Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарихи грамматика!!!! Саттилик кыздар!!!!!!!!!!...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
234 Кб
Скачать
☆

23 Сұрақ Түркі тілдеріндегі езулік дауыстылардың сәйкестігі

№

Тiлдер

Тiлдiк қатар

Тiл алды

Тiл ортасы

Тiл арты

езу

езу

езу

Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлi

i

е

а

ï

Ескi қыпшақ ескерткiштерi тiлi

i

е

a

ï

Қазақ тiлi

i

ä

е

а

ï

Қарақалпақ тiлi

j(ij)

ä

е

а

ï

Ноғай тiлi

j(ij)

ä

е

а

ï

Башқұрт тiлi

j(ij)

е

ä

а

ï

Татар тiлi

u

е

ä

а

ï

Қарайым тiлi

j(ij)

э

ï

а

Қарашай-балқар тiлi

j(ij)

э(е)

а

ï

Құмық тiлi

u

e

а

ï

Қырғыз тiлi

j(ij)

э, ээ

ï

а,аа

Қырым татарлары тiлi

u

e

а,ï

24 Cұрақ Етістіктің есімше тұлғасының тарихи қалыптасуы

Көне түркі тілінде есімшелік тұлғалар сан жағынан әлдеқайда көп. Бір қызметте кейде бірнеше морфологиялық тұлғалар қолданылған. Бұған қарағанда, тілдің даму барысында есімшелік тұлғалардың азаюына бұрын бірнеше формалар арқылы берілетін мағыналық мәнерлердің бір ғана форма айналасына шоғырлануы себеп болса керек. Қазіргі тіліміздегі кейбір есімше тұлғаларының қызмет аясының өте кең болуы тілдің тарихи даму барысында болған осындай процеспен байланысып жатады.

Көне түркі тілінде қолданылған кейбір есімшелік форманттар қазіргі түркі тілдерінде сол күйінде қолданыс тапса (кейбір фонетикалық айырмашылықтарын ескермегенде), бір тобы жеке сөздер құрамында «өлі» қосымша болып сақталып қалған.

Көне түркі тілінде қолданыс тапқан есімше форманттарының кейбір басты ерекшеліктері мынадай: -мыш Орхон-Енисей жазбалары тілінде, сондай-ақ, кейінгі орта ғасыр жазбаларында да есімшенің өткен шағын жасаған аффикс: қалмыш (қалған), тегміш (түйіскен), қазіргі біздің тіліміздегі –ған аффиксінің қызметін атқарған. Бұл формант, сонымен қатар, қимыл есімінің қызметінде де кездеседі. Бұл мәнде ол қазіргі біздің тіліміздегі тұйық рай тұлғасы –у-ға сай: бітміш (жазу, жазба), берміш (беру, бересі).

Орта ғасыр жазбалары тілінде –мыш тұлғасының істің болған-болмағанын дүдамал, оны біреудің сөзі арқылы хабарлау мәнінде де қолданылатыны кездеседі. Мысалы: ол бармыш (ол барған болу керек, бірақ мен өзім көрген жоқпын). Қазіргі қазақ тілінде де істің болмағандығын, бірақ болды деп жорамалдағандығын білдіретін –мыш, -мыс тұлғалары қолданылады: айтыпты-мыс. –Мыш қазіргі тілімізде жеке сөздер құрамында ғана сақталған: тұрмыс, жазмыш, озмыш, болмыс, тарамыс.

Қазіргі тілімізде өткен шақ есімше мәнін беретін –ған тұлғасы Орхон-Енисей жазбаларында кездеспейді, бірақ Алтын Орда әдеби тілінде жиі қолданыс тапқан.