- •1,2. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.
- •9. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
- •13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер
- •14.Етістіктің осы шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •15. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың қыпшақ тобы дауыссыздар жіктелісіндегі орны
- •16. Салыстырмалы-тарихи әдіс және лингвистикалық түркология
- •21 Сұрақ Етістіктің салт, сабақты және болымды, болымсыздық категориялары
- •23 Сұрақ Түркі тілдеріндегі езулік дауыстылардың сәйкестігі
- •24 Cұрақ Етістіктің есімше тұлғасының тарихи қалыптасуы
- •25 Cұрақ . Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: ең жаңа классификациялар (г. Ахатов, а. В. Дыбо, о. Мудрак)
- •31. Түркі тілдерінің классификациялау мәселесі және м. Қашқаридың « Диунаи лұғат ат түрк» еңбегі.
- •32. Етістіктің дербес грам категория рет ерекшеліктері
- •33. Үстеу және оның сөзжасам жүйесі
- •34. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: Радлов және Корштың класиф
- •35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы
- •36. Тілдердің даму жолын тарихи тұрғыдан зерттеудің ретроспективті және проспективті бағыттары.
- •39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы туралы түсінік».
- •40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в.А.Вогородскийдің, а.Н.Самойливичтің , й.Рамстедтің классификациялары.
- •46. Батыс хун тілдері жіктелісі
- •47.Түркі тілдері дамуының орта орта түркі дәуірі
- •48. Сұрау есімдіктерінің таррихи қалыптасуы
- •51.Алғашқы түбір және қазіргі тілдергі «өлі түбірлер» туралы.
- •52. Орта түркі жазба мұраларының түркі жазба тілдерінің қалыптасуындағы орны.
- •53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері.
- •55.Ондық сан есімдер.
- •66. Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы
- •68. Түркі тілдеріндегі фузия
- •69. Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі
- •70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
- •76. Моносиллабтардың морфонологиялық құрылысы
- •77. Көптік категориясының тарихи қалыптасуы
- •78 Сурак Кыпшак тобы тилдериндеги тарихи дыбыстык сайкестиктер
- •79Сурак Казак тили жане турки тилднринин морфологиялык курылымы:
- •80 Сурак Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары
- •81. Салт-сабақтылық мән және етіс категориясы
- •82 Генеалогиялық классификация жасаудың негізгі ұстанымы.
- •83. Септік категориясының тарихи қалыптасуы
- •84. Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі
- •86. Сын есім жасайтын жұрнақтар.
- •87.Дара және күрделі сан есімдер
- •88. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер
14.Етістіктің осы шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы
Жіктік жалғауларын тікелей қабылдау арқылы қазақ тілінде нақ осы шақ мәнін беретін төрт қалып етістігінің (отыр, жатыр, тұр, жүр) қалыптасу жолын бақылау олардың ХІІ-ХІҮ ғасырлардан бергі кезеңде осы функцияда қолданыла бастағанын көретеді. Бұл төрт етістіктің жазбалар тілінде осы шақ мағынасын беруі -ур есімшесінің тіркесуіне байланысты болған. Тілдің даму процесінде ықшамдалу нәтижесінде қазіргі қалыпқа түскен. Мысалы: Иүрурмен йерде изни көрмек үчүн (МН), Сулайман тахт үзе ол турур (Рабғузи).
15. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың қыпшақ тобы дауыссыздар жіктелісіндегі орны
m≈ŋ сәйкестiгi: *tam ≈*taŋ → tamγa ≈ taŋba «таңба»;
n≈ŋ сәйкестiгi: jan≈jeŋ /žeŋ « жеңу»;
ŋ≈j сәйкестiгi: *süŋ /seŋ ≈ suj → süŋuk/seŋük ≈ süjek «сүйек»;
ŋ≈v сәйкестiгi: *süŋ /seŋ ≈*süv → süŋek/seŋük ≈ süvek «сүйек»;
l≈t сәйкестiгi: *ol ≈*ot, oltur ≈ ottur «отыр»;
l≈r сәйкестiгi: *ül ≈*ür → ülker ≈ ürker «Үркер»;
r≈z сәйкестiгi: bor ≈boz → a «шарап, боза»;
γ≈g сәйкестiгi: *ïγ ≈*ag → ïγaš ≈ agač «ағаш»;
γ≈w сәйкестiгi: *aγ ≈*aw → aγïl ≈ awïl «мал қора», «ауыл»;
γ≈v сәйкестiгi: *aγ ≈*av → aγïz ≈ avïz «ауыз»;
γ≈j сәйкестiгi: aγ ≈aj → aγïl ≈ ajïl «ауыл»;
γ≈q сәйкестiгi: *jaγ ≈*žaq/jaq → jaγuq ≈ žaqïn/jaqïn «жақын»;
γ≈k сәйкестiгi: *jaγ ≈ *jak → jaγuq ≈ jakïn «жақын»;
Ескерткіштер тіліндегі моносиллабтар құрамында анлаут m сирек кездессе, ауслаут m дыбысы бiршама жиi қолданылады. Анлаут жағдайда: Орх., Е. men «мен» ~ қаз., қар., ноғ., ққалп. men; тат., башқ. mijn; ауслаут жағдайда: Орх., Е. qum «песок» (ДТД, 52) ~ ноғ., ққалп., қар., қаз. qum; Орх. tem(ir) «темір» ~ тат., башқ. tijm(er); ноғ., ққалп. tem(ijr); қаз., қар. tem(ir); Орх. tum(us) «жабу» ~ қаз. tum(šalaw).
m≈b сәйкестiгi. men ≈ ben, min ≈ bin, mïņ ≈ bïņ, т.б. Көне тiлге де қазiргi тiлдерге де ортақ бұл құбылыс негiзiнен анлаут жағдайда кездесетiнiн жоғарыда атап кеттiк (қараңыз: b дыбысының өзгерiстерi).
m≈ņ сәйкестiгi. Дауыссыз m дыбысының ņ фонемасына өзгеруi моносиллаб соңында бiр сөзде ғана кездеседi, басқа сөздерде mсақталған. tam(γa) ≈ taņ(ba) «тамга, клеймо» (ДТД, 70) ~ қаз. taņ(ba). Ауслаут позициядағы m ≈ ņ сәйкестiгi де қыпшақ тiлдерiн толық қамтыған құбылыс емес: ноғ., ққалп. tam(γa).
N(н), ņ(ң) фонемалары. Тiл алды n сонанты жалпы түркi тiлдерi бойынша сөз басында сирек қолданылатын фонема. Н.А.Баскаковn фонемасының қалыптасуы түркi тiлдерi консонатизмдер жүйесi дамуының екiншi кезеңiне сәйкес келетiнiн, аталған кезең сонор nдыбысы м ен спирант s дыбыстарының қалыптасуымен ерекшеленетiнiн айтады Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлiнде де анлаут n сирек кездеседi: анлаут жағдайда: Орх., Е., Тал. ne «не?» ~ ноғ., қар., қарқ., қаз. ne; тат., башқ. nij; neke«неге?» ~ қаз., ққалп., ноғ. nege; башқ. nijņa; ауслаут жағдайда: Орх., Е. an(ï) «бұл» Е. 25 ~ қаз., ноғ., ққалп. оnï; an(ta) «анда» ~ қаз., ққалп. on(da)/an(da); қар. an(da); an(tag) «анадай» ~ қаз., ққалп. on(daj), an(daj) – mundaj;
n≈ņ сәйкестiгi. jan ≈ jeņ/žеņ «жеңу» (ДТД, 42) ~ қаз., ққалп. žеņ, тат. jeņ, башқ. еņ. Қазақ тiлi деректерiнде де сөз соңындағы ņ ≈ n сәйкестiгi жиi кездеседi: өлең ≈ өлен, көбең ≈ көбен, қалың ≈ қалын, ертең ≈ ертен. Тарихи сөзжасам жүйесiнде n ≈ ņ сәйкестiгi фонетикалық сөзжасам қалыбы ретiнде қарастырылады. Ауслаут жағдайда: Орх., Е. aņ «ақыл» Тон. 34; aņ(la) Е. 38, aņ(aj) «ес, сана» ~ тат., қар. aņ(la); ноғ., ққалп. aņ(la); башқ. aņ(na); қаз. aņ(γar); Орх., Е. eņ «ең» КТү. 32, 44~ қаз. eņ;
ņ ≈ j ≈ v сәйкестiгi. *süņ/*seņ ≈ *süj ≈ süυ → süņ(uk)/seņ(ük) ≈ süj(ek) ≈ suυ(aq) «кость» (ДТД, 66) ~ қаз., ққалп. süj(ek), тат. söj(äk), ноғ. suυ(ek), құм. sij(uek).
L (л) фонемасы. Н.А.Баскаковтың пiкiрiнше ауслаут l дыбысы түркi тiлдерi дамуындағы алғашқы құбылыс, ғалым сөз соңындағы l-дiң де қалыптасуы алтайлыққа дейiнгi кезеңге сәйкес келетiнiн айтады. Ескерткiштер тiлiнде сөз басы lфонемасы үш сөзде ғана кездеседi, оның екеуi қытай антропонимдерi lüsün taj seņün «кісі аты» (ДТД, 60); likeņ «кiсi аты» (Айд. I, 216). ауслаут жағдайда: Орх. al «алу» КТк. 7, 9; ~ тат., ноғ., құм., башқ., қаз. al; Орх., Е. al(tun) «алтын» ~ қар., башқ., ноғ., тат., құм., қаз. al(tïn); Орх., Е. bal(ïq) «город» ~ құм., тат. bal(čïq);
l ≈ t сәйкестiгi. оl(ur) ≈ ot(ur) «отыр» (ДТД, 126) ~ қаз., ққал. otïr, тат. ūtïr, башқ. utïr/ultïr, қар., қырғ. otur, құм. oltur, ноғ. oltïr.
l ≈ r сәйкестiгi. Түркi тiлдерiндегi l ≈ r сәйкестiгi түбiрлес сөздерде фонологиялық мән жүктемей де, семантикалық реңк арқалап та қолданылуы сирек те болса кездеседi: ül(ker) ≈ ür(ker) «үркер» (ДТС, 625) ~ қаз., ққалп. ül(ker), башқ. ül(kär), қырғ. ür(kör). ür(ker), ur(ker) лексемаларының түбiрi *ül/*ürмоносиллабтары (ЭСТЯ I, 630, 634). Аталған сәйкестiк жекелеген тiл iшiнде де ұшырасады, қазақ тiлiнде: *бұл ≈ *бұр: бұлқан-талқан ≈ бұрқан-талқан, *бол ≈ *бор: болпылдау ≈ борпылдау, *жал ≈ *жар: жалын ≈ жарық; қол ≈ қар: қолым талды ≈ қарым талды; сыл ≈ сыр: сылып алып тастау ≈ сырып алып тастау т.б.
γ (ғ) –дыбысы бәсең артикуляциялы дыбыс болғандықтан түркі тілдері фонетикасында тұрақсыздар қатарына жатады. Сөз аяғында γ дауыссызы қазіргі түркі тілдерінің біразында сақталған: көне түркі., әзірб., ұйғ. jaγ “май”; көне түркі., әзірб., хак. saγ “сау”, көне түркі., шағ., түрік, ұйғ. tuγ “ту”; көне түркі, хак., тув., тоф. тілдерінде – azïγ “азу тіс”; сөз ортасында: көне түркі., әзірб. aγur, ұйғ. eγir, өзб. oγir “ауыр”; көне түркі., әзірб. aγuz, ұйғ. aγïz, өзб. oγiz “ауыз”; көне түркі. aγïl “мал қора”; өзб. oγïl “мал қорасы”; ұйғ. еγil; көне түркі. әзірб. baγur “бауыр”, ұйғ. baγir “кеуде, көкірек”.
γ ≈ w сәйкестігі: қаз., тат., башқ., ққалп., ноғ., құм. taw “тау” ~ taγ; saw “сау” ~ saγ; қаз., тат., башқ. buw, ққалп. тілінде puw “бу” ~ buγ; қаз., ққалп., құм., ноғ., түркім., өзб. suw “су” ~ suγ;
γ ≈ j сәйкестігі: әзірб. sojuq “суық” ~ soγuq; қаз., ноғ., құм. тілдерінде – sïjïr, тат. säjär “сиыр” ~ sïγïr. Кей тілдерде γ дыбысы g дыбысына өзгереді: түр. тілінде bug “бу” ~ buγ; шор тілінде sug“су” ~ suγ; қырғ. тілінде – bugu “бұғы” – buγu.
Ww (у) – сонанты да дауыстылармен бірге қосылып дифтонг сапасын жасайды. Жалпы түркологияда w дыбысының да генезисі, эволюциясы жайлы тұрақты пікір жоқ, көптеген зерттеушілер оны кейіннен пайда болған деп санайды.
Қазақ тілінде сөз соңында қолданылатын w дыбысы басқа түркі тілдерінде түрліше қалыптасып, бірнеше дыбыс сәйкестіктерін түзеді: 1. γ ≈ w: өзб. jaγ, buγ, oγrïγ, qojuγ ~ қаз. žaw “жау”, buw“бу”, awruw “ауру”, qojuw “қою”; әзірб. baγ, saγ ~ қаз. baw, saw“бау”, “сау” т.б.; 2. g≈ w: әз
ірб. gïšlag, jamag, түркім., тув. bag, түрік. bуg, тув. čag ~ қаз. qistaw, žamaw, baw, buw, žaw (жаңбыр, қар)” т.б.; 3. q ≈ w: өзб. arqoq, jalqoq; тув. čadaq ~ қаз. arqaw, žalqaw, žajaw т.б.; 4. k≈ w: тув. tanak, қырғ. arkok ~ қаз. tanaw, arqaw т.б.; 5. w ≈ v: башқ. hov/hiv, чув. šïv ~ қаз. тілінде – suw“су”.
