Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД НП каз для КС(К)-3 курс.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2. Қр салық заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік. Салық занамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік түрлері.

Қандай болмасын құқық бұзушылықтың тұрақты белгісі осы құқық бұзушылықты білдіретін іс-қимылды жасағаны үшін мемлекет көздеген заңи жауапкершілік болып табылады.

Еш бір салық төлеуші салықтарды өз бетімен дербес және патриоттық-азаматтық сана-сезіммен төлеуге ешқашанда белсенділік танытпайтыны белгілі. Алайда салық төлеуден ешкімнің қашып құтыла алмайтыны да баршаға мәлім.

Салық төлеушінің салық заңдарының әмірлі талаптарын орындамауы немесе қалай болса солай орындауы заңның бұзылуына әкеп соқтырады. Оның үстіне салық органдарының құқыққа сай емес әрекеттері, банк мекемелерінің салық заңдарының өздеріне тиесілі бағыттағы талаптарын орындамаулары да заңға қайшы, кінәлі іс-қимылдар болып саналады.

Демек құқық бұзушы тұлға құқық нормаларының талаптарына орай өзіне жүктелген міндеттер мен шектеулерді орындамайтын тұлға болып табылады.

Сонымен, салықтық құқық бұзушылық-салықтық қатынасқа қатысушылардың салық заңдарының нормаларымен белгіленген өздеріне қатысты міндеттерді тиісінші орындамауларына не мүлдем орындамауларына байланысты тиісті заң актілерінде заңи жауапкершілік көзделген құқыққа қайшы, кінәлі әрекет не болмаса әрекетсіздік болып сипатталады.

Салықтық құқық бұзушылықтың нәтижесінде мемлекетке зиян келтіретіні көпшілікке белгілі.

Қандай болмасын салықтық құқық бұзушылықтың зиянды зардапты салдары болатындықтан, оларда материалдық ауыртпашылығы бар және салық салу аясындағы құқықтық тәртіпті бұзу түріндегі зияны бар салықтық құқық бұзушылықтар деп бөлген дұрыс болады.

Материалдық құқық бұзушылықтың барысында мемлекетке немесе салық төлеушіге айтарлықтай көлемде мүліктік-заттай зиян келтіріледі. Құқық бұзушылық жасалған жағдайда оның міндетті түрде зиянды салдары болады.

Құқыққа қайшы әрекет пен оның нәтижесі – келтірілген зардаптың арасындағы себептік байланыс салықтық құқық бұзушылықтың төртінші белгісі болып саналады. Себептік байланыстың құқық бұзушыға қатыстығы зиянның тікелей және кінәлі әрекеттің нәтижесінде келтірілуі арқылы көрініс табады.

Салықтық құқық бұзушылықтың бесінше белгісі кінәлі, құқыққа қайшы әрекеттің, яғни оны жасаған тұлғаның заңи жауапкершілікке тартылып мемлекет тарапынан қарсы ауыр ықпалға ұшырауы жазалануы болып табылады.

Салықтық құқық бұзушылық жасаған субъектіні заңи жауапкершілікке тарту кезіңде мемлекет мынадай мақсаттарға:

- салықтың толығымен төленуін қамтамасыз етуге;

- құқық бұзушылықтық қайталанбауын қарастыра отырып құқық бұзушыны жазалауға қол жеткізуді көздейді.

Салықтық қылмыстар үшін қолданылатын қылмыстық құқықтық шараларға – айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығынан айыру (мүлікті тәркілеуді алғанда) жатады. 

Салық құқығы пәні бойынша глосарий

  1. Ақпаратты өңдеу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер - ақпаратты жинау мен қорытуды, ақпараттық массивтердi (деректердi), жүйеге келтiрудi жүзеге асыру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерiн пайдаланушының билiк етуiне беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер.

  1. Арнаулы салық режимi - салық төлеушiлердiң жекелеген санаттары үшiн белгiленетiн және жекелеген салық түрлерi мен жер учаскесiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн табыс етудiң оңайлатылған тәртiбiн қолдануды көздейтiн бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбi.

  1. Бағалы қағаздар - акциялар, борыштық бағалы қағаздар, депозитарлық қолхаттар, пайлық инвестициялық қорлардың пайлары , ислам бағалы қағаздары.

  1. Басқа да мiндеттi төлемдер – белгiленген мөлшерде және жағдайларда жүргiзiлетiн кедендiк төлемдерiн қоспағанда, бюджетке төлемақылар, алымдар, баждар түрiндегi мiндеттi ақша аударымдары.

  1. Бересi - салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламада Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалу кезеңiнде шағым жасалатын бөлiгiнде көрсетiлген соманы қоспағанда, есептелген, есепке жазылған және мерзiмiнде төленбеген салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы.

  1. Борыштық бағалы қағаздар - мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес борыштық бағалы қағаздар болып танылған басқа да бағалы қағаздар.

  1. Борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт - борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма.

  1. Борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрi - купон) - шығарылым шарттарына сәйкес эмитент борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының үстiнен төлейтiн (төленуге жататын) сома.

  1. Борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы - шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетiн борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма.

  2. Валюта айырбастаудың нарықтық бағамы: Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының негiзгi сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк саласындағы қызметтi реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органмең бiрлесiп белгiлейтiн тәртiппен айқындалған теңгенiң шетел валютасына орташа өлшемдi биржалық бағамы, сондай-ақ теңгенiң Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасында сауда-саттық жүргiзiлмейтiн шетел валютасына бағамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк саласындағы қызметтi реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесiп белгiлейтiн тәртiппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептеледi.

  1. Грант - белгi бiр мақсаттарға (мiндеттерге) қол жеткiзу үшiн өтеусiз негiзде:       мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкiметiне, жеке тұлғаларға, сондай-ақ заңды тұлғаларға;       қызметi қайырымдылық және (немесе) халықаралық сипаттағы және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтiн, мемлекеттiк органдардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбеге енгiзiлген халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, шетелдiк және қазақстандық үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкiметiне, жеке, сондай-ақ заңды тұлғаларға;       шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретiн мүлiк;

Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкiметаралық келiсiм шеңберiнде осындай келiсiммен айқындалған мақсаттарға (мiндеттерге) қол жеткiзу үшiн Қазақстанның үкiметтiк емес қоғамдық қорлары өтеусiз негiзде алған мүлiк те грант деп танылады.

12. Гуманитарлық көмек - халықтың өмiрi мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшiн, сондай-ақ соғыс, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшiн шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жiберiлген азық-түлiк, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар және дәрi-дәрмектер, өзге де заттар түрiнде Қазақстан Республикасына өтеусiз берiлетiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi ұйымдар арқылы бөлетiн мүлiк.

13. демеушiлiк көмек - осы көмектi көрсететiн тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында өтеусiз негiзде:

жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшiн және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертапқыштық қызметтерiн дамыту, бiлiм және спорт шеберлiгi деңгейiн арттыру үшiн қаржылық (әлеуметтiктен басқа) қолдау түрiнде;

коммерциялық емес ұйымдарға өздерiнiң жарғылық мақсаттарын iске асыру үшiн берiлетiн мүлiк.

14. Дивидендтер - акциялар, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс; қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде олар бойынша табысты қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге жататын табыс; заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi; заңды тұлғаны тарату кезiнде немесе жарғылық капиталды қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не қатысушылардың (қатысушының) үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен азайту кезiнде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, мүлiктi бөлуден түсетiн табыстар; исламдық қатысу сертификаттары бойынша төлеуге жататын табыстар; акционер, қатысушы, құрылтайшы немесе олардың өзара байланысты тарапы заңды тұлғадан:

тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тәуелсiз тарапқа өткiзiлу құны мен олардың акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға немесе олардың өзара байланысты тарапына өткiзiлу құны арасындағы оң айырма;       тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тәуелсiз тараптан сатып алыну құны мен олардың акционерден, қатысушыдан, құрылтайшыдан немесе олардың өзара байланысты тарапынан сатып алыну құны арасындағы терiс айырма;

үшiншi тұлға алдында заңды тұлғаның акционерiнде, қатысушысында, құрылтайшысында немесе олардың өзара байланысты тарапында туындайтын, заңды тұлғаның кәсiпкерлiк қызметiне байланысты емес, заңды тұлғаға акционерi, құрылтайшысы, қатысушысы немесе олардың өзара байланысты тарапы өтемей, заңды тұлғаның өзi өтейтiн шығыстардың немесе мiндеттемелердiң құны;

табыстарды және тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер өткiзуден түсетiн табыстарды қоспағанда, заңды тұлға өзiнiң акционерiне, қатысушысына, құрылтайшысына немесе олардың өзара байланысты тарапына беретiн кез келген мүлiк пен материалдық пайда түрiнде алатын табыс.

15. Дизайнерлiк қызметтер көрсету - көркемдiк нысандарын, бұйымдардың сыртқы түрлерiн, ғимараттардың қасбеттерiн, үй-жайлар интерьерлерiн жобалау жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер; көркемдiк конструкциялау.

16. Жалған кәсiпорын - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылуы және (немесе) оған басшылық етiлуi соттың заңды күшiне енген үкiмiмен не қаулысымен жалған кәсiпкерлiк деп танылған жеке кәсiпкерлiк субъектiсi.

17. Жеке тұлғаның жеке мүлкi - жеке тұлғаның меншiк құқығындағы немесе ортақ меншiктегi үлесi болып табылатын, кәсiпкерлiк мақсаттарда пайдалануға арналмаған материалдық нысандағы мүлкi.

18. Жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының  заңнамалық актiлерiне  сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу құқығын иеленушi жеке немесе заңды тұлғалар.

19. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi - филиал, өкiлдiк.

20. Инжинирингтiк қызметтер көрсету - инженерлiк-консультациялық қызметтер көрсету, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн дайындау, өндiрiстi ұйымдастыру және басқару, өнiмдердi өткiзу саласында ұсынымдар әзiрлеу.

21. Келiсiмшарттық қызмет - жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың ережелерiне сәйкес жүзеге асырылатын қызметi.

22. Келiсiмшарттан тыс қызмет - жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың ережелерiнде тiкелей көзделмеген кез келген өзге қызметi.

23. Консультациялық қызметтер көрсету - басқарушылық, экономикалық, қаржылық, инвестициялық мәселелердi, оның iшiнде стратегиялық жоспарлау, кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыру мен жүргiзу, персоналды басқару мәселелерiн шешу мақсатында проблемаларды және (немесе) тұлғаның мүмкiндiктерiн айқындау мен (немесе) бағалауды қоса алғанда, түсiндiрмелер, ұсынымдар, кеңестер және өзге де нысандағы консультациялар беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер.

24. Қайырымдылық көмек - өтеусiз негiзде:

жеке тұлғаларға әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында;

коммерциялық емес ұйымдарға жарғылық қызметiн қолдау мақсатында.

25. Қатысу үлесi - акционерлiк қоғамдарды және пайлық инвестициялық қорларды қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметтi бiрлесiп жүргiзуге мүлкiмен үлестiк қатысуы.

26. Қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты (келiсiмшарт) бойынша жұмысты тiкелей орындайтын жеке тұлға; мемлекеттiк қызметшi; мемлекеттiк қызметшiлердi қоспағанда, акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiнiң мүшесi; осы Кодекстiң 191-бабы 10-тармағының ережелерiне сәйкес қызметi тұрақты мекеме құрмайтын резидент еместiң резидентке немесе Қазақстан Республикасында қызметтi тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын өзге резидент емеске персоналды беруiне арналған келiсiмшарт бойынша жұмыс iстеу үшiн ұсынылған шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам.

27. Маркетингтiк қызметтер көрсету - тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сипаттамасын, баға стратегиясын және жарнама стратегиясын тұжырымдауды қоса алғанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер өндiрiсi мен айналысына үздiк экономикалық жағдайлар жасау жөнiндегi шараларды айқындау мақсатында тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер өндiрiсi мен айналысы саласындағы зерттеуге, талдауға, жоспарлауға және болжамдауға байланысты көрсетiлетiн қызметтер.

28. Өзара байланысты тарап - өзара байланыстылығы Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын жеке немесе заңды тұлға.

29. Өткiзу - сату, айырбастау, өтеусiз беру мақсатында тауарларды тиеп жiберу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету, сондай-ақ кепiлге салынған тауарларды кепiл ұстаушыға беру.

30. Роялти - мыналар үшiн:

пайдалы қазбаларды өндiру және техногендiк құралымдарды қайта өңдеу процесiнде жер қойнауын пайдалану құқығы үшiн;

авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етiлiмдi, патенттердi, сызбаларды немесе модельдердi, тауар таңбаларын немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерiн пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн;

өнеркәсiп жабдықтарын, оның iшiнде бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңiз және әуе кемелерiн, сондай-ақ сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; "ноу-хауды" пайдаланғаны үшiн; кинофильмдердi, бейнефильмдердi, дыбыс жазуды немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн төленетiн төлем.

31. Салық агентi - осы Кодекске сәйкес төлем көзiнен ұсталатын салықты есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi мiндет жүктелетiн дара кәсiпкер, жеке нотариус, адвокат, заңды тұлға, оның iшiнде резидент емес заңды тұлға.

32. Салық берешегi - бересi сомасы, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомасы. Салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламада көрсетiлген өсiмпұлдар сомасы, сондай-ақ әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалу кезеңiнде шағым жасалу бөлiгiнде көрсетiлген айыппұлдар сомасы салық берешегiне қосылмайды.

33. Салық режимi - осы Кодексте белгiленген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi барлық салық мiндеттемелерiн есептеу кезiнде салық төлеушi қолданатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының жиынтығы.

34. Салықтар - осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзiлетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын, бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер.

35. Салық төлеушi - салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушi болып табылатын адам.

36. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шоты - салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, мiндеттi зейнетақы жарналарының, әлеуметтiк аударымдардың есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескерiлген) сомасын, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдардың сомасын есепке алуға арналған құжат, оның iшiнде электрондық нысандағы құжат.

37. Салық төлеушiнiң электрондық құжаты - белгiленген электрондық форматта берiлген, қабылданғаннан және бiрдейлiгi расталғаннан кейiн салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат.

38. Салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасы - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дәйектiлiгiн, оның салық төлеушiге тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiнiн растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттiлiгi.

39. Сыйақы - мыналарға:

кредиттiң (қарыздың, микрокредиттiң) алынған (берiлген) сомасын, банктердiң ақша аударғаны үшiн комиссияларды және қарыз алушы үшiн қарыз берушi, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдердi қоспағанда, кредитке (қарызға, микрокредитке) байланысты;       мұндай мүлiктiң алыну (берiлу) құнын, лизинг алушы үшiн лизинг берушi, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдердi қоспағанда, мүлiктi лизингке беруге байланысты.

39. Туынды қаржы құралы - құны болашақта осы шарт бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруды көздейтiн шарттың базалық активiнiң шамасына (шаманың ауытқуын қоса алғанда) тәуелдi болатын шарт. Туынды қаржы құралдарына опциондар, фьючерстер, форвардтар, своптар және басқа да туынды қаржы құралдары, оның iшiнде жоғарыда тiзiп көрсетiлген туынды қаржы құралдарының комбинациясын бiлдiретiндер жатады. Туынды қаржы құралдарының базалық активтерi тауарлар, тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта, индекстерi проценттiк ставкалар және нарықтық құны бар басқа да активтер, болашақ оқиға немесе мән-жай, өзге де туынды қаржы құралдары болуы мүмкiн.

40. Тұлға - жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған ұйым (резидент емес заңды тұлға). Шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпоративтiк құралым осы Кодекстiң мақсатына орай олар өздерi құрылған шет мемлекеттiң заңды тұлғасы мәртебесiне ие ме, жоқ па - осыған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретiнде қарастырылады.

41. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар - салық органдарын және жергiлiктi атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудi және (немесе) жинауды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде осы Кодекске сәйкес салық қызметi органдарымен өзара iс-қимыл жасайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары.

42. Уәкiлеттi орган - салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

43. Ұтыстар — салық төлеушiлердiң конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздарға байланысты ұтыс ойындарын қоса алғанда, ұтыс ойындары бойынша алатын заттай және ақшалай түрдегi табыстардың кез келген түрлерi, сондай-ақ құмар ойында және (немесе) бәс тiгуде алынған мүлiктiк пайда түрiндегi табыстар.

44. Электрондық салық төлеушi - осы Кодексте белгiленген тәртiппен электрондық құжаттармен алмасу кезiнде салық қызметi органдарымен жасалған электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келiсiмнiң негiзiнде салық қызметi органдарымен электрондық тәсiлмен өзара iс-қимыл жасайтын салық төлеушi.

45. Тауарлардың импорты - кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, тауарларды кеден одағының кеден аумағына әкелу, сондай-ақ тауарларды кеден одағына мүше басқа мемлекеттiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу.