Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарихи грамматика!!!! Саттилик кыздар!!!!!!!!!!...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
234 Кб
Скачать
☆

31. Түркі тілдерінің классификациялау мәселесі және м. Қашқаридың « Диунаи лұғат ат түрк» еңбегі.

Туыс тілдердің фонетикалық жүйесіндегі, морфологиялық құрылымы мен лексикалық құрамындағы, синтаксистік конструкциясындағы ортақтықтар мен ерекшеліктерді анықтау қазіргі түркі тілдерінің тарихи даму жолын көрсетіп, әрбір тілдің өзіндік табиғатын айқындауда, олардың түркі тілдері жүйесіндегі орнын белгілеп, өзара туыстық қатысын ажыратуда айрықша орын алады. Түркі тілдерін генеалогиялық тұрғыдан топтап, классификация жасаудың қажеттілігі де осы мәселеден туындайды.

Тілдердің туыс тілдер деп саналуы үшін, ең алдымен, олардың лексикалық қорында семантикалық жағынан да, тұлғалық жағынан да бірдей немесе ұқсас сөздердің басым болуы шарт. Осы ортақ лексика негізінде олардың фонетикалық жүйесіндегі, грамматикалық құрылымындағы ортақтықтар мен ерекшеліктер айқындалады.

Туыс тілдерге генеалогиялық классфикация жасауда өзара жақын барлық тілдердің жеткілікті дәреже зерттелмеуі, олар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан тілдік элементтердің тілден-тілге ауысуы тәрізді мәселелер қиындық тудырады. Түркі тілдерін генеалогиялық тұрғыдан топтастыруда басты қиындықтардың бірі көне дәуірлерде өмір сүрген, өзіндік тілдік ерекшеліктері бар түркі тектес ру-тайпалардың қазіргі түркі халықтарының құрамына шашырай таралуы, яғни түркі тайпалары жеке-жеке халық болып қалыптасу барысында тек қандық-туыстық негізде ғана емес территориялық-аймақтық негізде де шоғырлануынан туындайды. Сондықтан түркі тілдеріне генеалогиялық классификация жасауда тек олардың тілдік ерекшеліктері ғана ескерілмей, әрбір халықтың этностық құрамын да негізге алу басты ұстанымдардың бірі болып табылады.

Түркі тілдеріне ең алғаш классификация жасаған ХІ ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалым Махмұд Қашқари. М.Қашқари түркі тілдерінің фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып екі топқа бөледі: Қашқардан жоғарғы Шыңға дейінгі аумақты мекендеуші тайпалар тілі және Румға дейінгі жерлерді мекендеуші тайпалар тілі.

Түркі тілдеріне генеалогиялық тұрғыдан классификация жасау қазіргі түркі тілдерінің табиғатын тереңірек танып-білуге, тарихи даму жолы мен өзара туыстық қатынасын анықтауға жол ашады. Қазақ тілінің деректері оны ең жаңа тілдер қатарына жатқызу принциптеріне толық сәйкес келмейді. Түркі тілдеріне жасалған генеалогиялық классификациялардың ішіндегі мамандар тарапынан қолдау тапқан, қазіргі түркі тілдерінің табиғатын, өзара туыстық деңгейін біршама толық көрсететін жіктеу Н.А.Баскаковтың классификациясы. Түркі тілдерін топтастыру ісі тілді зерттеудің амал-тәсілдерінің жетілдіре түсуіне байланысты одан әрі жалғасым табуда.

32. Етістіктің дербес грам категория рет ерекшеліктері

Етістік түркі тілдеріндегі ең күрделі сөз таптарының бірі. Етістіктерді қимылды, процесті, әр түрлі өзгерістер мен құбылыстарды білдіретін сөздер тобы құрайды. Етістіктердің күрделі мазмұндық-тұлғалық құрылым екенін олардың лексика-семантикалық ерекшеліктерінің ауқымдылығынан, негізгі тұлғасы түрленетін грамматикалық формаларының қат-қабаттылығынан, түрленген тұлғалардың жиі трансформациялануынан, сөйлемдегі қолданысынан аңғаруға болады. «Етістіктің түбіртұлғасы (негізгі тұлғасы) қимылды, іс-әрекетті, процесті білдіреді және ол етістіктің жеке сөз табы ретіндегі жеке тұрғандағы семантикалық белгісі, негізгі жалпы грамматикалық мағынасы, ал бұйрық райдың екінші жағы сол етістіктің сөйлеу процесінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде пайда болатын, грамматикалық нөлдік форма арқылы көрінетін түрлену мағынасы, яғни категориялық грамматикалық мағынасы болып табылады». Тарихи-түркологиялық зерттеулерде қазіргі тілдердегі етістік тұлғаларының арғы негізі қимыл есімдеріне, ал қимыл есімі тарихи грамматикада шығу тегі, мерзімі жағынан есім мен етістік қызметін қоса атқарған синкретикалық түбірлерге барып саятыны сөз етіледі.

Етістіктердің дербес граматикалық топ ретінде жіктелуі түркі негіз тілі дәуірінде басталып, кейбір іздері оның жеке тілдерге ыдырау дәуірінен кейін де жалғасады. Соның бір көрінісі ретінде қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде жақ қосымшаларының етістіктер мен есімдерге бірыңғай жалғануын айтуға болады. Мысалы: баламын, барамын, баласың, барасың.

Етістік морфологиялық құрлымы жағынан түбір етістік, туынды етістік, күрделі етістік болып үшке бөлінеді. Түбір етістік ары қарай морфемаларға бөлінбейтін түбір тұлғалы болып келетінімен сипатталатын болса, туынды етістік түбір сөзге жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. Күрделі етістік екі немесе одан да көп сөздердің біртұтас іс-қимылдық мағына білдіріп тіркесуінен тұрады.

Етістіктің түбірі немесе есім негіз арқау болған туынды тұрпаттағы бастапқы, біріншілік негіздер және одан өрбитін екіншілік негіз тұлғалар бір-бірімен дыбыстық, тұлғалық және мағыналық тұрғыдан сәйкесіп келіп, алтай тілдерінде параллель етістіктер қатарын түзеді. Осыған байланысты алтаистикалық бағыттағы компаративтік зерттеулерде түркі-моңғол, түркі-моңғол-тұңғыс-маньчжур және моңғол-түркі-тұңғыс-маньчжур тілдеріндегі параллель етістіктердің ілкі түбірі (бастапқы, біріншілік) дыбыстық тұрғыдан типтес болып келетініне ерекше назар аударылады11:

түрк. *ora- ‘орау, алдын орап кету, алдау’, ‘орап қою’: түркім. ora, қаз. ora-, узб. ọra-, диал. horä-, ұйг. oru-, лобн. ojo-, чув. văr- ‘орау’, ‘орап тастау’, ‘айналдыра орап қою’ ~ орта-моңғ. horči-, моңғ.-жазба orči- ‘айналу’, orija-, oruγa- ‘айналдыра бұрау, орап тастау’, х.-моңғ. orō-, orči-, бур. oŕō-, oršo-, калм. orā-, orčă-, дунс. χoro-, баоань. horә-, ш.-юг. horō, моңғор. furō-, χurō ‘орау, орап тастау’ ~ тұңғ.-маньчж..: эвенк. horol- ‘айналдыру, айналу’, нег. χojil- ‘тж.’; маньчж. foro- ‘айналу)’; ‘бір нәрсені шыр айналдыру’; ульч. pori- ‘тор тоқу’;