- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені Пәннің атауы: «қр Салық құқығы»
- •Мазмұны
- •Оқу жұмыс бағдарламасы
- •4 Пәннің мазмұны
- •4.1 Пәннің тақырыптық жоспары
- •4.2 Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •4.3 Тәжірибелік (семинар) сабақтардың тақырыптық жоспары
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •1. Оқытушы туралы ақпарат:
- •5. Оқу процесінің кестесі
- •«Қр салық құқығы» пәні бойынша тәжірибелік (семинар) сабақтардың тақырыптық жоспары /15 сағат/
- •8. «Қр Салық құқығы» пәні бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •9. «Қр Салық құқығы» пәні бойынша соөж (консультация) тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі.
- •«Қр Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша ауызша нысанда тапсыру үшін 1-бақылау жұмысын (бж-1) дайындалуғаарналған соөж тапсырмаларының тізбесі
- •«Қр Мемлекеттік қызмет және басқару пәні бойынша жазбаша нысанда тапсыру үшін 1-бақылау жұмысын (бж -1) дайындауға арналған соөж тапсырмаларының тізбесі
- •«Қр Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша ауызша нысанда тапсыру үшін 2-бақылау жұмысын (бж-2) дайындалуғаарналған соөж тапсырмаларының тізбесі
- •10. Әдебиеттер тізімі
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік карта
- •Қр Салық құқығы (дәріс)
- •1. Салықтардың туындауы мен қолданыста болуының қоғамдық -экономикалық және саяси себептері, бастаулары мен жағдайлары.
- •2. Салық қаржылық құқықтық категория ретінде. Салықтық төлемдердің белгілері. Салықтың басқа міндетті төлемдер түрлерінен айырмашылығы.
- •3. Салықтардың функциялары: ұғымы, түрлері, аралық катынастары. Фискальдық, реттеуші, әлеуметтік, бақылаушы функциялар.
- •4. Салықтық төлемдерді топтастыру. Салықтардың негізгі топтастыру белгілері мен топтастыру топтары.
- •5. Салықтардың қоғам өміріндегі әлеуметтік - экономикалық рөлі.
- •1. Салық заң құрамы элементтерінің ұғымы және құқықтық маңызы
- •1. Мемлекеттің салықтық қызметінің ұғымы. Мемлекеттің салықтық қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздері. Салықтық қызмет әдістері. Мемлекеттің салық саясаты, мәні және құқықтық нысаны.
- •3. Салық салу принциптерінің жүйесі. Салық салу принциптері жөнінде а.Смит және басқа да классиктер. Салық салу принциптерін бұзу белгілері.
- •4. Салықтарды белгілеу салық салудың негізгі актісі ретінде. Салықты белгілеу ұғымы. Салықты белгілеу субъектісі және нысаны. Салықты белгілеу тәртібі.
- •1. Салықтық кұқық нормасының ұғымы. Салықтық құқық нормасының өзіне тән белгілері.
- •2. Салықтық құқықтың норманың құрылымы. Салықтық құқықтық нормаларды топтастыру.
- •3. Салықтық құқықтың реттеуші нормалары. Салықтық құқықтың реттеуші нормаларының түрлері: міндеттеуші, тыйым салушы, рұқсат (қүқық) беруші.
- •1. Салықтық қүқықтық қатынастардың ұғымы және оның нормадағы әлеуметтік бағдары. Салықтық құқықтық қатынастардың топтастырылуы. Материалдық және ұйымдастыру салықтық құқықтық қатынастары.
- •3. Салықтық құқықтық қатынастардың туындау, өзгеру және тоқтатылу негіздері.
- •1. Салық төлеуші - салықтық құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде. Салық төлеушінің мәртебесін айқындау. Салық төлеушілердің түрлері.
- •1. Салықтық міндеттеменің ұғымы, элементтері және ерекшеліктері. Салықтық міндеттеменің азаматтық құқықтық міндеттемеден өзгешелігі.
- •2. Салықтық міндеттеменің құрамы: субъектілері, объектісі, мәні. Салықтық міндеттеменің туындауының, өзгеруінің және тоқтатылуының негіздері.
- •3. Салықтық міндеттемені орындау. Салықтық міндеттемені орындау мерзімдері.
- •4. Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің атқарылуын қамтамасыз ету тәсілдері. Салық берешегін мәжбүрлеп алу шаралары. Салықтық міндеттемені тоқтату негіздері.
- •1. Салық салу аясындағы басқару органдарының жүйесі. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, қолданысқа енгізу және жою.
- •4. Салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттеріні мәні.
- •5. Кедендік органдардың салық салу жөніндегі өкілеттіктері.
- •6. Уәкілетті және жергілікті атқарушы билік органдарының салық салу саласындағы өкілеттіктері.
- •2. Салықтық тексеру ұғымы және түрлері. Салықтық тексеру жүргізу тәртібі. Салықтық тексеру актісі, оның мазмұны және кұкықтық маңызы.
- •3. Салықтық тексеру нәтижелеріне және салық органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
- •1. Корпорациялық табыс салығы. Салық салу объектісі, салық субъектілері. Салық салынатын табысты анықтау тәртібі.
- •2. Жеке табыс салығы. Салық салу объектісі, салық субъектілері, салық базасын айқындау тәртібі, салықты есептеу және төлеу тәртібі. Табыс салығының ставкасы. Табыс салығы бойынша жеңілдіктер.
- •3. Қосылған құн салығы (ққс). Салық салу объектілері. Салықты төлеушілер. Салық базасын айқындау тәртібі, салықты есептеу және төлеу тәртібі. Салықтық кезең. Ққс ставкалары.
- •1. .Акциздер. Салық салу объектісі, төлеушілері, салық базасын айқындау тәртібі, төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі. Салық салу ставкасы.
- •2. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы. Салық төлеушілері, салық салу объектісі. Салықтық кезең, төлеу мерзімдері.
- •3. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары: бонустар, роялти, үстеме пайда салығы.
- •4. Әлеуметтік салық. Салық салу объектісі. Салықты төлеушілер. Салық ставкалары. Салықты есептеу және төлеу тәртібі.
- •1. Арнаулы салық режимін колдану, оның ерекшеліктері.
- •2. Шағын бизнес субъектілері. Шағын бизнес субъектілеріне арнаулы салық режимін қолдану жағдайлары.
- •3. Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері.
- •4. Занды тұлғалар ауыл шаруашылығы енімдерін өндірушілерге арналған арнаулы салық режимі.
- •5. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі.
- •2. Алымның түрлері.
- •2. Төлемақының түрлері.
- •1. Жалпы ережелер. Мемлекеттік бажды төлеушілер, алыну объектілері, мемлекеттік баж ставкалары, мемлекеттік бажды алу кезінде көзделінетін жеңілдіктер, мемлекеттік бажды төлеу және қайтару тәртібі.
- •2. Қр салық заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік. Салық занамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік түрлері.
- •Салық құқығы пәні бойынша глосарий
- •«Салық құқығы» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқау
3. Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері.
Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың айрықша тәртібін көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру, ұқсату және сату жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату және оны өткізу жөніндегі шаруа (фермер) қожалықтары қызметіне қолданылады.
Жеке меншік құкығымен және (немесе) жер пайдалану құқығымен (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде шаруа (фермер) қожалыктарына арнаулы салық режимін қолдану құқығы беріледі. Шаруа (фермер) қожалықтары осы арнаулы салық режимін немесе салык салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін дербес таңдауға құқылы.
Шаруа (фермер) қожалықтары арнаулы салық режимін қолдану үшін жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірмей жер учаскесі орналасқан жердегі салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша өтініш береді. Салық төлеушінің аталған мерзімде өтініш бермеуі оның бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға келісімі деп есептеледі.
20 ақпаннан кейін құрылған шаруа (фермер) қожалықтары жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алған күні арнаулы салық режимін қолдану құқығына өтініш береді. Таңдап алынған салық салу режимі салық кезеңі ішінде өзгертуге жатпайды.
Бірыңғай жер салығы бойынша күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.
Бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары:
1) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметтен түскен шаруа (фермер) қожалықтарының табысынан жеке табыс салығын;
2) осы арнаулы салық режимі қолданылатын кызметті жүзеге асырудан түскен айналым бойынша қосылған құн салығын;
3) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді;
4) Кзакстан Республикасыньщ Үкіметі белгілеген қажеттілік нормативтері шегінде салық салу объектілері бойынша көлік құралдары салығын;
5) Қазақстан Республикасынын, Үкіметі белгілеген қажеттілік нормативтері шегінде салық салу объектілері бойынша мүлік салығын төлеушілер қатарына жатқызылмайды.
Жер учаскесін бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін негіз болып саналады. Жер учаскесінін бағалау құнын айқындау Қазақстан Республикасының жер зандарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскесін бағалау құнына 0,1 процент ставканы қолдану жолымен жүзеге асырылады.
Бірыңғай жер салығын төлеу жер учаскесі орналасқан жер бойынша тиісті бюджетке екі мерзімде: ағымдағы төлем ағым-дағы салыктық кезеңнін 20 казанынан кешіктірілмей төленеді, сондай-ақ бірыңғай жер салығы бойынша түпкілікті есеп айырысу есепті кезеңнен кейінгі салыктык кезенінің 20 наурызынан кешіктірілмей декларация негізінде жүргізіледі.
Төлеудің бірінші мерзімінде бірыңғай жер салығын төлеушілер ағымдағы төлемді бұдан бұрынғы салықтық кезен үшін бірыңғай жер салығы бойынша декларацияда есептелген бірыңғай жер салығы жалпы сомасының 1/2 бөлігінен кем емес мөлшерде төлейді. 20 қазанға дейін құрылған бірыңғай жер салығын төлеушілер, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған салық төлеушілер салықты есептеу базасы өзгерген кезде ағымдағы төлем төлеуді бірыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебімен есептелген салық сомасының кемінде 1/2 бөлігі мөлшерінде жүргізеді. 20 қазаннан кейін құрылған бірыңғай жер салығын төлеушілер есепті жылдан кейінгі жылдың 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде ағымдағы есепті кезең үшін төлеуге тиісті жалпы салық сомасын енгізеді.
Шаруа (фермер) қожалыктары үшін арнаулы салық режимі қолданылмайтын кызмет түрлерін жүзеге асырған кезде бірыңғай жер салығын төлеушілер кірістер мен шығыстардың (жалақыны есептеуді қоса алғанда), мүліктің (соның ішінде көлік құралдарының) бөлек есебін жүргізуге және жалпы белгіленген тәртіппен және (немесе) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде қызметтің осындай түрлері бойынша тиісті салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді, салық есептілігін тапсыру мен төлеуді жүргізуге міндетті.
Шаруа (фермер) қожалығы жер учаскесін басқа шаруа (фермер) қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы осындай жер учаскесі бойынша бірыңғай жер салығын жалға беру шартында көрсетілген жер учаскесінін нақты пайдаланылу кезеңін негізге ала отырып есептейді және төлейді. Жалға алушының пайдалану кезеңі жер учаскесін жалға алған айдан кейінгі айдан бастап белгіленеді.
Жер учаскесін жалға беруден алынған табыс бойынша шаруа (фермер) қожалығы салықты жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.
Бірыңғай жер салығын төлеушілер жыл сайын ағымдағы салық кезеңінің 15 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде жер учаскелері орналаскан жердегі салық органдарына өткен салықтық кезең үшін бірыңғай жер салығы бойынша декларация тапсырады.
Сонымен бірге бірыңғай жер салығын төлеушілер бірыңғай жер салығы бойынша декларация табыс ету үшін белгіленген мерзімдерде:
1) төлем көзінде ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есепті;
2) жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі есептілікті;
3) жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша және қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы бойынша декларацияны;
4) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша есепті табыс етеді.
Бірыңғай жер салығын төлеуші осы арнаулы салық режимін колданған бірінші жылдың 15 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде мынадай құжаттарды:
1) ағымдағы салықтық кезең үшін бірынғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебін;
2) нотариат немесе селолық (поселкелік) атқарушы органдар куәландырған жер пайдалануға құқық беретін құжаттардың көшірмелерін;
3) жер ресурстарын баскару жөніндегі уәкілетті орган берген жер учаскесін (жер пайдалану құқығын) бағалау құнын анықтайтын актінің нотариат немесе селолық (поселкелік) атқарушы органдар куәландырған көшірмесін;
4) әлеуметтік салық сомаларын есептеу үшін қажетті деректерді міндетті түрде көрсете отырып, қызметкерлерді алдағы салықтық кезеңде жалдау туралы мәліметтерді табыс етеді.
Кейінгі салықтық кезеңдерде бірыңғай жер салығын төлеуші бірыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебін және жоғарыда аталған құжаттарды олардағы деректер өзгерген жағдайда ғана табыс етеді.
Таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде бірыңғай жер салығын төлеуші қызметті тоқтату немесе қайта ұйымдастыру туралы өтінішті салық органына бергеннен кейін он бес күн мерзімде өткен салық кезеңі үшін декларация тапсыруға міндетті.
Бірыңғай жер салығын төлеушілер осы салық бойынша декларация табыс ету үшін белгіленген мерзімдерде: әлеуметтік салық бойынша декларацияны; төлем көзінде ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есепті; жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу женіндегі есептілікті; жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мен қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы бойынша декларацияны табыс етеді.
Бірыңғай жер салығын телеушілер шаруа (фермер) қожалығының басшысын және мүшелерін коса алғанда, әрбір қызметкер үшін айлық есептік көрсеткіштің 20 проценттік ставкасы бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады.
Әлеуметтік салықтың есептелген сомасы Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру корына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен жағдайда әлеуметтік салык сомасы нөлге тең болады.
Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу Салық кодексінің 153, 155, 158, 160-баптарына сәйкес, ал жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу Қазақстан Республикасының зейнетақы зандарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақыны және жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу тиісінше 451—465-баптарда белгіленген тәртіп негізінде жүзеге асырылады.
Төлем көзінен ұсталатын әлеуметтік салықтың, жеке табыс салығының, жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылатын міндетті зейнетақы жарналарының, қоршаған ортаны ластағаны үшін және жер бетіндегі кездерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақынын есептелген сомасын телеу бірыңғай жер салығын төлеу үшін көзделген мерзімдерде:
1) ағымдағы салықтық кезеңнің 20 қазанынан кешіктірілмейтін мерзімде 1 қаңтардан 1 қазанға дейінгі кезең үшін есептелген сома төленеді;
2) есепті кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде 1 қазаннан бастап 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін есептелген сома төленеді.
Төлем көзінде ұсталынатын әлеуметтік салық пен жеке табыс салығын төлеу жер учаскесі орналасқан аумақ бойынша жүзеге асырылады.
