Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарихи грамматика!!!! Саттилик кыздар!!!!!!!!!!...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
234 Кб
Скачать
☆

51.Алғашқы түбір және қазіргі тілдергі «өлі түбірлер» туралы.

Ежелгі қосымшалардың түбір құрамына еніп, бұрынғы мәнін, қолданылу активтігін жоғалтып, аморфтық күйге ауысуы болып отырады. Мұндай жағдайда ескірген қосымша үстіне жаңа қосымша жалғанады, кейде бұрынғы «өлі» қосымша мен «жаңа» қосымша бірігіп, күрделі қосымшаға айналады. А.Н.Кононов әуел бастан-ақ қосымша болған деп түркі тілдерінде ұшырасатын мына тәрізді кішірейткіш мәнді қосымшаларды атайды: -л: көгал, -с//ш: көгіс, -қ, -к: жолақ, сопақ, бұршақ т.б. Осы дара қосымшалардың сөз құрамында өзара бірігуінен күрделі қосымшалар қалыптасқан (-алақ//-елек, ымтыл//-імтіл, -ғылтым//-гілтім). Демек, түркі тілдеріндегі қосымшалардың жеке, дербес сөздердің түрлі өзгерістерге түсуі арқылы қалыптасқанын мойындай отырып, бірсыпырасының о баста-ақ қосымша болғандығын жоққа шығаруға болмайды. Түбірлердің синкретті болуы сияқты қосымшалардың өздері де алғашқы қолданылу кезеңінде синкретикалық болуы ықтимал.

Қазіргі тіл құрамындағы күрделі түбірлерді талдау арқылы қосымшалардың бір кездегі синкретикалық жалғануының ізін байқауға болады. Ұқсас түбірлерден ұқсас қосымшалар арқылы бірде есім, бірде етістік қалыптасқан. Қосымшалардың синкретизмі кейде олардың әдеттен тыс жалғануынан да байқалады. Мысалы, құданда сөзінің құрамындағы н әдетте есім түбірге қосылмайтын болса, бұл арада ол заңдылық сақталмаған. –іс/-ыс/-ес қосымшасының қатысуымен жасалған егес, барыс, жатыс, жүріс тәрізді сөздер құрамындағы қолданылуы заңды: бәрі де етістік түбірлер. Синкретикалық қосымшалар қатарына қазақ тіліндегі әрі есім, әрі етістік жасайтын –л жұрнағын (жарқыл, сартыл, қатал, жоғал, оңал) жатқызуға болады. Демек, синкретизм термині тілдің тарихи даму барысына қатысты қолданылады да, қазіргі тілдің құрамындағы синкретикалық ұқсас сөздер омонимдер деп аталады. Сонда синкретизм тарихи омоним болып шығады.

Қазақ тілінің, жалпы түркі тілдерінің түбір морфемасы жайлы сөз қозғалғанда, түбірдің фонетикалық құрылысы мен сипаты, аумақ көлемі жайлы мәселеге соқпай ету мүмкін емес. Мәселе мынада: түркі сөздерінің байырғы түбір морфемасы бір буынды болып келеді. Сөйтіп түбір морфема екінші жағынан буын ретінде де ұғынылады. Сондықтан да алғашқы түбір, негізгі түбір дейтін ұғымдар сол түбірді құрайтын буынның сипаты жайлы ұғыммен тығыз байланысты болады. Жекелеген түркі тілдерінің, айталық, қазақ тілінің лексикалық қорының ұйтқысы бір буынды түбірлер болуы тек қана түркі тілдерінің емес, жалпы алтай тобына жататын тілдердің ортақ ерекшелігі болып табылады.

52. Орта түркі жазба мұраларының түркі жазба тілдерінің қалыптасуындағы орны.

Х-ХҮ ғасырлар аралығын қамтитын түркі тілдері дамуындағы орта ғасыр дәуірі түркі халықтарының жеке-жеке халық ретінде қалыптаса бастауымен, олардың тілдерінің жалпы түркілік тілден бөлініп шығып, өзіндік ерекшеліктері бар дербес тілдер ретінде саралана бастауымен сипатталады1.

Орта Азия түріктерінің тілінде жазылған мұралардың жазылу кезеңі Қарахан мемлекетінің соңғы дәуірінен басталып, монғол шапқыншылығынан кейінгі Алтын Орда дәуірімен жалғасады. Олардың қатарына – Қожа Ахмед Йассауидің «Диуани Хикметі» (ХІ ғ), ибн Муханнаның «Тарджуман фарси уа түрки уа мағали» (ХІІІ ғ.) шығармасы, Ә.Замахшаридың «Мұқаддимат-әл-адабы», Мухаммад бин Алидің «Наһдж-ул-фарадисі» (ХІҮ ғ.), Әбілғасының «Оғызнамасы» (ХІҮ ғ.) т.б. шығармалар жатады.

Алтын Орда дәуірінің мұраларына Хорезмидің «Мухаббатнама», Сайф Сараидың «Гүлстан бит-түрки», Құтыбтың «Хұсрау уа шырын», Дүрбектің «Жүсіп-Зылиқа» дестандары, Рабғұзидың «Қисса-сул-анбиясы» т.б. шығармалар жатады.

Мемлекет құрамында қыпшақтар мен оғыздар көп болғандықтан бұл шығармаларда қыпшақ, оғыз диалектілері басым болды.

Қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштердің негізгілері – Сади Ахмедтің «Ташұқнамасы», авторлары белгісіз «Қорқыт ата кітабы», «Сираж-әл - кулуб», А.Самарқандидың «Китаб мұқаддимасы», Хорезмидің «Тардждма шаһнамасы», «Китабу ад-дағуа» т.б. шығармалар. Ескі қыпшақ тілінде жазылып қалған шығармалар ескі готикалық, ескі араб, ескі армян, ескі орыс жазуларымен хатталып қалған.

ХІІІ ғасырдың соңында жазылған, діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын “Кодекс Куманикустың” мәтіні ескі қыпшақ тілінің фонетикалық, морфологиялық, лексикалық және синтаксистік ерекшеліктерін толық анықтауға мүмкіндік беріп қана қойған жоқ, қазіргі қыпшақ тобындағы тілдердің даму жолы мен өзіндік сипатының қалыптасуын зерттеуге де жол ашты. С.Е. Малов ““Кодекс Куманикус” ескерткіші қазақ тілінің тарихы үшін өте бағалы. Ол оңстүтік Ресей даласында жазылғанымен … қазіргі Қазақстанның солтүстігіндегі көшпелі шығыс половецтердің тіліне өте жақын, сондай-ақ осы Оңтүстік Ресей далалықтарының тілі қазіргі қазақ тіліне өте ұқсас” десе24, Ә. Құрышжанов “Кодекс Куманикус” – қазіргі қыпшақ тілдерінің қалыптасу лабораториясы. Оның сөздік қоры мен грамматикалық құрылысы қазақ тілі тарихының қайнар көзі” деп көрсетеді25. Ескерткіш тіліндегі негізгі фонетикалық заңдылықтар (š ≈ č сәйкестігінің š вариантын, ž ≈ j сәйкестігінің ж вариантын, d ~ t сәйкестігінің t вариантын, q/k≈ γ/g сәйкестіктерінің q/k вариантын т.б. қолдануы) мен грамматикалық, лексикалық ерекшеліктердің қазіргі қазақ тілінде қолданылуы қазақ тілі ескі қыпшақ тілінің тікелей мұрагерлерінің бірі екенін көрсетеді.

Түркі халықтары тарихындағы орта ғасыр өркендеу дәуірі болды: бірнеше жазу жүйесін меңгерген ортағасырлық түркілер сол кездегі түркі тілдерінің жай-күйін танытатын мол мұра қалдырды. Өзге түркі тілдері сияқты, қазақ тілі тарихында да, оның орта ғасыр дәуіріндегі дамуының алатын орны ерекше. Қазақ тілі орта ғасырда бытыраңқы этникалық топтардың жалпы «қыпшақ тілі туыстығы» аясында бірігіп, байырғы географиялық кеңістікте бірте-бірте жалпыхалықтық тілге айналды. Қазақ тілінің орта ғасырдағы кейінгі дамуы ауызекі және жазба тіл ретінде бірбүтін және ажырамас тұтастыққа айналуымен аяқталады. Тілдің мұндай тұтастыққа жетуі тек қана бытыраңқы ру-тайпалық топтардың бірігуі арқылы ғана емес, Орта Азия және Қазақстан аймақтарында қалыптасқан қыпшақ тіл тектестігі аясындағы өзара іштей бірігуі мен жақындасудың нәтижесі.