- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені Пәннің атауы: «қр Салық құқығы»
- •Мазмұны
- •Оқу жұмыс бағдарламасы
- •4 Пәннің мазмұны
- •4.1 Пәннің тақырыптық жоспары
- •4.2 Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •4.3 Тәжірибелік (семинар) сабақтардың тақырыптық жоспары
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •1. Оқытушы туралы ақпарат:
- •5. Оқу процесінің кестесі
- •«Қр салық құқығы» пәні бойынша тәжірибелік (семинар) сабақтардың тақырыптық жоспары /15 сағат/
- •8. «Қр Салық құқығы» пәні бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •9. «Қр Салық құқығы» пәні бойынша соөж (консультация) тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі.
- •«Қр Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша ауызша нысанда тапсыру үшін 1-бақылау жұмысын (бж-1) дайындалуғаарналған соөж тапсырмаларының тізбесі
- •«Қр Мемлекеттік қызмет және басқару пәні бойынша жазбаша нысанда тапсыру үшін 1-бақылау жұмысын (бж -1) дайындауға арналған соөж тапсырмаларының тізбесі
- •«Қр Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша ауызша нысанда тапсыру үшін 2-бақылау жұмысын (бж-2) дайындалуғаарналған соөж тапсырмаларының тізбесі
- •10. Әдебиеттер тізімі
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік карта
- •Қр Салық құқығы (дәріс)
- •1. Салықтардың туындауы мен қолданыста болуының қоғамдық -экономикалық және саяси себептері, бастаулары мен жағдайлары.
- •2. Салық қаржылық құқықтық категория ретінде. Салықтық төлемдердің белгілері. Салықтың басқа міндетті төлемдер түрлерінен айырмашылығы.
- •3. Салықтардың функциялары: ұғымы, түрлері, аралық катынастары. Фискальдық, реттеуші, әлеуметтік, бақылаушы функциялар.
- •4. Салықтық төлемдерді топтастыру. Салықтардың негізгі топтастыру белгілері мен топтастыру топтары.
- •5. Салықтардың қоғам өміріндегі әлеуметтік - экономикалық рөлі.
- •1. Салық заң құрамы элементтерінің ұғымы және құқықтық маңызы
- •1. Мемлекеттің салықтық қызметінің ұғымы. Мемлекеттің салықтық қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздері. Салықтық қызмет әдістері. Мемлекеттің салық саясаты, мәні және құқықтық нысаны.
- •3. Салық салу принциптерінің жүйесі. Салық салу принциптері жөнінде а.Смит және басқа да классиктер. Салық салу принциптерін бұзу белгілері.
- •4. Салықтарды белгілеу салық салудың негізгі актісі ретінде. Салықты белгілеу ұғымы. Салықты белгілеу субъектісі және нысаны. Салықты белгілеу тәртібі.
- •1. Салықтық кұқық нормасының ұғымы. Салықтық құқық нормасының өзіне тән белгілері.
- •2. Салықтық құқықтың норманың құрылымы. Салықтық құқықтық нормаларды топтастыру.
- •3. Салықтық құқықтың реттеуші нормалары. Салықтық құқықтың реттеуші нормаларының түрлері: міндеттеуші, тыйым салушы, рұқсат (қүқық) беруші.
- •1. Салықтық қүқықтық қатынастардың ұғымы және оның нормадағы әлеуметтік бағдары. Салықтық құқықтық қатынастардың топтастырылуы. Материалдық және ұйымдастыру салықтық құқықтық қатынастары.
- •3. Салықтық құқықтық қатынастардың туындау, өзгеру және тоқтатылу негіздері.
- •1. Салық төлеуші - салықтық құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде. Салық төлеушінің мәртебесін айқындау. Салық төлеушілердің түрлері.
- •1. Салықтық міндеттеменің ұғымы, элементтері және ерекшеліктері. Салықтық міндеттеменің азаматтық құқықтық міндеттемеден өзгешелігі.
- •2. Салықтық міндеттеменің құрамы: субъектілері, объектісі, мәні. Салықтық міндеттеменің туындауының, өзгеруінің және тоқтатылуының негіздері.
- •3. Салықтық міндеттемені орындау. Салықтық міндеттемені орындау мерзімдері.
- •4. Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің атқарылуын қамтамасыз ету тәсілдері. Салық берешегін мәжбүрлеп алу шаралары. Салықтық міндеттемені тоқтату негіздері.
- •1. Салық салу аясындағы басқару органдарының жүйесі. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, қолданысқа енгізу және жою.
- •4. Салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттеріні мәні.
- •5. Кедендік органдардың салық салу жөніндегі өкілеттіктері.
- •6. Уәкілетті және жергілікті атқарушы билік органдарының салық салу саласындағы өкілеттіктері.
- •2. Салықтық тексеру ұғымы және түрлері. Салықтық тексеру жүргізу тәртібі. Салықтық тексеру актісі, оның мазмұны және кұкықтық маңызы.
- •3. Салықтық тексеру нәтижелеріне және салық органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
- •1. Корпорациялық табыс салығы. Салық салу объектісі, салық субъектілері. Салық салынатын табысты анықтау тәртібі.
- •2. Жеке табыс салығы. Салық салу объектісі, салық субъектілері, салық базасын айқындау тәртібі, салықты есептеу және төлеу тәртібі. Табыс салығының ставкасы. Табыс салығы бойынша жеңілдіктер.
- •3. Қосылған құн салығы (ққс). Салық салу объектілері. Салықты төлеушілер. Салық базасын айқындау тәртібі, салықты есептеу және төлеу тәртібі. Салықтық кезең. Ққс ставкалары.
- •1. .Акциздер. Салық салу объектісі, төлеушілері, салық базасын айқындау тәртібі, төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі. Салық салу ставкасы.
- •2. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы. Салық төлеушілері, салық салу объектісі. Салықтық кезең, төлеу мерзімдері.
- •3. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары: бонустар, роялти, үстеме пайда салығы.
- •4. Әлеуметтік салық. Салық салу объектісі. Салықты төлеушілер. Салық ставкалары. Салықты есептеу және төлеу тәртібі.
- •1. Арнаулы салық режимін колдану, оның ерекшеліктері.
- •2. Шағын бизнес субъектілері. Шағын бизнес субъектілеріне арнаулы салық режимін қолдану жағдайлары.
- •3. Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері.
- •4. Занды тұлғалар ауыл шаруашылығы енімдерін өндірушілерге арналған арнаулы салық режимі.
- •5. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі.
- •2. Алымның түрлері.
- •2. Төлемақының түрлері.
- •1. Жалпы ережелер. Мемлекеттік бажды төлеушілер, алыну объектілері, мемлекеттік баж ставкалары, мемлекеттік бажды алу кезінде көзделінетін жеңілдіктер, мемлекеттік бажды төлеу және қайтару тәртібі.
- •2. Қр салық заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік. Салық занамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік түрлері.
- •Салық құқығы пәні бойынша глосарий
- •«Салық құқығы» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқау
4. Занды тұлғалар ауыл шаруашылығы енімдерін өндірушілерге арналған арнаулы салық режимі.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі патент негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және заңды тұлғалардың:
1) жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген осы өнімді ұқсату және өткізу жөніндегі;
2) толық кезеңді мал (төлді өсіруден бастап) шаруашылығы (соның ішінде асыл тұқымды) мен құс шаруашылығының, ара шаруашылығының ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру жөніндегі, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді ұқсату және өткізу жөніндегі қызметіне колданылады.
Арнаулы салық режимі салық төлеушілердің акцизделетін өнім өндіру, оны ұқсату және өткізу жөніндегі қызметіне қолданылмайды.
Салық төлеушілер осы арнаулы салық режимі колданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде кірістер мен шығыстардың (жалақыны есептеуді қоса алғанда), мүліктің (сонын ішінде көлік құралдары мен жер учаскелерінің) есебін бөлек жүргізуге және қызметтің мұндай түрлері бойынша тиісті салық пен басқа да міндетті телемдерді жалпы белгіленген тәртіппен есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті. Тандап алынған салық салу режимі салық кезеңі ішінде өзгертілмеуге тиіс.
Арнаулы салық режимін қолдану үшін салық төлеуші жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірмей жер учаскесінін орналасқан жері бойынша салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша патент алуға өтініш береді. Салық төлеушінің көрсетілген мерзімде өтініш бермеуі оның салықты жалпы белгіленген тәртіппен есептеуге және төлеуге келіскені болып есептеледі.
Салык төлеуші осындай арнаулы салық режимін қолданудың алғашкы салық кезеңінде өтінішпен бірге жер учаскесінін орналасқан жері бойынша салық органына:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
2) уәкілетті органдар берген, нотариат немесе селолық (поселкелік) атқарушы органдар куәландырған жер учаскесіне деген құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін;
3) қызметтің лицензияланатын түрін жүзеге асырған жағдайда лицензиясын;
4) жұмыс берушінің (жаңадан құрылғандарын қоспағанда) мәлімделген қызметкерлер санына табыс түрінде төлейтін шығындарын қоса алғанда, салық төлеушінің өткен үш-бес жылдағы жылдық жиынтық табысы мен шығындарын растау үшін қажетті есептерінің көшірмелерін;
5) уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан мен тәртіп бойынша салық төлеуші толтырған патент құнының есебін табыс етеді.
Жоғарыда аталған құжаттардың бәрі болған жағдайда салық органы бес жұмыс күні ішінде тиісті тұлғаға патент береді.
Патент құны есебіне енгізілген салықты есептеуге арналған салық кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады. Патент беру әрбір салық кезеңіне жүргізіледі.
Жаңадан құрылған салық төлеушілер тіркеу есебіне қойылған кезден бастап отыз күнтізбелік күн ішінде осы арнаулы салық режимін қолдану құқығына өтініш береді.
Патент құнының есебіне корпорациялық табыс салығы, әлеуметтік салық, (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылған), меншік, жерді тұрақты пайдалану немесе бастапқы өтеусіз уакытша жер пайдалану құқығымен жер учаскесі болған кезде төлейтін жер салығы, уақытша өтеулі жер пайдалану учаскесі болған кезде жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлейтін ақы, мүлік салығы, көлік құралдары салығы, қосылған құн салығы (салық төлеуші есепте тұрған жағдайларда) енгізіледі.
Салық кезенінің басында патент құнының есебіне енгізілген салық сомаларын есептеу:
1) корпорациялық табыс салығын және қосылған кұн салығын белгілеу кезінде - өткен бес жыл ішіндегі шаруашылықтың табысы мен шығындарының көрсеткіштері негізінде жүргізіледі. Жаңадан құрылған салық төлеушілер табыс пен шығындар көрсеткіштерін осыған ұқсас шаруашылықтардың орташа көрсеткіштері бойынша анықтайды. Табыстар мен шығындар көрсеткіштерін анықтау тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді;
2) әлеуметтік салықты аныктау кезінде — Салық кодексінің 316-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленетін табыстар түрінде жұмыс берушінін қызметкерлерге төлейтін шығыстарына 317-бапта белгіленген ставканы қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл орайда жұмыс берушінің қызметкерлерге табыс түрінде төлейтін шығындары осы шаруашылық бойынша өткен жыл ішіндегі орташа жалақыны ағымдағы жылда мәлімделген қызметкер санына көбейту жолымен анықталады.
3) жер салығының, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлейтін ақының мүлік салығы мен көлік құралдары салығының сомасы - жалпы белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Патент құнын есептеу кезінде бюджетке төленуге тиісті салық және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлейтін ақы сомасы 80 процентке азайтылады. Осы арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер, қосылған құн салығын қоспағанда, патент құны есебіне енгізілген салық және жер учаскесін пайдаланғаны үшін ақы төлеу жөніндегі есепті беруден босатылады.
Патент құны есебіне енгізілген салық және жерді пайдаланғаны үшін ақы сомаларын бюджетке төлеу жер учаскелерінің ауқымы бойынша 20 мамырдан және 20 қазаннан кешіктірілмей, патент құны есебінде көрсетілген салық және жерді пайдаланғаны үшін ақы сомаларынын тиісінше 1/6 және 1/2 мөлшерінде және патент құны есебінде енгізілген салық және жерді пайдаланғаны үшін ақы бойынша берілген қайта есептеулерді ескере отырып, патент құнынын қалған бөлігі мөлшерінде келесі салықтық кезеңнің 20 наурызында жүзеге асырылады.
Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу Салық кодексінің 153, 155, 158, 160-баптарына сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу Қазақстан Республикасының зейнетақы зандарында белгіленген тәртіппен, ал қоршаған ортаны ластағаны үшін және жер бетіндегі кездерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ақыны есептеу тиісінше 451-465-баптарда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетакы жарналары сомаларын төлеуді, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы мен жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, бюджетпен есеп айырысуды патент негізінде жүзеге асыратын салық төлеушілер:
1) ағымдағы салықтық кезеңнің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейінгі кезең үшін есептелген сомаларды 20 казаннан кешіктірілмейтін мерзімде;
2) 1 казан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін есептелген сомаларды есепті кезеңнен кейінгі салыктық кезеңнің 20 наурызынан кешіктірмей төлейді.
Арнаулы салық режимін колданатын ауыл шаруашылык өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар өткен салық кезеңі үшін 15 наурыздан кешіктірілмейтін мерзімде салық органына: жер бетіндегі кездерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларацияны; қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы бойынша декларацияны табыс етеді.
Арнаулы салық режимін колданатын ауыл шаруашылык. өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есепті және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылатын міндетті зейнетакы жарналары бойынша және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша есепті: ағымдағы салықтық кезеңнің 1 қаңтарынан 1 казанына дейінгі кезең үшін есептелген сома бойынша — 15 қазаннан кешіктірмей, ал 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін есептелген сома бойынша — есепті кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 15 нау-рызынан кешіктірмей тапсырады.
Мынадай заңды тұлғалардың:
1) Еншілес ұйымдары, филиалдары мен өкілдіктері бар заңды тұлғалардың;
2) заңды тұлғалар филиалдарының, өкілдіктері мен езге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің;
3) осы арнаулы салық режимін қолданатын басқа занды тұлғалардың аффилиирлендірілген тұлғалары болып табылатын заңды тұлғалардың ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.
Аффилиирленген тұлға ретінде шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) көрсетілген арнайы салық режимін колданатын занды тұлға қабылдайтын шешімге, оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты, ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға, сондай-ақ көрсетілген арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғаға қатысты осындай құқығы бар тұлға танылады.
