Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД НП каз для КС(К)-3 курс.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

4. Салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттеріні мәні.

Салық қызметi органдарының мiндеттерi мен құрылымы. Салық қызметi органдарының мiндеттерi:

1) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсу толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;

2) мiндеттi зейнетақы жарналарын (бұдан әрi - мiндеттi зейнетақы жарналары) есептеудiң, ұстаудың және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың және әлеуметтiк аударымдарды (бұдан әрi - әлеуметтiк аударымдар) есептеудiң және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төлеудiң толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының салық саясатын iске асыруға қатысу;

4) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

5) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Салық қызметi органдары уәкiлеттi орган мен салық органдарынан тұрады.

Салық органдарына уәкiлеттi органның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша аумақтық бөлiмшелерi, сондай-ақ уәкiлеттi органның ауданаралық аумақтық бөлiмшелерi жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда осы аймақтардың аумағында салық органдары құрылуы мүмкiн.

Салық органдары тиiстi жоғары тұрған салық қызметi органына сатылы тұрғыда тiкелей бағынады және жергiлiктi атқарушы органдарға жатпайды.

Уәкiлеттi орган салық органдарына басшылықты жүзеге асырады.

Салық қызметi органдарының рәмiзi болады. Салық қызметi органдары рәмiзiнiң сипаттамасы мен оны пайдалану тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.

5. Кедендік органдардың салық салу жөніндегі өкілеттіктері.

Кеден органдары салық кодексіне, кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауар өткiзуге байланысты төленуге жататын салықтарды алуды жүзеге асырады.

6. Уәкілетті және жергілікті атқарушы билік органдарының салық салу саласындағы өкілеттіктері.

Жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлеттiгi. Кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi (бұдан әрi - әкiмдер) салық төлеушi - жеке тұлға төлейтiн мүлiк, көлiк құралы салықтарын, жер салығын жинауды ұйымдастырады. Көрсетiлген салықты жинау қатаң есептiлiк құжаты болып табылатын квитанция негiзiнде жүзеге асырылады. Квитанция нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Көрсетiлген салықты жинауды ұйымдастыру кезiнде әкiмдер:

1) салық органдарынан салықтың сомасы туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей көрсетiлген хабарламаны салық төлеушiге - жеке тұлғаға тапсыруды;       2) салық сомасы қолма-қол ақшамен төленген кезде салық төлеушiге - жеке тұлғаға осындай төлеу фактiсiн растайтын квитанция берудi;

3) банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей, салық сомасын кейiннен бюджет есебiне жатқызу үшiн күн сайын өткiзудi қамтамасыз етедi. Егер күн сайынғы ақша түсiмi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын он еселенген айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, сондай-ақ елдi мекенде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым болмаған кезде ақша өткiзу үш операциялық күнде бiр рет жүзеге асырылады;

4) қвитанциялардың дұрыс толтырылуын және сақталуын;

5) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмдерде салық органына квитанцияларды пайдалану туралы, сондай-ақ салық сомасын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер берудi қамтамасыз етедi.

Салық қызметi органдарының уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимылы

1. Салық қызметi органдары уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiрлескен бақылау шараларын әзiрлейдi және қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.

2. Уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар салықтық бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi орындауда салық қызметi органдарына жәрдемдесуге мiндеттi.

3. Салық қызметi органдары мен кеден органдары өздерiне жүктелген салықтық бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi өзара iс-қимыл жасау арқылы орындайды.

4. Салық қызметi органдары мен жергiлiктi атқарушы органдар салық жинауды жүзеге асыру бойынша Салық кодексінiң 23-бабында белгiленген тәртiппен бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасайды.

5. Уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi алу жөнiндегi өкiлеттiктерi осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде айқындалады.       6. Салық қызметi органдары уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимылды Салық кодексінде белгiленген тәртiппен электрондық тәсiлмен жүзеге асыруға құқылы.

Салық қызметi органдарының лауазымды адамдарын материалдық қамтамасыз ету, құқықтық және әлеуметтiк қорғау

      Салық қызметi органдарының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде заңмен қорғалады.

Салық қызметi органдары лауазымды адамының заңды талаптарын орындамау, салық қызметi органдары лауазымды адамының қызметтiк жұмысына байланысты оны немесе оның отбасы мүшелерiн қорлау, қорқыту, оларға зорлық-зомбылық жасау немесе олардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне қол сұғушылық, салық қызметi органдары лауазымды адамының қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергi келтiретiн басқа да iс-қимылдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.       Қызметтегi жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық қызметi органдары лауазымды адамының денсаулығына орташа ауыр зиян жасалған және келтiрiлген кезде, оған республикалық бюджет қаражатынан бес айлық жалақы мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.

Қызметтегi жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық қызметi органдары лауазымды адамының денсаулығына кәсiптiк қызметiмен одан әрi айналысуына мүмкiндiк бермейтiндей ауыр зиян жасалған және келтiрiлген кезде, оған республикалық бюджет қаражатынан бес жылдық ақшалай табысы мөлшерiнде бiржолғы өтемақы, сондай-ақ оның лауазымдық жалақысы мен зейнетақысының мөлшерi арасындағы айырма (өмiр бойы) төленедi.

Салық қызметi органдарының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қайтыс болған жағдайда қаза тапқан адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлерiне):

1) қаза тапқан адамның соңғы атқарған лауазымы бойынша республикалық бюджет қаражатынан он жылдық ақшалай табысы мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленедi;

2) Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде және тәртiппен асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы тағайындалады.

Қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты салық қызметi органдары лауазымды адамының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген нұқсан, сондай-ақ салық қызметi органдары лауазымды адамының отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген нұқсан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеледi.

10-тақырып. Салықтық бақылау.

Дәріс жоспары:

1. Салықтық бақылау ұғымы. Салықтық бақылаудың өзіне тән белгілері, оның міндеттері мен мақсаты, элементтері және түрлері. Салықтық бақылау әдістері, олардың жалпы сипаттамасы. Камералдық салықтық бақылау.

2. Салықтық тексеру ұғымы және түрлері. Салықтық тексеру жүргізу тәртібі. Салықтық тексеру актісі, оның мазмұны және кұкықтық маңызы.

3. Салықтық тексеру нәтижелеріне және салық органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

1. Салықтық бақылау ұғымы. Салықтық бақылаудың өзіне тән белгілері, оның міндеттері мен мақсаты, элементтері және түрлері. Салықтық бақылау әдістері, олардың жалпы сипаттамасы. Камералдық салықтық бақылау.

Салыктық бақылау мемлекеттің салықтық қызметінің құрамдас бөлігі болып саналады және салықтық бақылау салық органдары мен тиісті уәкілеттілігі бар басқа да мемлекеттік органдар жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудың, дәлірек айтсақ каржылық бақылаудың арнаулы бір түрі болып табылады. Негізінде мемлекеттік салықтық бақылау кең мағынада айтылады.

Осы салықтык бақылау аясындағы мемлекеттің материалдық мүддесі айрықша және айқын көрінісін табады. Өйткені, мемлекет салықтық қатынастардың әрқашанда бір жағында тұратын субъектісі, сондай-ақ қоғамның саяси жүйесінің субъектісі ретіңде бақылай отырып тексеріп, тексере отырып қадағалап, салықтардың уақтылы жиналуын және олардың толық мөлшерде тиісті бюджеттердің кірістеріне түсуін қамтамасыз етіп, өзінің және қоғамның ақша қаражаттарына деген қажеттілігін қанағаттандырады. Бұл ретте айта кететін тағы бір қызық жәйт, мемлекет қандай болмасын материалдық салықтық құқықтық қатынастардағы тараптың міндетті тұрақты субъектісі болып саналғанымен, егер салық төлеушімен салык органының арасыңда белгілі бір даудамай туындаған жағдайда оны әділ шешуге ат салысатын ара би болып табылады.

Салықтық бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

1)  салық төлеушілерді тіркеу есебіне алу;

2) салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алу;

3) бюджетке түскен түсімдерді есепке алу;

4) қосылған құн салығын төлеушілерді есепке алу;

5) салықтық тексерулер;

6) камеральдық бақылаулар;

7) салық төлеушілердің қаржылық-шаруашылық қызметтеріне мониторинг жүргізу;

8) фискальдық жады бар бақылау-кассалық машиналарын қолдану;

9) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау және акциздік постыларды белгілеу;

10) мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, бағалау және оны сату тәртібін сақтауды тексеру;

11) уәкілетті органдарға бақылау жасау.

Салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын, төмендеткен табымтарын төлеттіріп алу бұзу ауыртпалығына қарай үлестік немесе еселенген көлемде айыппұлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімдер түрінде санкциялар қолданылады.