Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарихи грамматика!!!! Саттилик кыздар!!!!!!!!!!...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
234 Кб
Скачать
☆

16. Салыстырмалы-тарихи әдіс және лингвистикалық түркология

Салыстырмалы-тарихи әдіс туыс, туыстас тілдер дамуының тарихи заңдылықтарын анықтау үшін қолданылатын зерттеудің әдіс-тәсілдерінің жиынтығы. Бұл әдіс түркі тілдеріне Еуропа және орыс ғалымдарының еңбектері арқылы ене бастады (т.б.) дегенімізбен, түркі топырағында салыстырмалы-тарихи әдіс ХІ ғасырда-ақ қолданылған М.Қашқари өзінің «Диуани лұғат-ит түрк» шығармасында бірнеше түркі тілдерінің деректерін салыстыра отырып отызға жуық тұлғалық өзгерістерді көрсетеді.

Салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудың басты шарты салыстырылатын туыстас тілдердің әр деңгейдегі (фонема, морфема, лексема т.б.) сәйкестіктері анықталуы қажет. Тілдердің даму жолын тарихи тұрғыдан зерттеу негізінен екі түрлі: ретроспективті (қазіргі күйінен көнеге қарай) және проспективті (көнеден жаңаға қарай) бағытта жүргізіледі.

Тарихи-салыстырмалы әдісті ғылыми зерттеудің басты құралы етіп пайдаланатын тарихи-генеологиялық бағыттағы тарихи-салыстырмалы тіл білімі, яғни компаративистика сипаттамалы тілдік базаны зерттеуші іргелі пәндердің (типологиялық лингвистика, ареалдық лингвистика) бірі болып табылады. Ол өзінің методикасы мен проблематикасы жағынан типологиялық және ареалдық лингвистикалық зерттеулерден мүлдем өзгеше болып келеді. Осы орайда Р.Якобсонның тұжырымдамасына жүгінетін болсақ: генетикалық әдіс тілдік туыстыққа, типологиялық әдіс негізінен тілдердегі изоморфизмге, ареалдық әдіс тілдік ‘тумаластыққа’, яғни тілдердің ‘жақындасу, жанасу, кірігу’ процесіне қатысты болып келеді . Демек, ортақ бір генетикалық дәстүрден тарамдалуы барысында, яғни дивергенция құбылысының нәтижесінде пайда болған ұқсастықтарды зерттеудің лингвистикалық түсіндірмесі ‘тілдік семья’ ұғымына, тілдердегі бір-біріне тәуелсіз, қатарласа дамудың нәтижесінде пайда болған ұқсас құбылыстар ‘тілдердің типологиялық классы’ ұғымына, ал тілдердің бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуі, жанасуының нәтижесінде туындайтын конвергенттік процесс барысында қалыптасатын ұқсастықтар ‘тілдік одақ’ ұғымына жетелейді.

19. Реконструкция тәсілі Реконструкция тәсілі ─ салыстырмалы-тарихи әдістің құрамдас бөлігі.

Реконструкция (лат. re- жаңғырту мәніндегі қосымша, constructio – құру) - тілдік құбылыстар мен формалардың тіл дамуының бұрынғы кезеңдері мен тектілдік күйіне тән түр-тұрпатын, әртүрлі деңгейдегі жүйелік қатынастарын қайта жаңғырту үшін жеке тілдердің өз ішінде, тілдер тобы мен семьяларының арасында қолданылатын тәсілдер жиынтығы. ‘Реконструкцияда көзделетін түпкі мақсат, негізгі мүдде ─ тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістерді ашып көрсете отырып, олардың бастапқы негіз тілге-тектілге қатысын айқындау; тіл деңгейлерін (диахрондық фонология, морфология, лексикология, синтаксис) тарихи сипаттау; тілдің эволюциялық дамуының жалпы теориясын жасау сияқты жалпы лингвистикалық проблемалардың шешімін табу болып табылады’1.

‘Реконструкция үшін зерттеудің бастапқы сатысында көне тілдер мен ескі (архаикалық), яғни жорамал ретіндегі тектілдің қасиеттері, ерекшеліктері біршама сақталған деп саналатын тілдердің материалдары лингвистикалық талдаудың арқауына алынатын болса, кейіннен басқа да тілдердің фактологиялық материалдары талдауға түседі. Қажет жағдайда тілдік семьяның жекелеген бұтақтарының тектілдерін жаңғыртуға тура келеді. Зерттеу барысында тілдік құбылыстардың, тілдік формалардың ең көне тұрпаты туралы бұрынғы түсінік өзгеріп, соның салдарынан тектілдің моделін басқаша етіп, қайтадан құрастыру қажеттігі туындап отырады’- дейді алтайтанушы-түрколог В. А Дыбо2.

Көне жазба дәстүрі бар тілдерді зерттеу үшін тиімді саналатын филологиялық әдіс – ішкі реконструкция әдістемесінің бір түрі. Ол көбінесе тарихи жазба ескерткіштердің хронологиялық шектеулігіне байланысты тіл тарихын зерттеуде қолданылады. Әйтседе, әртүрлі тарихи кезеңдерге жататын көне жазба мұралары бар тілдер үшін архетиптердің хронологиясы мен кеңістіктегі таралу шегін біршама нақты анықтау үшін филологиялық әдіске салыстырмалы-генетикалық зерттеулер де жүгінеді. Мысалы, үндіеуропа тілдерінің әртүрлі топтары үшін санскрит, көнепарсы және авест тілдерінде жазылған мәтіндерді талдаудың маңызы зор’3.

Э.Р.Тенишев тектілдік форманы жаңғыртудың түркі тілдерінің тарихы үшін айрықша маңызын: ‘Тектілдік сұлбаны (схема) реконструкциялаудың танымдық ғана емес, ғылыми-әдіснамалық маңызы зор. Ол жекелеген түркі тілдерінің тарихын зерттеуде бастапқы нүкте қызметін атқаруы керек. Тілдегі кез келген дыбыстың немесе тілдік форманың жалпы сипатын, дыбыстық немесе тұрпаттық өзгерістердің бағытын айқындау үшін олардың о бастағы көне қалып-күйін білу керек. Онсыз түркі тілдері тобына енетін қандай да бір тілдің тарихын зерттеу мүмкін емес’ деп атап көрсетеді

20. А.Н.Кононов ҮII-IХ ғасыр түркiлерi тiлi дауыстылар жүйесiнiң сапалық сипаттамасын жасауда жалпы адамзаттың сыртқы дыбыстау мүшелерiнiң қатысы арқылы анықталатын әлемдiк фонетикалық топтастырудың негiзгi үш критериiн қолданады. «1. Көне түркi дауыстылары жақтың ашылу деңгейi мен тiлдiң көлденең қозғалыстағы жағдайына қарай үш деңгейлi оппозиция құрайды. Ашық: а, ä. Орташа ашық: (е), о, ö. Қысаң: ï, i, u, ü. 2. Жасалу орнына қарай (жуан/соңғы қатар – жiңiшке/алдыңғы қатар) көне түркiлiк 8 дауысты былай бөлiнедi. Жуан қатар: а, о, u, ï. Жiңiшке қатар: ä (ę), ö, ü, i. 3. Ерiннiң қатысына қарай ерiндiк және ерiндiк емес (езулiк) болып бөлiнедi. Ерiндiк: о, ö, u, ü. Езулiк: а, ä (ę), ï, i» 4.

Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тіліндегі дауыстылар жүйесі қазіргі қыпшақ тобындағы дауыстылар жүйесінің құрамынан ерекше ажыратылмайды. Басты ерекшелік – қазіргі тілдерде ä дыбысының дербес фонема ретінде қолданылуында ғана. Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде қолданылатын ä дауыстысы Орхон-Енисей ескерткіштері тілінде де қолданыста болғанын, көне түркi әлiпбиi дауыстылар жүйесi 9 фонемадан тұратынын көрсететін еңбектер бар5 . Қазақ ғалымы Ғ.Айдаров өз еңбектерінде тек е дауыстысын ғана қолданса(Айд.I, Айд.II), И.Л.Кызласов, Л.С.Левитская тәрізді белгілі түркітанушылар ä, е дыбыстары бір фонеманың варианттары ретінде қатар қолданыста болған деген пікірде6.

Қазіргі түркі тілдерінің, орта ғасыр түркі тілдерінің деректері негізінде, кей тілдерде ä фонемасының қолданылмауына байланысты мамандар таза түркілік фонема ретінде е дыбысын таниды, ä дыбысы кірме элемент ретінде қарастырылады. К.Мұсаев Сібір түркі тілдері дауыстылар жүйесінде ä дыбысының қолданылмауын, олардың араб әліпбиін пайдаланбауымен, сондықтан да ол тілдер араб-парсы ықпалына ұшырамағындығымен, түркілерге ä фонемасының келуін түркі халықтары мен парсылардың тығыз қарым-қатынаста болып, парсы мәдениетінің түркілер арасында кеңінен таралуымен байланыстырады7.Ә (ä) дыбысын түркi тiлдерi фонологиялық жүйесiнiң дамуындағы кейiнгi құбылыс ретiнде таныған Н.А.Баскаков көне түркiлiк дауыстылар жүйесiне аталған дыбысты қоспайды, Иран субстратының ықпалына ұшыраған жалпытүркiлiк вокализмдер жүйесiнiң деформациалануы нәтижесiнде қалыптасқан ä дауыстысының қолданыс аясы оғыз тобындағы әзiрбайжан, гагауыз, қарлұқ тобындағы ұйғыр, өзбек, қыпшақ тобындағы татар, башқұрт тiлдерiмен ғана шектелетiнiн көрсетеді8.

Ерiн дауыстысы ö фонемасының табиғи рефлексiнде қазақ, қарақалпақ, ноғай және қарашай-балқар тiлдерiнде анлаут жағдайда, құмық тiлiнде барлық позицияда дифтонгтық белгiлер байқалады. Ж.Аралбаев қыпшақ тiлдерiнiң iшiнде ö фонемасының дифтонгтық артикуляциясының күштiлiгiн және татар, башқұр тiлдерiнде ü фонемасына таяу айтылатынын көрсетедi9.

ö дауыстысының анлаут жағдайда қолданылуы: Орх., Е., Тал. ög «ой»; ög(e) «данагөй; басқарушы» ~ ög(le) «ойлау» ~ тат., башқ. uj, ққалп., құм., ноғ., қаз. oj; Орх., Е., Тал. ög «ана» ~ тат. üg(äj), құм., қаз., ққалп. ög(ej) «өгей»; Орх., Е. ör(gij) «құру» ~ қаз., ққалп. ör(uw) «өру»; Орх., Е. ök(ün) «өкіну»; ök(ünč) «қайғы, өкініш» (ДТД, 78) ~ қаз. ök(in), ök(iniš); инлаут жағдайда:Е., Орх., Тал. köz «глаза» ~ ноғ., қар., ққалп., қаз. köz, башқ., тат. küz; Е. köb(rug) «көпір» (ДТД, 55) ~ қаз., ққалп. köp(ir), башқ., тат. küp(er), құм. kijop(üjr);., Е., Тал. köl «көл» ~ қаз., ққалп., ноғ., қар. köl, башқ., тат. kül; құм. kijöl; Орх., Е. söņ(ük) «сүйек» ~ тат. söj(äk), башқ. höj(äk), ноғ. süb(ek), қаз., ққалп. süj(ek); ауслаут жағдайда. Орх. kö(tür) «көтеру, жоғарылату» ~ ққалп., қаз., ноғ. kö(ter), башқ., тат. kü(tär); Орх., Е. sö(z) «сөз» ~ қар., қаз., ққалп., ноғ. sö(z), тат. sü(z), башқ. hö(z); қаз., ққалп., ноғ., құм. sö(jle), башқ. hö(jlä), тат. sö(jlä).

ö≈u сәйкестiгi. Орх., Е., Тал. ö/ög ≈ uj «ой» ~ тат. uj «мысль, дума» (ТРС, 584), башқ. uj «ой; ойлау».

ö≈o сәйкестiгi. ö → ög ≈ oj «ой»: ~ қаз., ноғ., құм. oj. Қазақ тiлiнде ө тұлғасы да қолданыста: өк → өкiнiш.

ö ≈е/э сәйкестiгi: öl ≈ эl «өл» (ДТС, 78). Орх., Е., Тал. Öl ~ қарайым диалектiсiнде эl «умирать» (СФ, 155).

Көне түркi тiлiндегi о, ö, ü дыбыстары қазақ тiлiнде көп өзгерiске түспегенiн байқаймыз. Ескерткiштер тiлiнде варианттас моносиллабтар құрамындағы u ≈ о, о ≈ ö, u ≈ ü, о ≈ ü, ö ≈ ü корреляттары қазақ тiлiнiң өз iшiнде жергiлiктi ерекшелiктерде де, әдеби тiлде де кездеседі: сұр(а) ≈ сор(а), қош ≈ құш, сұл(ы) ≈ сүл(i), өг(ей) ≈ үг(ей), ұм(а) ≈ өм(е), бұй(ымтай) ≈ бүй(iмтай), түр ≈ *тұр ≈ сұр ≈ *сүр: түр «бет-әлпет, ажар-көрiк, өң-түс» ~ тұр(пат) «кескiн, келбет, пiшiн» (ҚТТС IХ, 287, 337) ~ сұр «сиық, түр, түс», сүр(екет) «ұсқын, сиық, пiшiн» (ҚТТС VIII, 394, 428).

Түркі тілдерінде бастапқы созылыңқы дауысты дыбыстардың сол қалпын сақтауы да (мысалы: түрікмен āt ‘есім’ = якут āt; түрікмен āč ‘аш’ = якут ās; түрікмен bār = якут bār ‘бар’; түрікмен gāz ‘қаз’ = якут xās; түрікмен yāz ‘көктем’ = якут sās; түрікмен ōt ‘от’ = якут uot; түрікмен güök ‘көк’ = якут küöx; түрікм. düört ‘төрт’ = якут tüört, т.б.) немесе қысқа дауысты дыбыстарға айналуы да ( мысалы, түрік od < *ōt ‘от’, ot ‘шөп’; oda < *ōtaγ ‘бөлме’ т.б.), басқа сипаттағы созылыңқы емес дауысты дыбыстарға өзгеруі де (мысалы, сагай ut < *ōt ‘от’, ül < öl ‘дымқыл’ т.б.),

Үндестік заңы алтай тілдерінің, оның ішінде түркі тілдерінің дыбыстық жүйесіндегі басты заңдылық болып табылады. Ол алтай тобын құрайтын тілдердің қай-қайсысының да дыбыстық және буын жүйелерінің ерекшелігін айқындайды. Үндестік заңы бойынша сөздер не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке, не еріндік, не езулік болып келеді.

Түркі, моңғол, тұңғыс, корей тілдеріндегі үндестік заңына арнайы тоқтала отырып, Н.Поппе түркі тілдерінде дауыстылар үндестігінің бірнеше түрі кездесетінін айтады. Мәселен, татар тілінде бір сөзде тек жуан немесе тек жіңішке дауыстылар ғана болатын болса (at-lar ‘аттар’, әt-lär ‘иттер’,