Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарихи грамматика!!!! Саттилик кыздар!!!!!!!!!!...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
234 Кб
Скачать
☆

40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в.А.Вогородскийдің, а.Н.Самойливичтің , й.Рамстедтің классификациялары.

1922 жылы жасалған А.Н.Самойловичтің классификациясында түркі тілдерінің фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктері кеңірек қамтылады. А.Н.Самойловичтің классификациясы бойынша қазақ тілі түркі тілдерінің Тау-тобы немесе қыпшақ, солтүстік-батыс тобы жатады,монғол шапқыншылығынан кейін қалыптасқан тілдердің бірі саналады.

А.Н.Самойлович түркі тілдерін алты топқа жіктеудің негізгі шарты ретінде аяқ, бол, қалған, сары, тау, тоғыз сөздерінің фонетикалық және морфологиялық өзгерістеріне сүйенеді:

1. Р-тобы немесе бұлғар, чуваш тобы (көне бұлғар тілі, чуваш тілі): ура, рул, тау / ту, қалан, сарм, тохар;

2. Д-ұйғыр немесе солтүстік- шығыс тілдері: тоқуз, пол, тағ, сариғ, қылған. Аяқ сөзінің тұлғалық өзгерістеріне қатысты іштей үш топшаға бөледі: Д-топшасы (Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілі, көне ұйғыр тілі, тува, тофалар, салар тілдері): адақ «аяқ»; Т-топшасы (якут тілі): атақ «аяқ»; З-топшасы (сары ұйғыр, шор, хакас тілдері) азақ «аяқ»;

3. Тау-тобы немесе қыпшақ, солтүстік-батыс тобы: тоғуз, айақ, бул/бол, тау, сары, қалған. Монғол шапқыншылығына дейін қалыптасқан тілдер (алтай, қырғыз, телеуіт, құмық, қарашай-балқар, татар, башқұрт), монғол шапқыншылығынан кейін қалыптасқан тілдер (қазақ, ноғай) деп іштей екі топшаға бөледі;

4. Тағлық тобы. Шағатай немесе оңтүстік-шығыс тобы (шығыс Түркістанда тұратын түркілердің тілі): тоқуз, айақ, тағ, қалған, сарық, бол;

5. Тағлы-тобы. Қыпшақ-түрікмен немесе орта топ (Хорезм өзбектерінің тілі): аяқ, доқуз, бол, қалған, сары, тағ;

6. Ол-тобы. Түрікмен немесе оңтүстік батыс тобы (әзірбайжан, түрікмен, түрік, гагауз тілдері): айақ, доқуз, ол, дағ, сары, қалан.

Түркі тілдерін топтастыруда өзіндік із қалдырған ғалымдар қатарына В.А.Богородицкий де жатады (1933 ж.). В.А.Богородицкий фонетикалық ерекшеліктермен қатар географиялық-аумақтық белгілерді де негізге ала отырып, түркі тілдерін жеті топқа бөледі: солтүстік батыс топ (якут, тува, қарағас тілдері); хакас тобы (хакас тілі); алтай тобы (алтай тілі); Батыс Сібір тобы (чұлым, Барабин, Тобыл, Түмен татарларының тілдері); Волга және Орал бойындағы татар, башқұрттардың тілдері; Орта Азия тобы (қазақ, қарақалпақ, қырғыз, ұйғыр, өзбек тілдері); Оңтүстік батыс тобы (әзірбайжан, түрік, түрікмен тілдері)2. Қазақ тілі В.А.Богородицкий классификациясы бойынша Орта Азия тобына енеді.

41 сұрақ: Ескерткіштер тіліндегі негізгі сілтеу есімдіктерінің саны аз, олар септік тұлғаларын қабылдауы арқылы мағыналық аясын кеңейтіп отырады. Көнетүркілік сілтеу есімдіктері септік формаларының -tа, -čа қосымшалары арқылы жасалады:

Сілтеу есімдіктер

VI-IX ғасыр ескерткіштері тілінде аnta, anča, bunta, bu

Қазақ тілінде sоndа, sоnšа bunta, bul (ауызекі тілде: bu)

Бұл есімдігінің алғашқы түбірі бұ (бу) болған. Қазақ тілінде бұ жақ, бұ кез, бұ кісі деп, -л-сіз айту нормаға айналған. Басқа да түркі тілдерінде, мысалы: қырғыз: бұл, башқұрт: был, өзбек, түрікмен, ұйғыр, құмық, ноғай, татар, түрік, әзірбайжан, якут, алтай тілдерінде: бу, түрінде айтылады. Көне түркі ескерткіштерінде де бу түрінде ұшырасады. Мұндай фактілер байырғы түбір құрамында –л элементі болмаған деген пікірді бекіте түседі. Бұл сөзі бу және ол сөздерінің бірігуінің нәтижесі болса керек. Өйткені көне жазбалар тілінде бу және ол есімдіктері қабаттас келіп, бір қызметте әрі қазіргі бұл есімдігінің мағынасында қолданылғаны байқалады. Мысалы: Бу ол бір сөзум (Бұл бір сөзім

Сол сілтеу есімдігі осы тұлғада қазақ тілінен басқа қарақалпақ, ноғай тілдерінде кездеседі. Басқа түркі тілдерінде шул (башқұрт, татар), ошол, ошо (қырғыз), шол, со (құмық), шу (түрік, түрікмен), сити (якут). Сол есімдігінің қалыптасуы бір кездерде есімдіктерге қабаттаса айтылған ош (уш) күшейтпелі сөзі мен ол есімдігінің бірігуімен түсіндіріледі. Келе-келе фонетикалық өзгеріске түсудің салдарынан сол есімдігі қалыптасса керек. Сонда: ош-ол → ос-ол → шол//сол

42 сұрақ:

Үстеу және оның қосымшалары

Түркі тілдеріндегі қимыл-әрекеттің жай-күйін, сапалық қасиеттерін білдіретін сөз табы – үстеулердің табиғаты тым күрделі, сөйлем ішіндегі синтаксистік қызметі де нақтылы сөйлем мүшелеріне байлаулы емес, етістікпен қабыса байланысып, пысықтауыш қызметін атқарса, кейде заттанып,бастауыш, толықтауыш қызметінде жұмсалады.

Түрік тілдері деректері негізінде үстеу сөздерге талдау жасаған Н.К.Дмитриев. В.М.Насилов Орхон, Енисей ескерткіштері тіліндегі үстеулер дербес лексикалық категория деңгейіне әлі жете қоймаған, даму, жетілу үстіндегі сөз тобы екенін көрсетеді21.

. А.Н. Кононов көне түркі ескерткіштері тіліндегі үстеулердің сөзжасамдық жүйесінің төрт түрлі амалын көрсетеді: 1) арнайы аффикстер жалғану арқылы; 2) септік жалғаулары және көсемшенің жұрнақтары арқылы; 3) екі не одан көп сөздердің өзара кірігуі негізінде; 4) адвербиализация үдерісінің нәтижесінде22.

Ғ.Айдаров Тоникуқ ескерткіші тіліндегі негізгі үстеулерге tеg «ұқсас», öŋ «ерте», ök «дәл, тек» лексемаларын, туынды үстеулерге еbgеrü «үйге қарай», küntüz «күндіз», örtčе «өрттей», іčrе «ішке» сөздерін жатқызады. Ғалым ескерткіш тіліндегі үстеулерді мағынасына қарай үшке жіктейді: 1. Мекен үстеуі: аrqаdа «арқада, кейінде», qоdï «төмен», jоqаrï«жоғары», еbgеrü «үйге қарай»; 2.Мезгіл үстеуі: küntüz «күндіз»; 3. Амал үстеуі: еbrü«кері», tegire«айнала»23.

Үстеу тудыратын қосымшалар

VІ-IX ғасыр ескерткіштері тілінде

-dа/-dе, -tа/-tе: аntа «сонда, содан соң»,bunta→ bun+ta «сонда,мұнда»

а,-е: üzе→*üz+е «үстіде», еkіn аrа→ еkіn *аr+а «екеуінің арасында»

3. dаn/-dеn, -tаn/-tеn: öŋden→öŋ+den«алдынан»

Қазақ тілінде

-dа/-dе, -tа/-tе: bunda→ bu(n)+da, munda→ mu(n)+da

-а,-е

-dаn/-dеn,-tаn/-tеn, -nаn/-nеn: аldаn→*аl+dаn, аrttаn→аrt+tаn, аstïnаn→аstï+nаn; žоγаrïdаn→žоγаrï+dаn, tömеnnеn→tömеn+nеn, üstіnеn→üstі+nеn

43 сұрақ:

А.Н.Самойлович түркі тілдерін алты топқа жіктеудің негізгі шарты ретінде аяқ, бол, қалған, сары, тау, тоғыз сөздерінің фонетикалық және морфологиялық өзгерістеріне сүйенеді:

1. Р-тобы немесе бұлғар, чуваш тобы (көне бұлғар тілі, чуваш тілі): ура, рул, тау / ту, қалан, сарм, тохар;

2. Д-ұйғыр немесе солтүстік- шығыс тілдері: тоқуз, пол, тағ, сариғ, қылған. Аяқ сөзінің тұлғалық өзгерістеріне қатысты іштей үш топшаға бөледі: Д-топшасы (Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілі, көне ұйғыр тілі, тува, тофалар, салар тілдері): адақ «аяқ»; Т-топшасы (якут тілі): атақ «аяқ»; З-топшасы (сары ұйғыр, шор, хакас тілдері) азақ «аяқ»;

3. Тау-тобы немесе қыпшақ, солтүстік-батыс тобы: тоғуз, айақ, бул/бол, тау, сары, қалған. Монғол шапқыншылығына дейін қалыптасқан тілдер (алтай, қырғыз, телеуіт, құмық, қарашай-балқар, татар, башқұрт), монғол шапқыншылығынан кейін қалыптасқан тілдер (қазақ, ноғай) деп іштей екі топшаға бөледі;

4. Тағлық тобы. Шағатай немесе оңтүстік-шығыс тобы (шығыс Түркістанда тұратын түркілердің тілі): тоқуз, айақ, тағ, қалған, сарық, бол;

5. Тағлы-тобы. Қыпшақ-түрікмен немесе орта топ (Хорезм өзбектерінің тілі): аяқ, доқуз, бол, қалған, сары, тағ;

6. Ол-тобы. Түрікмен немесе оңтүстік батыс тобы (әзірбайжан, түрікмен, түрік, гагауз тілдері): айақ, доқуз, ол, дағ, сары, қалан.

Н.А.Баскаков классификациясының өзге жіктеулерден басты айырмашылығы – тілдік ерекшеліктермен қатар тарихи принципке сүйенуінде, яғни тілді сол тілде сөйлеуші халық тарихымен бірлікте қарастыруында.

Батыс хун 4: І. Бұлғар тобына көне бұлғар, хазар және чуваш тілі жатқызылады. Фонетикалық ерекшеліктері: екі еріндік, екі езулік дыбыстардан тұратын вокализмдер жүйесінің болуы; е дыбысының йе дифтонг дыбысына айналуы

ІІ. Оғыз тобының негізгі фонетикалық ерекшеліктері: сегіз қысқа дауысты дыбыстың болуы; қысаң дауыстылардың қосымшалар құрамында қолданылуы; сөз басында қатаң қ/к, т дыбыстарының ұяңдануы; ғ, г дыбыстарының сөз соңында сақталуы

ІІІ. Қыпшақ тобы үшке бөлінеді: 1. Қыпшақ-половец топшасы (көне половецтер, қарайым, қарашай-балқар, құмық, қырым татарларының тілдері); 2. Қыпшақ-бұлғар топшасы (батыс Алтын Орда әдеби тілі, татар, башқұрт тілдері); 3. Қыпшақ-ноғай топшасы (қазақ, ноғай, қарақалпақ тілдері, өзбек тілінің қыпшақ диалектісі). Қыпшақ тобының негізгі фонетикалық белгілері: сегіз не тоғыз дауысты дыбыстың болуы; қосымшаларда еріндік дауыстылардың қолданылмауы;

ІҮ. Қарлұқ тобы (Қараханидтер мемлекетінің тілі, қарлұқ-хорезм тілі, шағатай, көне өзбек тілдері және ұйғыр, өзбек тілдері). Фонетикалық ерекшеліктері: дауыстылар алтыдан тоғызға дейін болуы; п, т, қ дыбыстарының сөз ортасында қолданылмауы; сөз соңында ғ, г, қ, к дыбыстарының сақталуы.

Шығыс хун тілдері.

. І. Ұйғыр-оғыз тобының басты айырмашылығы: сөз ортасында й дыбысы д, т, з дыбыстарына, сөз соңында т, д дыбыстарына ауысады; сөз соңында ғ, г дыбыстары сақталады. Іштей үш топшаға бөлінеді: 1. Ұйғыр-тува . 2. Якут тілдерінің тобына тек якут тілі ғана енеді. Басты ерекшеліктері: сөз ортасында д, з, й дыбыстары е дыбысына өзгереді. 3. Хакас тілдері екі топшаға бөлінеді: а) хакас тілі, шор тілінің иоран диалектісі, сары ұйғыр тілі, татар тілінің чулым, камасин диалектілері енеді; б) шор тілінің қосуан диалектісі, алтай тілінің сарлық диалектісі кіреді.

ІІ. Қырғыз-қыпшақ тілдеріне көне қырғыз, қазіргі қырғыз және алтай тілдері енеді. Негізгі фонетикалық белгілері: сегіз толық дауысты, алты не сегіз екінші дәрежелі созылыңқы дауыстылардың болуы; ерін үндестігінің жақсы сақталуы1.

44 сұрақ:

Тіл тоқтаусыз дамып отыратын құбылыс болғандықтан, түркі тілдері де негіз тілден бастап қазіргі тілдердің қалыптасуына дейін бірнеше даму сатысынан өткені анық. Соған орай түркітанушы ғалымдар түркі тілдерінің дамуын алты кезеңге бөліп қарастырады:

Алтай дәуірі

Хун дәуірі (б.з. Ү ғасырына дейін)

Көне түркі дәуірі (Ү-Х ғғ.)

Орта түркі дәуірі (Х-ХҮ ғғ.)

Жаңа түркі дәуірі (ХҮ-ХХ ғғ.)

Ең жаңа дәуір (1917 жылдан кейінгі кезең)2.

: Қазақ тілі Н.А.Баскаковтың генеалогиялық классификациясы бойынша Батыс хун тілдерінің Қыпшақ тобына, оның ішінде Қыпшақ-ноғай топшасына енеді. Қыпшақ тобының негізгі фонетикалық белгілері: сегіз не тоғыз дауысты дыбыстың болуы; қосымшаларда еріндік дауыстылардың қолданылмауы; ерін үндестігінің әлсіздігі; созылыңқы дауыстылардың болмауы; ғ, г дыбыстарының сөз соңында өзгерістерге түсуі (й, у, в); сөз басындағы й ~ ш ~ дж дыбыстарының алмасып келуі. Қазақ тілін ең жас тілдер қатарына жатқызуда С.Е.Маловтың негізгі критерий етіп алған фонетикалық заңдылықтарының бірі – қатаң дыбыстардың ұяң дыбыстарға ауысуы (асты ~ алды, берті ~ берді т.б.), екіншісі ‒ ілгерілеу заңдылығы, яғни тіл арты, тіл ортасы ғ/г дыбыстарының ілгерінді артикуляциямен айтылатын у, й дыбыстарына өзгеруі немесе редукцияға ұшырап түсіп қалуы (тағ ~ тау, кішіг ~ кішіт т.б.).

ХІХ екінші жартысында қалыптасып, бүгінде функциональдықтұрғыдан жан-жақты дамып отырған қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі өз бастауын көне түркі, орта түркі, шағатай китаби тілі жалпытүркілік жазба тіл дәстүрлеріне алады.

45 сұрақ:

Түркі тілдеріндегі айрықша грамматикалық топ ретінде танылатын есімдіктердің негізгі ерекшеліктері:1) қай сөз табы болмасын, оның өзіне тән (немесе жартылай тән) сөз жасау жүйесі болады. Осындай жүйе есімдіктерде жоқ. Жалпы бүгінгі тіл заңдылықтары тұрғысынан есімдіктер басқа сөздерден жасалмайды; 2) есімдіктер тек грамматикалық өзгерістерге ғана ұшырайды, септік, көптік, тәуелдік жалғаулары арқылы түрленеді. 3) тек есімдіктерге ғана тән грамматикалық, категориялар жүйесі жоқ. Бұл ерекшеліктер ҮІ-ІХ ғасыр түркі жазба мұралары тіліне де, қазіргі түркі тілдеріне де ортақ

Ескерткіштер тілінде үшінші жақты білдіретін жіктеу есімдігінің жекеше және көпше түрлерінің арнайы формасы жоқ, контекске байланысты ажыратылады. Оl лексемасы сілтеу есімдігінің қызметінде де жиі қолданылады.

Жіктеу есімдіктері

VI-IX ғасыр ескерткіштері тілінде: bеn/mеn, sіn/sеn, оl

Қазақ тілінде mеn, sеn/siz, оl

Сілтеу есімдігі 41 сұрақтагыдай

Сұрау есімдіктері – заттар мен құбылыстардың атын, санын, сапасын, мекенін, мезгілін т.б. білу мақсатында қолданылатын сұрау мәнді сөздер тобы.

Сұрау есімдіктері

VI-IX ғасыр ескерткіштері тілінде kim /kem, kimke, nе, nеkе/nеgе

Қазақ тілінде kіm, kimge, nе,nеgе

Өздік есімдігі – сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан ажыратып, даралап көрсетуші сөздер.

Ғ.Айдаров көне түркі ескерткіштерінде кентү тұлғасындағы өздік есімдігін көрсетеді. Еdgü еlіŋе kentü jаŋïltïγ БҚ.19 «Игі Елің өзі жаңылды».

Түркі тілдерінде öz түбірінен жасалатын өздік есімдіктер септік, жіктік, тәуелдік және көптік жалғауларымен түрленеді:

VІ-IX ғасыр ескерткіштері тілінде öz, özim, öziŋ, kentü

Қазақ тілінде öz, özim, öziŋ, Ø

Жалпылау есімдіктері белгілі бір заттар мен құбылыстардың жиынтығына, толдықтай қамтылуына қатысты айтылатын жалпылау, жинақтау мәнді сөздерден тұрады. Орхон, Енисей ескерткіштері тілінде жалпылау, жинақтау мәні бар qamuγї «бәрі», ükül «бүкіл», üküš «барлық»сөздері қолданылады. Мысалы: Qamuγї bеš оtuzsülеdіmіz БҚ.15 «Барлығы жиырма бес рет соғыстық»; ükül «бүкіл», üküš «барлық»: Bilig bilmez kisi ol sabїγ alur, jaγur barїγ, üküš kisi ӧltig. КТк.7 «Білімсіз кісілер сол сөзге сеніп маңына барып, барлық (көп) кісі өлді».

Болымсыздық есімдігі жалпы есімдіктердің болымды мағынасына қарама-қарсы болымсыздық мәнінде қолданылатын сөздер. Қазіргі қазақ тілінде еš, еškіm, еštеŋе, еšnäрsе, еšbіr, еšqаšаn, еšqанdаj, еšqаjsï т.б. болымсыз есімдіктер қолданыста. Көне түркі жазба ескерткіштері тілінде болымсыздық, белгісіздік мәнді neŋ «еш» есімдігі тіркелген: Ötüken jir olurїp,arqїš-tirkiš їsar, neŋ bunuγ joq, ... КТк.8 «Өтүкен жерінде отырып /қазынаға/ керуен жіберсең, еш мұңың жоқ. ... Айд.ІІІ, 55. ; Neŋ jїlsїγ budunqa olurmadїm. Ičire ašsїz, tašra tonsїz, jabїz, jablaq budunta üze olurtїm. КТү.26 «Ең болмаса, бай халыққа отырмадым. Іші ассыз, сырты тонсыз, әлсіз нашар халыққа отырдым (билік еттім). Айд. ІІІ,63.