Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарихи грамматика!!!! Саттилик кыздар!!!!!!!!!!...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
234 Кб
Скачать
☆

39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы туралы түсінік».

Алтай дәуірі – мерзімі жағынан анықталмаған, түркі тілдерінің дамуының ең алғашқы кезеңі.

Түркі-монғол, тұңғыс-маньчжур, корей-жапон, угро-фин, самоди тілдеріндегі дауысты дыбыстар үндесуі, дауыстылардың ассимиляциясы, түбірдегі үнді дыбыстардың ұқсастығы, қосымша морфемалардың жалғамалық сипаты, жалпы мағынаны түбірдің жекеше тұлғасы арқылы беру мүмкіндігі, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштардың өздеріне қатысты сөйлем мүшесінің алдында келуі т.б. мәселелердегі ұқсастықтарды негізге ала отырып, бір топ ғалымдар Орал-алтай тіл бірлестігі теориясын ұсынады (Х.Винклер, С.М.Широкогоров, Б.Коллиндер, М.Рясянен т.б.). Бұл ғалымдардың пікірінше өте ерте кездерде (хронологиялық мерзімі анықталмаған дәуірде), орал және алтай тілдері бір негізден өрбіген. Орал тілдері кейіннен екі тармаққа: угро-фин және самоди тілдеріне бөлініп кеткен. Ал алтай тілдері үш тармаққа: түркі-монғол, тұңғыс-маньчжур, корей-жапон тілдеріне ыдыраған. Орал-алтай тіл бірлестігінен гөрі алтай тілдері деген түсінік қазіргі тіл білімінде сіңісіп, көптеген қолдаушылар тауып отыр3.

ХІХ ғ. соңы - ХХғ. басында алтай тілдерінің генеалогиялық классификациясын жасауда негізге алынған «алтай гипотезасы» бүгінгі таңда «ғылыми болжамдық» деңгейден алтаистика немесе салыстырмалы-тарихи алтай тіл білімі деп аталатын дербес те сүбелі ғылым саласына айналып отыр. Өзінің бір ғасырдан астам тарихында әртүрлі ағымдар мен бағыттардың болуына, әрқилы ғылыми көзқарастар мен ой-тұжырымдардың орын алуына қарамастан, «алтайлық» тілдік материалдарды жинақтап, сұрыптауға, алтай тобына енетін тілдер арасындағы өзара байланысты, қарым-қатынасты айқындау мәселелеріне арналған Г.И.Рамстедт, Дж. Клоусон, Н.Н.Поппе, М.Рясянен, Г.Дерфер, А.М.Щербак, Д.М.Насилов, А.М.Позднеев, Т.М.Розин, О.П.Суник, В.А.Аврорин, Д.Шинор, Н.А.Баскаков, Т.А.Бертагаев, Б.Я.Владимирцов, Г.Д.Санжеев, В.И.Рассадин, Б.Х.Тодаева, А.Ронаташ, В.И.Цинциус, А.Г.Шайхулов С.А.Старостин, Л.Р.Концевич, В.Дыбо т.б. белгілі ғалымдардың іргелі еңбектері тек жалпы алтаистиканың ғана емес, сонымен қатар түркітану, монғолтану, тұнғыстану, маньчжуроведение сияқты салалардың әрқайсысының іштей саралана зерттелуінің ғылыми теориялық-методологиялық тұғырына алынып, ғылыми зерттеудің тарихи-салыстырмалы әдісі тілдік талдаудың сан алуан амал-тәсілдерімен толықтырылды.

Дербес ғылым саласы ретінде ғасырдан астам даму тарихында алтаистика «түркілік мәдениетті әлемдік өркениеттік процестердің ажырамас бір бөлігі ретінде қарастыратын, 2-3 ғасырлық тарихы бар түркологиялық ғылыми білімді және оның озық үлгілерін» [1, 10] өзінің теориялық-методологиялық арқауы етіп келген болса, сол сияқты Г.Рамстедт, Н.Н.Поппе, Ф.Е.Корш, М.Рясянен, В.Л.Котвич, В.М.Иллич-Свитыч, Г.К.Менгес, Н.А.Баскаков, А.М.Шербак, Г.Дерфер, Б.Я.Владимирцов, И.А.Батманов, И.В.Рассадин т.б. көрнекті алтаистердің тұжырымдары мен жинақталған «алтайлық» тілдік материалдар лингвистикалық түркологияның салыстырмалы-тарихи бағытының, түркі тілдерінің әрқайсысының тіл тарихына арналған зерттеулердің ғылыми дәйектемелік және фактологиялық негізіне алынды.

Алтайлық тектілдің ыдырау процесінің қазіргі алтай тілдеріндегі реликт белгілері қатарында – дауысты uдыбысынан кейін келетін тұңғыс тіліндегі t,маньчжур тіліндегі sдауыссыздарының түркі-монғол тілдеріндегі č≈š дауыссыздарына сәйкес келуі; якут тілінде, хакас тілінің сағай және белтир диалектілерінде, башқұрт тілінде тұңғыс-маньчжур тілдеріндегі s≈tсәйкестігінің sтұлғалы вариантының сақталуы: тұңғыс тіліндеgutijn, маньчжур тіліндеgusijn лексемаларының монғол тіліндегіgučijn«отыз» сөзімен, маньчжур тіліндегіxusun, монғол тіліндегіküčijn сөздерінің қазіргі алтай тіліндеküč, хакас тіліндеküs, якут тіліндеküüs, башқұрт тіліндеkös“күш” лексемаларымен сәйкес келуі; чуваш тіліндегі анлаут č дыбысының басқа түркі тілдеріндегі t,d дыбыстарының орнына қолданылуы: černe≈tïrnaq/tïrnak“тырнақ”, čer≈ tiz/tize/diz/dize“тізе” т.б. Соңғы құбылыс чуваш тілін монғол тілдеріне, басқа түркі тілдерін тұнғыс тілдеріне жақындатады.

Осы дәуірдің соңғы кезеңдерінде жалпытүркі-моңғол тек тілі іштей түркі тілдері және монғол тілдері болып екіге ажырады. Бұл жіктеліс қазіргі тілдердегі мынадай тілдік құбылыстар арқылы дәлелденеді: монғол тілдеріндегі р, л дыбыстары түркі тілдерінде з, ш//с дыбыстарына сәйкес келеді (р–з, л–ш//с). Түркі тілдері ішінде көне бұлғар тілі мен қазіргі чуваш тілі ғана монғолдық ротацизм (р) мен ламбдаизмді (л) сақтап қалған:

Монғол тілдеріндегі r, l дауыссыздары түркі тілдерінде негізінен z, šдыбыстарына ауысқанымен, көне бұлғар және чуваш тілдеріндеr, l дыбыстарының сақталып қалуын зерттеушілер түркі, монғол тілдерінің өзара ыдырау кезеңінің сипатын көрсететін реликт ретінде таниды: z≈r –väräm≈uzun «ұзын», väräx≈uzaq «ұзақ», jer≈ijz «із», ker≈küz«күз»,par≈muz/buz «мұз», tijr≈dijz/tijz «тіз», xer≈qïz «қыз», xur≈qaz «қаз», xuran≈qazan «қазан»,čer≈sïz«сыз», ser≈süz «сүз»,šur≈saz «саз»; š/s≈j – sul≈jïl/ žïl «жас, жыл», pijlek≈bes/beš «бес», tel≈tüš/tüs «уақыт», telek≈ tüš/tüs «ұйқы, түс», xel≈qïš/qïsw «қыс»,čul≈tas/taš «тас»,šal≈tis/tiš «тіс»,alak≈ešijk/esik «есік», ijlt≈ešijt/esit «есіт, есті» т.б. r≈z/s/d/t/j: ajaq/ajak/adak/azak≈ura«аяқ»cәйкестігінің жекелеген нұсқалары әр түрлі тілдерге тән болуымен қатар, тарихи лексикалық қабаттарға байланысты сәйкестіктің түрлі нұсқалары бір тілдің ішінде де кездесуі мүмкін. Мысалы қазақ тілінде: qïz «қыз» лексемасының rтұлғалы нұсқасы qïz-qïrqïn«қыз-қырқын» қос сөзінің құрамында сақталса, kör≈köz, semir≈semizсинкретті жұптарында есім, етістік мәндерінде жұмсалады. Зерттеушілер түркі-монғол тілдерінің ыдырау процесінің түбегейлі аяқталуын да r, l дыбыстары мен z, s, š дыбыстарының сәйкестіктерімен байланыстырады.