеке табыс салығы. Салық салу объектісі, салық субъектілері, салық базасын айқындау тәртібі, салықты есептеу және төлеу тәртібі. Табыс салығының ставкасы. Табыс салығы бойынша жеңілдіктер.
3. Қосылған құн салығы (ҚҚС). Салық салу объектілері. Салықты төлеушілер. Салық базасын айқындау тәртібі, салықты есептеу және төлеу тәртібі. Салықтық кезең. ҚҚС ставкалары.
