Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД НП каз для КС(К)-3 курс.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1. Корпорациялық табыс салығы. Салық салу объектісі, салық субъектілері. Салық салынатын табысты анықтау тәртібі.

Корпорациялық табыс салығы бюджет түсімдерінде едәуір орын алады.(23,2%) Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекттік мекемелерді қоспағанда Қазақстан Республикасы резидент-заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерден табыс алатын резидент емес -заңды тұлғалар төлейді.

Корпорациялық табыс салығын салу механизмі заңды тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртібін, алу шарттарын, жеңілдіктер мен санкйияларды, төлеу уақытын айқындайды. Салық салынатын табыс, төлем көзінен салық салынатын табыс және Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.

Резидент-заңды тұлғаның жиынтық жылдық табысы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерден алынуға тиіс табымтардан тұрады. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық заңнамасына сәйкес анықталады, оған тұрақты мекеменің қызметіне байланысты табыстардың барлық түрлері жатады.

Корпорациялық табыс салығын телеушілерге: 1) Қазакстан Республикасының резидент заңды тұлғалары; 2) Қазакстан Республикасындағы қызметтерін тұрақты мекемелері арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар — салық төлеушілер жатады.

Корпорациялық табыс салығының объектілері: 1) Салық салынатын табыс; 2) Төлем көзінде салық салынатын табыс; 3) Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы болып табылады.

Салық салынатын табыс Салық кодексінің тиісті баптарында көзделген жәйттерге орай, жылдық жиынтық табыс пен одан жасалынған шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Корпорациялық табыс салығын төлеу тәсілдері мен мерзімі Салық кодексінің тиісті ережелеріне сәйкес қатан сақталынады. Корпорациялық табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені орындау мына келесідей жолдарды пайдалану, яғни: 1) Мемлекеттің қаржылық мүддесін қамтамасыз етуді көздейтін салық агенттерінің көмегімен тиісті салық сомасын табысты төлеу көзінде ұстап қалу; 2) Салық төлеушінің өзіне тиесілі салық сомасын біржақты — ерік ықтиярына қарай өзі табыстаған декларациясы негізінде төлеуі аркылы жүзеге асырылады.

Салық кодексіндегі белгілі бапка сәйкес, салық агенттері төлем көзінде ұсталған салық сомасын төлем (табысты төлеу) жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей республикалық бюджет кірісіне аударуға міндетті. Корпорациялық табыс салығын төлеушілер осы салық бойынша декларацияны салық органдарына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдын 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

Салық төлеушілер корпорациялық табыс салығын төлеуді — Салық кодексінің тиісті бабында белгіленген тәртіпке сәйкес салық кезеңі ішінде аванстық төлемдерді енгізу жолымен жүзеге асырады және сол төленілетін аванстық төлем сомаларын салық кезеңі ішінде тен үлестермен төлейді.

Салықтық кезеңі ішінде төленетін корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын салық төлеуші ағымдағы салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығының болжамды сомасын негізге ала отырып, бірақ егер осы бапта өзгеше кезделмесе, өткен салық кезеңі үшін аванстық төлемдер сомаларының есебіндегі аванстық төлемдердің орташа айлық есептелген сомаларынан кем емес етіп есептеп шығарады.

Өткен салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетілген іс жүзіндегі салық міндеттемесінің сомасы еткен салық кезеңі үшін аванстық төлемдер сомаларының есебіндегі аванстық төлемдер сомаларынан асып кеткен кезде, салық төлеуші өткен салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетілген іс жүзіндегі салық міндеттемесі мөлшерін негізге ала отырып, декларация тапсырғаннан кейінгі кезен үшін аванстық төлемдер сомаларын есептеуге міндетті.

Салық төлеуші төлеуге тиіс аванстық төлемдер сомалары салықтық кезең ішінде тең үлестермен бірақ есепті салықтық кезеңінің 20 сәуірінен кешіктірілмей төленеді.

Салыктық кезеңнің қорытындысы бойынша залал шеккен немесе салық салынатын табысы жоқ салық төлеушілер корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде, сондай-ақ жаңадан құрылған салык төлеушілер құрылған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде салықтық кезеңде төленуге тиіс аванстық төлемдердің болжамды сомасының есебін салық органына табыс етуге міндетті.

Салық төлеуші салық кезеңі ішінде, өткен салық кезеңі үшін декларация тапсырғанға дейін төленуге тиіс аванстық төлемдердің сомаларын қоспағанда, түзетудің себептерін жазбаша негіздей отырып, салық кезеңінің алдағы айлары үшін аванстық төлемдер сомаларының түзетілген есебін беруге құқылы.

Салық төлеушілер корпорациялық табыс салығын төлеуді өзінің тұрып жатқан орны бойынша жүзеге асырады. Олар корпорациялық табыс салығы бойынша аванстык төлемдерді бюджетке Салық кодексінің 136-бабында белгіленген салықтық кезең ішінде оның 126-бабына сәйкес анықталған мөлшерде ағымдағы айдын 20-сынан кешіктірмей ай сайын төлеп тұруға міндетті.

Салықтық кезең ішінде енгізілген аванстық төлемдер сомалары салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы жөніндегі декларация бойынша есептеп шығарылған корпорациялық табыс салығын төлеу есебіне жатқызылады.

Салық төлеуші салық кезеңінің қорытындысы бойынша корпорациялық табыс салығы бойынша түпкілікті есеп айырысуды декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жүмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейінгі кезең ішінде төленілетін аванстық телемдер сомаларының есебін жасаған салық төлеуші, осы жасаған есебін есепті жылдан кейінгі жылдың жиырмасыншы каңтарына дейін өзі тіркелген орнындағы салық органына табыс етеді. Ал корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейін төленуге тиіс аванстық төлемдер сомаларының есебін декларацияны тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде, бірақ есепті салықтық кезеңнің 20 сәуірінен кешіктірмей табыс етеді.

Сонымен, заңды түлға — салық төлеушілер корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердін айқындалған мөлшерін салық кезеңі ішіндегі ағымдағы айдың жиырмасынан кешіктірмей республикалық бюджетке ай сайын төлеп отыруға міндетті.