- •1,2. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.
- •9. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
- •13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер
- •14.Етістіктің осы шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •15. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың қыпшақ тобы дауыссыздар жіктелісіндегі орны
- •16. Салыстырмалы-тарихи әдіс және лингвистикалық түркология
- •21 Сұрақ Етістіктің салт, сабақты және болымды, болымсыздық категориялары
- •23 Сұрақ Түркі тілдеріндегі езулік дауыстылардың сәйкестігі
- •24 Cұрақ Етістіктің есімше тұлғасының тарихи қалыптасуы
- •25 Cұрақ . Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: ең жаңа классификациялар (г. Ахатов, а. В. Дыбо, о. Мудрак)
- •31. Түркі тілдерінің классификациялау мәселесі және м. Қашқаридың « Диунаи лұғат ат түрк» еңбегі.
- •32. Етістіктің дербес грам категория рет ерекшеліктері
- •33. Үстеу және оның сөзжасам жүйесі
- •34. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: Радлов және Корштың класиф
- •35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы
- •36. Тілдердің даму жолын тарихи тұрғыдан зерттеудің ретроспективті және проспективті бағыттары.
- •39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы туралы түсінік».
- •40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в.А.Вогородскийдің, а.Н.Самойливичтің , й.Рамстедтің классификациялары.
- •46. Батыс хун тілдері жіктелісі
- •47.Түркі тілдері дамуының орта орта түркі дәуірі
- •48. Сұрау есімдіктерінің таррихи қалыптасуы
- •51.Алғашқы түбір және қазіргі тілдергі «өлі түбірлер» туралы.
- •52. Орта түркі жазба мұраларының түркі жазба тілдерінің қалыптасуындағы орны.
- •53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері.
- •55.Ондық сан есімдер.
- •66. Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы
- •68. Түркі тілдеріндегі фузия
- •69. Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі
- •70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
- •76. Моносиллабтардың морфонологиялық құрылысы
- •77. Көптік категориясының тарихи қалыптасуы
- •78 Сурак Кыпшак тобы тилдериндеги тарихи дыбыстык сайкестиктер
- •79Сурак Казак тили жане турки тилднринин морфологиялык курылымы:
- •80 Сурак Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары
- •81. Салт-сабақтылық мән және етіс категориясы
- •82 Генеалогиялық классификация жасаудың негізгі ұстанымы.
- •83. Септік категориясының тарихи қалыптасуы
- •84. Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі
- •86. Сын есім жасайтын жұрнақтар.
- •87.Дара және күрделі сан есімдер
- •88. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер
34. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: Радлов және Корштың класиф
Түркі тілдері біршама толық қамтылған классификациялар қатарына 1882 жылы жасалған В.В.Радловтың жіктеуі жатады.
В.В.Радлов түркі тілдерінің фонетикалық ерекшеліктері негізінде оларды төрт топқа бөліп көрсетеді: Шығыс топ (сібір тілдері), Батыс топ (қазақ, қырғыз, башқұрт, Батыс Сібір, Волга татарларының тілі); Орта Азия тобы (өзбек, ұйғыр); Оңтүстік топ (түрікмен, әзірбайжан, қырым татарларының говорлары). В.В.Радлов классификациясы бойынша қазақ тілі түркі тілдерінің Батыс тобына жатады.
Ғалым өз жіктеуінде түркі тілдеріндегі б ~ п, ш ~ ж, т ~ д, қ ~ ғ, к ~ г, дж ~ д, ч ~ ш, ч ~ ц, ө ~ ү, о ~ у дыбыс алмасуларына, басқа фонетикалық заңдылықтарға сүйенеді.
Түркітануда ерекше аталатын классификациялардың бірі – Ф.Корштың классификациясы. Бұл жіктеудің алғашқы классификациядан басты айырмашылығы тек фонетикалық ерекшеліктерге ғана емес ортақ лексиканың морфологиялық құрылымына да назар аударуында. Ғалым түркі тілдерін жіктеуде ғ ~ у сәйкестігі, сөз соңындағы немесе сөз ортасындағы ғ, г элизиясын, есімшенің -р тұлғасының қолданылу/қолданылмауын негізге ала отырып төрт топқа бөліп қарастырады: 1. Солтүстік топ (алтай, қырғыз, қарашай, қазақ, ноғай, татар, башқұрт т.б.); 2. Батыс топ (түрік, әзірбайжан, гагауз, түрікмен т.б.); 3. Шығыс топ (Орхон ескерткіштерінің тілі, көне ұйғыр, шағатай, половец, қарағас т.б.); 4. Аралас топ (якут, чуваш т.б.). Ф.Корш классификациясы бойынша қазақ тілі түркі тілдерінің Солтүстік тобына жатады.
35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы
Сілтеу
есімдіктеріне тән сөздердің негізгі
лексикалық мағыналары аралық қатынастарды
көрсету болып табылатындықтан олар
әрқашан сөйлеушіге не сөйлемдегі
субъектіге субстанциялар мен құбылыстардың
әр алуан жақын немесе алыстық тәрізді
аралық қатынастырын білдіріп отырады.
Ескерткіштер тіліндегі негізгі сілтеу
есімдіктерінің саны аз, олар септік
тұлғаларын қабылдауы арқылы мағыналық
аясын кеңейтіп отырады. Көнетүркілік
сілтеу есімдіктері септік формаларының
-tа,
-čа
қосымшалары арқылы жасалады:
Бұл есімдігінің алғашқы түбірі бұ (бу) болған. Қазақ тілінде бұ жақ, бұ кез, бұ кісі деп, -л-сіз айту нормаға айналған. Басқа да түркі тілдерінде, мысалы: қырғыз: бұл, башқұрт: был, өзбек, түрікмен, ұйғыр, құмық, ноғай, татар, түрік, әзірбайжан, якут, алтай тілдерінде: бу, тува: бо, хакас: пу, шор: по түрінде айтылады. Көне түркі ескерткіштерінде де бу түрінде ұшырасады. Мұндай фактілер байырғы түбір құрамында –л элементі болмаған деген пікірді бекіте түседі. Бұл сөзі бу және ол сөздерінің бірігуінің нәтижесі болса керек. Өйткені көне жазбалар тілінде бу және ол есімдіктері қабаттас келіп, бір қызметте әрі қазіргі бұл есімдігінің мағынасында қолданылғаны байқалады. Мысалы: Бу ол бір сөзум (Бұл бір сөзім). Сондай-ақ бұл есімдігінің қызметінде ол сөзінің қолданылуы да ұшырасады: Ол сабығ ешітіп қағанғару ол сабығ ыттым (Бұл сөзді естіп, қағанға айттым).
Мына, мынау есімдіктерін М.Томанов бұл есімдігімен түбірлес деп қарайды. Қазіргі түркі тілдеріндегі мына, мынау, бынау сөздерін және олардан туындаған мынадай, мұндай, бұндай, мұнда, бұнда сөздерін салыстырсақ, барлығына ортақ түбір мын, мұн, бұн екенін көреміз. Бұлар бір ғана түбірдің фонетикалық варианттары: м~б, ы~ұ. Мұнда түбірдегі –н бұл есімдігіндегі –л-дің варианты.
Мына, мынау есімдіктерінің алғашқы түбірі мын- болса, соңғы –а, -ау қосымшаларының арғы төркіні жайлы нақты пікір жоқ. Дегенмен Г.И.Рамстедт –а элементін ол сілтеу есімдігінің өзгерген түрі деп есептейді. В.Котвич мұны барыс септік қосымшасы дейді. Ал Ә.Ибатов оны ескі қолданыстан қалған сілтеу есімдігі деген жорамал айтады. Мынау сөзіндегі –у элементін В.М.Насилов ұйғыр тіліндегі –ву сілтеу есімдігінің қысқарған варианты деп түсіндіреді.
Ана, анау есімдіктері ол есімдігімен түбірлес. Мұндағы ан шығу тегі жағынан ол есімдігінің фонетикалық варианты. Алайда М.Томанов ан құрамындағы –н сен жіктеу есімдігіндегі –н-мен тектес дегенді айтады.
Сол сілтеу есімдігі осы тұлғада қазақ тілінен басқа қарақалпақ, ноғай тілдерінде кездеседі. Басқа түркі тілдерінде шул (башқұрт, татар), ошол, ошо (қырғыз), шол, со (құмық), шу (түрік, түрікмен), сити (якут). Сол есімдігінің қалыптасуы бір кездерде есімдіктерге қабаттаса айтылған ош (уш) күшейтпелі сөзі мен ол есімдігінің бірігуімен түсіндіріледі. Келе-келе фонетикалық өзгеріске түсудің салдарынан сол есімдігі қалыптасса керек. Сонда: ош-ол → ос-ол → шол//сол
Осы есімдігі ош және о есімдіктерінің бірігуінен қалыптасқан. Башқұрт тілінде ошо түрінде, қырғыз тілінде ушул, ушу, түрінде айтылса, осындағы ушул тұлғасын ең ескі деп қарауға болады. Есімдіктер құрамындағы –л дыбысының (ол) тұрақсыз екені белгілі. Сонда қазақ тіліндегі осы есімдігінің қалыптасу жолын былайша қарауға болады: ош-ол → ос-ол → ошо//осо → осы. Сөз соңындағы еріндік дауыстының езулікке айналуы тарихи тұрғыдан қазақ тіліне жат құбылыс емес.
