Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД НП каз для КС(К)-3 курс.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2. Салықтық міндеттеменің құрамы: субъектілері, объектісі, мәні. Салықтық міндеттеменің туындауының, өзгеруінің және тоқтатылуының негіздері.

Салықтық міндеттеменің құрамы:

— салықтық міндеттеменің субъктісінен;

— салықтық міндеттеменің объектісінен;

— салықтық міндеттеменің мән-жайынан тұрады.

Осы орайда айта кететін бір жәйт: салық төлеуші; салық салу объектісі; салықтың заты; салықтың масштабы; салык базасын есепке алу әдісі; салық кезеңі; салық салу бірлігі; салык ставкасы; салықты есептеу тәртібі; есепті кезең; салықты төлеу мерзімі; салықты төлеу тәсілі мен тәртібі сияқты элементтер Қазақстан Республикасының салық зандарындағы бастаушы ережелер болып табылады, сондай-ақ оларсыз ешбір салықты есептеп шығарудың төлеудің және олардың төленуін талап етудің мүмкіндігі болмайды.

Салықтың заңи құрамының элементін, яғни салық элементін белгілеу салыктық міндеттеменің туындауына септігін тигізеді немесе оны орындау тәсілінің негізі болып табылады.

Салық кодексінде салыктық міндеттеменің субъектілік құрамында салық төлеуші және мемлекет керсетілген.

Салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер ретінде мүліктер және іс-әрекеттер белгіленген. Осы мүліктер мен іс-әрекеттердін болуы салык, төлеушіге қатысты салыктык міндеттеменің туындауына негіз болады. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің әрбір түрі бойынша салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер Салық кодексінің ерекше бөлімінің тиісті баптарында жан-жақты айкындалған.

3. Салықтық міндеттемені орындау. Салықтық міндеттемені орындау мерзімдері.

Салық міндеттемелерін орындау осы міндеттеменің әрбір субъектісінің міндеттерін құрайтын белгілі бір іс-қимылдарды тиісінше жүзеге асыру болып саналады.

Салықтық міндеттемелердің орындалатын уақыты, орны, тәртібі және тәсілдері күні бұрын әрі нақты белгіленетінін біліуміз қажет.

Салық төлеушінің өзіне тиесілі салықтарды төлеу мерзімін кейінге ысыру жөніндегі салық органдарына берген, негізделінген өтініші негізінде оның салық төлеу мерзімін, неғұрлым кейінге, күнтізбелік күнін он айынан аспайтын мерзімге ауыстыру салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту болып табылады.

Республикалық бюджетке келіп түскен, сондай-ақ Республикалық және жергілікті  бюджеттер арасында бөлінетін салықтарды төлеу жөнінде  салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді  Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіп негізінде Қаржы министірлігінің Салық комитеті қабылдайды.

Салық төлеушінің салықтарды төлеу жөніндегі  салықтық міндеттемесі бюджетпен кезекті есеп айырысу кезінде салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің  артық төленген сомаларын есепке жатқызу жолымен орындалуы мүмкін.

Салықтық міндеттемелерді орындау мерзімі салық кодексінде белгіленеді. Мерзім салық кезенінің соңғы күнінін аяғында аяқталады.

4. Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің атқарылуын қамтамасыз ету тәсілдері. Салық берешегін мәжбүрлеп алу шаралары. Салықтық міндеттемені тоқтату негіздері.

Салық салу аясындағы салық төлеуші тиісті салықтарды төлеу жөніндегі өз салықтық міндеттемесін заңда белгіленген мерзімдерде орындамаған жағдайда, уақтылы орындалмаған салықтық міндеттеме:

- салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленбеген сомасына өсімпұл есептеу;

- банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын токтата түру;

- салықтөлеушінің салық берешегі есебіне ез мүлкіне билік етуін шектеу сиякты тәсілдерді қолдану аркылы камтамасыз етіледі.

Орындалу мерзімі әлдекашан өтіп кеткен салықтық міндеттеме сомасына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 1,5 еселенген мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл есептелінеді.

Өсімпүл сомасы салық берешегін етеу жөніндегі салықтық міндеттемені мәжбүрлеп орындату шараларын, сондай-ақ салықтық заңдарды бұзғаны үшін жауапкершіліктін өзге де шараларын қолдануға кдрамастан есептелініп, тиісті бюджет кірісіне енгізіледі. Өсімпүл салықтар мен бюджетке теленетін баскд да міндетті төлемдерді төлеу мерзімі болып табылатын күннен кейінгі күннен бастап, бюджетке төленетін күнді коса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттык Банкі белгілеген қайта каржыландыру ресми ставкасының 1,5 еселенген мөлшерінде есептелінеді.

Сонымен қатар, салық төлеушілердің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерінің, айыппұлдарының өткізілген сомаларын банктік шоттан шығарып тастау кезектілігін сақтамағаны үшін, сондай-ақ салық төлеушілердің банктік шоттарынан шығарылған салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің сомаларын Қаржы министрлігінің Қазынашылығының шотына аударуды кешіктіргені үшін банктерге немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға өсімпұл есептелінеді.

Салықтық міндеттеменің мерзімінде орындалуын қамтамасыз ететін «банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру» тәсілі Салық кодексінде белгіленген мерзімдерде салық төлеушіге хабарлана отырып жүргізіледі және салық берешегін өтеу жөніндегі операциялардан басқа салық төлеушінің барлық шығыс операцияларына колданылады. Салық төлеушілер ретіндегі заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің банктік шоттары (корреспонденциялык шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заннамалық актілерінде көзделген және белгіленген тәртіп негізінде мынадай:

1) салық төлеушінің белгіленген тапсыру мерзімінің аяқталғанына қарамастан он жұмыс күні ішінде салық есептілігін табыс етпеуі;

2) салық төлеушінің төлеу мерзімі ретінде белгіленген күннен бастап отыз жүмыс күні өткенше салық берешегін өтемеуі;

3) салық органдарының лауазымды адамдарын салық кодексінде белгіленген салықтық тексеру жүргізу тәртібін бұзған жағдайлардан басқа реттерде, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді қарап шығуға және салыктық тексеру жүргізуге жол бермеуі сияқты жағдайларда жүзеге асырылады.

Салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салык органының әкімі Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен Ұлттық Банк бірлесе отырып белгілеген нысан бойынша шығарылады және ол банк мекемелерінің немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (олардың лауазымды адамдарынын) колына тиген күннен бастап күшіне енеді, сондай-ақ осы тұлғалар өкімнің тиісті талаптарын сөзсіз орындауға міндетті.

Салықтық міндеттемені орындату мақсатында заңды тұлғаның, банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық берешегі өтелмеген жағдайда, оның салық берешегі есебіне (белгіленген мөлшердегі қаражаттарды түсіру арқылы өтеу мақсатында) «өз мүлкіне билік етуіне шектеу қою» шарасы жүзеге асырылады.

Салық төлеушінің өз мүлкіне билік етуіне шектеу кою туралы шешім уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша шығарылады және осы жөнінде оған салық хабарламасы жіберіледі.

Салық төлеушінің мүлкіне билік етуіне шектеу қою туралы шешім меншік кұқығындағы немесе шаруашылык жүргізу құқығындағы мүліктерге қатысты шығарылады. Сонымен қатар, салық органдары мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді салық төлеушінің жеке шотындағы салық берешегінің сомасы туралы деректердің негізінде кабылдайды.

Салық мiндеттемесiнiң тоқтатылуы

1. Жеке тұлғаның салық мiндеттемесi:

1) қайтыс болғанда;

2) күшiне енген сот шешiмi негiзiнде оны қайтыс болды деп жариялағанда тоқтатылады.

2. Дара кәсiпкердiң салық мiндеттемесi дара кәсiпкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметiн тоқтатқаннан кейiн тоқтатылады.

3. Заңды тұлғаның салық мiндеттемесi:

1) таратылғаннан кейiн;

2) қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бiрiгу және бөлiну жолымен қайта ұйымдастырылғаннан кейiн тоқтатылады.

9-тақырып. Салық салу аясындағы мемлекеттік басқару.

Дәріс жоспары:

1. Салық салу аясындағы басқару органдарының жүйесі. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, қолданысқа енгізу және жою.

2. ҚР Президентінің салық салу аясындағы өкілеттігі. ҚР Парламентінің салық аясындағы құзыреті, Парламенттін салықтық сипаттағы міндетті төлемдерді белгілеу және қолданысқа енгізу жөніндегі айрықша құзыреті. ҚР Үкіметінің салық салу саласындағы функциялары мен өкілеттіктері.

3. Мемлекеттік аппарат жүйесіндегі салықтық құрылым, салықтық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүйесінің сипаттамасы. ҚР қаржы министрлігінің функциялары.

4. Салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттеріні мәні.

5. Кедендік органдардың салық алу жөніндегі өкілеттіктері.

6. Уәкілетті және жергілікті атқарушы билік органдарының салық салу саласындағы өкілеттіктері.