- •1,2. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.
- •9. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
- •13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер
- •14.Етістіктің осы шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •15. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың қыпшақ тобы дауыссыздар жіктелісіндегі орны
- •16. Салыстырмалы-тарихи әдіс және лингвистикалық түркология
- •21 Сұрақ Етістіктің салт, сабақты және болымды, болымсыздық категориялары
- •23 Сұрақ Түркі тілдеріндегі езулік дауыстылардың сәйкестігі
- •24 Cұрақ Етістіктің есімше тұлғасының тарихи қалыптасуы
- •25 Cұрақ . Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: ең жаңа классификациялар (г. Ахатов, а. В. Дыбо, о. Мудрак)
- •31. Түркі тілдерінің классификациялау мәселесі және м. Қашқаридың « Диунаи лұғат ат түрк» еңбегі.
- •32. Етістіктің дербес грам категория рет ерекшеліктері
- •33. Үстеу және оның сөзжасам жүйесі
- •34. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: Радлов және Корштың класиф
- •35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы
- •36. Тілдердің даму жолын тарихи тұрғыдан зерттеудің ретроспективті және проспективті бағыттары.
- •39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы туралы түсінік».
- •40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в.А.Вогородскийдің, а.Н.Самойливичтің , й.Рамстедтің классификациялары.
- •46. Батыс хун тілдері жіктелісі
- •47.Түркі тілдері дамуының орта орта түркі дәуірі
- •48. Сұрау есімдіктерінің таррихи қалыптасуы
- •51.Алғашқы түбір және қазіргі тілдергі «өлі түбірлер» туралы.
- •52. Орта түркі жазба мұраларының түркі жазба тілдерінің қалыптасуындағы орны.
- •53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері.
- •55.Ондық сан есімдер.
- •66. Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы
- •68. Түркі тілдеріндегі фузия
- •69. Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі
- •70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
- •76. Моносиллабтардың морфонологиялық құрылысы
- •77. Көптік категориясының тарихи қалыптасуы
- •78 Сурак Кыпшак тобы тилдериндеги тарихи дыбыстык сайкестиктер
- •79Сурак Казак тили жане турки тилднринин морфологиялык курылымы:
- •80 Сурак Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары
- •81. Салт-сабақтылық мән және етіс категориясы
- •82 Генеалогиялық классификация жасаудың негізгі ұстанымы.
- •83. Септік категориясының тарихи қалыптасуы
- •84. Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі
- •86. Сын есім жасайтын жұрнақтар.
- •87.Дара және күрделі сан есімдер
- •88. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер
33. Үстеу және оның сөзжасам жүйесі
Үстеулердің ҮІ-ІХ ғасыр түркі жазбаларында кеңінен қолданылуы олардың Ү ғасырға дейін-ақ қолданыста болған ежелгі сөз табы екенін көрсетеді. Мысалы: еmti «енді»: Ol emti aŋїγ joq «Ол енді анық жоқ» КТк. 3; ïraq «жырақ»: Anta aŋїγ kisi anča bošγurur ermis:«їraq erser, jablaq aγї birür, jaγuq erser, edgü aγї birür»,-tir КТк.7 «Сонда өш адамдар былай сенірген еді: «Жырақ болса, жаман сыйлық берер, жакын болса, игі сыйлық берер»,-деп»; üze «үсті», asra «асты»: Üze kök teŋri asra jaγїz jir qїlїntїqta еkinara kisi oγlї qїlїnmїs. Kisi oγlγnta üze ečüm-apam Bumїn qaγan, Istemi qaγan oturmїš КТү.1
Ғ.Айдаров Тоникуқ ескерткіші тіліндегі негізгі үстеулерге tеg «ұқсас», öŋ «ерте», ök «дәл, тек» лексемаларын, туынды үстеулерге еbgеrü «үйге қарай», küntüz «күндіз», örtčе «өрттей», іčrе «ішке» сөздерін жатқызады. Ғалым ескерткіш тіліндегі үстеулерді мағынасына қарай үшке жіктейді: 1. Мекен үстеуі: аrqаdа «арқада, кейінде», qоdï «төмен», jоqаrï«жоғары», еbgеrü «үйге қарай»; 2.Мезгіл үстеуі: küntüz «күндіз»; 3. Амал үстеуі: еbrü«кері», tegire«айнала»12. А. Есенқұлов Орхон, Енисей жазбаларындағы үстеулерді мағыналық жағынан «мезгіл, мекен, сын, мөлшер, күшейткіш, мақсат және топтау»13деп жіктейді. «Үстеулерді талдау басқа сөзтаптарына қарағанда қиындау. Өйткені, үстеудің көпшілігі басқа сөз таптарынан әр түрлі тәсілдер арқылы қалыптасқан сөздер. Елеусіз ғана мағыналық және морфологиялық өзгеріс арқылы сөз табының әрқайсысы үстеуге айналады»14. Сондықтан үстеу тудыратын қосымша морфемалар кей жағдайда басқа сөз таптарын жасайтын қосымшалармен, септік категорияларымен, көсемшенің, есімшенің жұрнақтарымен сәйкес келіп жатады.
Ескерткіштер тіліндегі үстеу тудыратын қосымшаларды қазақ тіліндегі үстеу қосымшаларымен салыстырсақ, қазақ тілінде көне түркі тіліндегі қайсы бір қосымшалардың кездеспейтінін, кейбірінің дәл сол қалпын сақтағанын, я болмаса дыбыстық азды-көпті өзгерістерге түскенін төмендегі кестеден байқауға болады:
Жалпы түркі тілдеріндегі туынды үстеулер екі түрлі жолмен жасалатыны белгілі: бірі - сөз тудырушы жұрнақтар арқылы, екіншісі –басқа сөз таптарына тән әр түрлі сөздің кейбір көнеленген септік жалғаулары арқылы жасалады Туынды үстеулер негізінен форманттың ортақтығы бойынша жіктеледі. Олардың да семантикасында сапалық және пысықтауыштық (мезгілдік, мекендік, себептік т.б.) үстеме мән болады. Көп жағдайда түркі тілдерінде туынды үстеулер жасайтын -ïn/-іn, -la/-le, -ča, -dï/-tï, -tïn/-tin, -dïn/-din, -tur/-tür, tïr/-tir -γaru/-gärü, -qaru/-kerü, aru/-erü, -ra тәрізді форманттар алтай тілдеріне ортақ қосымшалар тұрғысынан түсіндіріледі15.В. Котвич -ča қосымшасының шығу тегін čaγ ‘уақыт, өлшем’ (салыс.: қаз. šaq ‘кез, уақыт’, моңғ. tsag ‘кез, шақ, уақыт, мезгіл’) сөзімен байланыстыратын болса,16 Г. Рамстедт -ča қосымшасының теңестіруші мағынасы бастапқы болды, одан салыстырмалы (эквативтік) мағына туындады деп біледі17.
Сонымен, үстеулерді тұлғасына қарай негізгі (бастапқы, түбір) және туынды, құрамына қарай дара және күрделі деп бөліп көрсету түркі тілдерінің морфологиялық құрылымына қатысты еңбектерде кең таралған жіктелім болып табылады. Мағынасына қарай үстеулер әр тілде әр қилы топтастырылғанымен, олардың мекендік, мезгілдік, сын-бейнелік, мөлшерлік түрлеріне басымдылық беріледі.
Түркі тілдерінде үстеу сан жағынан өзге сөз таптары есебінен үнемі толығып отыратын, өзгеру және трансформациялану процесі үстіндегі категория саналады.
