- •1,2. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.
- •9. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
- •13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер
- •14.Етістіктің осы шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •15. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың қыпшақ тобы дауыссыздар жіктелісіндегі орны
- •16. Салыстырмалы-тарихи әдіс және лингвистикалық түркология
- •21 Сұрақ Етістіктің салт, сабақты және болымды, болымсыздық категориялары
- •23 Сұрақ Түркі тілдеріндегі езулік дауыстылардың сәйкестігі
- •24 Cұрақ Етістіктің есімше тұлғасының тарихи қалыптасуы
- •25 Cұрақ . Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: ең жаңа классификациялар (г. Ахатов, а. В. Дыбо, о. Мудрак)
- •31. Түркі тілдерінің классификациялау мәселесі және м. Қашқаридың « Диунаи лұғат ат түрк» еңбегі.
- •32. Етістіктің дербес грам категория рет ерекшеліктері
- •33. Үстеу және оның сөзжасам жүйесі
- •34. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: Радлов және Корштың класиф
- •35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы
- •36. Тілдердің даму жолын тарихи тұрғыдан зерттеудің ретроспективті және проспективті бағыттары.
- •39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы туралы түсінік».
- •40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в.А.Вогородскийдің, а.Н.Самойливичтің , й.Рамстедтің классификациялары.
- •46. Батыс хун тілдері жіктелісі
- •47.Түркі тілдері дамуының орта орта түркі дәуірі
- •48. Сұрау есімдіктерінің таррихи қалыптасуы
- •51.Алғашқы түбір және қазіргі тілдергі «өлі түбірлер» туралы.
- •52. Орта түркі жазба мұраларының түркі жазба тілдерінің қалыптасуындағы орны.
- •53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері.
- •55.Ондық сан есімдер.
- •66. Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы
- •68. Түркі тілдеріндегі фузия
- •69. Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі
- •70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
- •76. Моносиллабтардың морфонологиялық құрылысы
- •77. Көптік категориясының тарихи қалыптасуы
- •78 Сурак Кыпшак тобы тилдериндеги тарихи дыбыстык сайкестиктер
- •79Сурак Казак тили жане турки тилднринин морфологиялык курылымы:
- •80 Сурак Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары
- •81. Салт-сабақтылық мән және етіс категориясы
- •82 Генеалогиялық классификация жасаудың негізгі ұстанымы.
- •83. Септік категориясының тарихи қалыптасуы
- •84. Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі
- •86. Сын есім жасайтын жұрнақтар.
- •87.Дара және күрделі сан есімдер
- •88. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер
76. Моносиллабтардың морфонологиялық құрылысы
Қазіргі түркі тілдерінің ішінде жалпытүркі тілінде а дыбысымен қалыптасқан моносиллабтардың қысаң ï дыбысымен қолданылуы негізінен чуваш, якут, тува тілдеріне тән: чув. pïl «мед», ïlttan «золото», pïr «идти» ~ қаз., ққалп., тат., башқ., құм., қар., қ.-б. bal, altïn, bar/υär; а≈ï сәйкестігі түркі тілдері фонетикалық жүйесінің дамуына байланысты қалыптасқан көне тарихи құбылыстардың бірі. М.Рясянен а ≈ ï сәйкестігін орал ~ алтай тіл бірлестігі аясында қарастырады .
а ≈ о сәйкестiгi: көне т. an(ï) ≈ on(ï) ~ қаз., ққалп., ноғ. onï «оны» Тат., башқ. тiлдерiнде көне түркiлiк оl жiктеу есiмдiгiнiң табыс септiк формасы anï а ≈ u сәйкестiгiн түзiп қолданылады: unï. Қыпшақ тобындағы тiлдерде anï жiктеу есiмдiгi тұлғалық өзгерiске ұшырағанымен осы сөзбен түбiрлес сiлтеу есiмдiгi кеңiнен қолданылады: аnа (ана адам), аnаw.
Е дауыстысы қазақ тiлiнде жуан сыңарлы құрама сөздердiң басында, s, š, ž дыбыстарынан кейiн э дыбысына жуық, бейүндес буын аралығында ä фонемасына жақын айтылады . Тiл алды ашық езу фонемасы е қазіргі қыпшақ тілдеріндегі моносиллабтар құрамында толық сақталған. Қыпшақ тiлдерi iшiнде йотациялық (je, jэ) құбылысы ноғай, қарақалпақ тiлдерiнде қазақ тiлiне қарағанда күштiрек болса, шығыс қыпшақ тобына енетiн қырғыз тiлiнде е дауыстысының ашық дифтонгтық сапасы байқалмайды. Татар, башқұрт тiлдерiндегi моносиллабтар құрамында е фонемасы көбiне ij(и) дифтонгi арқылы дыбысталады: анлаут жағдайда: Орх., Е. еkі ~ қаз., ққалп., ноғ. еkі; башқ., тат. ijke, қырғ. эkij «екі»; Орх., Е., Тал. el ~ қаз., ққалп., ноғ. el, қырғ. эl «ел- жұрт»; Орх., Е. eņ ~ қаз., ққалп., ноғ. en, тат., башқ., құм., қырғ. эņ «ең»; Орх., Е., Тал. eb (ДТД, 36) ~ қаз., ққалп. құм., ноғ., қырғ. üj; тат., башқ. öj «үй»; инлаут жағдайда: Орх., Е., Тал. bed(iz) ~ қаз., ққалп., қырғ. bed(er), тат., башқ. bijz(äk)/bijz(ew) «ою-өрнек»; Орх., Е. keg ~ қаз., ққалп., ноғ., қырғ. kek «кек»; Орх. šeg «өліксе» (ДТД, 82) ~ қаз. šet(ine) «шетінеу,қайтыс болу»; ауслаут жағдайда: Орх., Е., Тал. ne ~ қаз., ққалп., ноғ., қар., құм., тат., башқ., қырғ. ne «не?»; Орх. te/ti (ДТС, 545) ~ қаз., ққалп., ноғ., құм. de, тат. dij, башқ. tij «деу».
Вокализмдер жүйесiндегi ï – қысаң, жуан дауыстысы көне түркі, қыпшақ және қазақ тілдерінде V, VC, VC, CVC, CVCC, VCC модельдi моносиллабтар құрамының барлық позициясында қолданылады: анлаут жағдайда. Орх. ïd/ït «ыт, жібер» ~ қаз., ït(uw), ït(qïtuw); Енис. ït «ит» (ДТД, 85) ~ қаз., ққалп., ноғ., қырғ. ijt; Орх., Е. ïr(aq) «жырақтау» (ДТД, 84) ~ қаз. žïr(aq), ққалп. žïraq/ïraq; инлаут жағдайда: Орх., Е., Тал. jïl «год» ~ қаз., ққалп., башқ. zïl, құм., тат, ноғ. jïl; Орх., Е., Тал. jïm(čaq) «жұмсақ» ~ тат., қ.тат. диалектілерінде jïm(šaq), қар. jïm(šax), ққалп. dïm(saq); Орх., Е., Тал. jïš «қалың орман, ну тоғай»~ ққалп. žïs, тат., башқ. jïs, қырғ. žïš. Қазақ тіліндегі žïnïs «қалың, ну» лексемасының көне түркілік jïš сөзімен төркіндестігі байқалады; ауслаут жағдайда: Орх. sï ~ қаз., ққалп., ноғ., құм., тат., қар. sï(n), башқ. hïņ «сындыру».
Көне түркi тiлiне қарағанда қазiргi қыпшақ тобындағы тiлдерде ï дыбысының қолданыс аясы едәуiр кеңiгенiн байқауға болады, әсiресе башқұрт тiлiнде кең тараған: bïl «это», bïr(aw) «бұрғылау», jïw(a) «жуа», jïw(an) «жуан», jïw(at) «утешать», qïw «гонять», tïw «туу».
ï≈а сәйкестiгi. Орх. ïγač «ағаш» ~ қаз., ққалп. aγaš, құм. agač , башқ. aγas , қырғ. žïgač, ноғ. аgaš; Тоникуқ жазбасында ï «бұта, шөп» тұлғасының қолданыста болуы аталған лексеманың бастапқы түбірі *а/*ï болуы мүмкіндiгiн көрсетедi. Қазақ тiлiндегi арша, ырғай тәрiздi өсiмдiк атауларының моносиллабтық негiзiнде көне түркiлiк ï лексемасы жатуы мүмкiн. Қазақ тілінде ï ≈ а сәйкестiгiнiң сөз мағынасын әсерi байқалады: *қыл ≈ *қал → қылжақ «сайқымазақ, орынсыз бұрма, тәлкек сөз» ≈ қалжың «әзiл» (ҚТТС VI, 582); қар ≈ *қыр, қар «қыста жапалақтап жауатын түсi ақ атмосфералық жауын-шашын» ≈ қырау «суық күзде тоңазыған дымқыл ауаның бiр нәрсеге қар тәрiздi болып ағарып қонған күйi» (ҚТТС, ҮI, 34, 618). А.М.Щербак ï фонемасын түркi вокализмдерi жүйесiндегi ең көне дыбыстар ретiнде қарастырып, қазiргi тiлдерiнiң көпшiлiгiнде i дыбыстарынан басталатын моносиллабтардың архетиптерiн ï тұлғасы арқылы реконструкциялайды . Бұған қарағанда ескерткiштер тiлi мен қыпшақ тiлдерi арасындағы ï ≈ a сәйкестiгiнен жалпы алтай тiлдерiне тән қысаң дауыстылардың сыну құбылыстының iзi аңғарылады.
