Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД НП каз для КС(К)-3 курс.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2. Шағын бизнес субъектілері. Шағын бизнес субъектілеріне арнаулы салық режимін қолдану жағдайлары.

Салық кодексінің 371, 372, 374, 376-баптарында белгіленген талаптарға сай келетін жеке кәсіпкерлер және занды тұлғалар салық салу мақсаттары үшін шағын бизнес субъектілері деп танылады.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салык режимі, төлем көзінен ұсталатын салыктарды коспағанда, әлеуметтік салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.

Аталған салықты есептеудің оңайлатылған тәртібі салық салу объектісіне Салық кодексінің 375, 377-баптарында белгіленген ставканы қолдану жолымен жүргізіледі.

Салықтық төлем көзінен салық ұсталғанын растайтын кұжаттар немесе біржолғы талон болған кезде, бұрын салық салынған табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерлерде алынған (алынуға тиіс) табыстардын барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс салық салу объектісі болып табылады.

Жеке кәеіпкердің мүлікті жалға беруден түскен табыстарды қоспағанда, төлем көзінде салық салынбайтын мүліктік табысы мен өзге де табыстары салық салу объектісі болып табылмайды.

Патент негізінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін салыктық кезең күнтізбелік жыл, ал бюджетпен есеп айырысуды оңайлатылған декларация негізінде жүзеге асыратын шағын бизнес субъектісі үшін салық кезеңі тоқсан болып табылады.

Арнаулы салық режимін колданатын шағын бизнес субъектілері кәсіпкерлік қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда олардың табысы кызметтің барлық түрлерін жүзеге асырудың жиынтығымен айқындалады. Арнаулы салық режимін колданатын және қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын шағын бизнес субъектілері үшін салықтық кезен ішінде қосылған күн салығының сомасы табысқа косылмайды.

Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есебін тапсырудың мынадай:

1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;

2) біржолғы талон негізіндегі арнаулы салык режимі;

3) патент негізіндегі арнаулы салык режимі;

4) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі тәрізді тәртіптерінің біреуін ғана дербес таңдауға құқылы.

Бұл талап базарларда (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы тұрақты үй-жайларда сауда жасайтындарды қоспағанда) тауарлар өткізетін адамдарға қолданылмайды. Салықтарды есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне ауысқан кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіп екі жыл қолданылғаннан кейін ғана арнаулы салық режиміне қайта ауысуға болады.

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, біржолғы талон және патент бланкілері кдтаң есептілік бланкілері болып табылады және ақша алынбай беріледі. Оларды басқа адамдарға беруге тыйым салынады.

Салық кодексінің 378 және 385-баптарында көзделмеген қызметтер бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші шаруа (фермер) қожалықтары мен заңды тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде жүзеге асыра алады.

Базарларда тауар сату бойынша (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы тұрақты үй-жайларда өткізуді қоспағанда) бюджетпен есеп айырысу Салык кодексінін 373-бабында белгіленген тәртіппен біржолғы талон негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салык режимі бойынша ғана жүргізіледі.

Бұл ретте, рыноктарда өткізу бойынша бюджет есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлғаларға Салық кодексінің 370, 371 және 379-баптарынын. ережелері колданылмайды.

Салық кодексінін 392-бабынын. 1-тармағында белгіленген тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды осы 391-397-баптарда көзделген кәсіпкерлік қызметтін жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимінде ғана жүзеге асырады.

Мынадай салық төлеушілердің:

1) филиалдары, өкілдіктері бар занды түлғалардың;

2) филиалдардың, өкілдіктердің;

3) занды түлғалардын еншілес үйымдарының және тәуелді акционерлік қоғамдардың;

4) әртүрлі елді мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері бар салық төлеушінің арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.