- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені Пәннің атауы: «қр Салық құқығы»
- •Мазмұны
- •Оқу жұмыс бағдарламасы
- •4 Пәннің мазмұны
- •4.1 Пәннің тақырыптық жоспары
- •4.2 Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •4.3 Тәжірибелік (семинар) сабақтардың тақырыптық жоспары
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •1. Оқытушы туралы ақпарат:
- •5. Оқу процесінің кестесі
- •«Қр салық құқығы» пәні бойынша тәжірибелік (семинар) сабақтардың тақырыптық жоспары /15 сағат/
- •8. «Қр Салық құқығы» пәні бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •9. «Қр Салық құқығы» пәні бойынша соөж (консультация) тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі.
- •«Қр Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша ауызша нысанда тапсыру үшін 1-бақылау жұмысын (бж-1) дайындалуғаарналған соөж тапсырмаларының тізбесі
- •«Қр Мемлекеттік қызмет және басқару пәні бойынша жазбаша нысанда тапсыру үшін 1-бақылау жұмысын (бж -1) дайындауға арналған соөж тапсырмаларының тізбесі
- •«Қр Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша ауызша нысанда тапсыру үшін 2-бақылау жұмысын (бж-2) дайындалуғаарналған соөж тапсырмаларының тізбесі
- •10. Әдебиеттер тізімі
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік карта
- •Қр Салық құқығы (дәріс)
- •1. Салықтардың туындауы мен қолданыста болуының қоғамдық -экономикалық және саяси себептері, бастаулары мен жағдайлары.
- •2. Салық қаржылық құқықтық категория ретінде. Салықтық төлемдердің белгілері. Салықтың басқа міндетті төлемдер түрлерінен айырмашылығы.
- •3. Салықтардың функциялары: ұғымы, түрлері, аралық катынастары. Фискальдық, реттеуші, әлеуметтік, бақылаушы функциялар.
- •4. Салықтық төлемдерді топтастыру. Салықтардың негізгі топтастыру белгілері мен топтастыру топтары.
- •5. Салықтардың қоғам өміріндегі әлеуметтік - экономикалық рөлі.
- •1. Салық заң құрамы элементтерінің ұғымы және құқықтық маңызы
- •1. Мемлекеттің салықтық қызметінің ұғымы. Мемлекеттің салықтық қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздері. Салықтық қызмет әдістері. Мемлекеттің салық саясаты, мәні және құқықтық нысаны.
- •3. Салық салу принциптерінің жүйесі. Салық салу принциптері жөнінде а.Смит және басқа да классиктер. Салық салу принциптерін бұзу белгілері.
- •4. Салықтарды белгілеу салық салудың негізгі актісі ретінде. Салықты белгілеу ұғымы. Салықты белгілеу субъектісі және нысаны. Салықты белгілеу тәртібі.
- •1. Салықтық кұқық нормасының ұғымы. Салықтық құқық нормасының өзіне тән белгілері.
- •2. Салықтық құқықтың норманың құрылымы. Салықтық құқықтық нормаларды топтастыру.
- •3. Салықтық құқықтың реттеуші нормалары. Салықтық құқықтың реттеуші нормаларының түрлері: міндеттеуші, тыйым салушы, рұқсат (қүқық) беруші.
- •1. Салықтық қүқықтық қатынастардың ұғымы және оның нормадағы әлеуметтік бағдары. Салықтық құқықтық қатынастардың топтастырылуы. Материалдық және ұйымдастыру салықтық құқықтық қатынастары.
- •3. Салықтық құқықтық қатынастардың туындау, өзгеру және тоқтатылу негіздері.
- •1. Салық төлеуші - салықтық құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде. Салық төлеушінің мәртебесін айқындау. Салық төлеушілердің түрлері.
- •1. Салықтық міндеттеменің ұғымы, элементтері және ерекшеліктері. Салықтық міндеттеменің азаматтық құқықтық міндеттемеден өзгешелігі.
- •2. Салықтық міндеттеменің құрамы: субъектілері, объектісі, мәні. Салықтық міндеттеменің туындауының, өзгеруінің және тоқтатылуының негіздері.
- •3. Салықтық міндеттемені орындау. Салықтық міндеттемені орындау мерзімдері.
- •4. Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің атқарылуын қамтамасыз ету тәсілдері. Салық берешегін мәжбүрлеп алу шаралары. Салықтық міндеттемені тоқтату негіздері.
- •1. Салық салу аясындағы басқару органдарының жүйесі. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, қолданысқа енгізу және жою.
- •4. Салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттеріні мәні.
- •5. Кедендік органдардың салық салу жөніндегі өкілеттіктері.
- •6. Уәкілетті және жергілікті атқарушы билік органдарының салық салу саласындағы өкілеттіктері.
- •2. Салықтық тексеру ұғымы және түрлері. Салықтық тексеру жүргізу тәртібі. Салықтық тексеру актісі, оның мазмұны және кұкықтық маңызы.
- •3. Салықтық тексеру нәтижелеріне және салық органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
- •1. Корпорациялық табыс салығы. Салық салу объектісі, салық субъектілері. Салық салынатын табысты анықтау тәртібі.
- •2. Жеке табыс салығы. Салық салу объектісі, салық субъектілері, салық базасын айқындау тәртібі, салықты есептеу және төлеу тәртібі. Табыс салығының ставкасы. Табыс салығы бойынша жеңілдіктер.
- •3. Қосылған құн салығы (ққс). Салық салу объектілері. Салықты төлеушілер. Салық базасын айқындау тәртібі, салықты есептеу және төлеу тәртібі. Салықтық кезең. Ққс ставкалары.
- •1. .Акциздер. Салық салу объектісі, төлеушілері, салық базасын айқындау тәртібі, төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі. Салық салу ставкасы.
- •2. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы. Салық төлеушілері, салық салу объектісі. Салықтық кезең, төлеу мерзімдері.
- •3. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары: бонустар, роялти, үстеме пайда салығы.
- •4. Әлеуметтік салық. Салық салу объектісі. Салықты төлеушілер. Салық ставкалары. Салықты есептеу және төлеу тәртібі.
- •1. Арнаулы салық режимін колдану, оның ерекшеліктері.
- •2. Шағын бизнес субъектілері. Шағын бизнес субъектілеріне арнаулы салық режимін қолдану жағдайлары.
- •3. Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері.
- •4. Занды тұлғалар ауыл шаруашылығы енімдерін өндірушілерге арналған арнаулы салық режимі.
- •5. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі.
- •2. Алымның түрлері.
- •2. Төлемақының түрлері.
- •1. Жалпы ережелер. Мемлекеттік бажды төлеушілер, алыну объектілері, мемлекеттік баж ставкалары, мемлекеттік бажды алу кезінде көзделінетін жеңілдіктер, мемлекеттік бажды төлеу және қайтару тәртібі.
- •2. Қр салық заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік. Салық занамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік түрлері.
- •Салық құқығы пәні бойынша глосарий
- •«Салық құқығы» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқау
1. Салық төлеуші - салықтық құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде. Салық төлеушінің мәртебесін айқындау. Салық төлеушілердің түрлері.
Салық төлеушіні мемлекеттік тіркеу көзделген жағдайларды қоспағанда, және тіркеу есебіне алу тіркеу туралы ( мемлекеттік тіркеу туралы, тіркеу есебіне қою туралы, тіркеу деректерінің өзгеруі туралы) өтініш, есептен шығару туралы өтініш негізінде жүргізіледі, олар:
1) уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жасалады;
2) қол қойылады, куәландырады және салық есептілігі көзделген тәртіппен салық органдарына беріледі.
Салық төлеушілерді –заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктері мемлекеттік тіркеуді стастика жөніндегі уәкілеттті орган ұсынатын хабарламалардың негізінде салық төлеушінің тіркеу нөмірін бере отырып, уәкілеттік мемлекеттік орган аталған хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Хабарламаның нысанын және оны статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен статистика жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді. Салық төлеушінің куәлігін тіркелген заңды тұлғаға, филиалға және өкілдікке салық төлеушінің тіркеу нөмірін берген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде беру үшін оны салық органы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісім бойынша уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен әділет органына жіберуге тиіс. Салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу және тіркеу есебіне алу тәртібін, сондай-ақ тіркеу және есептен шығару туралы өтініштерге қоса берілетін құжаттардың құжаттардың тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Салық салу объектілерінің есебін жүргізу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
8-тақырып. Салықтық міндеттеме.
Дәріс жоспары:
1. Салықтық міндеттеменің ұғымы, әлементтері және ерекшеліктері. Салықтық міндеттеменің азаматтық құқықтық міндеттемеден өзгешелігі.
2. Салықтық міндеттеменің құрамы: субъектілері, объектісі, мәні. Салықтық міндеттеменің туындауының, өзгеруінің және токтатылуының негіздері.
3. Салықтық міндеттемені орындау. Салықтық міндеттемені орындау мерзімдері.
4. Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің атқарылуын қамтамасыз ету тәсілдері. Салық берешегін мәжбүрлеп алу шаралары. Салықтық міндеттемені тоқтату негіздері.
1. Салықтық міндеттеменің ұғымы, элементтері және ерекшеліктері. Салықтық міндеттеменің азаматтық құқықтық міндеттемеден өзгешелігі.
Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын мiндеттемесi салық мiндеттемесi деп танылады, оған орай салық төлеушi салық органында тiркелу есебiне тұруға, салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi айқындауға, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге, салықтық нысандарды жасауға, салық тiркелiмдерiн қоспағанда, салықтық нысандарды салық органына белгiленген мерзiмде табыс етуге, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге мiндеттi. Мемлекеттiң салық қызметi органы арқылы салық төлеушiден оның салық мiндеттемесiн толық көлемiнде орындауын талап етуге, ал салық мiндеттемесi орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда осы Кодексте көзделген тәртiппен оларды қамтамасыз ету жөнiндегi тәсiлдердi және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқығы бар.
Мүлiк пен iс-әрекеттер салық салу объектiсi және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылады, олардың болуына байланысты және (немесе) олардың негiзiнде салық төлеушiнiң салық мiндеттемесi туындайды.
Салық базасы салық салу объектiсiнiң құн, физикалық немесе өзге де сипаттамаларын бiлдiредi, олардың негiзiнде салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы айқындалады.
Салық ставкасы салық салу объектiсiнiң немесе салық базасының өлшем бiрлiгiне салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдi есептеу жөнiндегi салық мiндеттемесiнiң шамасын бiлдiредi.
Салық ставкасы салық салу объектiсiнiң немесе салық базасының өлшем бiрлiгiне процентпен немесе абсолюттi сомамен белгiленедi.
Салық кезеңi деп салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiне қатысты белгiленген уақыт кезеңi түсiнiледi, ол аяқталған соң салық салу объектiсi, салық базасы айқындалады, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы есептеледi.
