- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені Пәннің атауы: «қр Салық құқығы»
- •Мазмұны
- •Оқу жұмыс бағдарламасы
- •4 Пәннің мазмұны
- •4.1 Пәннің тақырыптық жоспары
- •4.2 Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •4.3 Тәжірибелік (семинар) сабақтардың тақырыптық жоспары
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •1. Оқытушы туралы ақпарат:
- •5. Оқу процесінің кестесі
- •«Қр салық құқығы» пәні бойынша тәжірибелік (семинар) сабақтардың тақырыптық жоспары /15 сағат/
- •8. «Қр Салық құқығы» пәні бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •9. «Қр Салық құқығы» пәні бойынша соөж (консультация) тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі.
- •«Қр Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша ауызша нысанда тапсыру үшін 1-бақылау жұмысын (бж-1) дайындалуғаарналған соөж тапсырмаларының тізбесі
- •«Қр Мемлекеттік қызмет және басқару пәні бойынша жазбаша нысанда тапсыру үшін 1-бақылау жұмысын (бж -1) дайындауға арналған соөж тапсырмаларының тізбесі
- •«Қр Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша ауызша нысанда тапсыру үшін 2-бақылау жұмысын (бж-2) дайындалуғаарналған соөж тапсырмаларының тізбесі
- •10. Әдебиеттер тізімі
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік карта
- •Қр Салық құқығы (дәріс)
- •1. Салықтардың туындауы мен қолданыста болуының қоғамдық -экономикалық және саяси себептері, бастаулары мен жағдайлары.
- •2. Салық қаржылық құқықтық категория ретінде. Салықтық төлемдердің белгілері. Салықтың басқа міндетті төлемдер түрлерінен айырмашылығы.
- •3. Салықтардың функциялары: ұғымы, түрлері, аралық катынастары. Фискальдық, реттеуші, әлеуметтік, бақылаушы функциялар.
- •4. Салықтық төлемдерді топтастыру. Салықтардың негізгі топтастыру белгілері мен топтастыру топтары.
- •5. Салықтардың қоғам өміріндегі әлеуметтік - экономикалық рөлі.
- •1. Салық заң құрамы элементтерінің ұғымы және құқықтық маңызы
- •1. Мемлекеттің салықтық қызметінің ұғымы. Мемлекеттің салықтық қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздері. Салықтық қызмет әдістері. Мемлекеттің салық саясаты, мәні және құқықтық нысаны.
- •3. Салық салу принциптерінің жүйесі. Салық салу принциптері жөнінде а.Смит және басқа да классиктер. Салық салу принциптерін бұзу белгілері.
- •4. Салықтарды белгілеу салық салудың негізгі актісі ретінде. Салықты белгілеу ұғымы. Салықты белгілеу субъектісі және нысаны. Салықты белгілеу тәртібі.
- •1. Салықтық кұқық нормасының ұғымы. Салықтық құқық нормасының өзіне тән белгілері.
- •2. Салықтық құқықтың норманың құрылымы. Салықтық құқықтық нормаларды топтастыру.
- •3. Салықтық құқықтың реттеуші нормалары. Салықтық құқықтың реттеуші нормаларының түрлері: міндеттеуші, тыйым салушы, рұқсат (қүқық) беруші.
- •1. Салықтық қүқықтық қатынастардың ұғымы және оның нормадағы әлеуметтік бағдары. Салықтық құқықтық қатынастардың топтастырылуы. Материалдық және ұйымдастыру салықтық құқықтық қатынастары.
- •3. Салықтық құқықтық қатынастардың туындау, өзгеру және тоқтатылу негіздері.
- •1. Салық төлеуші - салықтық құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде. Салық төлеушінің мәртебесін айқындау. Салық төлеушілердің түрлері.
- •1. Салықтық міндеттеменің ұғымы, элементтері және ерекшеліктері. Салықтық міндеттеменің азаматтық құқықтық міндеттемеден өзгешелігі.
- •2. Салықтық міндеттеменің құрамы: субъектілері, объектісі, мәні. Салықтық міндеттеменің туындауының, өзгеруінің және тоқтатылуының негіздері.
- •3. Салықтық міндеттемені орындау. Салықтық міндеттемені орындау мерзімдері.
- •4. Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің атқарылуын қамтамасыз ету тәсілдері. Салық берешегін мәжбүрлеп алу шаралары. Салықтық міндеттемені тоқтату негіздері.
- •1. Салық салу аясындағы басқару органдарының жүйесі. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, қолданысқа енгізу және жою.
- •4. Салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттеріні мәні.
- •5. Кедендік органдардың салық салу жөніндегі өкілеттіктері.
- •6. Уәкілетті және жергілікті атқарушы билік органдарының салық салу саласындағы өкілеттіктері.
- •2. Салықтық тексеру ұғымы және түрлері. Салықтық тексеру жүргізу тәртібі. Салықтық тексеру актісі, оның мазмұны және кұкықтық маңызы.
- •3. Салықтық тексеру нәтижелеріне және салық органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
- •1. Корпорациялық табыс салығы. Салық салу объектісі, салық субъектілері. Салық салынатын табысты анықтау тәртібі.
- •2. Жеке табыс салығы. Салық салу объектісі, салық субъектілері, салық базасын айқындау тәртібі, салықты есептеу және төлеу тәртібі. Табыс салығының ставкасы. Табыс салығы бойынша жеңілдіктер.
- •3. Қосылған құн салығы (ққс). Салық салу объектілері. Салықты төлеушілер. Салық базасын айқындау тәртібі, салықты есептеу және төлеу тәртібі. Салықтық кезең. Ққс ставкалары.
- •1. .Акциздер. Салық салу объектісі, төлеушілері, салық базасын айқындау тәртібі, төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі. Салық салу ставкасы.
- •2. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы. Салық төлеушілері, салық салу объектісі. Салықтық кезең, төлеу мерзімдері.
- •3. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары: бонустар, роялти, үстеме пайда салығы.
- •4. Әлеуметтік салық. Салық салу объектісі. Салықты төлеушілер. Салық ставкалары. Салықты есептеу және төлеу тәртібі.
- •1. Арнаулы салық режимін колдану, оның ерекшеліктері.
- •2. Шағын бизнес субъектілері. Шағын бизнес субъектілеріне арнаулы салық режимін қолдану жағдайлары.
- •3. Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері.
- •4. Занды тұлғалар ауыл шаруашылығы енімдерін өндірушілерге арналған арнаулы салық режимі.
- •5. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі.
- •2. Алымның түрлері.
- •2. Төлемақының түрлері.
- •1. Жалпы ережелер. Мемлекеттік бажды төлеушілер, алыну объектілері, мемлекеттік баж ставкалары, мемлекеттік бажды алу кезінде көзделінетін жеңілдіктер, мемлекеттік бажды төлеу және қайтару тәртібі.
- •2. Қр салық заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік. Салық занамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік түрлері.
- •Салық құқығы пәні бойынша глосарий
- •«Салық құқығы» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқау
2. Алымның түрлері.
Алымдар:
1.Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
2.Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
3.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
4.Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
6.Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
8. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
9. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.
10. Аукциондардан алынатын алым.
11. Елтаңбалық алым.
12. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.
13. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
16-тақырып. Пайдаланған үшін төлемақы.
Дәріс жоспары:
1. Төлемақының ұғымы және оның басқа міндетті төлемдерден айырмашылығы.
2. Төлемақының түрлері.
2. Төлемақының түрлері.
Төлемақылар:
1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.
4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
6. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
7. Раиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.
8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.
17-тақырып. Мемлекеттік баж. Кедендік төлемдер.
Дәріс жоспары:
1. Жалпы ережелер. Мемлекеттік бажды төлеушілер, алыну объектілері, мемлекеттік баж ставкалары, мемлекеттік бажды алу кезінде көзделінетін жеңілдіктер, мемлекеттік бажды төлеу және қайтару тәртібі.
2. Консулдық алым мемлекеттік баждың бір түрі ретінде. Төлеушілері консулдық алымның ставкалары, жүзеге асырылғаны үшін консулдық алым алынатын іс-әрекеттер. Консулдық алымды төлеуден босату ерекшеліктері.
3. Кедендік төлемдер, олардың түрлері.
1. Жалпы ережелер. Мемлекеттік бажды төлеушілер, алыну объектілері, мемлекеттік баж ставкалары, мемлекеттік бажды алу кезінде көзделінетін жеңілдіктер, мемлекеттік бажды төлеу және қайтару тәртібі.
Мемлекеттiк баж – уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн және (немесе) құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем.
Мемлекеттiк бажды төлеушiлер – заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасау және (немесе) құжаттар беру жөнiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға немесе лауазымды адамдарға өтiнiш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк баж төлеушiлер болып табылады.
Баж алу объектiлерi. Мыналардан:
1) сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше талаппен iс жүргiзу арыздарынан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, аралық (төрелiк) соттардың және шетел соттарының шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату жөнiндегi атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актiлерiнiң, атқару парақтарының және өзге де материалдардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан:
2) нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi үшiн;
3) азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы анықтамалар мен қайтадан куәлiктер бергенi және азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтiруге байланысты куәлiктер бергенi үшiн;
4) шетелге тұрақты тұруға баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретiн құжаттарды ресiмдегенi үшiн, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн;
5) шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына Қазақстан Республикасының аумағында виза бергенi үшiн;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшiн;
7) тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн;
8) аңшы куәлiгiн бергенi және оны жыл сайын тiркегенi үшiн;
9) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн;
10) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергенi үшiн;
11) қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергенi үшiн;
12) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн;
13) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың апостиль қойғаны үшiн;
14) жүргiзушi куәлiгiн, тракторшы-машинистiң куәлiгiн, механикалық көлiк құралдары мен тiркемелерiнiң техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктердi, механикалық көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн бергенi үшiн;
15) зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi органның осы Кодекстiң 539-бабында көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жасағаны үшiн мемлекеттiк баж алынады.
Мемлекеттiк баждың тiркелген проценттiк ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мемлекеттiк бажды төлеу күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып есептеледi.
2. Консулдық алым мемлекеттік баждың бір түрі ретінде. Төлеушілері консулдық алымның ставкалары, жүзеге асырылғаны үшін консулдық алым алынатын іс-әрекеттер. Консулдық алымды төлеуден босату ерекшеліктері.
Консулдық алым – Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi консулдық iс-әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттарды бергенi үшiн шетелдiктерден, азаматтығы жоқ адамдардан, резидент емес шетелдiк заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан алынатын төлем.
Консулдық алым төлеушiлер. Шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар және резидент емес шетелдiк заңды тұлғалар, осы Кодекстiң 521-бабында көзделген консулдық iс-әрекеттер өздерiнiң мүдделерi үшiн жасалатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары консулдық алым төлеушiлер болып табылады.
Алу объектiлерi. Консулдық алым мынадай консулдық iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынады:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресiмдеу;
2) Қазақстан Республикасының визаларын беру;
3) Қазақстан Республикасына қайта оралу куәлiгiн беру;
4) шетелде болу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының өтiнiштерiн ресiмдеу;
5) шетелге тұрақты тұруға келетiн Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетелдiктерге ұл бала асырап алуға (қыз бала асырап алуға) берiлген балаларды - Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық есепке қою;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөнiндегi құжаттарды ресiмдеу;
7) азаматтық хал актiлерiн тiркеу;
8) құжаттарды талап ету;
9) құжаттарды заңдастыру, сондай-ақ апостильдеу үшiн құжаттарды қабылдау және одан әрi өткiзу;
10) нотариаттық iс-әрекеттер жасау;
11) консулдық мекемеде өсиет қағазын, құжаттар салынған пакеттi (өсиеттен басқа), ақшаны, бағалы қағаздарды және басқа да құндылықтарды (мұрагерлiктен басқа) сақтау;
12) көпшiлiк сауда-саттықта тауарлар немесе өзге де мүлiк сату;
13) алты айға дейiнгi мерзiмге мүлiктi немесе ақша сомаларын тиесiлiгi бойынша беру үшiн депозитке қабылдау;
14) заңды тұлғалардың мекен-жайына дипломатиялық почта арқылы құжаттар жiберу;
15) кеменi шетелден сатып алған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтерiп жүзу құқығына куәлiк беру, Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген Қазақстан Республикасының кемелерiне қатысты декларациялар мен басқа да құжаттар толтыру және куәландыру;
16) заңдық мәнi бар өзге де құжаттар (анықтамалар) беру.
Консулдық алым ставкалары. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, консулдық алымдар ставкаларының ең төмен және ең жоғары базалық мөлшерiн, сондай-ақ жеделдету үшiн консулдық алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi консулдық алымдардың базалық ставкалары шегiнде нақты ставкалар мөлшерiн белгiлеуге құқылы.
18-тақырып. Салық салу аясындағы мемлекеттік мәжбүрлеу және заңи жауапкершілік.
Дәріс жоспары:
1. Салық салу аясындағы мемлекеттік мәжбүрлеудің ұғымы. Салық салу аясындағы мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары және олардың түрлері. Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын салық салу аясында қолдану ерекшеліктері.
2. ҚР салық заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік. Ұғымы және жалпы сипаттамасы. ҚР салық заңнамасын бұзғаны үшім қолданылатын заңды жауапкершілік негізі. Салық занамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік түрлері.
1. Салық салу аясындағы мемлекеттік мәжбүрлеудің ұғымы. Салық салу аясындағы мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары және олардың түрлері. Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын салық салу аясында қолдану ерекшеліктері.
Салық салу аясындағы мемлекеттік мәжбүрлеу күші көбінесе материалдық, сонымен қоса өзге де салықтық-құқықтық қатынастарды қорғауға бағытталған, сондай-ақ ол әрқашанда заңи жауапкершілікпен тығыз байланысты болады және көптеген жағдайларда осы жауапкершіліктің мәнін құрайды.
Қазақстан Республикасының ағымдағы тиісті заңдары салықтық тексеру, бақылау нәтижесіне қарай салық төлеуші нақты заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдануды көздейді. Мемлекеттік мәжбүрлеудің айтарлықтай бөлігі әкімшілігін тәртіппен жүзеге асырылады.
Осы ретте салық салу аясындағы мәжбүрлеу шараларына мынадай айырықша белгілер тән болады:
- Мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде заңдылықтың сақталуына қатаң назар аударылады және оның сақталуы іс кезінде қамтамасыз етіледі;
- Салық салу аясында қолданылатын мәжбүрлеу шараларының жүйесі әртүрлі бағыт сипатта болады.
Салық салу аясындағы мемлекеттік мәжбүрлеу мемлекет тарапынан құқықтық нормаларда белгіленеді. Сондықтан оларды қолдану қашанда және қайда болмасын мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі.
