Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД НП каз для КС(К)-3 курс.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

5. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі.

Кәсіпкерлік кызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі:

— ойын бизнесі саласында;

— ақшасыз ұтыс ойын автоматтарына;

— боулинг (кегельбан) бойынша;

— картинг бойынша;

— бильярд бойынша;

— лото ойынын ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсететін жеке кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының, өкілдіктерінің және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қолданылады.

Арнаулы салық режимі осы аталған тұлғалар салық төлеушілер үшін:

— тіркелген жиынтыксалыктүрінде корпорациялық немесе жеке табыс салығын, қосылған құн салығын есептеу және төлеудің;

— осы аталған салықтар мен акциз бойынша бірыңғай оңайлатылған декларация түрінде салық декларациясын тапсырудың оңайлатылған тәртібін белгілейді.

Осындай тәртіп төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы мен мүліктік табыс жөніндегі жеке табыс салығы және төлем көзінен салык салынбайтын басқа да табыстар бойынша салық есептілігін есептеуге, төлеуге және оны табыс етуге қолданылмайды.

Корпорациялық (жеке) табыс салығы - тіркелген жиынтық салық мелшерінің 30 процентін, қосылған құн салығы — тіркелген жиынтық салық мөлшерінің 70 процентін құрайды.

Салық төлеушілер тіркелген жиынтық салықты төлеумен қатар Салық кодексінің 255—278-баптарында белгіленген тәртіппен акциз төлейді.

Салық кодексінің 393-бабында аталған ойын мекемесінде пайдаланылатын салык салу объектілерінің әрбір түрінің жал-пы саны, объектілердің жалпы санының өзгерісі осы Кодекстің 397-бабында белгіленген тәртіппен салык органдарында міндетгі түрде тіркелуге немесе қайта тіркелуге жатады.

Тіркелген жиынтық салық салу объектісіне:

1) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін:

- тарап ретінде ез өкілдері аркылы ойын мекемесі қатыса-тын кұмар ойындарды өткізуге арналған ойын үстелі;

- өз өкілдері арқылы ұйымдастырушы және (немесе) байқаушы ретінде ойын мекемесі қатысатын құмар ойындар өткізуге арналған ойын үстелі;

- ақшалай ұтысы бар ойын автоматы;

- тотализатор кассасы;

- букмекерлік кеңсе кассасы;

2) ақшасыз ұтыс ойын автоматтары қызметін көрсететін салық төлеушілер үшін:

- ақшасыз ұтыс ойын автоматы;

3) боулинг (кегельбан) бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін:

- ойын жолы;

4) картинг бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін: карт;

5) бильярд бойынша қызмет көрсететін салык төлеушілер үшін: бильярд үстелі;

6) лото ойынын ұйымдастырушы салық төлеушілер үшін: лото ұйымдастырушы жатады.

Бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін салық органдары берген деректер негізінде жергілікті өкілді органдар белгілейді және ол бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасқан салық төлеушілер үшін бірыңғай болып табылады.

Салық төлеушінің бір елді мекен шегінде орналаскан бірнеше ойын мекемесі (тұрақты нүктесі) болған жағдайда салық салу объектілерін тіркеу салық төлеушінің таңдауы бойынша бір салық органында жүргізілуі мүмкін.

Күнтізбелік бір жылда төленуге тиісті тіркелген жиынтық салық Салық кодексінің 393-бабында белгіленген әрбір салық салу объектісіне тиісті жылдың салық ставкасын қолдану арқылы айкындалады. Осы Кодекстің 396-бабында белгіленген есепті кезең үшін төленуге тиісті тіркелген жиынтык салык жыл бой-ынша есептелген соманы он екіге бөлу жолымен анықталады.

Объектілер есепке алынған тіркеу карточкасының түпнұскасы әрбір ойын мекемесіне (тұрақты нүктеге), олар пайдаланатын салық салу объектілері есепке алына отырып, жеке беріледі.

Акциз және тіркелген жиынтық салық сомасы есепті айдан кейінгі айдын 20-сынан кешіктірілмей, ай сайын салық салу объектілерінің орналаскан жері бойынша бюджетке төленуге тиіс.

Салық төлеушінің облыста (калада) бірнеше ойын мекемелері (тұрақты нүктелері) болған кезде тіркелген жиынтық салық және акциз бір аудан (кала ауданы) шегінде орналасқан салық салу объектілері бойынша бөлек есептеледі.

Тіркелген жиынтық салықты және акцизді есептеу мен төлеу үшін күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.

Салық салу объектілері салық кезеңінін 15-іне дейін шығып кеткен кезде тіркелген жиынтык салык — салык кезеңінін жартысы үшін деп, ал 15-інен кейінгісі толық кезең үшін деп есептеледі.

Салық төлеушілер тіркелген жиынтық салық және акциз бойынша бірыңғай оңайлатылған декларацияны есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей, салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына табыс етуге міндетті.

15-тақырып. Тіркеу, лицензиялау алымы және өзге де алымдар.

Дәріс жоспары:

1. Алымның ұғымы және оның басқа міндетті төлемдерден айырмашылығы.

2. Алымның түрлері.