- •1,2. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.
- •9. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
- •13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер
- •14.Етістіктің осы шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •15. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың қыпшақ тобы дауыссыздар жіктелісіндегі орны
- •16. Салыстырмалы-тарихи әдіс және лингвистикалық түркология
- •21 Сұрақ Етістіктің салт, сабақты және болымды, болымсыздық категориялары
- •23 Сұрақ Түркі тілдеріндегі езулік дауыстылардың сәйкестігі
- •24 Cұрақ Етістіктің есімше тұлғасының тарихи қалыптасуы
- •25 Cұрақ . Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: ең жаңа классификациялар (г. Ахатов, а. В. Дыбо, о. Мудрак)
- •31. Түркі тілдерінің классификациялау мәселесі және м. Қашқаридың « Диунаи лұғат ат түрк» еңбегі.
- •32. Етістіктің дербес грам категория рет ерекшеліктері
- •33. Үстеу және оның сөзжасам жүйесі
- •34. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: Радлов және Корштың класиф
- •35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы
- •36. Тілдердің даму жолын тарихи тұрғыдан зерттеудің ретроспективті және проспективті бағыттары.
- •39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы туралы түсінік».
- •40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в.А.Вогородскийдің, а.Н.Самойливичтің , й.Рамстедтің классификациялары.
- •46. Батыс хун тілдері жіктелісі
- •47.Түркі тілдері дамуының орта орта түркі дәуірі
- •48. Сұрау есімдіктерінің таррихи қалыптасуы
- •51.Алғашқы түбір және қазіргі тілдергі «өлі түбірлер» туралы.
- •52. Орта түркі жазба мұраларының түркі жазба тілдерінің қалыптасуындағы орны.
- •53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері.
- •55.Ондық сан есімдер.
- •66. Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы
- •68. Түркі тілдеріндегі фузия
- •69. Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі
- •70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
- •76. Моносиллабтардың морфонологиялық құрылысы
- •77. Көптік категориясының тарихи қалыптасуы
- •78 Сурак Кыпшак тобы тилдериндеги тарихи дыбыстык сайкестиктер
- •79Сурак Казак тили жане турки тилднринин морфологиялык курылымы:
- •80 Сурак Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары
- •81. Салт-сабақтылық мән және етіс категориясы
- •82 Генеалогиялық классификация жасаудың негізгі ұстанымы.
- •83. Септік категориясының тарихи қалыптасуы
- •84. Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі
- •86. Сын есім жасайтын жұрнақтар.
- •87.Дара және күрделі сан есімдер
- •88. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер
77. Көптік категориясының тарихи қалыптасуы
Көптік категориясы - есімдер жүйесіндегі басты грамматикалық категориялардың бірі.
Түркі тілдерінде көптік категориясы есімдердің арнайы аффикстермен көмкерілуі және білдіретін мағынасында жинақтау-топтау мән басым болып келетін атаулар арқылы жасалады. Бірқатар есім сөздер (зат есім, сан есім, жалпылау есімдіктері) жекеше тұрып та, тіркесіп келіп те, қосарланып, қайталанып келіп те лексикалық-семантикалық композиция құрап, көптіктің топтау, жинақтау, болжау тәрізді логикалық ұғымын білдіре алады. Мысалы: түркі тілдерінде: көне түрк. jïlqï ′жылқы′, сары ұйғыр. altï jegirma ′он алты′, қаз. qïz-qïrqïn ′қыз-қырқын′ т.б. Әсіресе зат есім негіздерінің қайталанып келіп, көптік мағынаны білдіруі түркі тілдерінің барлығында кездесетін лексикалық құбылыс болып саналады. Мысалы: түркі тілдерінде: қаз. üjir- üjir ′үйір-үйір (жылқы)′, кұмық. tabun-tabun turnalar ′топ-топ тырналар′, қара-қалпақ. töbe- töbe ′төбелер′ , тува. beluk- beluk ′топ-тобымен′ , чув. vaxatran-vaxata ′кейбір кездері′, түрікмен. bašlï-bašïna ′бас-басына′, түрік.sira sira ′қатар-қатар′ т.б.;
Мұндай лексика-семантикалық композициялардың сыртында, түркі тілдерінде көптік мағына көптік жалғаулары арқылы жүзеге асады. Түркі тілдеріне ортақ көптіктің көне реликт форманттары қатарына шығу тегі арғыалтайлық тек тілге барып саятын *-l , *- r, *-s , *-z , *-t , *-d, *-n жалғауларын жатқызуға болады. Олардың қайсы бірі жеке сөздер, туынды негіз бен күрделі қосымшалар құрамында сақталған болса, енді бірі көптіктің дербес жалғауы түрінде осы кезге дейін өз қызметін атқарып келеді.
Көне түркі, орта түркі тілдерінде кең таралған өнімді жалғау -lar қазіргі түркі тілдерінде әр түрлі дыбыстық вариантта актив қолданылады:: көне түрк. begler ′бектер′, kunčujlar ′әйелдер′, atlar ′аттар′, орта түркі. ügüzlar ′сулар′, taγlar ′таулар′ (МҚ), kišilär ′кісілер′(көне ұйғыр), қарах-уйғ. qušlar ′құстар′, хорезм. közlär ′көздер′, шағат. aγalar ′ағалар′, мамлүк. қыпш. munlar ′мыналар′, арм. қыпш. bular ′бұлар′, қарашай-балқ. zatlar ′заттар′, ноғ. üjler ′үйлер′, қара-қалп. qatïllar ′әйелдер′, барабин. pašlar ′бастар′, өзб. iščilar ′жұмысшылар′ т.б.
-lar /-lär қосымшасының құрамы мен шығу тегі туралы пікірлерге зер салсақ, ол пікірлердің әр қилылығы байқалады. Мәселен, поляк ғалымы Т.Ковальский -lar жалғауының түп-төркінінде болжамды білдірген бірнеше, көп сияқты қандай-да бір сөз жатуы мүмкін десе, В.А.Богородский бұл қосымшаның қалыптасуын 3 жақ жіктеу есімдігі ol мен -ar жұрнағының кірігуінен іздестіреді. Н.А. Баскаков -lar қосымшасын іс-әрекеттің қайталатынын білдіріп, есімнен етістік тудыратын -la жұрнағы мен келер шақ есімшенің -r тұлғасының бірігуінен тұратын, ішкі семантикалық өзгерістің нәтижесінде көптік мәнге ие болған күрделі аффикс деп санайды . Ал Н.Поппе, К.Менгес, Д.Синор тәрізді алтайтанушы ғалымдардың пікірінше -lar /-lär қосымшасы көптіктің екі дербес көне *-l мен *- r форманттарының кірігуінен жасалған: -lar /-lär < (*-l+a+*-r) / -l+ä+r < (*-l+ä+*-r). Мұндағы *-l түркі тілдерінде көптіктің күрделі қосымшалары ғана емес, жинақтау мәніндегі –lïq (*-l+-*ïq) / -lik (*-l+ -*ik) көрсеткіштері құрамында да кездеседі. Мысалы: ïtlïq, qarluq (этнонимдер) . Жинақтау мәніндегі көптік мағынаны білдіретін *-r форманты қырғыз, тува, хакас тілдерінде тәуелдіктің 2-жақ көпшесінің -ŋar/-ŋär, алтай тіліндегі -γar/-ger көрсеткіші құрамында (қырғ. qolïŋar ′сіздің қолыңыз′, тув. tonuŋar ′сіздің тоныңыз′, хак. turaŋar ′сіздің үйіңіз′, алт. balaγar ′сіздің балаңыз′ , tiliger ′сіздің тіліңіз′), сондай-ақ üregir, jazgir тәрізді этнонимдер құрамында (-qïr/-gir < *-γ+*-r ) сақталып қалған .
